Жерасты шарттарын тұрғызу технологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Сентября 2013 в 17:29, практическая работа

Краткое описание

Жерасты шарттарын тұрғызу технологиясы.
Тұрғызылатын ғимараттар мен имараттардың әртүрлілігі жерастында орналасқан, топырақ жағдайында , жерасты суларына іргетас пен топырақ негіздемесіне әсер ететін жүктемелерге байланысты таңдалады.Жерасты имараттарын топырақтың гидрогеологиялық жағдайына және іргетастың орналасу тереңдігіне байланысты әр түрлі әдіспен тұрғызылады.Бұл әдістердің ішінде көп тарағаны «топырақтағы қабырға әдісі» және құдық қазу әдісі. Топырақтағы қабырға әдісінің технологиясы мынадай: жоспардағы конфигурациясына сәйкес ойықтар мен шұңқырлар қазылады және оның ішіне құйылмалы немесе құрамалы темірбетоннан жасалған қоршаулар конструкциясын тұрғызады,содан соң шұңқырдың түбіне іргетас табанын орнатып, ішкі конструкцияларын тұрғызады.Практикада бұл әдістің бірнеше түрлері қолданылады:

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жерасты шарттарын тұрғызу технологиясы.docx

— 13.96 Кб (Скачать документ)

                Жерасты шарттарын тұрғызу технологиясы.

  Тұрғызылатын ғимараттар мен имараттардың әртүрлілігі жерастында орналасқан, топырақ жағдайында , жерасты суларына іргетас пен топырақ негіздемесіне әсер ететін жүктемелерге байланысты таңдалады.Жерасты имараттарын топырақтың гидрогеологиялық жағдайына және іргетастың орналасу тереңдігіне байланысты әр түрлі әдіспен тұрғызылады.Бұл әдістердің ішінде көп тарағаны «топырақтағы қабырға әдісі» және құдық қазу әдісі. Топырақтағы қабырға әдісінің технологиясы мынадай: жоспардағы конфигурациясына сәйкес ойықтар мен шұңқырлар қазылады және оның ішіне құйылмалы немесе құрамалы темірбетоннан жасалған қоршаулар конструкциясын тұрғызады,содан соң шұңқырдың түбіне іргетас табанын орнатып, ішкі конструкцияларын тұрғызады.Практикада бұл әдістің бірнеше түрлері қолданылады:

  1. қадалы- мұнда қоршаушы конструкция тік бағытта қағылған,қадалардың біртұтас қатарынан түзіледі;
  1. шұқырлы- бұл әдіс монолитті бетоннан,құрамалы темірбетон элементтерінен тұрғызылған тұтас қабырға түрінде орындалады.

  Топырақтағы қабырға технологиясын пайдалана отырып,метроға арналған тунельдер,жерасты гараждар,жерасты автомобиль жолдары,сұйық заттарды сақтауға арналған сұйымды ыдыстар,тұрғын және өнеркәсіптік ғимараттар салынады.

 Топырақтың  қасиетіне және оның ылғалдылығына  байланысты, мұндай қабырғаларды  тұрғызудың 2 түрі пайдаланылады:

  • құрғақ;
  • дымқыл

  Құрғақ  әдіс- сазды ерітінді қолданылмайды, беріктігі жоғары, ылғалдылығы аз топырақта қабырғаларды тұрғызу үшін қолданылады.

  Дымқыл  әдіс- суға қаныққан тұрақсыз топырақтарда қабырғаларды тұрғызу үшін қолданылады, мұнда топырақтардың түсіп кетуінен сақтауы үшін, қабырғаларды бетон қоспаларымен тығыздайды. Дымқыл әдісте жер қазу машиналарының жұмыс процесінде ойық қабырғаларының  беріктігін арттыру үшін тиксатрофты қасиеттері бар,сазды ерітінділермен толтырылады.

  Тиксотрофты қасиет дегеніміз- диспертті жүйенің механикалық әсерлерден бұзылған бастапқы құрылымын қайта қалпына келтіретін қасиеті. Сазды ерітінділер үшін, бұл қабілеті тыныштық күйінде тұрғанда қоюлатып, тербелістер әсерінен сұйылтатын қасиет.


Информация о работе Жерасты шарттарын тұрғызу технологиясы