Ажарлау аспаптарының пішіндері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Мая 2014 в 00:36, реферат

Краткое описание

Ажарлап өңдеу – бөлшектердің жоғары сапалы өлшем дәлдіктерін алуға мүмкіндік беретін, металдар мен басқа материалдарды өңдеудің технологиялық әдісі. Мұндай өңдеу ажарлау аспаптарымен жүргізіледі. Ажарлау аспаптары пішіндері мен өзара орналасулары кездейсоқ, минерал және өте қатты материалдардың ажарлау түйіршіктерінен тұрады. Материалдарды өңдеуде ажарлау түйіршіктерінің бір мезгілде өте көп мөлшері қатысады. Өлшемдері аз осы түйіршіктер бірігіп, ажарлау аспабының кесу жиегін құрайды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Реферат 4.docx

— 208.84 Кб (Скачать документ)

Кіріспе

 

 

Ажарлап өңдеу – бөлшектердің жоғары сапалы өлшем дәлдіктерін алуға мүмкіндік беретін, металдар мен басқа материалдарды өңдеудің технологиялық әдісі. Мұндай өңдеу ажарлау аспаптарымен жүргізіледі. Ажарлау аспаптары пішіндері мен өзара орналасулары кездейсоқ, минерал және өте қатты материалдардың ажарлау түйіршіктерінен тұрады. Материалдарды өңдеуде ажарлау түйіршіктерінің бір мезгілде өте көп мөлшері қатысады. Өлшемдері аз осы түйіршіктер бірігіп, ажарлау аспабының кесу жиегін құрайды.

 

Ажарлау аспаптарының пішіндері

 

 

 

Өңдеу тәсілдері

Қолданылу саласы

Ажарлау (шеңберлермен, сегменттермен, қалпақшалармен)

Біліктерді, ішкі және сыртқы цилиндрлік беттерді, тісті дөңгелек тістерін, бұранда оймаларын, шлицтерді және т.б. беттерді алғашқы және таза өңдеу. Кесу тереңдіктері:

-   алғашқы ажарлау үшін 0,01...0,08 мм

-   таза ажарлау үшін 0,05...0,015 мм

Кедір-бұдырлылығы 7-12 сыныптарға сәйкес.

Хондау (қайрақтармен)

Алғашқы және таза хондау ішкі цилиндрлік беттерді өңдеудің соңғы операциясы болып табылады.

Өңдеу әдібі 0,01...0,05 мм, өңдеу дәлдігі 5-7 квалитеттер.

Мысалы: автотрактор қозғалтқыштарының гильзаларын өңдеу.

Суперфиништі өңдеу(қайрақтармен)

Сыртқы цилиндрлік беттерді соңғы өңдеу операциясы.

Өңдеу әдібі 0,01...0,03 мм. Кедір-бұдырлылығы 9-14 сыныптарға сәйкес. Өңдеу дәлдігі 5-6 квалитеттер. Мысалы: іштен жану қозғалтқыштарының иінді біліктерінің мойындарын өңдеу.

Жетілдіру

Сұр шойын, мыс, қорғасын және т.б. материалдардың ажарлау ұнтақтары бар жетілдіру аспаптарымен өңделеді. Жетілдіру көбінесе жазық, цилиндрлі және т.б. беттерді бір-біріне ысқылап дәл беттестіру үшін қолданылады. Өңдеу әдібі 0,02...0,05 мм. Кедір-бұдырлылығы 8-12 сыныптар.

Жылтырату

Жылтырату дөңгелектеріне (киіз, тері, т.б.) пасталарды жағу арқылы өңделеді. Жылтырату операциясы соңғы сәндік өңдеуде, никелдеу, хромдау операцияларының алдында қолданылады. Кедір-бұдырлылығы 10-14 сыныптар. Өңдеу әдібі 0,01...0,03 мм.


 

 

 

 

 

Ажарлау өңдеудің әр түрлі операциялары үшін аспаптарды таңдау

 

 

Ажарлау аспаптары келесі факторларға байланысты таңдалады: ажарлау операциясының түрі, станоктардың типтері және олардың автоматтандырылуы, өңделетін материалдардың түрлері мен, оларға қойылған талаптар (пішін дәлдігі, кедір-бұдырлылығы, өлшемдері, т.б.), өңдеу өнімділігі, қалдырылатын әдіптің шамасы, майлау-суыту сұйықтарының қолданылуы және т.б.

Мысалы: қалыпты электрокорунд материалдарынан дайындалған аспаптар жұмсақ болаттарды (<51 HRC) өңдеу үшін, ақ электрокорунд қаттылықтары орташа болаттарды (52…60 HRC), монокорунд – қиын өңделетін, легірленген қатты болаттарды (>61 HRC), эльбор-қиын өңделетін қатты болаттарды таза өңдеу үшін, легірленген электрокорундтар – шынықтырылған қатты болаттарды, карбидтер – шойындарды, қатты қорытпаларды және металл емес материалдарды өңдеуге арналған.

Ірі түйіршікті (түйіршіктілігі 50 және одан жоғары) қалыпты электрокорунд және қара кремний карбидінен дайындалған аспаптар сыдырып ажарлау үшін, түйіршіктілігі орташа (40-16) ақ немесе легірленген электрокорунд – дайын өнімге (таза, жартылай таза) ажарлау үшін, ұсақ түйіршікті аспаптар – соңғы ажарлау, жылтырату, жетілдіру және супер финишті өңдеу жұмыстары үшін қолданылады.

Ажарлау аспаптары байланыс материалдары бойынша да таңдалып алынады.

Мысалы: сыдырып ажарлау аспаптары үшін – бакелитті байланыстағы аспаптар, таза ажарлау үшін – керамикалық байланыстағы аспаптар, таза ажарлау және жылтырату үшін – вулканитті байланыстағы аспаптар, негіздері жұмсақ (мата, қағаз) ажарлау аспаптары және пасталар қолданылады.

 

Арнаулы ажарлау аспаптарының жаңа түрлері

 

 

1. Ажарлау аспаптарының ең тиімді  түрлері болып жоғары, ірі қуысты  және жоғары құрылымды ажарлау  шеңберлері табылады. Олар көбінесе  жұмсақ болаттар мен қорытпаларды  өңдеуде қолданылады. Себебі материалдардың  жарылуы, күйіп кетуі болмайды.

Қуысты ажарлау шеңберлерін керамикалық байланыспен дайындайды. Қуыс түзегіш қоспа ретінде нафталин, синтетикалық шайырлар ұнтақтары, полистирол, кокс, торф, ағаш ұнтақтары, перлит және т.б. материалдар қолданылады. Бұл материалдар ажарлау аспаптарына қосылып, бірге дайындалады. Аспапты термоөңдеу үрдісінде бұл материалдар жанып кететіндіктен, аспаптың қуыстылығы жоғарылайды (70 %-ке дейін). Қуыс түзегіш қоспалар қосылған ажарлау аспаптарының маркаларына қосымша белгілеулер еңгізіледі.

Мысалы: 

 

 ПСС – полистирол маркасы,

40 – түйіршіктілігі,

15 – мөлшері, %

Қоспа материалы ретінде перлитті қосу, аспаптың қуыстылығын және құрылымын арттырады, сонымен қатар ажарлау температурасын азайтуға мүмкіндік береді.

Бұл аспаптар тісті дөңгелек тістерін, қорабтарды, шлициларды ажарлап өңдеуде қолданылады.

2. Ажарлап өңдеудің екінші  бағыты жоғары жылдамдықпен (60-80 м/сек) жұмыс істеу, ажарлау шеңберінің төзімділігін 1,5-3 есе арттыру, аспап шығынын азайту және өңделген бет тазалығын жақсарту.

Өңдірісте жоғары жылдамдықпен жұмыс істейтін керамикалық байланыстағы электрокорунд (ақ және хром-титанды), кремний карбиді материалдарынан дайындалған аспаптар меңгерілген. Түйіршіктіліктері 25-12, жаңа К43, К43Л байланыстағы, 24А, 25А және 94А материалдарынан дайындалған аспаптар 80 м/сек жылдамдықпен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

24А, 25А материалдарынан  дайындалған аспаптар таза ажарлау  үшін, ал 94А материалдарынан дайындалған  аспаптар үлкен тереңдікте жоғары  жылдамдықпен өңдеуге арналған.

3. Еліміздегі машина жасау  өңдірісіндегі станоктар паркін  шет мемлекеттік фирмалардың  станоктарымен жабдықтау, арнаулы  аспаптарды дайындауды қажет  етеді. Арнаулы жаңа аспаптар  мемлекеттік стандарттарға сәйкес келмейді. Олар әр түрлі пішінді, бұрышты және арнаулы профилді болып келеді. Бұл аспаптар жалғыз, екі немесе одан көп шеңберлер түрінде станоктарға орнатылып, жұмыс істейді.

Сондай-ақ ажарлау аспаптарының жаңа түрлеріне электр-химиялық ажарлау аспаптары жатады. Олар негізгі алюминий болатын металдық байланыстағы ажарлау аспаптары.

 

 

5.2 сурет – Бөлшектерді  ажарлау және аспаптарды қайрау  түрлері

а - сыртқы шеңберлік ажарлау; б - ішкі шеңберлік ажарлау; в - жазық беттерді ажарлау; г - бұрғыларды қайрау; д - кескіштерді қайрау


Информация о работе Ажарлау аспаптарының пішіндері