Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 22:11, контрольная работа
Керамикалық деп минералдық және органикалық үстемелер қосылған саздан немесе олардың қоспасынан қалыптау және күйдіру арқылы жасалатын қолтума тас материалдарды айтады. Ежелгі грек тілінде «керамас» құмырашы сазын, күйдірілген саздан жасалған бұйым дегенді білдіреді. Кейінірек «керамика» деген ат саз балшықтан жасалған заттардың бәріне тараған.
Күйдірілгеннен кейінгі керамикалық бұйымды құрайтын материалдарды керамика технологиясында керамикалық сүйекшелер деп атайды.
Алюмосиликатты отқа төзімділерді күйдірілген өнім құрамындағы және мөлшеріне қарай үш түрге бөледі: жартылай қышқыл, шамотты, жоғары глиноземділеу.
Жартылай қышқыл отқа төзімділерді саздық немесе каолиндік байланыстағы кварц жыныстарды немесе құрамында құмы мол саз бен каолинді күйдіру арқылы алады. Каолинді байланыстағы бұйымның отқа төзімділігі 17100С-дан кем емес, сазды да 15800С-дан кем емес. Оларды кокс пештерін, бөгеушілерді, т.б. астарлауға пайдаланады.
Шамотты отқа төзімділерді сол саздан алынған шамотпен жүдеулетілген саздар мен каолиндерден жасайды. Шамотты материалдардың отқа төзімділігі 17300С-ге дейін, ал қысқандағы беріктігі 10-12,5 МПа. Олар жылуға төзімділігімен және шлакқа төзімділігімен ерекшеленеді. Оларды домна пештерін, керамикалық пештердің қабырғасы мен түбін қалауға, бу қазандығының пешін, мұржасын т.б. қаптауға пайдаланады.
Жоғары глиноземділеу отқа төзімділерді құрамында 45%-тен астам глинозем бар, жоғары глиноземділеу сазды шикізатты (боксит, диаспор, корунд, т.б.) піскенше күйдіру немесе балқымадан құю тәсілімен жасайды. Бұл бұйымдардың отқа төзімділігі де жоғары. Оларды шыны балқытатын пештер үшін пайдаланады.
Информация о работе Керамикалық материалдар мен бұйымдарды өндіруге арналған шикізат