Кеден саласының саяси құқықтық аспектілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2013 в 21:33, задача

Краткое описание

Кеден құқығы мен конституциялық құқықтың байланысы: конституциялық құқығы барлық құқық кеден құқығына негізін салушы бастаманың әдістерін алдын-ала белгілейді. Кеден құқығы Конституциялық құқықтың жағдайлары мен нормаларына сәйкес дамуы қажет. Кеден ісі саласындағы қылмыс жасаумен байланысты қоғамдық қатынастарды реттеуден туындайтын қатынастар қылмыстық құқыққа байланысты. Азаматтық құқықпен байланысы кеден құқығы мен Азаматтық құқық шарттық қатынастардың міндеттемелері мен құқықтың регламентациясының сұрақтарын реттеуде тығыз байланысады. Қылмыстық іс жүргізу құқығымен кеден органдарының құқық қорғау қызметінің сұрақтары бойынша тығыз байланысы бар.

Прикрепленные файлы: 1 файл

keden_slayd_aspekti.pptx

— 323.28 Кб (Скачать документ)

Кеден саласының

 саяси – құқықтық

 аспектілері

Кеден құқығы - кеден органдарының мемлекеттік шекараны экономикалық қорғау және мемлекеттің сыртқы сауда мен кеден саясатын жүзеге асыру жөніндегі қызметін тәртіптейтінқұқықтық нормалардың жиынтығы.

         Кеден құқығы – кеден құқығы саласында қоғамдық қатынастарды реттейтін, құқық нормаларының жиынтығын білдіретін құқықтың кешенді дербес саласы.  

    Кеден құқығы мен конституциялық құқықтың байланысы:  конституциялық құқығы барлық құқық кеден құқығына негізін салушы бастаманың әдістерін алдын-ала белгілейді. 
         Кеден құқығы Конституциялық құқықтың жағдайлары мен нормаларына сәйкес дамуы қажет. 
        Кеден ісі саласындағы қылмыс жасаумен байланысты қоғамдық қатынастарды реттеуден туындайтын қатынастар қылмыстық құқыққа байланысты. Азаматтық құқықпен байланысы кеден құқығы мен Азаматтық құқық шарттық қатынастардың міндеттемелері мен құқықтың регламентациясының сұрақтарын реттеуде тығыз байланысады. Қылмыстық іс жүргізу құқығымен кеден органдарының құқық қорғау қызметінің сұрақтары бойынша тығыз байланысы бар.

          Еңбек құқығы мен еңбек саласындағы  лауазымды тұлғалардың құқықтық  дәрежесімен, олардың құқықтары  мен міндеттері арқылы байланысады. 
Әкімшілік құқықпен, әкімшілік құқық нормалары кеден-құқықтық нормалары қайнар көздерінің 90% құрайды.

       Кеден құқығы жүйесі Жалпы және Ерекше бөлімнен тұрады. Жалпы бөлімге кеден ісінің түсінігі мен мазмұны, кеден құқығының түсінігі мен жалпы терминдері, оның мақсаты, кедендік саясаты, кеден құқығының субъектілері туралы бөлімі, кеден органы қызметінің әдісі мен формасы туралы, кеден құқығының жауапкершілігі кіреді. 
      Ерекше бөлімі кеден ісінің сәйкес элементтері мен блоктарын есепке ала отырып, кеден номенклатурасының ішкі экономикалық қызметін енгізу, кеден органдарымен жүзеге асатын алдын ала білу, жедел іздестіру қызметі қалыптастырылған.  

Кеден құқығы пәнінің Жалпы бөлімі

6 тараудан тұрады:  

  1. ҚР кеден ісінің құқықтық және ғылыми-теориялық негізі
  2. Кеден құқығы - құқықпен оқу пәнінің саласы ретінде
  3. Құқықтық қатынастар және нормалар
  4. Кеден құқығының субъектілері
  5. Кеден органдары қызметінің формасы
  6. Кеден құқығы бойынша жауапкершілік.

 

Кеден құқығының  қайнар көзі:

  
     1. бұл оның нақты айқындалған     формасы

   2. кеден  ісі саласындағы қоғамдық қатынастарды  реттеуші конституциялық құқықтық  актілер жиынтығы.

Қазақстанның тәуелсіздік  алып, егемендікке ие болуы жаңа  заңдарды қажет етті. Ұлттық қауіпсіздікке байланысты жаңа құқықтық инфрақұрылымдардың құрылуы жаңа басты бағыттар мен заң шараларының қабылдануына алып келді. Осындай басты бағыттардың бірі - кеден жүйесі. Кеден саласын ғылыми негіздеу үшін қазақстандық қана емес, сондай - ақ бұрынғы одақтық және  халықаралық кеден заңдарының негізінде қоғамдық қатынастардың құқықтық реттелуінің орны мен рөлін, ерекшелігін анықтау өте  маңызды.Кеден құқығының пайда болуына Қазақстанның мемлекеттік қызметінде кеден саласының бөлінуі әсер етті. Кеден саласын монополиялық мемлекеттік реттеудің қажеттілігі ішкі және сыртқы саясаттың құрылымы кеден саясатын анықтау арқылы кеден қызметінің арнайы органдарының, кеден ісінің құрылу жолдары арқылы кеден жүйесінің қалыптасуына алып келеді.

 Кеден ісі кеден саясатының мақсатқа жету құралы ретінде, кеден территориясында арнайы әдіс - тәсілдері арқылы басқа кеден салаларының элементтерімен байланыса отырып, мемлекеттің монополиялық қызметінің құралы болып табылады. Кеден құқығының дамуының алғашқы кезеңі оның, пәнінің тар болуымен және қоғамдық қатынастарды кедендік реттеуімен сипатталынады. Кодификацияланған актінің қабылдануы құқықтық реттеуде кеден құқығы пәнінің жаңа мазмұнын қалыптастырады. Еуропа кеден құқығының тәжірибесі көрсеткендей, фискальды функцияның басқа экономикалық бірыңғай нарықтың шараларымен салыстырғанда, рөлі төмен болуы тиіс. Кеден саласының құқық қорғау аспектілеріне заңсыз есірткі және заңсыз қару айналымдары, халықаралық терроризммен күресу жатады.

Қазақстанның халықаралық  саяси және экономикалық қатынастарының дамуы, еліміздің интеграциялық  процестерге тікелей  қатысуы  кеден құқығының рөлі мен маңыздылығын арттыруда. Кітапта Қазақстанның кеден  саласының пайда  болуының алғышарттары мен оның құрылымдық бөлімдерін: кеден  саясаты мен кеден ісін, Қазақстан  құқығының кешендік құқық  саласы ретіндегі пайда болу және қалыптасу  жолдарын, оның даму  кезеңдерін зерттеу, кеден құқығының жалпы сипаттамасын, кеден  құқығының құқықтық институттарын, кеден ісі нормативтерінің жетілу жолдарын және халықаралық кеден  құқығының жетістіктерін ескере отырып, республикамыздың кеден саясатының құралдарын, кеден саясатындағы мемлекеттік  басқаруда болатын мәселелерді  шешуді қарастырған. Еуропа Одағының және ТМД мемлекеттерінің кеден заңдарына  салыстырмалы талдау жасалған.

Кеден саласындағы құқықтық

қатынастардағы мәселелерді  шешу мен реттеуге деген мемлекет талпынысының пайда болуы және соған  арнайы құқықтық  нормалардың қабылдануы кеден құқығының пайда болуына  әкелді. 

    Жалпы кеден  құқығының дамуының екі кезеңін  атап айтуға болады:

- 1991 жылғы желтоқсаннан 1995 жылдың шілдесіне дейін  (кодификацияланған  актінің қабылдануына дейін);

- 1995 жылдың шілдесінен  бүгінгі күнге дейін.

Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғызстан  Республикасы және Ресей Федерациясы Мемлекетаралық кеңесі  жанындағы Үкімет басшылары кеңесімен 1998 жылғы 24 қарашада  “Кеден Одағы мен бірыңғай экономикалық кеңестік құру және оның жүзеге асыру шаралары туралы, келісім жобасы туралы” шешім  қабылданды.  1999 жылғы 26 ақпанда мемлекет басшылары қабылданған   Келісім (Қазақстан 1999 жылғы 24 маусымда ратификациялаған)  Кеден Одағындағы өзара қатынасқа өзгеріс әкелмек, сондай - ақ интеграциялық процестерді күшейтіп, ұлттық кеден

заңдылықтарының өзгеруіне септігін тигізбек.

Қазақстанның  кеден құқығының негізгі ережелері  кеден заңдылықтарының құқықтық институттарына негізделген. Оларға  кеден саясатын, кеден ісін, кеден шекарасынан тауарлар мен көлік құралдары өтуінің қағидалары мен құқықтық механизмдерін, кеден режимдерін, кеден төлемдерін, кеденді рәсімдеу мен кедендік бақылауды, кедендік құқық бұзушылық үшін жауапкершілікті

жатқызуға болады. Кеден саласындағы коғамдық қатынастардың  пайда болуы кеден құқығы субъектілерінің  өзара қатынастарымен тығыз байланысты. Кеден құқығы материалдық та, ұйымдастырушылық та сипатқа  ие. Ол кеден құқығын  материалдық және ерекше бөлімнің негізін 

құрайды.

Жалпы бөлімде кеден саласының жалпы мәселелері, кеден құқығының сипаттамасы, халықаралық кеден құқығы мен ішкі кеден құқығының арақатынасы, кеден қызметін ұйымдастырудың негіздері кеден саясаты және кеден ісі қамтылған.

Ерекше бөлімде кеден ісі мемлекеттік басқарудың құралы ретінде кеден құқығының институттары, кеден органдарының функциялары.

  Қазақстан кеден саласының халықаралық - құқықтық аспектілері қарастырылған. Жалпы және ерекше бөлімдерінің тақырыптары оқу бағдарламасына сәйкестендірілген.       Қосымшада оқу бағдарламасы, тест және нормативтік құқықтық материалдар берілген. Автордың  ойынша, бұл оқу құралы кеден саласының арнайы курстарын жүргізу

барысында көмекші  құрал ретінде және сыртқы экономикалық  қызмет, халықаралық аспектілер мен  Қазақстанның мемлекеттік және қоғамдық өміріне, кеден мәселесіне қатысты  курстарда пайдалануға арналған.

 

 

Назар

аударғандарыңызға

 рахмет!!!

 

Орындағандар: Әнуарбек Ұ.

                           Әкімханова Ж.

                            Жұмасіл А.

                           Бақтығалиев А.


Информация о работе Кеден саласының саяси құқықтық аспектілері