Халықаралық жеке құқық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Января 2014 в 08:30, реферат

Краткое описание

Халықаралық жеке құқық дегенде кең ауқымды бір мемлекеттің аумағында ғана орын алмайтын ақаматтық –құқықтық қатынастар туралы айтуға болады. Қайсыбір мемлекет азаматтары арасындағы мүліктік және оларға байланысты емес жеке мүліктік емес қатынастарды айтпастан бұрын, бұл мемлекеттер арасындағы сыртқы саяси қатынастарды да қозғап өту керек.

Содержание

Халықаралық жеке құқық түсінінгі, ерекшелітері мен мақсаты.
Халықаралық жеке құқықтың құқық жүйесінде алатын орны.
Халықаралық жеке құқықтың құқық саласы ретіндегі мәні
Пайданылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

жансерик халықаралық жеке құқық.doc

— 140.50 Кб (Скачать документ)

Мемлекеттiк тiркелуге  тиiстi көлiк құралдары мен өзге де мүлiкке заттық құқық осы көлiк  құралдары немесе мүлiк мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiлген елдiң құқығы бойынша анықталады.

1110-бап. Жолдағы қозғалатын мүлiкке заттық құқықтар

Мәмiле бойынша жолда  келе жатқан қозғалатын мүлiкке меншiк  құқығы және басқа да заттық құқықтар, егер тараптардың келiсiмiнде өзгеше белгiленбесе, осы мүлiк жөнелтiлген елдiң құқығы бойынша анықталады.

1111-бап. Заттық құқықтарды қорғау

1. Меншiк құқығы мен  өзге де заттық құқықтарды  қорғауға арыз берушiнiң таңдауы  бойынша мүлiк тұрған елдiң  құқығы немесе сот елiнiң құқығы қолданылады.

2. Қозғалмайтын мүлiкке  меншiк құқығы мен өзге де  заттық құқықтарды қорғауға осы  мүлiк тұрған елдiң құқығы қолданылады.  Қазақстан Республикасының мемлекеттiк  тiзiлiмiне енгiзiлген мүлiкке қатысты  Қазақстан республикасының құқығы  қолданылады.

Параграф 5. Шарттық мiндеттемелер

1112-бап. Шарт тараптарының келiсiмiмен құқық таңдау

1. Егер Қазақстан Республикасының  заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, шарт тараптардың келiсiмiмен таңдалған  елдiң құқығымен реттеледi.

2. Тараптардың қолданылуға  тиiстi құқықты таңдау туралы келiсiмi айқын көрсетiлуге немесе шарттың және оларды жинақтап қарайтын iстiң мән-жайларының ережелерiнен тiкелей туындауға тиiс.

3. Шарттың тараптары  тұтас алғанда шарт үшiн де, оның жекелеген бөлiктерi үшiн  де қолданылатын құқықты таңдай алады.

4. Шарттың тараптары  қолданылатын құқықты кез келген  уақытта, шарт жасасу кезiнде  де, одан кейiн де таңдап алуы  мүмкiн. Тараптар шартқа қолданылатын  құқықты өзгерту туралы да  кез келген уақытта уағдаласа  алады.

1113-бап. Тараптардың келiсiмi болмаған кезде шартқа қолданылатын құқық

1. Шарт тараптарының  қолдануға тиiстi құқық туралы  келiсiмi болмаған кезде ол шартқа:

1) сатып алу-сату шартында  — сатушы;

2) сыйға тарту шартында  — сыйға тартушы;

3) мүлiктi жалға (арендаға) беру шартында — арендаға берушi немесе жалға берушi;

4) мүлiктi тегiн пайдалану  шартында — несие берушi;

5) мердiгерлiк шартында  — мердiгер;

6) тасымалдау шартында  — тасымалдаушы;

7) көлiк экспедициясы  шартында — экспедитор;

8) қарыз немесе өзге  де кредит шартында — кредит  берушi;

9) тапсырма шартында  — сенiм бiлдiрiлген адам;

10) комиссияның шартында  — комиссионер;

11) сақтау шартында  — сақтаушы;

12) сақтандыру шартында  — сақтандырушы;

13) тапсырма беру шартында  — тапсырма берушi;

14) кепiлге салу шартында  — кепiлге салушы;

15) айрықша құқықтарды пайдалану туралы лицензиялық шартта — лицензиар болып табылатын тараптар құрылған, тұратын жерi немесе негiзгi қызмет орны бар елдiң құқығы қолданылады.

2. Нысанасы қозғалмайтын  зат болып табылатын шарт бойынша,  сондай-ақ мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару туралы шарт бойынша құқықтар мен мiндеттемелерге сол мүлiк тұрған елдiң құқығы, ал Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiлген мүлiкке қатысты — Қазақстан Республикасының құқығы қолданылады.

3. Шарт тараптарының  қолданылуға тиiстi құқық туралы келiсiмi болмаған жағдайда осы баптың 1-тармағындағы ережелерге қарамастан:

1) бiрлескен қызмет  және құрылыс мердiгерлiгi туралы  шартқа мұндай қызмет жүзеге  асырылатын немесе шартта көзделген  нәтижелер жасалатын елдiң құқығы;

2) конкурстық сауда-саттықтың (тендердiң, аукционның) қорытындылары бойынша немесе биржада жасалған шартқа — конкурстық сауда-саттық өткiзiлген немесе биржа орналасқан елдiң құқығы қолданылады.

4. Осы баптың 1-3-тармақтарында  атап келтiрiлген шарттарға, тараптардың қолданылуға тиiстi құқық туралы келiсiмi болмаған кезде, мұндай шарттың мазмұны үшiн шешушi маңызы бар, орындауды жүзеге асыратын тараптар құрылған, тұрғылықты жерi немесе негiзгi қызмет орны болған елдiң құқығы қолданылады. Шарттың мазмұны үшiн шешушi маңызы бар орындауды анықтау мүмкiн болмаған жағдайда шарт мейлiнше тығыз байланысты елдiң құқығы қолданылады.

5. Шарт бойынша орындауды  қабылдауға қатысты, тараптар  өзгеше келiспегендiктен, осындай  қабылдау өткiзетiн орынның құқығы  ескерiледi.

6. Егер шартта халықаралық айналымда қабылданған сауда терминдерi пайдаланылса, шартта өзге нұсқаулар болмаған жағдайда оларды iскерлiк айналымның тиiстi сауда терминдерiне қатысты қолданылып жүрген ғұрыптар жөнiндегi қатынастарына қолдануға тараптар келiскен деп есептеледi.

1114-бап. Шетелдiң қатысуымен заңды тұлға құру туралы шартқа қолданылатын құқық

1. Шетелдiң қатысуымен  заңды тұлға құру туралы шартқа  осы заңды тұлға құрылатын  немесе құрылған елдiң құқығы  қолданылады.

2. Осы баппен реттелетiн  қатынастар өзiне заңды тұлғаны құру және тоқтату, оған қатысу үлесiн беру жөнiндегi қатынастарды және заңды тұлғаның қатысушылары арасындағы олардың (соның iшiнде кейiнгi келiсiмдермен белгiленетiн) байланысты өзара құқықтары мен мiндеттерiне басқа да қатынастарды қамтиды.

3. Осы баптың ережелерi шетел қатысатын заңды тұлға қатысушыларының өзара құқықтары мен мiндеттерi басқа құрылтай құжаттарымен белгiленген жағдайда да қолданылады.

1115-бап. Қолданылатын құқықтың күшiнде болатын саласы

1. Шартқа осы параграф  ережелерiне орай қолданылатын құқық, атап айтқанда:

1) шартқа түсiндiрудi;

2) тараптардың құқықтары  мен мiндеттерiн;

3) шарттың орындалуын;

4) шартты орындамаудың  немесе тиiсiнше орындамаудың  салдарын;

5) шарттың тоқтатылуын;

6) шарт жарамсыздығының  негiздерi мен салдарын;

7) шартқа байланысты талаптарды беру мен қарыз аударуды қамтиды.

2. Орындаудың әдiстерi мен рәсiмдерiне, сондай-ақ тиiсiнше  орындалмаған жағдайда қолданылуға  тиiс шараларға қатысты қолданылатын  құқықтан басқа орындалу жүргiзiлетiн  елдiң құқығы да назарға алынады.

Параграф 6. Шарттан тыс мiндеттемелер

1116-бап. Бiр жақты мәмiлелерден туындайтын мiндеттемелер

Бiр жақты мәмiлелерден туындайтын мiндеттемелерге (марапаттауға жария уәде ету, бөтен адамның  мүддесiне тапсырмасыз қызмет iстеу және басқалар) мәмiлелер жасалған жердiң құқығы қолданылады. Бiр жақты мәмiле жасау орны Қазақстан Республикасының құқығы бойынша анықталады.

1117-бап. Зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер

1. Зиян келтiру салдарынан  туындайтын мiндеттемелер жөнiндегi құқықтар мен мiндеттер, зиянды өтеу туралы талап ету үшiн негiз болған iс-әрекет немесе өзге де мән-жай орын алған елдiң құқығы бойынша анықталады.

2. Шетелде зиян келтiру  салдарынан туындайтын мiндеттемелер  жөнiндегi құқықтар мен мiндеттер,  егер тараптар сол бiр мемлекеттiң азаматтары немесе заңды тұлғалары болса, сол мемлекеттiң құқығы бойынша анықталады.

3. Егер iс-әрекет немесе  зиянды өтеу туралы талап етуге  негiз болған өзге де мән-жай  Қазақстан Республикасының заң  актiлерi бойынша заңсыз болмаса,  шетел құқығы қолданылмайды.

1118-бап. Тұтынушыға келтiрiлген зиян үшiн жауапкершiлiк

Тұтынушының тауар сатып  алуға немесе қызмет көрсетуге байланысты туындаған зиянды өтеу туралы талабына, тұтынушының таңдауы бойынша:

1) тұтынушы тұратын  тұрғылықты жердегi елдiң құқығы;

2) өндiрушiнiң немесе қызмет көрсетушi тұлғаның тұрғылықты жерiндегi немесе орналасқан жерiндегi елдiң құқығы;

3) тұтынушы тауарды  сатып алған немесе оған қызмет  көрсетiлген елдiң құқығы қолданылады.

1119-бап. Негiзсiз баю

1. Негiзсiз баюдың салдарынан  туындайтын мiндеттемелерге баю орын алған елдiң құқығы қолданылады.

2. Егер негiзсiз баю  мүлiк сатып алынған немесе  сақталған негiздiң болмауы салдарынан  туындаса, қолданылатын құқық осы  негiз бағындырылған елдiң құқығы  бойынша анықталады.

3. Негiзсiз баю ұғымы  Қазақстан Республикасының құқығы  бойынша анықталады.

Параграф 7. Интеллектуалдық меншiк

1120-бап. Интеллектуалдық меншiкке құқықтар

1. Интеллектуалдық меншiкке  құқықтарға осы құқықтарды қорғау  сұралатын елдiң құқығы қолданылады.

2. Интеллектуалдық меншiкке құқық өз нысанасы болатын шарттар осы бөлiмнiң шарттық мiндеттемелер туралы ережелерiне сәйкес анықталатын құқықпен реттеледi.

Параграф 8. Мұрагерлiк құқық

1121-бап. Мұрагерлiк бойынша қатынастар

Мұрагерлiк бойынша  қатынастар, егер мұра қалдырушы өсиетiнде өзi азаматы болып табылатын елдiң құқығын таңдамаған болса, осы Кодекстiң 1122 және 1123-баптарында өзгеше көзделмегендiктен, мұра қалдырушының соңғы тұрақты тұрғылықты жерi болған елдiң құқығы бойынша анықталады.

1122-бап. Адамдардың өсиет жасауға және оның күшiн жоюға қабiлеттiлiгi, өсиеттiң және оның күшiн жою актiсiнiң нысаны

Адамның өсиет жасауға  және оның күшiн жоюға қабiлеттiлiгi, сондай-ақ өсиеттiң және оның күшiн  жою актiсiнiң нысаны, егер мұра қалдырушы  өсиетiнде өзi азаматы болып табылатын елдiң құқығын таңдамаса, мұра қалдырушының акт жасаған кезде тұрақты тұрғылықты жерi болған елдiң құқығы бойынша анықталады. Алайда өсиет немесе оның күшiн жою, егер соңғысы акт жасалған жердiң талаптарын немесе Қазақстан Республикасы құқығының талаптарын қанағаттандырса, нысанды сақтамауы салдарынан жарамсыз деп таныла алмайды.

1123-бап. Қозғалмайтын мүлiктi және мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiлуге тиiстi мүлiктi мұраға қалдыру

Қозғалмайтын мүлiктi мұраға қалдыру осы мүлiк тұрған жердегi елдiң құқығы бойынша, ал Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiлген мүлiк — Қазақстан Республикасының  құқығы бойынша анықталады. Адамдардың өсиет жасауға немесе оның күшiн жоюға қабiлеттiлiгi, сондай-ақ соңғысының нысаны, егер аталған мүлiк өсиет етiп қалдырылса, нақ сол құқықпен анықталады.

Параграф 9. Қорғаншылық  және қамқоршылық

1124-бап. Қорғаншылық  және қамқоршылық

1. Кәмелетке толмағандарға,  әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке  қабiлетi шектеулi кәмелетке толған  адамдарға қорғаншылық пен қамқоршылық белгiленедi және олардың күшi өзiне қатысты қорғаншылық пен қамқоршылық белгiленетiн немесе алып тасталатын адамның жеке заңы бойынша жойылады.

2. Қорғаншының (қамқоршының)  қорғаншылықты қамқоршылықты) қабылдау  мiндетi қорғаншы (қамқоршы) болып тағайындалатын адамның жеке заңы бойынша белгiленедi.

3. Қорғаншы (қамқоршы) мен  қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы)  адамның арасындағы құқықтық  қатынастар мекемесi қорғаншыны (қамқоршыны) тағайындаған елдiң  құқығы бойынша белгiленедi. Алайда  қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) осы адам Қазақстан Республикасында тұратын болса, егер осы адам үшiн бұл неғұрлым қолайлы болса, Қазақстан Республикасының құқығы қолданылады.

4. Қазақстан Республикасының шегiнен  тыс тұратын Қазақстан Республикасы  азаматтарына белгiленген қорғаншылық (қамқоршылық), егер Қазақстан Республикасының тиiстi консулдық мекемесiнiң қорғаншылық (қамқоршылық) белгiлеуге қарсы немесе оны тануға қарсы заңға негiзделген қарсылықтары болмаса, Қазақстан Республикасында жарамды деп танылады. 

             Қазақстан Республикасының Президентi  

 

Пайданылған әдебиеттер:

  • Халықаралық жеке құқық- Л.Б. Нысанбекова- Алматы Жеті жарғы 2006
  • Халықаралық жеке құқық-Сарсембаев М.А Алматы Данекер,1998
  • Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық.- Алматы: Жеті жарғы, 2008.
  • Қазақстан Республикасының азаматтық кодексi 1999 жылғы 1 шiлдедегi

Информация о работе Халықаралық жеке құқық