Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2013 в 22:18, реферат
Қазіргі кезде елімізде ұлттық құндылықтардың қайта өркендеуіне жол ашылды. Оған Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде: «Мәдени дәстүрлер қашанда әлеуметтік қайта түлеудің қайнар көзі болып келді. Қазақстанда ұлттық өнерді, мәдениетті дамытуға барынша қолдау жасалып отыр» - деген сөз айғақ бола алады.
Адамзат қоғамын рухани және мәдени қорының қымбат қазыналарының бірі – халықтың қолөнері мен әдет-ғұрпы, қай халықтың болмасын бітім тұлғасы, психологиялық, этникалық жан сезім белгілері оның қолөнер мен әдеп-ғұрып, салт-санасынан көрінеді. Өткен ел тарихына тұрмыс тіршілігін ой елігінен өткізер болсақ, халық өміріндегі әдеп-ғұрып, салт-санасынан ауысуы тарихи оқиғалардан кейін, заманның өзгеруіне байланысты болғаны айқын.
Қазақтың ұлттық киімдерінің тарихи ерекшеліктері
Автор:Қыпшақ қызы
Перейти к блогу
Қазіргі кезде елімізде ұлттық құндылықтардың қайта өркендеуіне жол ашылды. Оған Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде: «Мәдени дәстүрлер қашанда әлеуметтік қайта түлеудің қайнар көзі болып келді. Қазақстанда ұлттық өнерді, мәдениетті дамытуға барынша қолдау жасалып отыр» - деген сөз айғақ бола алады.
Адамзат қоғамын рухани және мәдени қорының қымбат қазыналарының бірі – халықтың қолөнері мен әдет-ғұрпы, қай халықтың болмасын бітім тұлғасы, психологиялық, этникалық жан сезім белгілері оның қолөнер мен әдеп-ғұрып, салт-санасынан көрінеді. Өткен ел тарихына тұрмыс тіршілігін ой елігінен өткізер болсақ, халық өміріндегі әдеп-ғұрып, салт-санасынан ауысуы тарихи оқиғалардан кейін, заманның өзгеруіне байланысты болғаны айқын.
Кейінгі ұрпақ үшін қасиеті мен қадірі, мәні мен мағынасы, берер тәлім-тәрбиесі мен ұлағаты ерекше асыл мұра – қазақтың ұлттық киімдері. Қазақ ұлттық киімдері өзінің сипатымен, сырымен, сұлулығы мен сәнімен сан ғасырлық тарихының иісін сақтаған, бедерін жеткізген. Қазақ халқы бар өмірін ат үстінде өткізген көшпенділер құлазыған кең даланың үскірік аязы мен аптап ыстығында, салқын самалы мен аңызақ желіне қамсау болар ұлттық киімдердің түр – түрін ойлап тапқан. Қазақтың аса құрметті бұйымдарының бірі – киім тігу. Қазақы киім – көненің көзі. Ұлттық киім түрлерін нақты алғаш кімнің қолынан шыққанын, кімнің ойлап пішкенін, бізге беймәлім. Оның есесіне жылдар көші жылжыған сайын ұлттық киімдер дами түсіп, үнемі байытылып отырған. Ұлттық киімді этнографиялық жолмен, яғни далалық экспедициялар арқылы іздестіріп, киімді бұрынғы нақыштық, әлі де болса сақталып қалған нұсқаларын жинап, хабарлаушылар арқылы ел аузындағыларды жазып алғанның өзінде олардың білетіндіктерін әке-шешелерінен естігендерін қоса есептегенде, біздің бар мүмкіндігіміз хронологиялық жағынан XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басымен шектеледі. Республиканың музей қорында да негізінен осы киімдер сақталған. Киім-кешекті зерттеп білудің бірден бір тиімді жолы жазба деректері болғанымен онда қазақ киіміне тікелей мағлұмат өте аз.
Көне тарих жайлы мағлұматтар мол жинақталған қытай, араб, парсы, армян жазба деректері әлі де болса зерттеуді қажет етеді. Қазақстанда жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарынан да қазақы киім жайлы мәлімет табыла бермейді. Ал, музей қорына келсек ондағы қазақтың дәстүрлі киім-кешегіне жаратылған мата, аң терілері, шекпен жұқа киізді сақтай білмесе бірте-бірте бұзыла берері сөзсіз.
Қазақтың ұлттық киімінің көп тарихы бар. Қазақ киімдерінің түрлері, атаулары жайлы Республикамыздың әйгілі ғалымы академик Ә. Марғұлан мен архитектура ғылымының кандидаты Т.Бәсенов, А.Масанов, Х.Арғынбаев, Ұ.Әбдіғатпарова еңбектерінде кеңінен айтылған.
Қазақтың қолөнер кәсіптерінің білгірі С. Қасиманов киімнің географиялық мекен атына қарай ерекше мәнер үлгіге бөлінетінін атап көрсеткен. Қазақ ұлттық киімдері өзінің сипатымен, сәнімен сан ғасырлық тарихымен, сақталған ою-өрнек әуендерімен бүкіл жер бетіне танымды. Осындай киім киген кісілерге қарап-ақ қазақ халқының қандай халық болғанын айтқызбай немесе өзін білуге болады. Мәселен ата-бабаларымыздың жауынгер, батыр, жау жүрек халық болғанын, сол кездегі қазақ қолдарының киімдері түсіндіреді.
Ұлттық киімдерінің ішінде ерекше әсемдігімен дараланатыны – қыздарға арналған киімдер. Сұлу да сымбатты қыздардың киген киімдері тал бойына жарасып, дараланған тұлға болып көрінудің өзі көрер көзді қуантып, адам жанын жадыратады. Қыздардың салтанатты жиын тойларда киетін сәнді көйлектерінің етек-жеңі, жағасы ерекше әдіптелініп, зер төгіліп көмкеріледі.
Қазақ ұлттық киімдерін күнделікті тұрмыстық және салтанаттық-сәндік деп екіге бөлінеді. Алдыңғы арзанқол, бірақ шаруа жұмысына берік материалдан, қарапайым үлгіде тігілсе, соңғылары бағалы, көргенде көз тартатын әдемі материалдан сәнді пішіліп, үлгісіне лайық безендіріліп, әсем тігілген. Жалпы қазақ ұлттық киімдерің етек-жеңі мол, қарапайым, жұмысқа және жүріп тұруға үйлесімді, дене сымбатын ашатын сәнді болған. Қазіргі өркениетті замандағы киімдер ұлттық нышандарымызды айқындай түсетін егемендігімізге де, жастарымызға да күнбе-күн, той думандарда киіп жүруге әбден жарасымды.
Аяқтарына кебіс-мәсі, ауқатты отбасы әйелдерінің салтанатқа киетін оюланған кестелі етігі, көк сауыр былғарыдан тігіліп, оюлап, күміс құйма қақтырған кебістері болды. Асыл тастар орнатқан алтын-күміс сақина, шолпы, түйреуіш, білезік, шашбау, қаптырма, алқа және кемер белдіктері аса сәнді болған.
Еркек киімдерінің ең қымбаттысы – аң терісінен тігілген ішіктер. Олар аң терілерінің атына сәйкес бұлғын ішік, жанат ішік, түлкі ішік, қасқыр ішік, күзен ішік болып бірнешеге бөлінген. Аң терісінен істелген ішіктердің сыртына шұға, мауыт, барқыт, атлас, көкберен сияқты бағалы да ширақты материалдармен тысталған. Кейде осы маталармен бірнеше түсті жібек жіптермен кестелеп етек-жеңіне алтын, күміс, зер ұстап, кейде бөлек тігілген кестелермен сыртынан қаптап, киген. Ұлттық нақышты ерлердің киімдері жатық тігісті, кестелі, зерлі оқалы бір сөзбен айтқанда пішіні сыпайы сәнді келеді. Киіз басу өндірісі өзінің өсу шегіне орта ғасырдан бұрын жеткен.
В.Рубрук қаңлы – қыпшақ жерінен өтіп бара жатып, олардың өздерінің үйлерін тек аң киізбен жабатынын, сондай-ақ киіздің жарқырап ағарып тұруы үшін ақ топырақ пен әкті немесе сүйектің күйдірген ұнтағын сіңіретіндігін айтады. Киізден осы әдіспен бұйым жасаудың техникасы қазақтарда, қырғыздар мен кейбір өзбек жерлерінде сақталған.
Қазақтардың киізге деген мұқтаждығы әр уақытта орасан зор болған. Тек қазақ халқы киіз басумен айналыспады түркі тұқымдас елдердің түгел айналысқандығы байқалады.
Қазақ өмірінде қой жүнін өңдеудің маңызы айырықша зор болды. Жабағы жүннен (көктемгі жүннен) олар сырт киім тікті.
Қазақтардың киіз басу өндірісі, шынын айтқанда, ең бір қажет және мейлінше дамыған кәсіптің түрі. Киізді үй жабуға, байпақ, бас киім, шапан, шекпен, кестелі текемет, кілем т.б. түрлі құнды заттар үшін пайдаланған.
И.Я. Словцов бұл туралы: «Қазақтар киізді тамаша тапқырлықпен өте тез және сапалы етіп басады. Бұл жөнінде орыстың киіз басушылары олармен жарысқа түсе алмайды», - деп жазды.
Кебенек, шекпен - киізден жасалған, жеңі бар, қазақтардың XX ғасырдың басында және оған дейін киген сырт киім. Ерте кезде мұны жауынгерлер киген. Осыдан барып қазақтарда «Кебін киген келмейді, кебенек киген келеді» деген мақал қалған.
Қазақтың киім-кешек үлгілерінде кейбір жергілікті ру-тайпалық сәндер де болған. Мысалы, керей тымақ, арғын тымақ, албан бөрік, қызай қалпақ т.б.
Халқымыздың ұлттық киімі – мәдени мұрамыз. Ұлттық киіміміз әлем халқының алдында ұлтымыздың ерекшелігін танытады. Ұлттық өнерімізді өнер туындысы деп қарасақ та болады. Ол атадан балаға мирас болып келе жатқан байлығымыз.
Ұлтымыздың бет-бейнесі болып саналатын ұлттық киімімізді қастерлеу, дамытуға өзінің үлесін қосқан “Сымбат”академиясы президентінің шығармашылық туындылары қазақтың ұлттық киімдері тарихынан осы заманғы талаптарына дейінгі аралықты қамтиды. “Сымбат” сән академиясы қазақтың ұлттық киімдерін бүгінгі ұрпаққа қайта жаңғыртуда өз үлесін қосуда.
Қазіргі заман киім үлгісін дайындау үшін алдымен ыңғайлылығын, үнемділігін, тиімділігі мен эстетикалық сапасын ескеру қажет. Себебі, дизайнер костюм үлгісі арқылы көрерменге белгілі бір ақпаратты жеткізуге ұмтылады. Суретші модельер немесе дизайнердің шығармашылық еңбек етуіне әсер ететін факторлардың бірі шынайы өмір мен қиялдан туындаған туындылар нәтижесінде және де қоғамдағы әрбір аспекті дизайнер санасында көркем образды шығаруға, туындатуға әсер етіп, бұйым үлгілерін жобалауда тамаша жетістіктерге жетті.
Еліміздің егемендік алып, осындай тарихи өзгерістің нәтижесінде халық шеберлерінің шығармашылық ізденісі шыңдалып, жетіле түсуде. Халық өнеріне ұлттық құндылық, қазына ретінде қарай бастадық. Енді алда осы құндылықты мәңгі рухани қайнарымызға айналдыру міндеті тұр.
Информация о работе Қазақтың ұлттық киімдерінің тарихи ерекшеліктері