Киім туралы жалпы мағлұмат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2014 в 14:50, реферат

Краткое описание

Осы мақсаттарды орындау барысында мынандай міндеттер орындалады:
- осы мерзімге сай мода тенденцияларын зерттеу;
- сән журналынан алынған дайындалатын тігін бұйымның сән үлгісін таңдау және сән үлгіні дайындауға қажетті материалдарды таңдау ;
- бұйымды дайындаудың техникалық бірізділігі мен нұсқау картасын құрастыру;
- бұйымның өзіндік құнын анықтау.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word (3).docx

— 26.50 Кб (Скачать документ)

                       Курстық жұмыстың мазмұны:

 

   Кіріспе

1. Киім жайында жалпы мағлұмат...................................................

1.1.Киімнің негізгі қасиеттері

2.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                        1         

                                         

 

                                              Кіріспе

    Жеңіл индустриясының саласы ретінде тігін өнеркәсібі халық тұтынатын тауары ретінде бастауыш қатардағы орындарды алып отыр. Қазақстан ішкі нарығында жеңіл өнеркәсіп тек қана бес пайызын ғана алады. Көбінесе олар мемлекеттік мекемелер үшін арнаулы киімдер болып табылады. Қазіргі кезде Қазақстан нарғының тоқсан пайызын Қытай, Түркия және Қырғыстан импорттық тауарлары жаулап алған. Өндірістің тұрақталуына  жету үшін отандық өндірісті кеңейту есебінен және импортпен, мысалы; Италия, Германия немесе Франция елдерімен бәсекелесе алатын кезде ғана жете аламыз. Тігін өнеркәсібінің қайта жылдам өрлеп тұрақталуына үкімет  жағынан әр-түрлі жағдайлар зерттеліп  қарастырылуда.

  Адамның қазіргі киім кешекке деген сұранымын толық қанағаттандыру мақсатында тұрмыс саласында тігін сапасымен  жеке тапсырысты  орындау тұрмыстық қызмет көрсету және өнімдерді  шығару  көлемін  ұлғайту мен  олардың   сапасын  арттыру  міндеттері қойылады. Қойылған мақсатты жүзеге  асыру үшін ұжымдық шешім  қабылданады. Технологиялық ағын ұйымдары бір -бірімен  байланысты  болғаны  бір  жағынан  тұтынушы  қажеттілігін  қанағаттандыру үшін, екінші жағынан өндірістің технологиясын көтеруге жаңа  құрал-жабдықтарды  енгізу  арқылы  киім  сапасын  жақсартып, өнімнің шығару көлемін ұлғайту міндеттері қойылады. Өндіріске жаңа құрал жабдықтарды енгізу арқылы,киім сапасының жақсаруына ықпал етеді. Тігін машиналары, жартылай автоматтандырылған тігін машиналары, Ы.Ж.Ө арналған құрал-жабдықтар, тасымалдау құралдары киім сапасының жақсартумен уақытты үнемдейді.

    Қай заманда болмасын адамзат  алдындағы ұлы мұрат-міндеттердің ең басты-өз ісін, өмірін жалғастыратын, салауатты ұрпақ тәрбиелеу. Ал ойлы- пайымды,білімді, мәдениетті, іскер, еңбекшіл азамат тәрбиелеуді адамзаттың ақыл-ойымен мәдениетінің дамуындағы бағалы байлықтың бәрін игере отырып,  оны бүгінгі ұрпақтың санасына шеберлікпен біртіндеп сіңіру  арқылы ғана жүзеге асыруға болады.       Киім - адамзат қоғамының әрбір тарихи даму кезеніңде тігін бұйымдарды өзгеріске ұшырап отырады. Ол қоғамдық құрылыстың, техника мен экономика дамуының, сондай – ақ ұлттық мәдениеттің өзіндік ерекшілігін, халық тұрмысының , көркемдік талап – талғамы мен салт – дәстүрінің талаптарын бейнелейді. Жалпы киім ұғымы адамдардың уақытқа және қоғамдық жағдайларға сәйкес сұлулық

  туралы белгілі бір ұғымын бейнелейтін сәнмен (мода) тығыз байланыста  

                                                                                                                          2            

болады.Адамзат қоғамы дамыған сайын бұл көзқарастар өзгереді, яғни сән де үнемі жаңарып отырады.

    Бұл курстық жоба арқылы болашақ маман ретінде көптеген мәселелерді                                                                                                    қарастыра отырып ең алдымен киімнің жоғарғы сапасының бәрінен  бұрын қолданылатын материалдардың сапасына,олардың дұрыс таңдалуына, модельдік көркемдік бейнесін және конструкциясын дайындау                                                                                                                     технологиясын жетілдіруне байланысты болады.Әлемдік тоқыма және химия өнеркәсібінің дамуы және киім дайындауға арналған жабдықтардың жаңа түрлерінің шығарылуы заманға сай киім ассортиментін жетілдіру мүмкіншіліктерін елеулі кеңейтті.

     Осы курстық жұмыстың шығармашылық объектісі – адам тұлғасы, модельді проекциялау барлық жағдайларда оның жеке ерекшеліктерін ескеру және пропорционалды денебітімге келтіру.   Қазіргі экономиканың қиындығына қарамастан біз өз ісімізге өз қолымызбен өзгелерде жоқты жасап, елді таңқалдыратындай, қуантатындай бүкіл одақтық нарыққа шығуға тырысуымыз керек. Біздің міндетіміз елдің көңілінен шығатындай бұйымдарды қайта жаңартып өркендете білуіміз керек. Сондай бұйымның сапасын ұлғайтып ассортиментті кеңейте түсіп эстетикалық деңгейін көтеру қажет.                                                                                                                                                      Қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайларына лайық өнеркәсіптің жаңа құрылымдарын қалыптастырудың белсенді процессі жүріп жатыр.Тігін саласының кәсіпорындары халық шаруашылығының өзге салаларын арнайы қолданудағы  бұйымдармен (жұмыс киім,әскерге арналған киім және т.б.)қамтамасыз етеді.Айтылмыш курстық жұмыстың мақсаты: сән ағымына сай денебітімге қонымды сән үлгісін таңдау және сол бұйымды тігу мен өңдеу ерекшеліктерін ескерту.   Осы мақсаттарды орындау барысында адам тұлғасының ерекшеліктерін және кемшіліктерін айқындайтын, тұлғаға сәнді сипаттама беретін модель ойлап табылады.

       Осы  мақсаттарды орындау барысында  мынандай міндеттер орындалады:

  • осы мерзімге сай мода тенденцияларын зерттеу;
  • сән журналынан алынған дайындалатын тігін бұйымның сән үлгісін таңдау және сән үлгіні дайындауға қажетті материалдарды таңдау ;
  • бұйымды дайындаудың техникалық бірізділігі мен нұсқау картасын құрастыру;
  • бұйымның өзіндік құнын анықтау.

      

 

                                                                                                                       3

1. Киім туралы жалпы мағлұмат

 

      Киім – бірінші қажетті зат. Оны өндірумен өнекәсіптің әр түрлі салалары айналысады, ал сатумен сауда жүйелері шұғылданады. 
Археологиялық қазбалар нәтижесі киімнің қарапайым түрі көне палеолит дәуірінде пайда болғанын анық дәлелдейді. Бұл дәуірде тек тікелей табиғаттан алынатын өңдеуді қажет етпейтін материалдарды ғана пайдаланған.Аң терілерінен,ағаш жапырақтарынан дөрекі жамылғылар жамыла бастаған. Мұндай киім қарапайым болған және не жыныстық, не әлеуметтік жағынан айырмашылығы болмаған. Бұл кезеңде костюм сыртқы ортаның әсерінен қорғайтын қабыршық рөлін атқарған. Неолит дәуірінде ең қызығы сол – әлі күнге дейін өзінің өзектігін жоймаған киімнің негізгі үлгілері пайда бола бастады. Тарихи кезеңдерге байланысты адам қауымдарға бөліне бастағаннан кейін, киімді түрлі жыныстық, әлеметтік, мүлікткі белгілері бойынша бөліп қарау туындады. Осыған орай, костюм өзінің жетілуінің ерте кезеңінен бастап адамның қоғамдық өмірінде болып жатқан барлық өзгерістерді көрсетеді.Костюм адамзат дамуының айнасы болып табылады,қоғамның әлеуметтік құрылымы,мәдениеті,көзқарасы,техниканың даму деңгейі – барлық көрсетілген құбылыстар костюм тарихына кіреді.

      Қазіргі  кезде әлемнің көптеген елдерінде  жалпы еуропалық киім үлгілері(пиджак,шалбар  – ерлер үшін;көйлек,белдемше, жекет  және басқалары – әйелдер үшін) қабылданған.Осылардың негізінде  әр түрлі әлеуметтік,географиялық  және экономикалық ерекшеліктерге  лайықты әрқилы  киім түрлері  қалыптасты.Қазір жалпы еуропалық  киімдермен қатар ұлттық киім  түрлері де үлкен сұранысқа  ие.

     Тігін өнеркәсібі  орталық ғылыми-зерттеу институтының  саралауы бойынша қазіргі заманғы  барлық киімдер мынандай екі  топқа бөлінеді:тұрмыстық, өндірістік.

     Тұрмыстық  киімдер эксплутациялық талабына  байланысты келесі түрлерге бөлінеді:сырт  киім,костюмді-көйлекті бұйымдар,корсетті  бұйымдар,іш киім т.б.Тұрмыстық  киімдерді былайша ажыратуға  болады:адамдардың жасын және  жынысын айқындайтын топшалар.Киімді  маусымдық белгілеріне қарай  түрлерге бөледі,ал функционалдық  белгілерін типтер анықтайды.Тігін  бұйымдарының типтері күнделікті  киетін,салтанатқа киетін,үйге киетін,спорттық  киімдер деп ажыратылады.Киім  ассортименті оның пішіні мен  силуэті жең және жағасының  пішімін анықтайтын үлгі құрылымына  байланысты.

                                                                                                                       4

       Өндірістік  киім – халық шаруашылығының  әр саласында өндірісте кию  үшін қажетті киімдер.Өндірістік  киімдерді арнайы киім және  формалық киім деп бөледі.Өндірістік  киім өнеркәсіптің барлық салаларында  жаппай мамандық жұмысшылары  үшін қолданылады,олар өндірістік  қатерден қорғайды және техникалық  қауіпсіздік ережелерін сақтауды  қамтамасыз етеді.                                                                                                                   

      Киімдерді  олардың қандай матадан тігілгеніне  қарай да қосымша саралауға  болады (жүн матадан,жартылай жүн  матадан,жібек матадан,зығыр матадан,жасанды  және синтетикалық материалдан)

      Костюм (франц. сostume – «киім – кешек») – белгілі бір ұлттың, дәуірдің, сословияның тұрақты киім үлгісі. Костюм әр дәуірдің эстетикалық идеалын көрсетеді. 
«силуэт», «пішін», «пішім», «пропорция», «стиль» деген түсініктермен таныстыру. 
       Силуэт (siluett деген француз сөзі) – ұзындығы мен ені бойынша адам мүсінінің пропорциясына жақындау келетін геометриялық фигуралардың (тікбұрыш, трапеция, үшбұрыш, сопақ, т. б.) бірін беретін киімнің кез келген бөлігінің сыртқы кескіні. Силуеттің мынадай түрлері болады: тік силуэт, белдес стлуэт, сопақ силуэт, X – силуэт, трапеция силуэт, жартылай жантайған силуэт. 
        Пішім – бұйымның ойластырылған үлгісін жасауға мүмкіндік беретін пішім сызықтары (бел сызығымен кесілген көйлек, реглан үлгісіндегі жеңдер, драпталған көкрекше, тұтас пішілген жең және т.б.). 
       Пропорция – көйлектің ұзындығы мен енінің, жакеттің ұзындығы мен белдемше ұзындығының, бұйымның тұтас көлеміне қарай әр бөлшек мөлшерінің арақатынасы. 
       Стиль (styios деген грек сөзі) – мәнер, сипат, ерекшелік. Киімде бірнеше – классикалық, романтикалық, спорттық, фольклорлық (этникалық) стильдер болады. 
        Классикалық (қатаң, іскерлік, элегантты) стиль – келісті, іскерлі, элегантты, өзгермейтін стиль. Классикалық стильдегі заттар – ағылшын жакеті, тік тар белдемше, ерлердікі секілді шалбарлар және т.б. оған ғасырлар ең тұрақты, «таңдамалы», «сәннен тыс» өзгермейтін сән үлгілері жатады. 
        Романтикалық стиль – бұл «қиял», «еске алу», «ізденістер» саласы, тарихи костюмге меңзейді және оның пішімін, сәндік әрлеуін алып пайдаланады. Киімде әйелдік қасиеттерді бейнелейтін бөлшектерді, жиектерді пайдаланады. 
                                                                                                                        5                                                                                                                   

 Спорттық стиль –(спорт  үшін міндетті емес) қозғалысқа, түрлі жұмысқа ыңғайлы. (демалыс, спортпен жаттығу, саяхат үшін  ыңғайлы киімдер). 
       Фольклорлық стильді этникаль (этникалық) – ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдер. Фольклорлық сипаттағы киімдер сәнділігімен ерекшеленеді. Онда ұлттық құрастырмалы ою – өрнек, кестелер, қол жұмысының көптеген элементтері кеңінен пайдаланады. Бұл стильге жататын киім түрлі халықтың және дәуірдің ұлттық рухын бейнелейді. 
       Қазақстанның қазіргі сәнгерлері (модельлер) ұлттық киімдердің дәстүрлерін сақтап, дамытуда, көненің құндылықтарын біздің замандастарымызға жеткізуге тырысады. 
       Қазіргі заман тұрмыстық киім стилі, өзінің таза көрінісін сирек                                                                                                                        қолданады. Көбінесе стильдердің араласуы кездесіп отырады. Бұл құбылыс

электика деп аталады. 
       Орта ғасырларда тігу техникасы жетіле түсті.бұл дәуірдің костюмінде тұңғыш рет қосылып тігілген жең және бүрме пайда болды. Тар иықты, белі жоғары, өзі ұзын көйлек және тар ұзын белдемше, биік баскиім әйелдер костюміне ұзарған силэтті әсер берді. Ал ерлеркиімі туниканың бұрынғы сипатын сақтап, өте тар болды. Ортағасырлық даму кезіңінің киім силуэтіне тән кескін – созылған үшкір пропорциялар. Конус сипатты бас киімі ұзын биік башняны еске салады. 
       ХVII ғасырда біртұтас әлемдік көркем мәдиенеттің контурлары жоспарланады. Өнерде екі жаңа стиль – Барокко және классицизм туындайды. Барокко стилі өте салтанатты және сәнді. Ал ғимараттар бейнелі және мүсінді, (қабырғалары бедермен безендірілген, бұрқақтары статуэтка түрінде жасалған қуыстар мен текшелерге мүсіндер қойылған, т. б.), интерьлерлері жарық монорлы түстерге толы, (алтындандырылған күрделі безендірулер, үйдің төбесі өрнектелген, қабырғаларына айналар ілінген (хрустальды аспа шамдар, көптеген жабыстырмалы әшекейлер). Осыған байланысты Барокко дәуірінің костюмі бүтіндей сарайлық этикетке бағынышты болды. Костюмдер өте көп безендірулері бар салтанатты және кең етіп тігілді. 
        Костюм – өнер туындысы. Ол адамзат мәдениетінің даму кезеңдерін көрсетеді. Сонымен, адам қоғамда этикетке, ал костюм өз кезегінде дәуірдің стиліне бағынышты. ХVIII ғасырда жаңа рококо (фрнац. «раковина» таңғажайып түрлі әшекей) стилі пайда болады. Рококо – сәнді, нәзік, кейбір сезімталдық, нақыштық, майысқақтық белгіні алып жүретін сәндік стиль. Бароко стиліндегі киімдермен салыстырғанда, рококо стилінің киімдері көп өзгеріске ұшырамады.тек сызықтары бұрынғысынан

                                                                                                                         6

Информация о работе Киім туралы жалпы мағлұмат