Башмақай тоқу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2015 в 13:08, творческая работа

Краткое описание

1. Білімділік: Ілмек бізбен башмақай тоқу жолын үйрету;
2. Дамытушылық: Шеберліктерін, танымдығын, іскерлігін дамыту, оқушылардың эстетикалық талғамын жетілдіру;
3. Тәрбиелік: Ұлттық өнерге, еңбекке, төзімділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Башмакай току.docx

— 601.62 Кб (Скачать документ)

Сабақтың тақырыбы: Башмақай тоқу

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Ілмек бізбен башмақай тоқу жолын үйрету;
  2. Дамытушылық: Шеберліктерін, танымдығын, іскерлігін дамыту, оқушылардың эстетикалық талғамын жетілдіру;
  3. Тәрбиелік: Ұлттық өнерге, еңбекке, төзімділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: жіптер, ілмек, қайшы және әр түрлі ленталар, ине-жіп, моншақтар (бұлар сәндік үшін пайдаланылады).

Еңбек нысаны: Башмақай тоқу

Сабақтың барысы;

І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Сабаққа қатысып отырған оқушыларды ұйымдастыру.

ә) Оқу-құралдарын түгелдеу, реттеу.

б) Олардың көңіл-күйіне, денсаулығына баса назар аудару.

в) Жұмыс барысындағы қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қадағалау.

Сабақтың барысы:

Алдымен ілмекпен 10 тор (воздушная петля) тоқып аламыз.

Осы тізбектің бойымен 10 үстемелі бағана (столбик с накидом) тоқып шығамыз. 10-шы торға келгенде бағана санын 5-еуге көбейтеміз, яғни, бір тордан бірден 6 үстемелі бағана тоқимыз (айта кететін нәрсе, бұл бағаналарды жіптің қалың/жұқалығына қарай көбейтесіз.

Қалың болса көп көбейтудің қажеті жоқ, көлемі үлкен болып кетеді). Сөйтеміз де, тізбектің екі бойымен тағы да солай тоқып шығамыз. Бізде эллипс тәріздес табан шығу керек.

Екінші қатарды да осылай келген жерден тоқып кете береміз. Алдыңғы 10 бағананың үстіне тағы 10 үстемелі бағана, ал, 6 бағананың үстінен енді 2 еселеп үстемелі бағанамен тоқып шығамыз. Алдыңғы қатарда бағана саны 32 болса, екінші қатарда бағана саны 44-ке көбейеді.

Үшінші қатарды да осылай тоқимыз, енді тек алдыңғы 12 бағананы біреуін еселеп, біреуін еселемей (яғни қоспай) тоқып кете береміз. Сонда бағаналар саны 52-ге көбейеді.

Үшеуге қысқартып тоқылған қатарға башмақайдың формасы шыға келеді

Келесі қатарды кішкене басқаша тоқимыз. Алдымен башмақайымыздың алдымен артын шамалап аламыз (суретте қызылмен белгілеп қойдым). 52 бағанамыздың 26-сын алдыңғы етіп, қалғанын артыңғы етіп бөлеміз. Алдыңғы 26 бағаны қысқартып тоқимыз, яғни, екі үстемелі бағананы біріктіріп тоқып жібереміз. Сонда 26-мыз13-ке қысқарған соң, башмақайдың алды шыға келеді.

Қалған 26-сын, артын кәдімгі үстемелі бағанамен тоқып шығамыз. Келесі қатарда да арты сол бойы қала бермек, ал алдын енді екеуге емес, үшеуге қысқартып тоқимыз. Үш үстемелі бағананы бітіріктіріп тоқып жібереміз.

Мына суреттегідей башмақайдың формасы шыға бастайды.

Міне, осындай боп шыға келеді.  Бұл башмақайдың негізгі формасы. Ары қарай өз қиялыңызға байланысты. Мен лента өткізетіндей етіп, ары қарай 2 үстемелі бағана, екі тор (воздушная петля) тоқып шықтым. Үстінен 2 үстемелі бағана мен тордың санын көбейтіп, қызыл жіппен сәндеп шықтым.

Сабақты бекіту:

Бағалау. 


Информация о работе Башмақай тоқу