Казахские головные уборы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2013 в 15:45, творческая работа

Краткое описание

Тюбетейки имели среди казахов довольно широкое распространение. Они сшивались из двух основных частей - цилиндрического невысокого околыша и макушки. Тюбетейки обычно шили из сатина. Для нарядных тюбетеек использовался бархат, они украшались цветной строчкой, вышивкой, золотом и серебром. Калпак - летняя шляпа из тонкого белого войлока с узкой высокой тульей, закругленной или остроконечной макушкой, которую сшивали из двух одинаковых половин, нижние части отгибались, образуя широкие поля. Последние обшивали полосой черной или красной материи. Тулью украшали нашивкой цветного шнура или ткани по шву. Знатным людям колпак расшивали шелком; нередко его шили из бархата.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Копия Мужские головные уборы.doc

— 75.00 Кб (Скачать документ)

Мужские головные уборы.

Интересно, что раньше казахи наголо брили головы и постоянно носили головные уборы.

 

Такыя - круглая матерчатая шапочка, обязательная для ношения.

 

Тюбетейки имели среди казахов  довольно широкое распространение. Они сшивались из двух основных частей - цилиндрического невысокого околыша и макушки. Тюбетейки обычно шили из сатина. Для нарядных тюбетеек использовался бархат, они украшались цветной строчкой, вышивкой, золотом и серебром.

 

Калпак - летняя шляпа из тонкого  белого войлока с узкой высокой тульей, закругленной или остроконечной макушкой, которую сшивали из двух одинаковых половин, нижние части отгибались, образуя широкие поля. Последние обшивали полосой черной или красной материи. Тулью украшали нашивкой цветного шнура или ткани по шву. Знатным людям колпак расшивали шелком; нередко его шили из бархата.

 

Борик - обычный головной убор, который  носили в любое время года. Шили его на войлочной основе, снаружи  покрытой тканью. Шапка имела форму  длинного колпака. Нижнюю ее часть обшивали мехом пушных зверей, но часто использовалась и овчина.

 

Тымак - наиболее оригинальный головной убор, который носили в зимнее время. Тыкмак был необходимым атрибутом  одежды для людей, которым приходилось  подолгу находиться на открытом воздухе  в условиях суровой непогоды. Благодаря своей форме он надежно защищает голову и шею. Тымак состоит из тульи и четырех больших лопастей, скроенных из войлока и крытых тканью. Лопасти шапки обшивались пушистым мехом. Женские головные уборы.

Головные уборы у женщин носили в основном социальный и возрастной характер.

Незамужние девушки носили «такия» - маленькую шапочку из ткани, и  «борик» - шапку с меховым околышем. Шили их из ярких тканей и обязательно  украшали, особенно тюбетейки, вышивкой или различными нашивками из бус, кораллов, бисера, серебра. На макушку пришивали «уки» - султанчик из перьев филина, служивших не столько украшением, сколько оберегом. Девичья шапка борик отличалась от мужской тем, что меховой околыш был всегда снаружи, а не отворачивался.

 

«Саукеле» - свадебный головной убор в форме усеченного конуса. Он был  очень высоким - до 70 см. Основу его  шили из тонкого плотного войлока, покрытого  бархатом, сукном или шелком, чаще красного цвета. Снизу оторачивали полоской меха, спереди украшали рядами кораллов, бус, серебряных бляшек, невесты богатых родителей - золотыми бляшками, жемчугом и драгоценными камнями. Сверху головного убора и впереди надо лбом прикреплялись две узорные серебряные пластины, специально изготовленные для саукеле. Сбоку прикреплялись наушники, а иногда длинные ленты из той же ткани, их обшивали различными украшениями. Обязательным дополнением к саукеле были длинные подвески жактау из нитей кораллов, бирюзы, серебряных или позолоченных пластинок, монет, шелковых кистей. К саукеле прикрепляли большую накидку из легкой белой ткани желек. Когда невеста ехала к мужу, накидка закрывала всю ее фигуру. Желек украшали вышивкой, обшивали бахромой и кистями.

 

Кимешек носили молодые женщины. Он плотно облегал голову и закрывал шею, грудь, плечи и спину. Лицевую сторону кимешека обычно украшали вышивкой, нашитыми серебряными бляшками, кораллами. Количество и формы украшений определялись возрастом женщины, были значительные различия и в разных родоплеменных группах.

Ұлттық киімдердің түрлері  Бас киімдерXIX ғасыр мен XX ғасырдың бас кезіндегі қазақтың ұлттық киімдеріне зерттеу жүргізген И.В.Захарова мен Р.Р.Ходжаева ер адамдардың бас киімдерін 6 топқа бөледі. Олар мынандай:

1. Дөңгелек, жеңіл, өзін сырып,  кестелеп матадан тіккен және  қалпақ, тымақ астынан киетін кішігірім бас- киім – тақия.

2. Матадан тігілген кішкентай,  етегі терімен көмкерілген баскиім  – төбетей. 

3. Киізден тігілген баскиім –  қал-пақ. 

4. Қалың матадан тігілген башлық (күләпара).

5. Тері қапталған жылы баскиім  – бөрік. 

6. Аң терісінен жасалып, суықта киетін баскиім – тымақ.

Ерлердің бас киімдері

Тақия – шағын сәтен, шұға, барқыт тәрізді маталардан тігіледі. Ол зерлі, үкілі, оқалы, сырма, шошақ төбе, тікше, қатипа тәрізді бірнеше түрге  бөлінеді. Қытайдағы Шыңжан қазақтарының найман тайпасындағы қызай руында «Қызай тақия» бар.

Қалпақ – ақ киізден, қалың матадан  жасалады. Ол биік төбелі болып келеді. Қойдың ақ жүнінен, қозының ақ күзем  жүнінен, ешкінің ақ түбітін қосып  басқан шымыр киізден тігеді.

Мұрақ – екі жағы қошқар мүйізді, лауазымды адамдар киетін қалпақ. Оны сән – салтанатқа киеді.

Тымақ – аңның, малдың терісінен  тігілген қысқы баскиімдердің жылысы. Биік төбелі, маңдайы, екі құлағы бар, артқы етегі желке, жотаны жауып  тұрады.

Вл. Плотников 1859 – 1862 жылдары тымақтың 15 түрі туралы жазған. Олардың бізге жеткен кейбір түрлері мынандай: жаба салма тымақ; қайыр-ма тымақ; дөңгелек төбелі тымақ; шошақ төбе тымақ; жекей тымақ.

Құлақшын  – бағалы аң терілері мен бұзау, құлын, қозы – лақтың бұйра терісінен (елтірі) тігіп, киеді. Қысқы баскиім.

Малақай –  аң терісі мен елтіріден арасына  жүн, мақта салып, сырып тігеді, оны  кейінгі кезде қыздар да суыққа киіп жүр.

Бөрік. Оны  ерлер мен бірге қыздар да киеді. Сырты мақпал, пүліш, бар-қыт тәрізді  қымбат маталардан жа-салатын баскиім. Жиегіне қымбат бағалы аң, мал терісі ұсталатын бөрік-тің жазғы, қысқы түрлері бар. Төбесі көбінесе, төрт сай немесе алты сай болады. Қыздар киетін бөрік дөңге-лек төбелі конус тәрізді биіктеу. Сал-серілер бөріктеріне үкі таққан.

Жалбағай, башлық, далбай, күләпара. Бұлар қазіргі кезде ұшы-распайды. Оларды тымақ тәрізді етіп қалың не жұқа ақ киізден тіккен. Бір-біріне ұқсас баскиімдер. «Күлә» парсы тілінен аударғанда баскиім деген мағынаға ие. Матадан астар салынып тігілетіні – күләпара, қысқа киетін түрі – жалбағай. Жалбағайды тымақ сыртынан да киген. Түйе жүн далбағайды ертеде түріктер «башлық» деп атаған.

Әйелдердің  бас киімдері

Қазақ әйелдері жасы мен отбасы жағдайына байланысты өзіндік ерекшелігі бар баскиімдер киген. Олар-дың жазғы, қысқы түрлері болады. Әйелдердің негізгі баскиімдері: бергек, бөрік, жаулық, желек, жырға, кимешек, күндік, орамал, қарқара, сәукеле, тақия, шәлі (жібек, шілтер, оюлы ж.т.б.).

Тақия. Оны  қымбат матадан тіккен. Бұл ерлер  тақиясынан басты ерекшелігі. Қыздардың  тақиясы міндетті түрде үстіндегі қамзолға, бешпентке сәйкес келуге тиісті. Етегі, жоғары бөлігі алтын немесе күміс паршамен оюланып, сәнді жіптермен тақияға зер төгіледі. Қазақтың «үкі-дей үлбіреген», «тотыдай таранған» деп қыздарды әспеттеуі содан шық-қан тәрізді.

Қыздар  кепеші. Қабырғасы биік, төбесі дөңгелек, ою-өрнектермен, мон-шақ, асыл тастармен  безендірілген сәнді баскиім.

Сораба. Тақия  тәріздес. Артында салпыншағы бар. Қыздар тіл-көзден аман болсын деп, оларға ырымдап  кигізеді.

Жырға. Асыл тастармен, ақық моншақпен көмкерілген сәнді баскиім.

Бөрік. Аң терісінен  тігіледі, жиегіне жұрын жүргізіледі. Жұрындалған терісіне сәйкес бөріктің мынандай түрлері бар: алтай қызыл  бөрік, қам-қа бөрік, қазақы бөрік, қарқаралы  бөрік, құлын бөрік, құндыз бөрік, құ-райыш бөрік, құс бөрік, мари бөрік, нар өркеш бөрік, ноғай бөрік, оқалы бөрік, сәукеле бөрік, шеркеш бөрік, шоқты бөрік, шоппаш бөрік т.б.

Қарқара. Биік төбелі, милығына айнала құндыз тұтады. Маңдай тұсын жоғарыдан төмен  қарай үш-кілдеп жырға тігеді. Оған құтанға, тырнаға ұқсас сұңғақ, сымбатты құс – қарқараның қауырсыны қадалады. Бұл қыз баланы пәле-жаладан сақтап жүрсін деген ырым бойынша жасалады.

Кимешек. Жас  келіншектерден бастап егде әйелдерге  дейін киетін дәстүрлі ұлттық баскиім. Ақ матадан, жібек матадан тігіп, әртүрлі әшекеймен безендіріледі. Қазақтың салт-дәтүріне сәйкес жас келіншек балалы болғаннан кейін кимешек киюге тиіс. Төменгі бөлігі – кимешек, жоғарғы бөлігіне жаулық оралады. Кимешек кеудені, иықты, жонды жауып тұрады, бет-әлпеті көрінетін жері ойық келеді.

Шылауыш немесе жаулық. Ақ түсті матадан немесе жібектен тігіл-ген жаулықты егде әйелдер  басына орап киеді. Жаулық әр руға байланысты әрқилы аталады. Шығыс Қазақстанда  матаның көлеміне қарай оны шаршы  деп, Жетісу, Алтай өңірінде шылауыш  деп атап, аналарды

 

«ақ жаулықты аналар» деп ардақ-тайды.

Орамал. Ол пішіміне сәйкес шаршы, қиықша болып  бөлінеді. Орамалды (парсы, араб, румал) жаулық деп те атаған. Арзанқол матадан  да, қымбат матадан да жасайды.

Жібектен  шашақтап тоқылғаны – «бөртпе».

Жібектен, матадан шашақталмай, қалыңдау келген түрі – салы.

Торғын  тектес, үлпілдек, жұмсақ матадан немесе ешкі түбітінен жа-салған түрі –шәлі.

Түйе, ешкі түбітінен тоқылғаны – бөкебай.

Ақ матадан  тігілгені – шаршы шыт.

Қасаба. Ол қыз тақиясының бір түрі. Үшкірлеу төбесіне бір шоқ қау-ырсын қадайды, маңдай тұсына түгелдей алтын, күміс әшекейлер тағады. Қыздар үйлену тойында қасабаны сәукеле орнына да киген. Кү-рең, көгілдір түсті жібек, ши барқыт, пүліш, дүрия, шұға, парша сияқты маталардан тігеді.

Сәукеле. Қалыңдықтың ұзатылу тойында  киетін сәнді баскиімі.

Зере. Өзі ұзын, іші қуыс, сәукеле-мен  бірге киетін бас киім. Ертеде бір  қабат киім сыртынан киетін сауытты  да «Зере» деп атаған.

Баскиім әшекейлері

Жыға – түріктерге парсы тілінен  енген сөз. Ол «Баскиімге қадайтын құс қауырсыны немесе әшекей» деген мағынаны білдіреді. Дулығаның артынан (мойынды қылыш кеспес үшін) қаптап қоятын зат, баскиімнің артқы жағы.

Қазақта жыға мынандай үш түрлі мағынада:

1. Құс қауырсыны. 2. Алтынды, асыл  тасты баскиім әшекейі. 3. Бас киімнің өзі.

Жырға – 1. Асылтас, моншақтар тізіп, көз салпыншақты етіп жасал-ған  әйелдердің баскиімі. 2. Ертедегі қазақ  әйелдерінің баскиім әшекейі.

Көз отаға – ер адамның бас  киіміне қадайтын меруерт асыл тас. Оны бұрындары лауазымды адамдар ғана таққан.

Қолазы – сал-серілердің бөркіне  қадайтын үкі қауырсынын ораған әшкей. Оны қозалы үкі деп те атайды.

Маңдайша – сәукеленің маңдайы-на тағатын асыл тасты күміс әшекей.

Сәукеленің сырғасы – салпын-шағы мол, өзі ұзын да ауыр, салтанатты кездерде ғана байлайтын әше-кей (сырға).

Талмоншақ – тақияға, сырт киімге бірнеше қатар етіп тағылатын  моншақ.

Тана – дөңгелек пішінді асыл тасты күмістен не таза күмістің өзінен жасалған түйме тәрізді зат. Оны  танакөз деп те атайды. Қыздар тақиясына, бөркіне, омырауына, жағасына тағады.

Төбелдірік – сәукеленің төбесін-дегі тәж тәрізді әшекей бергек.

Былқылдақ – үлкен моншақ, маржан. Оны әйелдердің баскиіміне та-ғады.

Есектас – көз тимесін деп  жас ба-лалардың бөркіне тағатын  жонынан қырланған көк тас, әшекей.

Шеттік – кимешек жағына қадай-тын  күміс.

Шоқ – алтын әшекей, асыл тас. Оны  баскиімге тағады.

Шырмауық – ілгекті оқа, әше-кей, металл ілгекті баскиім әшекейі.

Шытыра – асыл тасты не тассыз күміс әшекей.

Оны баскиімге, омырауға, аяқ киімге қадайды.

Көркіне қарай киімі

Қазір кім көрінгенге шапан жауып, қалпақ кигізу үрдіс болып барады. Былай қарағанда, бұл — арзан  құрмет, арзан сый. Ондай шапандарды «сыйға берген еді» деп, көшеде бірде-бір  адам киіп жүрмейді. Үйге апарып сандықтың  түбіне салып қояды. Себебі, қазіргі қазақы шапан да, қалпақ та талапқа сай тігілмейді. Жағасынан бастап етегіне дейін әлем-жәлем оюларды жабыстырып қойған киімді кимек түгілі, қарауға ұяласың.

Қазақтың ұлттық киімі жетерлік, тек заман ағымына сай тұтынушысы азайған деуге болады. Біздің бір жаман жеріміз сол, өзгенің дәстүрін, әдет-ғұрпын тез қабылдаймыз да, өзіміздікін ұмытуға дайын тұрамыз. Қазақтың нағыз ұлттық бас киімдері — пұшпақ бөрік, түлкі бөрік, сусар бөрік, құндыз бөрік, жазда киетін көлеңкелі далбай, тақия, т.б. толып жатыр. Ал, бойжеткендердің сәукелесінің өзі неге тұрады десеңізші.

Енді Жақсылық Нәжімовтың ойлап  тапқан бас киіміне келсек, моңғолдың  төбесі шошайған бас киіміне ұқсайды. Оның ашқан жаңалығы шаңырақ, аттың  басы, қылыш, қауырсын, қалқанды жабыстыра  бергені ме? Мен бұл бөрікті қазақтың ұлттық бас киімі деп айта алмас едім.

Мұхтар Әуезов айтқандай: «Мәдениетті  болу біреудің құйысқанына жабысу емес». Кім көрінгеннің киімін кигенше, атадан қалған асыл мұрамызды (бұған  өнер атаулыны ғана емес, ұлттық киімдерімізді де жатқызар едім!) бұрмаламай насихаттағанымыз жөн.

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМДЕРІ

 

 

Тақия – Шығыс халықтарына тән  бас киімнің түрі. Жеңіл, дөңгелектеп  тігілетін бас киім. Ұлттық өрнегіне, тігілуіне қарай әртүрлі болады. Тақияны тіккенде бір түсті матадан (сәтен, шұға, барқыт т.б.) таңдаса, төбесі төрт сай немесе дөңгелек, үшкіл төбелі етіп тігіледі. Ерлерге арналған тақиның кестелісі де, кесетесізі де кездеседі. Жиегі қолмен немесе машинамен сырылады. Қыздарға арналған тақиялар әртүрлі жіптермен кестеленіп, моншақ, асыл тастармен безендіріледі.

 

Сәукеле – қызды ұзатқанда киетін бас киім. Сәукелені қыз ұзатылғанда  күйеу еліне киіп бару үшін тіктіреді.Сәукеле  арнайы басылған ақ киізден немесе арасына қыл салынып сырған матадан  жасалып, сырты қымбат матамен (барқыт, атлас, шұға) қапталып, шетін құндыз, кәмшәт терісімен айналдыра тігіледі.

 

Сәукеленің төбесіне, өн бойына алтын, күміс, маржаннан әшекей тағылып, алтын  жібек жіппен кестеленеді. Сәукеленің төбесіне жібектен желек тағылып, оған үкі қадайды.

 

Тымақ – аңның немесе малдың терісінен  тігілетін қыстық бас киім. Тымақты  ішік сияқты тігілген терісіне байланысты: түлкі тымақ, елтірі тымақ деп  аталады. Тымақ төрт сайлы, биік төбелі, суықтан қорғайтындай етіп тігіледі. Тымақтың екі құлағы және мойынды  жауып тұратын артқы етегі болады.

 

Кимешек – әйелдердің бас киімі. Кимешек ақ матадан немесе ақ жібектен тігіледі. Ол басты, кеудені, иық пен  арқаны жауып тұрады. Кимешектің кеуде  жағын, бет жаулықтарын көмкеріп кестелейді.

 

Бөрік – қазақтың ертеден келе жатқан бас киімі. Бөрік қыстық бөрік (жүн немесе мақта салып тігіледі), жаздық бөрік болып екіге бөлінеді. Бөрікті қыздар да, ер адамдар да киеді. Аңның терісімен немесе қымбат матамен тысталады. Аңның терісіне қарап оларды құндыз бөрік, кәмшәт бөрік, түлкі бөрік деп атайды. Қыздар киетін бөріктің төбесі төрт сайлы болып келеді және үкі тағылады, асыл тастармен көмкеріліп, күміс теңгелерден салпыншақ тағылады. Қазақта әшекейлі, үкілі бөрікті сал-серілер де киген.

 

Етік – ертеде илеген теріден, бертінде былғарыдан киген. Былғарыдан тігілген етіктің қонышы ұзын болып келеді.

 

Былғары етік қара, сары, қызыл түсті  бояулармен боялады. Қыз-келіншектер  қызыл түсті былғарыдан ою-өрнектеп тіктірген етік киген. Оны «сапиян  етік» деп атайды. Ал мырза сал-сері жігіттер қара түсті былғарыдан, оюлатып етік киюді әдет еткен, оны «саптама етік» деп атаған.

Информация о работе Казахские головные уборы