Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Января 2015 в 10:35, контрольная работа
Сертификаттау - сәйкестiктi растау жөнiндегi орган өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң белгiленген талаптарға сәйкестiгiн жазбаша куәландыратын рәсiм.
Мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесi - өз құзыретi шегiнде техникалық реттеу саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ нормативтiк құқықтық актiлердiң, стандарттардың жиынтығы.
1
Сертификаттау саласындағы терминдер мен анықтамалар.........
3
2
Қазақстандағы сертификаттаудың құқықтық негіздері. «Техникалық реттеу туралы» Заң...................................................
5
Қолданылған әдебиеттер.........................
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Сырттай-дистанционды оқыту факультеті
«Сертификаттау» пәні бойынша
БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ
4-нұсқа
Орындаған: Жанузаков С.Ж.
СТ-14з ВВ каз
Қабылдаған: Жунусова А.Ш.
2015
Мазмұны
1 |
Сертификаттау саласындағы терминдер мен анықтамалар......... |
3 |
2 |
Қазақстандағы сертификаттаудың
құқықтық негіздері. «Техникалық реттеу
туралы» Заң........................... |
5 |
Қолданылған әдебиеттер.................... |
7 |
4-нұсқа
ҚР сертификаттаудың құқықтық негіздері
1. Сертификаттау саласындағы терминдер мен анықтамалар.
Сертификаттау - сәйкестiктi растау жөнiндегi орган өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң белгiленген талаптарға сәйкестiгiн жазбаша куәландыратын рәсiм.
Мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесi - өз құзыретi шегiнде техникалық реттеу саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ нормативтiк құқықтық актiлердiң, стандарттардың жиынтығы.
Мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң тiзiлiмi - техникалық регламенттердi, стандарттарды, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiн, сәйкестiктi растау жөнiндегi органдарды, сынақ зертханаларын, стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттердi, сарапшы-аудиторларды және сәйкестiктi растау саласында берiлген құжаттарды есепке алу құжаты.
Инспекциялық бақылау - сертификатталған өнiмнiң, процестiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау жөнiндегi аккредиттелген органның уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асыратын тексеруi.
Мiндеттi сертификаттау - сәйкестiктi растау жөнiндегi органдардың қатысуымен өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау нысаны.
Өтiнiм берушi - сәйкестiгiн растау үшiн өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтi, процестердi ұсынған жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ аккредиттеуге және аудитке (сәйкестiктi растау саласында) өтiнiм берген заңды тұлғалар.
Сәйкестiк белгiсi - өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң техникалық регламенттерде, стандарттар мен өзге де құжаттарда белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау рәсiмiнен өткенi туралы сатып алушыларды хабардар етуге арналған белгi.
Сәйкестiк сертификаты - өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға, стандарттардың немесе өзге де құжаттардың ережелерiне сәйкестiгiн куәландыратын құжат.
Сәйкестiктi бағалау - өнiмге, процеске, тұлғаға немесе органға қойылған талаптардың орындалғанының дәлелдемесi.
Сәйкестiк туралы декларация - дайындаушы (орындаушы) айналысқа шығарылатын өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң белгiленген талаптарға сәйкестiгiн куәландыратын құжат.
Сәйкестiктi ерiктi растау - дайындаушының (орындаушының) немесе сатушының бастамасы бойынша жүргiзiлiп, өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң, процестердiң стандартқа, өзге де құжатқа немесе өтiнiм берушiнiң арнайы талаптарына сәйкестiгiн растау жүзеге асырылатын рәсiм.
Сәйкестiктi мiндеттi растау - өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау жүзеге асырылатын рәсiм.
Сәйкестiктi растау - нәтижесi объектiнiң техникалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгiленген талаптарға сәйкестiгiн құжаттамалық куәландыру (сәйкестiк туралы декларация немесе сәйкестiк сертификаты түрiнде) болып табылатын сәйкестiктi бағалау рәсiмi.
Сәйкестiктi растау жөнiндегi орган - сәйкестiктi растау жөнiндегi жұмыстарды орындау үшiн белгiленген тәртiппен аккредиттелген заңды тұлға.
Сәйкестiктi растау нысаны - нәтижелерi өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң техникалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгiленген талаптарға сәйкестiгiнiң дәлелi ретiнде қаралатын iс-қимылдардың жиынтығы.
Сәйкестiктi растау саласындағы құжат - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сәйкестiктi растау жөнiндегi аккредиттелген орган берген сәйкестiк сертификаты немесе сәйкестiк туралы декларация.
Сәйкестiктi растау схемасы - объектiнiң техникалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгiленген талаптарға сәйкестiгiн осы жұмысты жүргiзудiң нақты кезеңдерiн (сынау, өндiрiстi бағалау, сапа менеджментi жүйесiн бағалау, нормативтiк және техникалық құжаттаманы талдау және басқалар) сипаттай отырып айқындау тәсiлдерi.
Сәйкестiктi растау, тауар шығарылатын мемлекеттi анықтау, аккредиттеу жөнiндегi сарапшы-аудитор - уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен аттестатталған маман.
Сынақ зертханасы (орталығы) (бұдан әрi - зертхана) - өнiмнiң стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарда белгiленген талаптарға сәйкестiгiне сынақ жүргiзетiн зертхана, соның iшiнде мемлекеттiк органдар зертханасы.
Техникалық кедергi - техникалық регламенттерде және стандарттарда қамтылатын талаптардың әр түрлiлiгi немесе өзгермелiлiгi салдарынан туындайтын кедергi.
2. Қазақстандағы сертификаттаудың құқықтық негіздері. «Техникалық реттеу туралы» Заң.
Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және «Техникалық реттеу туралы» Заң мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта «Техникалық реттеу туралы» Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
«Техникалық реттеу туралы» Заң өнiмге, көрсетiлетiн қызметке, өнiмнiң өмiрлiк циклiнiң процестерiне қойылатын мiндеттi және ерiктi талаптарды айқындау, белгiлеу, қолдану және орындау, олардың сәйкестігін растау, аккредиттеу және техникалық реттеу саласындағы мемлекеттiк бақылау мен қадағалау жөнiндегi қоғамдық қатынастарды реттейдi.
Өнiм, көрсетiлетiн қызмет, процестер техникалық реттеу объектiлерi болып табылады.
Мемлекеттiк органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес техникалық реттеу объектiлерiне қатысты пайдалану құқығын иеленетiн жеке және заңды тұлғалар техникалық реттеу субъектiлерi болып табылады.
Техникалық реттеудiң негiзгi мақсаттары:
1) мiндеттi регламенттеу саласында:
- өнiмнiң, процестердiң адам өмiрi мен денсаулығы және қоршаған орта, оның iшiнде жануарлар мен өсiмдiктер дүниесi үшiн қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
- ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
- өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң қауiпсiздiгiне және сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын iс-әрекеттердiң алдын алу;
- саудадағы техникалық кедергiлердi жою;
2) стандарттау саласында:
- отандық өнiмнiң бәсекеге-қабiлеттiлiгiн арттыру;
- табиғи және энергетикалық
ресурстарды үнемдеу болып
2. Техникалық реттеу:
1) мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң бiрлiгi мен тұтастығы;
2) бiрыңғай терминологияны, өнiмге, көрсетiлетiн қызметке, процестерге қойылатын талаптарды белгiлеу ережелерiн қолдану;
3) техникалық реттеу
4) отандық және импортталатын өнiмге, көрсетiлетiн қызметке және олардың белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау рәсiмдерiне қойылатын талаптардың бiрдей болуы;
5) техникалық регламенттер мен стандарттарды әзiрлеу кезiнде ғылым мен техника жетiстiктерiн, халықаралық және өңiрлiк ұйымдардың стандарттарын басым пайдалану;
6) техникалық регламенттер
талаптарының мемлекет
7) мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi қоспағанда, техникалық регламенттердiң, стандарттардың және олар туралы, оларды әзiрлеу, бекiту, жариялау тәртiбi туралы ақпараттың қолжетiмдiлiгi;
8) стандарттарды қолдану мақсатында оларды ерiктi түрде таңдау;
9) сәйкестiктi растаудың бiрыңғай жүйесi мен ережелерi;
10) бiр органның аккредиттеу және сәйкестiктi растау жөнiндегi өкiлеттiктердi қоса атқаруын болдырмау;
11) бiр мемлекеттiк органда мемлекеттiк бақылау мен қадағалау және сәйкестiктi растау функцияларының үйлеспеушiлiгi;
12) сәйкестiктi растау жөнiндегi органдардың дайындаушылардан (орындаушылардан), сатушылардан және сатып алушылардан тәуелсiздiгi;
13) сәйкестiктi растау жөнiндегi жұмыстарда бәсекелестiктiң шектелуiн болдырмау принциптерiне негiзделедi.
Қолданылған әдебиеттер
Информация о работе Сертификаттау саласындағы терминдер мен анықтамалар