Пісіру трансформаторы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2015 в 15:23, реферат

Краткое описание

Конструкциялық тұрғыдан алғанда, пісіру трансформаторының көптеген түрлерін кездестіруге болады. Айтарлықгай дәрежеде ол пісірудің түрлерімен анықталады (доғалық, түйіспелік,жіктік (шов), нүктелік). Доғалық пісіру кезінде электр доғасының вольт-амперлік сипаттамасы 7.20-суретінде көрсетілгендей (1- қисық) болады. Бұл суретте 1- қисықтың электр доғасының вольт-амперлік сипаттамасы, 2- қисықтың пісіру трансформаторының сыртқы сипаттамасы

Прикрепленные файлы: 1 файл

Пісіру түрлері.docx

— 332.37 Кб (Скачать документ)

"Карбид суға" жүйелі  генераторында кальций карбиді  тиеуші шанақтан суы бар резервуарға  мезгіл-мезгіл автоматтандырылған  құрылғының көмегімен ацетиленнің  шығыны мен қысымына байланысты  беріліп тұрады.

"Су карбидіне" жүйелі  генераторында (24-сурет) кальций карбидімен 1, бөлек резервуардан құбыр арқылы  су беріліп тұратын, бір немесе  екі ретортаны 2 толтырады. Кальций карбидінің ыдырауынан бөлінген ацетилен ретортадан генератордың төменгі бөлігіне түсіп, қалқаның астында жиналады.

Ондағы болатын су ацетилен қысымымен таратқыш құбыр арқылы генератор корпусының жоғарғы бөлігіне ығыстырып шығарылады.

"Батырумен" немесе "ығыстырумен" жанасу жүйелі генераторларға, олардағы қысымға байланысты кальций карбидінен судың жанасуы мезгіл-мезгіл жүзеге асуымен сипатталады.

Қысым мөлшеріне қарай ацетилен генераторы үш түрге бөлінеді: төменгі - 0,001-0,01 МПа, орташа - 0,01-0,15 МПа және жоғарғы - 0,15 МПа жоғары қысымдағы. Өнімділігі мен құрылғы түріне байланысты генераторлар тұрақты және тасымалды болады. Ацетилен генераторларын пісіру шілтері ұшының 5000С жоғары қызуынан, шілтердің инжекторы, каналы бітелгенде ж.с.с. жанғыш газдың өту жылдамдығы жану жылдамдығынан кем бол-ғанда пайда болатын жалынның кері соғуы қопарылысынан сақтап қалу үшін су жапқыштар қолданылады.

 

 

24-сурет-"Су карбидке" жүйелі генераторының принципиалдық сұлбасы

Ацетилен газ жеткізетін құбыр 1 арқылы бақылаушы шүмектің 5 деңгейіне дейін сумен толтырылған жапқышқа келіп түседі және су қабаты арқылы өтіп шүмек 4 арқылы шілтерге шығады (25, а-сурет).

 

 

а-қалыпты жұмыстағысы; б-кері соққандағы

25-сурет-Су жапқышының сұлбасы

Кері соғу болғанда (25, б-сурет) газ қоспасы кейін ұмтылады да, шү-мек 4 арқылы жапкышқа түседі және газ жеткізетін құбыр 1 мен сақтандырғыш құбырға 3 суды ығыстырады. Жапқыштағы су деңгейінің төмендеуі нәтижесінде сақ-тандырғыш құбырдың соңы жалаңаштанады және газдар атмосфераға шығады. Кептелген су жарылу толқынының генераторға кіруіне жол бермейді.

Пісіру шілтерлері газ бен оттегін керекті пропор-цияларда араластыру үшін арналған. Шілтерлер жанатын газдың араластыру камерасына берілу принципі бойынша инжекторлы және инжекторсыз болып бөлінеді.

Өнеркәсіпте көбірек тарағаны инжекторлы шілтер, өйткені ол көбірек қауіпсіз және төменгі, жоғарғы қысымдарда жұмыс істейді. 26-суретте инжекторлы шілтердің сұлбасы көрсетілген.

 

 

26-сурет-Газбен пісіретін инжекторлы шілтердің сұлбасы

Оттегі 0,1-0,4 МПа қысыммен шілтерге кіреді және реттеуші қақпақ (вентиль) пен құбыр арқылы инжекторға 5 беріледі. Инжектор конусының тар арнасынан үлкен жылдамдықпен шыққан оттегі, камерада 4 әжептеуір сирету жасайды және ниппель мен қақпақ (вентиль) 7 арқылы шілтердің ацетилендік арнасына және араластыру камерасына 3 жанатын газды сорғызады, онда жанатын қоспа пайда болады. Сонан соң жанатын қоспа ұштық 2 арқылы мүштікке 1 түседі, одан шығып жанғанда пісіретін жалын пайда болады.

Ацетилен - оттекті жалын (27-сурет) үш зонадан тұрады: жалынның өзегі 1, орталық зона 2 (пісіру), жалынның шырағы 3 (1-ұзындығы).

 

 

27-сурет-Ацетилен - оттекті жалынның сұлбасы

 

Газбен пісірудің тәртібі қосымша материалдың алынған диаметрі мен газды пісіру жалынының қуатымен анықталады. Қосымша сымның диаметрі (6-8 мм) пісіру тәсіліне және пісірілетін металдың қалыңдығына байлансты.

Жалынның қажетті қуатын пісірілетін металдың қалыңдығына және пісіру тәсіліне тәуелділігіне қарай эмпиризмдік формуламен таңдайды.

Р = А*δ,

Мұндағы А-пропорционалдық коэффициенті, аз көміртекті болаттар үшін - 100-150 болады; 5-металдың қалындығы, мм.

Жалынның таңдалғаң қуатымен пісіру шілтері мүштігінің сәйкес нөмірін таңдайды. Сығымдап газбен пісіруде пісірілетін бұйымдардың кесіктері немесе жиектері көпжалынды шілтердің жалынымен созымдылық күйіне немесе балқыту күйіне дейін қыздырады. Содан соң пісірілетін бұйымдарға сығымдау күштерін түсіреді. Сығымдап газбен пісіру болат құбырлар, құрамалы кесу құралдары және басқалар үшін қолданылады.

 

Плазмалы пісіру

Алғаш рет қысылған доға алюминий қорытпаларын,  коррозияға төзімді болаттарды, қыйын балқитын металдарды кесу үшін табыспен пайдаланылған болатын. Жылудың жаңа көзі сондай-ақ тозаңдату және балқытып қаптастыру, пісіру үшін өте тиімді болып шықты.

Плазмалы пісіру кезінде шілтерге (28-сурет) плазма түзуші газ (аргон немесе аргонның гелиймен, көмірқышқыл газымен және т.б. қоспасы) және қорғаныш газ беріледі. Біріншісі вольфрамды электродты айнала ағып, ішкі шүмектің тесігі арқылы шығады, екінішісі сыртқы шүмекке беріледі және пісіру ваннасын қорғайды. Қорғаныш газ ретінде аргон пайдаланылады.  Доғаның қуатын арттыру үшін оған сондай-ақ басқа газдар (гелий, көмірқышқыл газы, азот) қосылуы мүмкін.

Қазіргі уақытта  қалыңдығы 0,1-0,5 мм тетіктерді пісіруге мүмкіндік беретін, микроплазмалы пісіру (қолмен және автоматтық) аса кең қолданылады.

 

1 – пісірудің қоректендіру  көзі; 2 – жоғары жиілікті генератор; 3 – вольфрам-ды электрод; 4 – плазма  түзуші газ; 5 – салқындатқыш су; 6 – қорғаныш газ; 7 – қорғаныш  газ шүмегі; 8 – доға құрайтын  шүмек; 9 – доға; 10 – бұйым

28-сурет – Плазмалы  доғамен пісіру сұлбасы

 

 

 

 

 

 

 

 

Тест

  1. Пісіру трансформаторы жүйенің жоғары кернеуін (220 немесе 380 В) трансформатордың бос жүрісінің кернеуін қаншаға дейін төмендетеді?

А) 60-70

В) 50-80

С) 70-80

Д) 60-80

Е) 25-30

2. Пісіру байланысын неше жолмен  қарастыруға болады?

А) 3

В) 5

С) 2

Д) 6

Е) 1

3. Айнымалы тоқтың көздерін қанша  постылы?

А) 3

В) 5

С) 2

Д) 6

Е) 1

4. Плазмалық газ сапасына қандай элемент қолданылады?

А) алюминий,күміс

В) азот, аргон, су, гелий, ауа

С) алтын, темір,кремний

Д) магний

Е) купрум, аргентум

5. Плазмалық доғаны пісіру үшін  металлдың қалыңдығы қанша мм?

А) 12 мм

В) 5 мм

С) 9 мм

Д) 10 мм

Е) 15 мм

 

Бақылау сұрақтары:

  1. Трансформатордың анықтамасын беріңіз және оның қызмет прин-

ципін түсіндіріңіз.

2. Трансформациялау коэффициент! дегеніміз  не?

3. Трансформатордың номинальдық  мәндері туралы түсініктеме беріңіз.

4. Бір фазалы және үш фазалы  трансформаторлардың номинальдық

токтарын қалай анықтайды?


Информация о работе Пісіру трансформаторы