Қазақстан Респубикасының қауіпсіздігі жүйесіндегі кедендік саясаттың теориялық негіздер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2014 в 17:59, реферат

Краткое описание

Орталық кедендік сараптамамен жүргізілетін кедендік сараптама түрлері:
- Идентификациялық сараптама
- Химиялық сараптама
- Тауартанушылық сараптама
- Құжаттанушылық сараптама
- Техника-технологиялық сараптама
- Минералогиялық (геммологиялық) сараптама
- Құжаттарды криминалистік зерттеу сараптамасы

Содержание

I.Кіріспе
1 Қазақстан Респубикасының қауіпсіздігі жүйесіндегі кедендік саясаттың теориялық негіздері .
II.Негізгі бөлім
1.1 Кеден ісіндегі сараптама түсінігі және кеден ісіндегі сараптаманы тағайындау.
1.2Кеден сараптамасын жүргізудің құқықтық нысаны.
III.Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Таможенная экспертиза.docx

— 23.85 Кб (Скачать документ)

Жоспар

I.Кіріспе

1 Қазақстан Респубикасының  қауіпсіздігі жүйесіндегі кедендік  саясаттың теориялық негіздері .

II.Негізгі бөлім

1.1 Кеден ісіндегі сараптама түсінігі және кеден ісіндегі сараптаманы тағайындау. 
1.2Кеден сараптамасын жүргізудің құқықтық нысаны.

 III.Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

      Егеменді Қазақстан кеден органдарында сараптамалық қызметін құрау қажеттілігі алғашқы рет өз бейнесін ҚР ҚМ БКБ орталық аппарат құрамында тапқан, әр түрлі бағыттағы мамандықтармен толымдалған, штаттық саны 5 бірлік кедендік сараптама және зерттеу бөлімі құрылған.  
Қазіргі уақытта ҚР кедендік сараптама қызметі келесі зертханалармен ұсынылған – Астана қаласындағы Орталық кеден зертханасы (ОКЗ) және ОКЗ-ның Алматы, Ақтау, Өскемен және Шымкент қалаларындағы төрт зертханасы. Өскемен қаласында үш бөлім бар: техникалық және материалтану сараптамасы, физика-химиялық зерттеулер, сараптамалық қамтамасыз ету және жедел-сараптамалық жұмыс, штаттық саны 10 адам.Егер кедендiк операцияларды жасау кезiнде туындайтын мәселелердi түсiндiру үшiн арнайы және (немесе) ғылыми танымдар талап етiлетiн жағдайларда, кедендiк сараптама тағайындалады. Кедендiк сараптама тауарларға, оның iшiнде көлiк құралдарына, кедендiк операцияларды жасау үшiн қажеттi кедендiк, көлiктiк (тасымалдау), коммерциялық және өзге де құжаттарға және оларды сәйкестендiру құралдарына қатысты тағайындалады. Кедендік сараптамаға жиі түсетін тауарлар ол – әр-түрлі көтергіш-көлік машиналары, пневматикалық шиналар, тігін жіптері, балаларға арналған кішкене үшкіл жаялықтар, білдек, маталар, табиғи тастар, химиялық материалдар, бижутериялар, кендер, металл бұйымдар, құрылыс материалдары және т.б. Тауарларды сәйкестендіру және зерртеу бойынша жүргізілген кедендік сараптамалардың 75% да, ИК-Фурье спектрометрі, рН-метр, нығыздық өлшеуіш, поляриметр, фракционды құрамды анықтауға арналған аппарат, вискозиметр, микроскоптар, рентген-флурусцентті спектрометр, магнит-опикалық аспап сияқты тағы басқа аспаптарды және заманауи жоғары өнімділікті қондырғыларды пайдаланып, құралды зерттеу тәсілі қолданылды. 2013 жылдың 12 айы көлемінде, Өскемен қаласындағы кедендік сараптамалар бөлімдерімен 289 кедендік сараптама жүргізіліп 3537 обьект зерттелінді. 2012 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда жүргізілген кедендік сараптамалардың 36,6% ға өсімі байқалып отыр (2012 жылы жүргізілген сараптамалар саны - 183). 2013 жылы қосымша есептелген кедендік салықтар мен баждардың соммасы – 9579770 теңгені құрады (2012 жылы – 16398601 теңге) 6 есеге өсті. Аталған саралауға сәйкес сыртқы экономикалық қызметтің адал емес қатысушыларымен кедендік баждар мен салықтарды төлеуден қашу және бас тарту жүріп жатыр. Мақалда айтылғандай «айампаз екі рет төлейді». Сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары, Кедендік Одақтың кедендік шекарасын өтіп жатқан көліктер және тауарлардың негізді, толыққанды және дұрыс декларациялауына аса көңіл бөлгені жөн.

Орталық кедендік сараптамамен жүргізілетін кедендік сараптама түрлері:

-          Идентификациялық сараптама

-          Химиялық сараптама

-          Тауартанушылық сараптама

-          Құжаттанушылық сараптама

-          Техника-технологиялық сараптама

-          Минералогиялық (геммологиялық) сараптама 
-         Құжаттарды криминалистік зерттеу сараптамасы

 

 

    1.Кедендік сараптама жүргізу тәртібі Кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалады.2. Кедендік сараптама жүргізу мерзімі кедендік сарапшы (сарапшы) материалдарды жүргізуге қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен аспауға тиіс.Зерттеудің салыстыру (салғастырмалы) әдістерін қолдануды және әр түрлі ғылыми-техникалық құралдарды пайдалануды талап ететін, уақыты бойынша ұзақ болып табылатын кедендік сараптаманың екі және одан да көп объектілеріне зерттеу жүргізу кезінде кедендік сараптаманың мерзімі мұндай мерзімді ұзарту себептері көрсетіле отырып, кедендік сараптаманы жүргізетін ұйым басшысының немесе оны алмастыратын адамның жазбаша рұқсатымен, егер тауарларды шығару кедендік сараптама нәтижелерін алғанға дейін жүзеге асырылмаса, тауарларды уақытша сақтау мерзімінен аспайтын мерзімге ұзартылады. 3. Кедендік сараптаманы жүргізу мерзімі: кедендік сарапшының (сарапшының) кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органы алдында оған қосымша материалдарды, сондай-ақ сынамаларды және (немесе) үлгілерді ұсыну туралы өтініші болған; кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органының лауазымды адамынан зерттеулер немесе сынақтар жүргізу барысында кедендік сараптамаға ұсынылған, кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органына қайтаруға жататын тауарларды, құжаттарды, сынамаларды немесе үлгілерді елеулі зақымдауға немесе жоюға жазбаша рұқсат алу қажет болған; 
кедендік сараптама жүргізуге кіріскен кедендік сарапшы (сарапшы) дәлелді себеппен (еңбекке уақытша жарамсыздық, іссапар) болмаған жағдайда тоқтатыла тұрады. 4. Кедендік сараптама нәтижелері бойынша кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысы беріледі.

 

        Кедендік сараптама жүргізу үшін кеден органдарының лауазымды адамы болып табылмайтын сарапшыны (маманды) тарту тәртібі:

1. Кедендік сараптама  жүргізу үшін кеден органдарының  лауазымды адамы болып табылмайтын  сарапшыны (маманды) тарту тәртібін  кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді. 
2. Кеден органдарының лауазымды адамы болып табылмайтын сарапшы (маман) кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органына сарапшыда (маманда) қажетті арнайы және (немесе) ғылыми танымдардың болуын растайтын құжаттарды табыс етуге міндетті.

     Кедендік сараптама сапа кепілі. Қазіргі таңда мемлекеттер арасындағы экономикалық және ғылыми-техникалық   карым-қатынастардың қарқынды дамуы әсерінен халықаралық  сауда айналымындарында нарыққа  жаңа тауарлардың  келуі, олардың техникалық күрделілігіне байланысты тұтынушылардың  оларға деген қызығушылығын  арттыруда. Қазақстанның экономикалық даму  ерекшеліктерін ескере отырып және кеден органдарының басты міндеті еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға қолайлы жағдай жасау. Осы міндеттердің бірі тауарларға кедендік мақсаттағы сараптама және зерттеулер жүргізу  кедендік зертханаларға жүктелген. Қазақстан Республикасында кедендік сараптама қызметін Астана қаласындағы Орталық кеден зертханасымен қатар Ақтау, Алматы, Өскемен және Шымкент қалаларында орналасқан өңірлік кеден зертханалары айналысады. Зертханалар әр өңірдің экономикалық ерекшеліктерін, сыртқы сауда айналымдарын саралай келе қажетті зерттеу құрал-жабдықтарымен, зертханалық приборлармен қамтамасыз етілген. Мәселен, Шымкент қаласындағы  өңірлік кеден зертханасы Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстарындағы тауарларды кедендік бақылау кезінде сараптаманы қамтамасыз етеді. Зертханалық құрал-жабдықтар стандарттау органдарында халықаралық ИСО/МЭК 17025 талаптарына сай метрологиялық аттестациядан өткізілген. Бұрын кедендік сараптама жүргізу үшін Астана қаласына жіберілетін болса, қазір ондай қажеттілік жоқ. Бұның барлығы сараптау өндірісінің және тауарларды кедендік тазалау уақытын қысқартады. Ең бастысы сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың уақытын және материалдық шығындарын едәуір қысқартты. Қазіргі таңда Орталық кеден зертханасына және Шымкент қаласындағы кедендік сараптама зертханасына сапалық менеджменттік жүйесі енгізілген. Заманауи құралдармен жабдықталған зертханада сарапшыларды дайындау курстарында  оқу-тәжірбие жинақтаған біліктілігін мамандар жұмыс істейді. Зертханада физика-химиялық зерттеулер мен техникалық және  материалтанушылық сараптамалар жүргізілуде. Алдағы уақытта зертханада тауарларды зерттеу ауқымын кеңейту жұмыстары жасалуда.

Қазіргі таңда мемлекеттер арасындағы экономикалық және ғылыми-техникалық   карым-қатынастардың қарқынды дамуы әсерінен халықаралық  сауда айналымындарында нарыққа  жаңа тауарлардың  келуі, олардың техникалық күрделілігіне байланысты тұтынушылардың  оларға деген қызығушылығын  арттыруда. Қазақстанның экономикалық даму  ерекшеліктерін ескере отырып және кеден органдарының басты міндеті еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға қолайлы жағдай жасау. Осы міндеттердің бірі тауарларға кедендік мақсаттағы сараптама және зерттеулер жүргізу  кедендік зертханаларға жүктелген. Қазақстан Республикасында кедендік сараптама қызметін Астана қаласындағы Орталық кеден зертханасымен қатар Ақтау, Алматы, Өскемен және Шымкент қалаларында орналасқан өңірлік кеден зертханалары айналысады. Зертханалар әр өңірдің экономикалық ерекшеліктерін, сыртқы сауда айналымдарын саралай келе қажетті зерттеу құрал-жабдықтарымен, зертханалық приборлармен қамтамасыз етілген. Мәселен, Шымкент қаласындағы  өңірлік кеден зертханасы Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстарындағы тауарларды кедендік бақылау кезінде сараптаманы қамтамасыз етеді. Зертханалық құрал-жабдықтар стандарттау органдарында халықаралық ИСО/МЭК 17025 талаптарына сай метрологиялық аттестациядан өткізілген. Бұрын кедендік сараптама жүргізу үшін Астана қаласына жіберілетін болса, қазір ондай қажеттілік жоқ. Бұның барлығы сараптау өндірісінің және тауарларды кедендік тазалау уақытын қысқартады. Ең бастысы сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың уақытын және материалдық шығындарын едәуір қысқартты. Қазіргі таңда Орталық кеден зертханасына және Шымкент қаласындағы кедендік сараптама зертханасына сапалық менеджменттік жүйесі енгізілген. Заманауи құралдармен жабдықталған зертханада сарапшыларды дайындау курстарында  оқу-тәжірбие жинақтаған біліктілігін мамандар жұмыс істейді. Зертханада физика-химиялық зерттеулер мен техникалық және  материалтанушылық сараптамалар жүргізілуде. Алдағы уақытта зертханада тауарларды зерттеу ауқымын кеңейту жұмыстары жасалуда.

 

 

 

 

 

1. Кедендік сараптамада  қолданылатын техникалық құралдар, жұмыс істеу принциптері, метрологиялық  сипаттамалары. Кедендік бақылаудың  техникалық құралдары мынадай  түрлерге бөлінеді: 1) кеден одағының  кедендік аумағына келетін/кететін  автокөлік құралдарын мемлекеттік  тіркелген нөмір белгілері бойынша  тіркеуді автоматтандыру жолымен  оларды көзбен қарап және автоматтандырылған  бақылау үшін кеден органдары  пайдаланатын автокөлік құралдарын  есептеудің автоматтандырылған  жүйесі; 2) өткізілетін радиоактивті  және бөлінетін материалдарды, қауіпті  қалдықтарды анықтау, оқшаулау және  бірдейлендіру, олардың сандық және  сапалық сипаттамаларын өлшеуге  арналған радиациялық бақылаудың  техникалық құралдары. Оларға дозиметрлер, радиометрлер, портативті және стационарлық  спектрометрлер, бөлінетін және  радиоактивті материалдарды анықтаудың  стационарлық жүйелері жатады; 3) кеден органдары автокөлік құралдарының  салмақтық және көлемдік параметрлерін  өлшеуді бақылау үшін пайдаланатын  көлік құралдарының салмақтық  және көлемдік параметрлерін  анықтаудың және бейне қадағалаудың  автоматтандырылған жүйесі; 4) кеден  органдары көлік құралдарын, көлік  құралдарының жүк бөліктеріндегі, контейнерлердегі, жолаушылардың алып  жүретін және алып жүрмейтін  багажындағы, халықаралық пошта  жөнелтілімдеріндегі заттарды және  шағын, орташа көлемді және ірі  көлемді ыдыстардағы тауарларды  оларды ашпай, сондай-ақ жеке тұлғаларды  интрузивті емес (байланыссыз) тексеріп  қарау әдісімен, көзбен қарап  тексеру үшін пайдаланатын, оның  ішінде бейнелерді өңдеу және  талдау жүйесімен жабдықталған  тексеріп қараудың интраскопиялық  техникасы. Кеден органдары интрузивті  емес тексеріп қараудың стационарлық, тасымалданатын және ұтқыр жүйелерін  пайдаланады; 5) жолаушылардың алып  жүретін және алып жүрмейтін  багажын, халықаралық пошта жөнелтілімдерін, көлік құралдарындағы тауарлар  мен қол жеткізудің қиын орындарын  кедендік тексеріп қарауды жүзеге  асыру кезінде пайдаланылатын  іздестірудің техникалық құралдары. Мыналар іздестірудің техникалық  құралдары болып табылады: металл  детекторлары - қара және түсті  металдардан жасалған заттарды  анықтауға мүмкіндік беретін  электронды құралдар. Кеден органдары  портативті, тасымалданатын және  стационарлық металл детекторларын  пайдаланады; тексеріп қарау айналары - пішіндері мен мөлшері әртүрлі  ауыспалы айналардың жиынтығы  бар телескоптық ұстағыштар, қол  жеткізудің қиын орындарындағы  тауарларды, көлік құралдарын тексеріп  қарау үшін қолмен ұсталатын  жарықтандырғыш аспаптарымен қолданылады; тексеріп қарау сүңгілері - диаметрлері  мен ұзындығы әртүрлі ерекше  шыңдалған металл өзектері, тесілетін  объектілердің (жұмсақ және картон орамаларының, көлік құралдарындағы отырғыштардың, сусымалы жүктердің) салымдарынан сынамалар алу үшін арнайы нысандағы тесігімен дайындалады; эндоскоптар - көлік құралдарындағы қол жеткізудің қиын орындарын және түрлі, оның ішінде агрессивті сұйықтықтармен толтырылған ыдыстарды тексеріп қарауға арналған оптикалық аспаптар; тексеріп қарау шамдары мен лампалар - тәуліктің түнгі уақытында және әлсіз жарықтандырылған үй-жайларды оңтайлы жарықтандыру үшін бағытталған жарықтандырғыш аспаптар. Кеден органдары ұтқыр, тасымалданатын және стационарлық шамдар мен лампаларды қолданады; тығыздықтың өзгеруін айқындау үшін аспаптар - отын бактары, есіктер, көлік құралдарының дөңгелектері, жүк автомобильдері тіркемелерінің қабырғалары сияқты қол жеткізудің қиын орындарындағы бөтен салымдарды анықтау үшін бағытталған аспаптар. 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

1.Алибеков, С.Т. Таможенное  дело в Республики Казахстан. Учебное пособие/С.Т. 
2.Авдокушин, Е.Ф. Международные экономические отношения. Е.Ф Авдокушин, М., 1996 
3.Баймуханов, К. Роль органов таможенного контроля в предупреждении контрабанды 
4.Батизи, Э.Э Управление внешнеэкономической деятельностью хозяйствующих субъектов в России: 
5.Борисов, К.Г. Международное таможенное право: учебник / К.Г.  
6.Блинов, Н.М., Иванов, В.Н., Кухаренко, В.Б. От культа таможни 
7.Драганов, В.Г. Основы таможенного дела: учебник / В.Г. Драганов 
Додобаев, Ю.Т., Халиков, К.Х., Абдурахманов, К.Х. Таможенное право: учеб. 
8.Козырин А.Н. Международное право /А.Н. Козырин А.Н.- М.: 
Кузнецов, В.И. Международное право: учебник/В.И. Кузнецов –М.: «Международные отношения»,


Информация о работе Қазақстан Респубикасының қауіпсіздігі жүйесіндегі кедендік саясаттың теориялық негіздер