Магнитті сеператор.Олардың алатын орны мен маңызы
Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2015 в 07:23, реферат
Краткое описание
Сепаратор (латынша separator — бөлгіш) — газдан сұйық немесе қатты бөлшектерді, сұйықтықтан қатты бөлшектерді бөлу және сұйық немесе қатты бөлшектер қоспасын құрамдас бөліктерге ажыратуға арналған аппарат. Магниттік сепараторлар электрмагнит әсерімен магнитті бөлшектерді (мысалы, темір, кобальт, т.б. кентастарын) магнитті емес (мысалы, бос топырақтан) бөлшектерден немесе әр түрлі бөлшектер тасқынын неғұрлым магниттілігі төмен бөлшектерден бөледі.
Содержание
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1.Магнитті сеператор.Олардың алатын орны мен маңызы
2.2.Электромагнитті сеператор
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
Прикрепленные файлы: 1 файл
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ
Реферат
Тақырыбы: Магнитті сеператор
Орындаған: Сәдір Т
Тобы: ТБ 13-11
Алматы 2015
Жоспар
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1.Магнитті сеператор.Олардың
алатын орны мен маңызы
2.2.Электромагнитті
сеператор
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған
әдебиеттер
Кіріспе
Сепаратор (латынша separator — бөлгіш) — газдан сұйық немесе қатты
бөлшектерді, сұйықтықтан қатты бөлшектерді
бөлу және сұйық немесе қатты бөлшектер
қоспасын құрамдас бөліктерге ажыратуға
арналған аппарат. Магниттік сепараторлар
электрмагнит әсерімен магнитті бөлшектерді
(мысалы, темір, кобальт, т.б. кентастарын)
магнитті емес (мысалы, бос топырақтан)
бөлшектерден немесе әр түрлі бөлшектер
тасқынын неғұрлым магниттілігі төмен
бөлшектерден бөледі. Тұнбалық сепараторлар
бір-бірімен араласпайтын екі сұйықтықты
резервуарда тұндыру жолымен бөлуде қолданылады.
Олардан шығатын түтіктің жоғарғысы —
жеңіл, төменгісі ауыр сұйықтықтарға арналады.
Әр түрлі физикалық қағидалар негізінде
жұмыс істейтін сепаратордың басқа да
типтері бар (мысалы, элекрстатикалық,
тәждік, т.б.).
Магнитті сепараторлар.
Өндіріске келіп түсетін астықтың
кейде құрамында әртүрлі металдық заттар
болуы мүмкін.Олар: шегелер,гайкалар,болттар,болат
және шойынның бөлшектері.Олардың үлкендері
сеператордың електерінде қалып қояды
да,ал ұсақ бөліктері електен өтіп кетеді.
Астық құрамындағы темір қоспаларының
болуы, оларды өңдеуші машиналардың жұмысшы
органдарының зақымдануына және ұшқыннан
от пайда болуы қауіпін туғызуы мүмкін,
әсіресе темір қоспалардың дайын өнімге
түсуі өте қауіпті болып саналады. Ұн зауыттарында
магнитті құрылғыларды міндетті түрде
силостан кейін, айналмалы жұмысшы
органы бар қондырғыларының алдында (қауыздаушы
машиналар, триерлер, ылғалдап қауыздаушы
машиналар, білікті станоктар, бичті машиналар
және дайын өнімді бақылау бөлімінде)
қолданылады.
Магниттің тарту күші мына формуламен
анықталады:
P = 4·105Т2S
(Н),
Мұндағы: Т – магнитті индукция;
S – полюстің көлденең қимасы.
Темір қоспалардан арылу тиімділігі
негізінен магнитті экранға темір-магнитті
бөлшектердің тартылу күшіне байланысты.
Магнитті сепаратордың өнімділігі
Q – қабат қалыңдығына h(м), өнімнің тығыздығына
γ(гамма)(кг/м3) және тасымалдау
жылдамдығына, сонымен қатар магнитті
экранның жұмысшы аймағының еніне байланысты.
Q=10-3Вhυγ; (т/сағ.)
Сеператорлар үшін
тұрақты магнитті металдардан
және олардың ерітінділерінен
дайындайды.Олар:жоғары магнитті
қасиетке ие,магнитті сінімділік,магнитті
индукциясы және коэрцитивті
күші жоғары болуы керек.
Магнитті болаттардың құрамы
бір немесе бірнеше компоненттерден тұрады.Олар
хром ,вольфрам,кобальт және молибден.Магнитті
сеператорда магниттің екі полюсін қолданылады.Сондықтан
оның пішіні таға тәріздес болып келеді.
Қарапайым магнитті
аппарат4. корпусқа бекітілген және осыған
2.серіппе бекітілген 3.таға тәріздес тұрақты
магниттерден тұрады.Магниттің полюсі
горизантальға 45 градус бұрышпен бекітіледі.1.Жапқыш(заслонка)
келіп түсетін астықтың көлемін қадағалау
үшін орнатылған.Металды бөліктер магниттің
беткі бөлігінен механикалық жолмен
немесе қолмен алынады.Қолмен тазалайтын
магнитті апарат жүйелі қадағалауды және
уақыттылы металды қоспаларды тазалауды
қажет етеді.Егер магниттің полюстері
көп мөлщерде металды бөліктерден тұйықталып
қалса,онда аппарат өз жұмысын тоқтатады.
Тұрақты магнитті
қызудан және соққыдан сақтау
қажет.Себебі бұл жағдайда өзінің
тарту күшін жоғалтады.Көп уақыт
тоқтауларда полюсті магнитті жұмсақ
болаттан жасалынған пластинкалармен
бітеу керек.
Электромагнитті
сеператор
Тұрақты сеператордың негізгі
кемшілігі олардың уақыт өтуімен тартылыс
күшінің азаюында.Электромагнитті сеператорда
магнит ағымының тығыздығы тоқ күшіне
байланысты.Сондықтан электр магниттер
күшті магнитті жүйеге ие.Электромагнитті
сеператордың бірнеше құрылысы белгілі.Мысалы:барабанды
электромагнитті сеператордың өткізгіштік
қасиеті жоғары және жұмыс істеу әрекеті
тұрақты.Барабанды электромагнитті сеператор
тоқпен магнитталған,қозғалмайтын жүрекшелерден
тұрады.
Барабанды электромагнитті
сеператордың жұмыс істеу сипаттамасы
1.Электромагниттің айналасында
магнит емес материалдан жасалған(алюминий,латуни)
барабан 2 айналып тұрады.3.Сүзгіш арқылы
айналмалы барабанға астық келіп түседі;
Темір бөліктері барабанның беткі бөлігіне
тартылады және астық магнит полясынан
шыққанша осы бөлікте ұсталынып тұрады.
Қорытынды
Қорыта кететін болсам,магнитті
сеператорлар астық құрамында темір қоспаларды
бөледі.Магнитті сеператор сусымалы өнімдерде
және бидай астық өнімдерінде қолданылады.
Астықты ары қарай өндегенде осы метал
бөлшектері басқа апараттардың жұмыс
органдарын бүлдіріп,сындыруы әбден мүмкін.
Пайдаланылған әдебиет
1.Кретов И.Т. Технологические
оборудование бродильных производств
2.сайт: ru.wikipedia.org
Информация о работе Магнитті сеператор.Олардың алатын орны мен маңызы