Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2013 в 09:05, реферат
Бүгінгі күні білім беру мекемелері мен педагогика ғылымы алдында білім берудің философиялық негіздеріне, білім жүйесінің стратегиялық бағыттарына, мақсаты мен мазмұнына, оны орындаудың әдіс-тәсілдеріне деген жаңа көзқарас қалыптасуда. Қоғам талабы мен әлеуметтік сұраныстарға сәйкес жаңа технологиялар көбеюде. Мақсат - өзін-өзі дамыта алатын, өз бетімен білім алатын, өз бағыт-бағдарын айқындай білетін, өзін-өзі үнемі жетілдіре алатын қоғамның белсенді азаматын қалыптастыру. Білім беруді ақпараттандыру қоғамды ақпараттандыру процесінің басым бағыттарының бірі ретінде оқытушылардың тек кәсіби сапасы мен дайындық деңгейіне ғана емес, сонымен қатар, оқытуда ақпараттық технологияларды пайдаланудың ұйымдастырушылық және әдістемелік аспектілеріне де жаңа талаптар қояды.
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУДЕ ҚОЛДАНУ
П.К.ИСКАКОВА
педагогика ғылымдарының кандидаты
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қаласы
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы
27 қаңтардағы «Әлеуметтік-
Бүгінгі күні білім беру мекемелері мен педагогика ғылымы алдында білім берудің философиялық негіздеріне, білім жүйесінің стратегиялық бағыттарына, мақсаты мен мазмұнына, оны орындаудың әдіс-тәсілдеріне деген жаңа көзқарас қалыптасуда. Қоғам талабы мен әлеуметтік сұраныстарға сәйкес жаңа технологиялар көбеюде. Мақсат - өзін-өзі дамыта алатын, өз бетімен білім алатын, өз бағыт-бағдарын айқындай білетін, өзін-өзі үнемі жетілдіре алатын қоғамның белсенді азаматын қалыптастыру.
Білім беруді ақпараттандыру қоғамды ақпараттандыру процесінің басым бағыттарының бірі ретінде оқытушылардың тек кәсіби сапасы мен дайындық деңгейіне ғана емес, сонымен қатар, оқытуда ақпараттық технологияларды пайдаланудың ұйымдастырушылық және әдістемелік аспектілеріне де жаңа талаптар қояды.
Бүгінгі күні білім беру саласындағы ақпараттық технологияларды пайдалану бұл оқытушының білімі мен іскерлігінің және кәсіптік педагогикалық шеберлігінің элементі ретінде қарастыру қажет. Қоғамдық мәні бар барлық адамзат қызметінің түрлерінде шынайы қазіргі білімді толық пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған адамзат өркениетінің ортақ, кезек күттірмейтін ХХ ғасырдың 50-жылдарынан бастап, ХХІ ғасырдың басына дейінгі даму аралығын қоғамды ақпараттандыру деп атайды.
Білім беру үдерісін ақпараттандыру
бұл жаңа ақпараттық технологиялар
Білім берудегі қазіргі ақпараттық технологиялар – адамзаттың интеллектуалдық жетістіктерін өзіне жинақтаған және адамзаттың интеллектуалдық қызметін, оның ішінде, білім беруді шынайы күшейтуге қабілетті құрал.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек»- деп көрсетілген [2]. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Қазіргі таңда, әрбір жеке тұлға үшін компьютерді және ақпараттық технологияларды игеру оқу мен жазу қабілеті сияқты әрбір адам үшін қажетті шартқа айналды.
Қазіргі таңда ақпараттық технологиялар білім беру үдерісінде ең тиімді оқыту құралдарының бірі болып табылады. Олай болса, ақпараттық технологияларды және олардың негізінде оқыту технологияларының қалай қалыптасатынын бақылайық. Сонымен қатар, оқыту технологиялары мен ақпараттық технологиялар арасындағы байланысты да анықтау маңызды.
Технология ұғымы ақпараттық технологиялар саласынан келіп шыққан. Нақ осы сала техникалық тұрғыдан едәуір көбірек зерттелген сала болып табылады. Оқыту технологиялары мен ақпараттық технологиялардың бірдей емес екенін ескерте кетейік. Себебі, біріншіден – оқыту технологияларына ақпараттық емес технологиялар (мысалы, сыртқы бөлімдегідей оқытушының қатысуынсыз, дербес оқу жоспарына сай оқулықтар бойынша оқыту технологиясы) да жатады. Екіншіден – ақпараттық технологиялар оқу үдерісіне тікелей қатысы жоқ көптеген мәліметтерді (мысалы, мәліметтерді кодтау және өңдеу, желі бойынша мәліметтерді беру, магниттік таратушыларға мәліметтерді жазу механизмдерін және компьютерлік техниканың көптеген басқа да ерекше элементтерін) қамтиды. Сондықтан, ақпараттық технологиялар мен оқыту технологиялары кішкене ауданда өзара қиылысқан екі түрлі салалар болып есептеледі[3].
Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың жоғары деңгейде дамуы оларды білім беру саласында да қолдануға мүмкіндік берді. Ақпараттық технологиялардың білім беру саласында қолданылуы маңызды обьективтік себептермен дәйектелген.
Жалпы, қазіргі жаңа ақпараттық технологиялардың оқыту тиімділігін 20-50%-ға ғана емес, бірнеше есе көтеруге қабілетті екені анық аңғарылады. Мамандарының жүргізген зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, компьютерлік оқыту кәдімгі лекция тыңдау кезіндегіге қарағанда білімді 10 есе көп игеруге септігін тигізеді екен.
Меңгеру жылдамдығын арттыру – ақпараттық технологиялардың ең күшті жақтарының бірі. Ол бізді ақпараттық технологияларды ұқыптырақ үйренуге және «Ақпараттық технологиялардың көмегімен тағы да қандай жетістіктерге жетуге болады? Оқу үдерісінде қандай да бір сапалы өзгерістер туындайды ма?» деген сауалдардың шешімін табуға итермелейді.
Ақпараттық технологиялардың құрылымдық-тармақтық
негізгі бірлігі компьютер
Компьютер білім беру жүйесінде тек қана оқыту құралы ретінде қалып қоюда. Оқу үдерісін қалыпты күйде жекелеген фрагменттер (үй тапсырмасын орындау, сыныпта сабақ оқу) бойынша қарастыратын болсақ, онда компьютер құрал ретінде негізге алынады. Ол оқушыға қандай бағдарламаны ұсынса да және оқушы қандай оқу бағдарламасын қолданса да – бәрібір оқушы оны проектор, кесте, сызба, карта, т.б. кез келген көрнекі құрал секілді пайдаланады.
Ал, егер біз оқу үдерісін жекелеген фрагменттер емес, динамикалық күйде қарастыратын болсақ, онда жағдай мүлдем басқаша сипатта өзгереді. Бұл кезде компьютер өзінің оқу бағдарламаларымен бірге оқыту құралы болудан шығады. Дәлірек айтқанда, ол жай ғана оқыту құралы емес, одан да маңыздырақ бір дүниеге айналады. Мәселен, дәстүрлі оқыту жүйесінде оқытушының алдында сабақ айтып, баға алатын оқушы енді компьютердегі жұмысын орындап болған соң, баға алу үшін оқытушыға бірден бармастан, компьютерге орнатылған бағдарламалардың көмегімен өз жұмысының деңгейін бағалай алады. Яғни, компьютер өзінде бар бағдарламалар арқылы белгілі бір жағдайларда ұзақ уақыт бойы оқытушының қызметін атқара алады. Егер оқыту бағдарламасы бір сағатқа есептелсе, онда оқушы оқытушының көмегінсіз бір сағат бойы сабақ оқып, жаңа оқу материалын меңгере алады. Тіптен, компьютерлік бағдарлама аясында оқушыға дәстүрлі оқыту жүйесіндегі оқытушыдан да тиімдірек әдістермен, әсерлі және көрнекі мысалдармен оқу материалын егжей-тегжейлі игеруіне жағдай жасалады. Мұнымен қоса, оқушының жеке қызығушылықтары мен қабілеттерін тереңірек ашуына мүмкіндік туындайды[4].
Аталмыш оқыту құралының қасиеттерін жақсартып, оның негізгі оқытушылық қызметін кеңейткен жағдайда компьютер мен компьютерлік бағдарламалардың білім беру саласындағы рөлі одан сайын күшейе түседі.
Ғылым үшін бір құбылыстың
атын атау ғана маңызды емес, сонымен
қатар категориялардың қалыпта
Бүгінге дейін белгілі болған категориялар қатарынан технологияның орнын табуға әрекет етейік. Оқыту технологиясы дегеніміз оқыту түрі ме, әдісі ме, құрылымы ма әлде қандай да бір басқа жаңа категория ма?
Егер компьютер мен компьютерлік бағдарламалар оқу үдерісін қалыпты күйде қарастыру кезінде біз үшін жай оқыту құралы болса, онда технология да жай оқыту құралы деп есептеледі. Мұндай пікірдің қисыны қарапайым әрі түсінікті. Алайда құрал – анықтамаға сүйенсек, бұл оқытушының немесе мұғалімнің оқу үдерісінің тиімділігін көтеру үшін өз қызметінде қолданатын дүниесі.
Технологиялық оқытуда оқытушы оқу үрдісіне тікелей қатыспаса да болады. Енді, осы тұжырымды анығырақ қарастырайық. Жалпы, педагогика жайлы оқулықта оқытушының оқыту барысында қолданатын дүниесі оқыту құралы деп аталатынын оқимыз. Ал, технологиялық оқыту үдерісінде оқытушының өзі жоқ болғандықтан, технология оқытушы тарапынан қолданыла алмайды. Әйтсе де, технология оқыту құралы деп аталмағанымен, бұрын соңды пайдаланылмаған және өздігінен оқып-үйрететін һәм тексеретін жаңа оқыту құралы ретінде қабылданады. Олай болса, технология оқыту құралының дәстүрлі анықтамасына сәйкес келмейді. Ол оны жаңа мазмұнмен толықтырады.
Проекторлар, аудио және
бейне магнитофондар, теледидарлар
секілді біз үйреніп қалған құралдарға
қарағанда технологияның
Дегенмен, бұл технологияны қолдану арқылы оқытудың әрдайым жақсырақ, тиімдірек әрі сапалырақ бола беретінін білдірмейді. Ақаулар мен қателіктер технологияларда да болады. Мұнымен қоса, күнделікті тіршілікте ескірген технологиялар да, бір ғана параметр бойынша жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін есептеліп жасалған, ал қалған параметрлер бойынша нашар жұмыс істеуі мүмкін технологиялар да кездеседі. Оның үстіне, компьютерлік оқыту бағдарламаларын дайындағанда алға қойылған мақсаттың нақтылығы мен дәлділігін жіті бағалау, оқушылардың білім деңгейін тексеру әдістері мен материалдарының (графиктер, мультипликациялар, т.б. компьютерлік құралдар) тиімділігін арттыру өз алдына бір мәселе.
Сонымен, оқыту технологиясы оқытушының көмегінсіз (лекцияларда да, семинар сабақтарында да) өз бетінше оқу үдерісін жүзеге асыруға қабілетті, жаңа деңгейдегі оқыту құралы екені түсінікті. Компьютердің ешқандай жаңа нәрсе жасамайтынын айта кеткен жөн. Оқытатын бағдарламаларға енгізілетін оқу материалының мазмұнын пән оқытушылары дайындайды. Демек, оқу материалы оқушыға компьютер арқылы адамнан беріледі, бірақ оқулықтың мазмұнын өзінше түсіндіретін және қайта айтып беретін жай оқытушыдан емес, тікелей осы компьютерлік бағдарламаны жасаушы автордан беріледі. Яғни, оқушы оқытатын компьютерлік бағдарламаға енгізген оқулықтың авторымен жанама түрде байланысады[5].
Мұнда оқытатын әр бір компьютерлік бағдарламаның белгілі бір оқу мазмұнын емес, сонымен қатар оқу материалын ұсынудың ерекше түрлерімен де сипатталатыны байқалады. Оқу материалын ұсыну формалары әртүрлі болуы мүмкін. Мәселен, алдымен мәтін беттерін ұсынып, кейіннен бақылау; автордың түсініктемесі бар бейне үзінділерді көрсету; ойын ережелерін (жаңа оқу ұғымдарын) меңгеруге бағытталған іскерлік ойындарды өткізу, т.б. Ұсынылған оқу материалына сәйкес, оқушыдан оны меңгерудің қандай да болсын әдісі де талап етіледі. Осылайша, технологияға оқу материалының мазмұны ғана емес, оны меңгеру әдістері де енгізіледі. Бұл әдістерді де оқытатын компьютерлік бағдарламаның авторы анықтайды. Сондықтан, компьютер осы бағдарламаларды жасаушы автордың ниеттері мен тілектерін жеткізуші рөлін атқарады.
Ақпараттық технологияларда
оқыту бағдарламарын дайындауға
Оқыту технологиясы жаңа
оқыту бағдарламаларын
Бірінші реттегі (яғни, біз үшін үйреншікті) оқыту құралдары мұғалім немесе оқытушы тарапынан оқу үдерісінде оқушылардың жаңа білімді меңгеруін ұйымдастыру кезінде, оқу үдерісінің тиімділігін арттыру мақсатында қолданады. Бұларға оқулықтар, оқу құралдары, кітаптар, көрнекі құралдар, зертханалық жабдықтар, оқытудың техникалық құралдары, т.б. жарқын мысал бола алады.
Екінші реттегі оқу құралдары өзіндік техникалық сипаттамаларының арқасында оқу үдерісін оқытушының қатысуынсыз жүргізуге мүмкіндік береді. Мұнда оқу үдерісі негізінен бақылаушы қызметін атқаратын арнайы дайындықтағы оқытушы менеджерлер тарапынан ұйымдастырылады.
Қорыта айтқанда, оқыту технологиясы – бұл оқытудың негізгі қызметтерін орындайтын және педагогтың қатысуынсыз жүзеге асыратын екінші реттегі оқыту құралы. Ол дидактикалық мүмкіндіктерді кеңейте отырып, оқытуға мүлдем жаңа сапалы сипат береді және оқушының жеке қажеттіліктерін толығырақ қанағаттандыруға һәм жеке қабілеттерін дамытуға елеулі септігін тигізеді.
Информация о работе Ақпараттық технологияларды кәсіби білім беруде қолдану