Аналық тақша туралы қысқаша мәліметтер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 14:27, доклад

Краткое описание

Жүйелік блогқа аналық тақша, қоректену блогы, диск жетектер, қосымша құрылғылар және кеңейту тақшалары мен басқылаушылары, ішкі құрылыс адаптерлері орнатылған.
Аналық тақшада:
Микропроцессор;
Математикалық бірлескен процессор;
Блогтар (кішігірім сұлбалар), тұрақты және кэш жады;
Таймер;
Енгізу шығару порттарының бақылаушысы орналасқан.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Аналық тақша және онда орналасқан жүйелер.docx

— 104.39 Кб (Скачать документ)

Аналық тақша  және онда орналасқан жүйелер.

Жүйелік блогқа аналық тақша, қоректену блогы, диск жетектер, қосымша құрылғылар және кеңейту тақшалары мен басқылаушылары, ішкі құрылыс адаптерлері орнатылған.

Аналық тақшада:

  • Микропроцессор;
  • Математикалық бірлескен процессор;
  • Блогтар (кішігірім сұлбалар), тұрақты және кэш жады;
  • Таймер;
  • Енгізу шығару порттарының бақылаушысы орналасқан.

Микропроцессор  – Дербес компьютердің орталық блогы, ол барлық машина блогының жұмыс жасауын  және ақпараттың арифметикалық операцияларының  орындалуын басқарады.

Микропроцессордың ішіне кіреді:

  1. Басқару құрылғысы – сандық және нышандық ақпараттардың барлық арифметикалық және логикалық операцияларын орындап отырады.
  2. Арифметика-логикалық құрылғысы – сандық және нышандық ақпараттардың барлық арифметикалық  және логикалық операцияларын орындап отырады.
  3. Микропроцессорлық жад – қысқа уақытты ақпараттарға арналған.
  4. Микропроцессордың интерфейстік жүйесі – басқа ДК құрылғыларын байланыстырады.
  5. Жүйелік сым – компьютердің интерфейс жүйесінің негізі, ол деректер жадының сымынан, ережелер кодының сымынан және қоректену сымынан тұрады. Қазіргі компьютерлерде 2 түрлі сым болады:
  • ISA – сымы жылдамдығы баяу құрылғыларды қосу үшін қолданылады (пернетақта, жүгірткі, модем).
  • PCI – сымы жоғары жылдамдықтағы құрылғыларды қосу үшін қолданылады ( винчестер, бейне-бақылау).
  1. Таймер – ішкі машиналық электронды сағат. Ол жылды, айды, сағатты, минутты сәйкестендіріп отырады.
  1. Енгізу-шығару порттарының бақылаушысы – көбінесе аналық тақшада орналасады. Бақылаушы порттарына кабель арқылы принтер, модем т.б. қосылады.

Қазіргі уақытта  аналық тақшаның келесі 3 түрлі көлемін  шығарады: Baby T, AT және ATXI көлемінің ұлғаюына қарай.

Барлық Pentium класының аналық тақшасы – кэш жады деп аталады. Негізінде, кэш жады бұл процессор өңдейтін мәліметтерді күту бөлмесі, кэш үлкен болған сайын ол жақсы жұмыс істейді. Socket 7 типінің процессоры қолданатын көптеген аналық тақша 256 Мбайт кэш жады көлемімен шығарылады.

Pentium класының стандартты аналық тақшасында тізілген EIDE бақылаушы,  Ultra DMA бақылаушы немесе SCSI бақылаушысы қолданылады. Олар компьютердің жылдам әрі ыңғайлы жұмыс істеуіне көмектеседі. Тізілген бақылаушысы бар аналық тақшаға дискіні жинақтаушыда  немесе иілгіш дискідегі басқа басқарушы керек емес.

Тізілген  порттары. Тізілген бақылаушыларға тізілген бірізді параллель порттар адаптер  шоттарын тиімді қолдануға көмектеседі. Кейбір аналық тақшаларда бар. Егер аналық тақша тізілген бақылаушымен тізілген порттардан тұрса, біріншіден, бақылаушы  порт IDB-құралымен байланысты болуы керек; екіншіден, тізілген бірізді порттар соңын жылдам моделімен қосу үшін – 16550 U ART чиптерін қолдану керек, ал параллельді порттар BCP/BDD типінде болуы керек.

Әрбір аналық тақшада чиптер жиынтығы болуы керек, оны BIOS (Basic Input-Output System – енгізу-шығару жүйесі) деп атайды. BIOS әр түрлі типтегі енгізулерді басқарады. Мысалы: BIOS қатты және иілгіш дискідегі қандай жинақтауыштарды қолдануға болады. Мәліметтер жадыға қалай жазылады және оқылады, пернетақтаны басқанда қандай жағдайлар орындалады. Көптеген компьютерлерде Intel Award, Phoenix немесе AMI типіндегі BIOS қолданылады. Барлық аналық тақшаларда өздері басқара алатын максималды шектеуіш жады көлемі бар.

256 немесе 512 Мбайт жады бар аналық тақшаны  қолдануға болады.

 

 

Дербес компьютердің микропроцессоры, жүйелік тақша, жедел  жад.

Микропроцессор.

 

Микропроцессор  – бір кристалда дайындалған үлкен интегралдық схема, олар әр түрлі типтегі ЭВМ жасауға қажетті элемент болып табылады, оны әр түрлі логикалық функцияны орындайтын етіп бағдарламалауға болады. Сондыктан бағдарламаларды арифметикалық құрылғы немесе енгізу-шығару жұмыстарын басқарушы ретінде қолдануға болады. Қазіргі уақытта, көбінесе, Intel фирмаларының процессорлары кеңінен таралған. Соңғы кезде мынандай процессорлар қолданылады: Intel, Pentium, Celeron, Coe 2, Dino.

Процессордың  негізгі мінездемелері:

  1. Тактілік жиілігі (Гц ағыны);
  2. Өтімділігі;
  3. Энергияны пайдалануы;
  4. Архитектурасы.

Жүйелік тақша (аналық тақша).

 

 

ДК-ның  негізгі компоненттері орналасып, қосымша құрылғыларды біріктіретін күрделі электронды тақта.

Жүйелік тақтада орналасқан негізгі компоненттер:

  1. Процессор;
  2. Жедел жад;
  3. Жүктемелі тұрақты жад микросхемасы;
  4. Жүйелік логика жиыны; чипсет:солт. және оңт. мосттан тұрады.

Солт. мост – орталық процессорды дербес компьютердің жедел жад, бейнекарта сияқты өте жылдам істейтін құрылғылармен байланыстырады.

Оңт. мост – процессорды дербес компьютердің қалған барлық перипериялық (қосымша) құрылғыларымен байланыстыруға мүмкіндік береді.

CPU - (Орталық есептеуіш құрылғы) – машиналық командаларды орындайтын компьютердің негізгі құрылғысы болып келетін электронды блог немесе микросхема.

Шина (магистраль) - жүйелік тақша құрылғылары мен компоненттері арасында мәлімет алмастыруға мүмкіндік беретін өткізгіштер жиыны мен оны бақылайтын ережелер (протокол) тобын шинадеп атайды.

Әрбір шинаның құрамына келесі компоненттер кіреді:

  1. Мәлімет алмасатын өткізгіштер (ақпараттық шина);
  2. Мәліметтерді адрестейтін өткізгіштертер (адрестік шина);
  3. Мәліметтерді басқаратын өткізгіштер (басқару немесе командалық шина);
  4. Шина контролері – мәліметтердің (басқару сигналдарымен) алмасу процесін басқаруға арналған құрылғы.

 

 

Жедел жадтың салыстырмалы жұмыс істеу режимі.

 

 

Жад құрылысы кез-келген есептеу жүйесінің негізгі элементі болып табылады. Жедел жадтың мінездемелері есептеуіш жүйесінің жұмыс істеу мүмкіншілігі жоқ. Жедел жад дегеніміз – жылдамдығы өте тез мәліметтерді уақытша ғана сақтайтын, яғни, компьютерді сөндіргенге дейін жұмыс істейтін жад. Ал мәліметтерді ұзаққа сақтайтын құрылғы ретінде дискет, винчестер, компакт-диск жұмыс істейді. Олар компьютерге модульді түрде жалғанады, яғни, жеке алынып салынады. Сондықтан оларды жадтың жаңа түрімен алмастырып немесе қосымша ток қосып, жедел жад көлемін жоғарылата аламыз.

Жедел жадтың 3 түрі болады: динамикалық, статикалық, энергияға тәуелсіз.

Процессор программаларды орындау үшін олар жедел  жадқа жүктелуі керек.

 

 

 

 


Информация о работе Аналық тақша туралы қысқаша мәліметтер