Кедендік инфрақұрылым және қойма шаруашылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2013 в 23:16, реферат

Краткое описание

Кеден, таможня (түркі тілінде тамға – таңба, белгі сөзінен шыққан) – тауардың және көлік құралдарының, мүлік пен басқа да заттардың кеден шекарасы арқылы өтуі тәртібін қамтамасыз ететін, кеден режимдерін қолданатын, кеден төлемдерін өндіріп алатын, кеден бақылауын жүргізіп, кеден рәсімдемесін жүзеге асыратын мемлекеттік орган. Әдетте, тауарлар мен мүліктер алып өтілетін, сондай-ақ, адамдар шет елге баратын және шет елден келетін сапарларында өтетін шекаралық бекеттерде, әуежайларда, теміржол вокзалдарында, теңіз, өзен кемежайларында құрылып, орналасады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Кедендік инфрақұрылым және қойма шаруашылығы.docx

— 34.01 Кб (Скачать документ)

шекара),“Қордай” (Қырғызстанмен шекара). Бұл бекеттерде кеден ресімдемесінің оңайлатылған тәртібі енгізілді.

Халықаралық өткел бекеттер мен кеден күзеттерін дамыту және оларды барлық керек-жарақтармен қамтамасыз ету республика экономикасының дүниежүзілік шаруашылыққа тиімді бірігуіне, ел көлігінің мүмкіндігін дамытуға, мемлекеттің кірісін молайтуға, кеден бақылауының тиімділігі мен сапасын жақсартуға, құжаттардың ресімделуін жеделдетуге, сервистік қызмет көрсетуге, сондай-ақ, тасымалдаушылардың арнаулы қажеттерін қанағаттандыруға септігін тигізеді.

Қазақстанның кеден қызметі халықаралық кеден ұйымдарымен өзінің байланысын жылдан-жылға ұлғайтуда. 1992 жылы маусымда Қазақстан Кедендік ынтымақтастық кеңесіне (Дүниежүзілік кеден ұйымы) кірді. Мұның өзі импорт-экспорт операцияларын халықар. стандарттарға сәйкес ресімдеу тәртібін әзірлеуге мүмкіндік береді. Қытай, Әзербайжан, Моңғолия және Өзбекстанның кеден органдарымен ынтмақтастық жөніндегі келісімдерге қол қойылды, Еуропалық одаққа мүше 15 елдің кеден қызметін біріктіретін Еурокеденмен тығыз ынтымақтастық орнатылды.

Кеден одағына кірген елдердің (Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан) мемлекет басшыларының 2000 жылы қазанда өткен кеңесінде осы одақтың негізінде жаңа халықаралық ұйымның – Еуразия экономикалық қоғамдастығының құрылуы кеден ісін дамытуға жаңа серпін берді. Бұл қоғамдастық “бестік” шеңберінде бірыңғай экономикалық кеңістік құру, экономикалық саясатты үйлестіруде, соның ішінде микроэкономикада, валюта-қаржы және әлеуметтік салаларда ынтымақтастық түрлерін айтарлықтай кеңейту мақсатын көздейді. Осы кеңесте келісілген сауда-тарифтік және әлеуметтік-экономикалық саясат мәселелері бойынша құжаттар да талқыланды, кеден одағына қатысушы мемлекеттердің экономикасындағы құрылымдық жаңғыртуларды үйлестіру жөнінде 2005 жылға дейін тындырылатын нақты істер межеленді, сондай-ақ, салық заңнамаларын жуықтату жөніндегі практикалық іс-қимылдардың жобасы да бекітілді. Бұл қадамдар кеден одағына бірігудің жаңа сапалы деңгейге көтерілуі үшін жақсы негіз болмақ.


Информация о работе Кедендік инфрақұрылым және қойма шаруашылығы