Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 15:55, реферат
Ғылыми жұмыстың жалпы сипаттамасы. Өркениетті қоғам мен құқықтық мемлекеттің гүлдене түсуі өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі мен білімділігін талап етеді. Осыған орай Қазақстан Республикасының білім беру мен тәрбиелеу саласының түбегейлі жаңару жағдайы бүгінгі таңда халықтың дәстүрлі өнер түрлерін жинақтап, зерделеудің, оның айналасындағы тәлім тәрбие, мол тәжірибе негізінде жас өспірімдерді тәрбиелеу қажеттігін тудырды. Сондай қажеттіліктің бірі-халықтың қолөнері, оның ішінде ою-өрнек өнерінің тәлім-тәрбиелік мүмкіндіктерін қазіргі ұрпақ тәрбиесінде тиімді пайдалана білу болып табылады. Қазақ ұлттық ою-өрнек өнері өзінің бай тарихы, терең мазмұны мен эстетикалық тұрғыда әсер етіп оның сапалық қасиеттерін дамыта түсетіні сөзсіз.
І. Қазақ ұлттық ою-өрнек өнерінің тарихи дамуы.
1.1 Ою-өрнектің даму тарихы.
1.2 Қазақ ұлттық ою-өрнектерінің класификациясы
1.3 Қазақ ұлттық ою-өрнектерінің танымдық мәні.
ІІ. Қазақ ұлттық бұйымдарындағы ою-өрнек үлгілері.
2.1 Қазақ кілеміндегі ою-өрнектер.
2.2 Қазақ киіз бұйымдарындағы ою-өрнектерді жасау технологиясы.
2.3 Тұрмыстық бұйымдардағы ою-өрнектер.
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер.
Тақыр кілем. Өрнекті тақыр кілемдер-терме алаша, басқа алаша, кежім теру, тақыр кілем Қазақстанның барлық территориясында тар және кең енді станоктарда - өрмекте қолмен тоқылған.
Алашаның жолақтары қабырғаға немесе еденге төселуге арналып техникалық тәсілдерде тоқылған өрнекті әр түрлі ендегі кілемшелерді қосып тігу арқылы жасалған. Кілемшелердің арасындағы тігістер әр түрлі баулар қолдан тоқылған, шаруалармен немесе мата жолақтарымен өрнектік аппликациялармен біріктірілегн. Осындай материалдық жолақтар кейде алашаның соңғы жағын аяқтап отырған. Тоқыма станогы алаша тоқуға арналғандықтан алаша тоқитын деп аталған.
Тақыр кілемдер кең енді станоктарда-термелі өрнектерде тоқылған, әр түрлі орталық алаңдары мен жиектері дәстүрлі композицияда құрылған. Олар түкті кілемдер сияқты өрнектердің орналасуында жалпы композициялары бойынша ерекшеленеді. Мысалы, шаршы кілемде шаршылар көлденең осьтерімен ритмдік орналасады. Ал жайпақ боднос кілемі өрнегі күрделі бейнеленеді. Тақта кілем орталық алаң жолақтарына жекеленген өрнектемен анықталған рапортта орналастырады. Қос мүйізді түксіз кілемнің басты өрнегі біріктірілген мүйізді болып келеді.
Тақыр кілемшелер, кілем басқұрлары
және бауларын, таспаларын тоқуда жіңішке
енді станоктар қолданылады, техника
өрнектердің тәсілдері мен
Бау мен түксіз кілем алашаның жолағы – терме деп аталады. Жоғарғы және төменгі негізгі жіптер бір – бірімен қисындастырылады және түрлі-түсті болып келеді.
Негізгі жіптердің түрлі-түсін іріктеу әркімнің өзіне байланысты және тоқымашылардың колористикалық үйлестірудегі түсінігіне тәуелді болады. Терме алаша жолағының өрнегі көбінесе мынадай элементтерден тұрады: таңдай, сыңар мүйіз, су және т.б.Өрнекті орындау жалпақ ағаш таяқша теру ағаштың көмегімен жасалып,қосымша жолақпен жүргізіледі.Тоқымашы шебер теру ағаштың өткір ұшын есеп бойынша және түсі бойынша алынған өрнектің оң жағына іріктеп орналастырады.Ал келесі жағында арқау жіп және негізгі түрлі-түсті жіп орналастырылады.
Кежім теру техникасы неғұрлым күрделі
болып есептеледі.Тоқылған сурет
мүйіздер,тұмарша,омыртқа,
Тақыр кілемге көлденең арқау жіптер тоқылғанда негізгі жіптердіжабады және өзара немесе негізгі бір жіпке байланыса отырып,кілемнің тұтас қабатын жабады.
Кілемдердің негізгі жібі орама техникасында орындалғанда (немесе біз кесте ) тұтас өрнектермен тоқылады.
Бүгінгі күні технологиясының күрделілігі мен істеу мерзімінің ұзақтығына қарамастан, Қазақстан сәндік өнерінің ішіндегі ең кең тараган әрі сүйіспеншілікке бөленген түрлерінің бірі – гобелен кілемі. Ол әр түрлі көрмелерге сұраныспен қойылып, көрерменнің ықыласына бөленіп, қазіргі замандық гимараттардың интерьерін көркемдеудің басты бөлшегіне айналды. Бұл сөзсіз шығармашылықтың осы түріне көптеген талантты шеберлерді тартып, жаңа тамаша туындылардың өмірге келуіне игі әсерін тигізеді.
2.2 Қазақ киіз бұйымдарындағы ою-өрнектерді жасау технологиясы. Қазіргі кездегі жүннен жасалған киіз бұйымдар икемделгіш және пластикалық қасиеті бар материал, олар іс-жүзінде бүкіл әлемге танымал. Қазіргі шеберлер көркем бұйым жасауда өте кең ауқымда киізді пайдаланады. Ол жиһаз бен интерьер заттарынан, пуфиктер мен орындықтардың сәнді кілемшелерінен, перделер мен жастықтардан, үстелге қойылатын сәндік жаймалар мен мата салфеткаларға арналған сақиналардан, ыстық ыдыстардың астына қоятын төсеніштерден және оларды ұстайтын тұтқыштардан, ыстық жұмыртқаларға арналған қорапшалардан және жылытқыштардың қаптамаларынан, шамдардың абажурларынан және перделердің безендірмелерінен, сәнді панно мен еденге төсейтін кілемдерден тиісті орын алған. Қазіргі заманғы әртүрлі технологияларды пайдалана отырып, сан түрлі фактуралар мен маталарды – жібек, мақта, кендір, тоқыма заттарды үйлестіре отырып, нағыз өнер жауһарларын жасауға болады. Киімге арналған киіз бижутерия мен аксессуарларды да кездестіруге болады. Олардың ішінде – моншақ, сәнді түйме, шаш қыстырғыш, бөкебай, мен білезіктер, белдіктер мен сөмкелер, әмияндар мен ұялы телефондарға арналған қаптамалар, жеңіл аяқкиім, тіпті етіктер, бөріктер мен береттер, косметика қалталары мен құжаттар үшін мұқабалар, бизнес-папка мен пеналдар бар. Студенттер бір-біріне сый етіп тартуға ыңғайлы өнімдерді, шыршаны безендіретін ойыншықтарды ықыластана жасайды. .
Киізден жасалынатын бұйымдар қолмен тігіліп те құрастырылған. Қол тігіс түрлері көктеу, тепшу, жөрмеу, қаю, қабу, торлау арқылы жасалады. Қол тігіс түрлері арқылы түрлі-түсті жіптермен безендіріп, әрлеуге де болады. Бұйым шетін қос қабатты түсті жіппен инені көлденеңінен түйреп, жіпті орап түсіріп тігілетін тігістік жөрмеу дейді.
Киіздің бетіне үлгі арқылы өрнегі түсіріліп, соның үстіне боялған жіптермен кестелеуге болады. Түр жіптер киіздің өңіне қарай таңдалады. Мысалы: күлгінге көк, жасылға қызыл, қызылға жасыл түсті, сарыға қызыл түсті жіптерді қолдануға болады.
Жасалынатын бұйымның өрнегіне орай зергерлік бұйымдармен және түрлі-түсті моншақтармен әрлеп безендіріледі. Бұл студенттердің талғамына байланысты орындалады. Бірніші жүндерімізді реттеп, қажетті құрал-жабдықтарымызды, ыстық суымызды дайындап аламыз. Жасалынатын бұйым өлшеміне орай жүн басылады. Салынатын өрнектеріне байланысты жүннің бетіне түсті жүннен өрнек түсіріп дайындауға да болады. Мысалы очки салынатын қап. Бізге 0,5 м. мақтаның бетіне түтіліп дайындалған жүнді ретімен қолдың ыңғайымен жайып салынады, бетіне түсірілетін өрнегін де салынады да, жүннің үстіне сабын суға тор матаны батырып үстінен жабылады. Оның үстінен қайта-қайта қолдың ырғақ бағытымен сабынды сумен үйкей бойына сабынды суды сіңіреді. Қолданылатын суымыз ыстық болуы қажет. Суымыз мұздаса, жүніміз бір-біріне жабыспайды. Сондықтан, жүннің киізделіп өңделуі барысында t ыстық күйінде орындалуында. Жүннің үстіндегі мата бетіндегі жабысып тұрған сабын су матамен бірге жүнді аударады, бетіне ыстық су бүркіп шетіндегі жалбырап тұрған жүнді ортасына қарай жинайды. Қайта-қайта столға ұрылып пысытылады. Соңынан сабынын кетіре таза суға жуылып, кептіріледі.
Дәл осы реттілікпен түстері бойынша бөлек-бөлек басылып, құрастырылады.
Алдыңғы сабақтарда дайындалған эскизіміз бойынша үлгі дайындалады. Сол үлгі бойынша дайындалып, киіз бетіне үлгі өрнегінің ыңғайына қарай қойылып сызылып, сызық үстінен қырқылып бұйым бөліктері жұқа болып басылуы мүмкін. Сондықтан қалың киізді сызылған сызық бойынша өткір ұшты пышақпен киізді жылжытпай табанмен басып тұрып, сызықтары бойынша ойып шығады. Жұқа киізді өткір үлкен қайшымен сызық бойымен қырқуға болады.
2.3 Тұрмыстық бұйымдардағы ою-өрнектер.
Қай халықта және қашан да болса мұқтаждықты жою, баршылықты молайта беру, халықтың тұрмысын жақсарту, киiм-кешектi, үй жићаздарын тиiмдi, қолайлы, сәндi де ұнасымды етiп пайдалану халықтардың бәрiне бiрдей ортақ мүдде, ортақ арман едi. Соның нәтижесiнде бiздiң бабаларымыз бен аналарымыз кейiнгi ұрпақтар үшiн көптеген өнер мұраларын қалдырды. Олар бiздiң өмiрiмiздiң зейнеттi болуы үшiн күрескенде неше түрлi азапты - от пен судың, тар жол, тайғақ кешулерiнен өттi. Жоқшылық, қараңғылық, теңсiздiк азаптарын тартты. Сөйтiп жүрiп өз елiнiң тарихында мәңгiлiк өнер өрнектерiнiң мұрасын қалдырды. ''Әр елдiң тiлiн, өнерiн бiлген кiсi онымен бiрдей деңгейде пiкiрлесе алады, аса арсыздана жалынбайды'' деп тiл мен өнердi жоғары бағалаған Абай. Ал, Ш.Уалиханов ою-өрнек өнерi қазақ халқының өмiрiнде айрықша өнер екендiгiн, оның ерекшелiктерi мен қыр-сырының молдығы қаншама бiлiмдарлықты талап ететiндiгiн айтқан. Жалпы ою өнерi дүние жүзiнiң көп халықтарына тән. Дегенмен де қазақ халқының ою өнерiнiң өзiндiк ерекшелiктерiн атап өтпеуге, сiрә болмас. Ою-өрнекпен безендiрiлген киіз бұйымдар, кестелер, тоқыма бұйымдар және қыз-келiншектер мен ерлер киiмдерi, қыз-келiншектердiң мойнына тағатын алқасы, шашына жалғайтын шашбауы т.б. бұйымдар ою-өрнекпен безендiрiлiп отырған. Демек, ою өнерi қазақтың тарихымен бiрге жасап, бiрге дамып келе жатқан көне өнер. Халқымыздың ою өнерi өз бастауларын тарихтың тереңiнен алатын, теориясы мен жасалу технологиясы да күрделi, әсемдiк-бейнелеу дүниесiнiң бiр түрi.
Қорытынды
Қорыта айтқанда ою-өрнек дегеніміз-дәлдік, есеп, тендік, теңдеу, үйлесім, жарасым, сәндік, көркемдік, парасаттылық, жылылық, сұлулық, ойлылық, ақылдылық, зеректік, көңілге шабыт, шаттық ұялатады, ептілікке, іскерлікке, шеберлікке, икемділікке, дәлдікке баулиды, тәрбиелейді. Ұлттық ою-өрнектердің танымдық мәнін аша отырып біз төмендегіше қортындыға келдік.
1.Ежелгі ата-бабамыздың
2.Ежелгі ою-өрнектер ақпарат құралдарының ролін атқарған.
3.Ою-өрнектердің танымдық мәні жағымды эмоцияға негізделген. Мұндай ою-өрнектердің тәрбиелік мәні өте күшті.
4.Ою-өрнектер рухани эстетикалық қызмет атқарады.
Ою-өрнек өнерге деген махаббат, сұлулыкқа деген құштарлық жиынтығы. Ою ойған адамның жүрегі жылы, нәзік болады.
Менің бұл тақырыпты
Мен қазақ боп туғаныма мақтанам,
Тәуелсізбіз, егеменбіз енді кімнен
жасқанам.
Елім үшін шыбын жанды
күйдіріп,
Жүректегі қайғыменен
Ою-өрнек, қол өнерді ойға түйген дана
бол,
Қандағы бар әдеп-ғұрып, қол өнеріміз санадан еш өшпесін.
Пайдаланылған әдебиеттер.
1. А. Марғұлан. Казахское народное прикладное искусство. Алматы, 1986 ж.
2. «Шаңырақ» үй-тұрмыс энциклопедиясы. Алматы. Рауан. 1990 ж.
3. С.Төленбаев, М. Өмірбеков. Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің жасалу жолдары. Алматы. 1993 ж.
4. Ф. Әбиева, «Мектептегі технология». Алматы, 2008 ж.
5. Энциклопедия. Қазақтың ою-өрнектері. «Алматы кітап» ЖШС. 2005 ж. Т. X.Ғабитов, И. Н. Тасмағанбетов, Р. Н. Нұрғали, И. С. Төлендиев, Ә. А. Асқаров, Ғ. Есім, Б. Сағыңдықұлы.
6. Ж.Балкенов, Халық мұрасындағы ұлттық өрнек және рең. Қарағанды 1996 ж.
7. А. Бекқұлова, Қазақ киізі кеше және бүгін. Алматы 2008 ж.
8. Ұ.М.Әбдіғапбарова, Қазақтың
9. Қасиманов Қазақ халқының қол өнері А., 1969 1995 ж.
10. Өмірбекова М.Ш ОЮ-өрнектің қолданылуы А., 1995 ж.