Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2013 в 16:46, доклад
Құбырлардың сорты. Құбырлар желісін салу жұмыстарын жүргізу реті. Құбырлар желісінің трассасын таңдау. Құбырлар желісін қысымға сынау.
Құбырларды төсеу
Құбырлардың сорты. Құбырлар желісін салу жұмыстарын жүргізу реті. Құбырлар желісінің трассасын таңдау. Құбырлар желісін қысымға сынау.
Мұнай кәсіпшілік коммуникацияларын салу барысында пісірілуі жақсы, шыңдалған болаттан жасалған құбырлар қолданылады. Бұл құбырларды жіксіз, электро-пісірілетін, спиральді-пісірілетін және тағы басқа конструкциялар түрінде шығарады. Үлкен диаметрлі тігіссіз (шовсыз) құбырларды ыдысқа шыңдап, ал кіші диаметрлі құбырларды суыққа шыңдап дайындайды. Үлкен диаметрлі пісіріліп жасалған құбырлардың жігі ұзына бойына немесе спиралды болып түседі, ал кіші диаметрлі құбырлардың жігі тек ұзына бойына түседі.
Кен орнының ауданы бойынша төселетін құбырлар желісін салу кезінде келесідей тәртіптер ұстанады: құбырлар желісі өтетін жер жерпайдаланушымен келісіп, уақытша қарауға алынады. Содан соң жерді тоң қабатынан төмен тереңдікке дейін қазып және құбырларды траншеяға жақындатады, одан кейін құбырларды құбыртөсегіштермен ұстап тұрып, құбырлардың жалғасқан жерлерін қолмен (диаметрі 800 мм-ге дейінгі құбырларды) немемсе автоматты түрде (диаметрі 800 мм-ден жоғары құбырларды) пісіріп-дәнекерлеп жалғайды. Құбырлардың сыртқы бетін балшық пен қақтан тазартып, битумды жабынмен қаптайды, одан кейін құбырды электрокоррозиядан сақтайтын гидро-изоляциялық лентамен орайды.
Осы жұмыстарды жүргізіп болған соң пісірілген және оқшауланған (сыртқы беті қапталған) құбырларды құбыртөсегішпен траншня түбіне түсіреді де, осы траншеяны қазу барысында алынған топырақпен кері көмеді. Көміп болған соң жер бітңн грейдермен тегістеп, рекультивация жүргізеді. Яғни топырақтың құнарлығын қалпына келтіру жұмыстары атқарылады. Егер жер ауылшаруашылық дақылдарын өсіруге жарамаса, рекультивация жүргізілмейді.
Кейбір жағдайларда құбырлар желісінің бір бөлігін немесе толықтау су астымен төсеу қажет болады. Бұл кезде құбырларды коррозиядан сақтау үшін асбоцементті немесе битумды изоляция қолданылады. Ал сулы кедергілерден өту үшін дюнкер деп аталатын су арнасының астынан өтетін траншея қазылады.
Құбырларды су астымен төмеу барысында оларға келесі талаптар қойылады:
Кәсіпшілік құбырлар желісінің күрделі жүйедегі трассасын таңдау кезінде кен орнын игерудің комплексті жобасының мәліметтерін, яғни ұңғылардың орналасу торын, кен орнын (қабат қысымын ұстап тұру арқылы немесе ұстамай-ақ) игеру режимін ескере отырып топографиялық картасын, құбырлар желісінің қажетті трассасын іздеуді, «Спутникті» қондырғыларды және сорап станцияларының жабдықтарын, мұнайды дайындау қондырғысын, суды дайындау қондырғысын, тауарлық парктерді және газ өңдеу зауыттарын орналастыруға арналған алаңдарды таңдауды негізге алады.
Жергілікті жер бедері (рельефі) тегіс және елді мекендері жоқ жерлерде жекелеген құбырлар желісінің трассасын таңдау қиынға соқпайды, олар ең қысқа жолмен, яғни түзу сызық бойымен төселеді. Егер кен орнының алып жатқан аудандарында елді мекендер, ғимараттар болса немесе жер бедері тегіс болмаса, онда құбырлар желісінің трассасын таңдау және қажетті объектілерді орналастырудың тиімді жолдарын қарастыру керек. Жергілікті жердегі құбырлар желісінің жатқан жерін анықтайтын сызықты – құбырлар желісінің трассасы деп атайды. Картаға немесе жергілікті жердің жоспарына түсірілген бұл сызықты – трасса жоспары деп атайды.
Құбырлар желісін жобалау барысында трассаны таңдаудан басқа келесі мәселелер шешімін табады:
Парафинді мұнайларға арналған жинау жүйесін жобалау кезінде құбырлар желісінің жылулық есептеріне ерекше көңіл бөлу керек, яғни мұнайды қыздыратын пештердің қажетті саны мен қоршаған ортаға жылу шығынын болдырмайтын жылулық оқшаулау қалыңдығын анықтау керек.
Траншеяға салынған немесе жер бетімен өтетін барлық құбырлар желісін гидравликалық сынаудан өткізеді.
Құбырлар желісін
Қысымға сынау келесі тәсілмен іске асырылады: құбырлар желісінің екі жағынан ауа шығатын шүмегі бар бітеу бұқтырмалар (заглушки) қойылады, сонан соң құбырлар желісі қысымсыз сумен толтырылады. Толтырылған құбырлар желісіне сорапты (әдетте поршенді) жалғап, қажетті қысым тудырады да, оны 30 минут ұстап тұрады. Егер осы уақыт аралығында құбырдағы қысым 0,05мПа төмендемесе, онда құбыр саңылаусыз бітеу деп саналады. Қысымға сынаудың қажетті қысымы жұмыстық қысымнан 1,5 есеге үлкен болуы қажет.
Суесинова Б.
ТХНГа – 10 тобы