Корпусты детальдарды дайындау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Декабря 2012 в 11:22, лекция

Краткое описание

Корпусқа тесік және жазық бет жүйесіндегі детальдар жатады. Оларға редуктор, насос корпустары және беріліс коробкасы жатады.
Корпустық детальдар әртүрлі машина механизмдерін жинақтау (монтаждау) үшін қажет. Олар үшін дәл және жеткілікті тартылған беттер сай.

Прикрепленные файлы: 1 файл

реферат.docx

— 19.19 Кб (Скачать документ)

 

   Корпусты детальдарды  дайындау

Корпусқа тесік және жазық  бет жүйесіндегі детальдар жатады. Оларға редуктор, насос корпустары және беріліс коробкасы жатады.

       Корпустық  детальдар әртүрлі машина механизмдерін  жинақтау (монтаждау) үшін қажет.  Олар үшін дәл және жеткілікті  тартылған беттер сай.

Технологиялық тапсырмаларды  шешу ортақтығына қарай корпустық  детальдар екі негізгі топқа  бөлінеді: а) үлкен пішінді және негізгі  тесіктері бар призмалық б) фланц  типті. Призмалық және фланц типті  детальдар ажырамалы және ажырамалы  емес болады. Ажырамалы корпустар  механикалық өңдеу жөнінен ерекше болады.

      Машина  жасауда дайындама алу үшін  сұр және модефикацияланған   шойын, көміртекті болат, турбожасау  және атомдық техникада – тот  баспайтын және ыстыққа төзімді  болат; авиажасауда – силуминдер  мен магний құймалары;  приборжасауда-  пластмассалар қолданылады. 

 Шойынды және болатты  құймаларды құм балшық және  стержень қалыпқа құяды. Үлкен  дәлдікті және кедір-бұдырлықты  қажет ететін корпустарды балқымалы  құю әдісімен алу қажет.

Аллюминийден жасалған дайындамаларды кокильге құю және қысыммен құю арқылы дайындайды. Материалдың массасын азайту және үнемдеу үшін дайындамаларды ауыстырып  отырады  және бұл кездегі корпустың  қалыңдығы 30-40 пайызға төмендейді.

 Корпусты детальдарды  өңдеу кезінде  келесі негіздеу  әдістері қолданылады:

– беттерден бастап өңдеу , яғни алдымен құрылған бетті өңдейді, кейін негізгі тесіктерді өңдейді.

– тесіктерден бастап өңдеу, яғни алдымен негізгі тесіктерді өңдейді , кейін беттерді өңдейді.

Көбінесе беттерден бастап  өңдеу қолданылады ( негізделуі қарапайым  және тиімді), дегенмен тесіктерден  бастап өңдеу дәл келеді, әсіресе  үлкен пішінді корпустарды өңдеуде.

Бірінші әдіспен жұмыс  істеу кезінде екі дәл өлшемді- тесіктің диаметрі және бетке дейінгі  ара қашықтықты тұрақты ұстау  қиынға соғады.

 Корпусты детальдарды  негіздеу кезінде алмастыру принципін  және негіз тұрақтылығын сақтап  қалуға тырысады.

 Жазық беттерді әртүрлі  білдектерде өңдеуге болады: жонушы, фрезерлеуші, тартпалы, ажарлаушы,  токарлық және т.б. білдектерде.

 Соның ішінде жонушы, фрезерлеуші , тартпалы, ажарлаушы  білдектер кең қолданыс тапты.  Жону аз және көп сериялы  өндірісте көп қолданылады, себебі  жонушы білдектерде жұмыс істеу  кезінде , басқа  білдектер  тәрізді көп күш және құралдар  қажет етпейді. Бұл өңдеу әдісі  жұмыстың басқа талаптарына өтуге  ыңғайлы. Бірақ, ол жұмыс істеу  принципі оңай болғандықтан , біржүзді  құралмен ғана өңделеді, ал көмекші  жүрістердің жоқтығы өңдеу уақытын  арттырады. Сонымен қатар, бұл  білдекте жұмыс істеу үшін  жоғары квалификациялы жұмысшылар  қажет.

 Кіші габаритті корпустар  үшін көлденең және тігінен жону қолданылады (сур.1).

 

Сурет 21. Беттерді жону схемалары:

а) көлденең жону; б) тікелей жону.

Жону және ою аз және көп  сериялы өндірісте қолданылады. Жону кезінде көлденең-жону , сонымен  қатар қостіректі көлденең-жону білдектері қолданылады.  Көлденең-жону көбінесе көп сериялық өндірісте үлкен  және ауыр детальдарды өңдеу үшін қолданылады. Бұл дегеніміз үлкен  профильді детальдарды жәй әмбебап  құралмен өңдеу арқылы түсіндіріледі , яғни әдіптеу 20 мм-ге дейін.

 

 


Информация о работе Корпусты детальдарды дайындау