Жер өндіру жұмыстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Июня 2013 в 07:15, курсовая работа

Краткое описание

Аталған талаптарды іске асыруда құрылыс мамандарын әзерлейтін оқу орындардың үлесі мол. Бүгінгі күнде оқу орындардың алына қойылған жауапты міндет – білікті мамандар даярлау. Қазіргі кезде барлық оқу орындары жаңа, сапалы оқу жоспарлары мен бағдарлама арқылы мамандар даярлау жолына көшуде. Бұл салада құрылысшы мамандығын даярлау бағдарламасына көптеген өзгерістер енгізілген. Мысалы, « Құрылыс өндірісінің ұйымдастырылуы мен технологиясы » пәнінің мазмұнына көп өзгерістер енгізіп, курстық жобаға көп көніл аударылған. Студенттер аталған пәнді меңгеру үшін әр түрлі тақырыпқа курстық жоба жасауға міндетті. Мысалы, оқылған пәннің тақырыптарына байланысты курстық жоба жер жұмыстары, тас қалау, тұтас құймалы бетон және темір- бетон құю, металл құрылымдары мен бөлшектерді құрастыру жұмытарына жасалады.

Содержание

Кіріспе…………………………………………………………………………3
Құрылыс орнының сипаттамасы………………………………………….4
Құрылыс өндірісінің сипаттамасы………………………………………...6
Жер қазу жұмыстары......................................................................................7

Механизация құралдарын пайдалана отырып, жер жұмыстарын жүргізу тәсілдері- экскаваторлар , скреперлер, бульдозерлер, экскаватор – драглайндар..............................................................................7
Топырақ шығарудың жабық әдістері. Су төгу. Су деңгейін төмендету...8
Жер жұмыстарында гидротехникалық әдістерді қолдану.......................9
Жер қазу жұмыстарында қазан шұңқырлардың көлемін анықтау.....10
Топырақты бұрғылау және жарылыс арқыл жер жұмыстарын жүргізу...............................................................................................................18Қысқы жағдайларда жер қазу жұмыстарын жүргізу.
Техникалық қауіпсіздік.................................................................................18
Бетон қоспасын дайындау және тасымалдау............................................21
Бетон қоспасын төсеу және тығыздау.........................................................22
Бетонды баптау және қалыпты ажырату...................................................25
Бетондау жұмыстарының арнайы тәсілдері- су астында бетондау, вакумдеу, торкреттеу....................................................................................26
Бетон жұмыстарын қысқы мазгіліде және ыстық климатта өндіру, күту.....................................................................................................................27
Бетон және темірбетон жұмыстарының көлемін анықтау , калькуляциясын және жұмыс графигін жасау..........................................29
Бетон жұмыстарын өндіргенде қауіпсіздік техникасын сақтау.............32
Құрастыру жұмыссының өндірісі.................................................................34
Құрастырмалы элементтердің біріктірілген спецификациясы..............35
Тасымалдау және құрастыруға әзірлеу жұмыстары.................................36
Құрастыру жұмыстарын өндіруге қолданылатын крндар, ілмек аспаптар – траверс пен строптар және жүк тасығыш тетіктер...............36
Конструкцияларды көтеру, орнату, уақытша бекіту................................37
Көп қабатты ірі панельді қаңқасыз және қаңқалы үйлерді құрастыру...........................................................................................................38
Темірбетон конструкцияларын құрастыру тәсілдері, қысқы жағдайда құрастыру ерекшеліктері................................................................................40
Ұстындарды құрастыру...................................................................................42
Техникалық қауіпсіздік ережелері................................................................46
Құрастыру кранның қажетті параметрлерін анықтау.............................48
Құрастыру және ілмек аспаптарын таңдау.................................................50
Негізгі машиналар, жабдықтар, инвентар және құрал аспаптардың тізімі.....................................................................................................................51
Негізгі конструкциялар, материалдар және полуфабрикаттардың тізімі…………………………………………………………………………….52
Пайдаланған әдебиеттер тізімі……………………………………………...53

Прикрепленные файлы: 1 файл

kurs_4772.doc

— 1.10 Мб (Скачать документ)

5.Аязға қарсы қоспалар  ( поташ).

6.  Алдын- ала тоқпен  қыздырылған, 50˚- 80˚ қыздырылған.

           Бетонды күту. Бастапқы 1-4 сағат ішінде жаңа төселген бетонды қаптар мен, брезенттер мен жабу керек. Одан ары қарай үнемі 3-4 сағат сайын сулап тұру керек немесе лакпен, битуммен сылау керек.

           Жалпы бетонды күту 70%  беріктігін  алғанша жалғасады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бетон және темірбетон жұмыстарының көлемін анықтау , калькуляциясын және жұмыс графигін жасау

1.                            

 

 

                h=2.5м

                d= 0.7

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 кесте №  5

Бтон құю  жұмыстары

 

Орындалатын жұмыстың түрі

Өлшем

бірлік

көлемі

Есептеу формуласы

 

 

1

 

 

Қалыпты орнату

жұмыстары

 

 

м²

 

 

610

 

 

 

 

2

 

 

Бетон  құю жұмыстары

 

 

м³

 

 

53

 

 

 

 

 

3

 

 

Қалыпты ажырату

жұмыстары

 

 

 

м²

 

 

 

610

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

Бетон жұмыстарын өндіргенде қауіпсіздік  техникасын сақтау

Қалып, арматура, бетон және ажырату жұмыстарын өндіргенде ағаштар мен төсеніштер бекітуін, олардың тұрақтылығын, төсем, басқыш, суйеніш және қоршау  тесіктерін дұрыс орнатуын бақылау керек.

 Қалыпты  8 м-ге дейін биіктікте орнатқанда  биіктігі 1м сүйеніш тетігі және биіктігі 15 см бүйір берік тақтайы бар төсеніштер қолдану керек. Биіктігі 8 м-ден жоғары жерлерде жұмыс істегенде арнайы тіреу ағаштарға қоршауы бар ені 70 см-ден кем емес төсем орнату керек.

 Кернеулі  тоқта тұрған электр дәнекерлеу  қондырғылардың барлық бөліктерін қаптамалармен жауып қою керек. Жұмыс мезгілінде ток кернеуінде емес қондырғылардың металлбөліктерін (дәнекерлеу трансформаторлар, генераторлар тұрқыларын) және дәнекерленетін түзілістер мен бұйымдарды жерге қосу керек.

Бетон сорғыш төңірегінде ені 1 м- кем емес  өтетін жер жасалады. Бетон құбырын сығылған ауамен тазалағанда жұмысшылар оны кіру тесігінен 10 м – кем емес аралықта болу керек. Бетон қоспасын 30˚ және оданда артық еңісі бар түзілістерге төсегенде бетоншыларды сақтану белдігімен жабдықтайды.

Дірілдеткіштің  тұрқын жұмыс  басталғанша жерге  қосу керек. Дірілдеткіштер электр жүйесіне 220 немесе 380 кернеуді 36 В-қа дейін өзгертетін төмендеткіш трансформаторлар арқылы қосылады. Дірілдеткіштер сабында амартизаторлар болу керек. Дірілдеткіштермен жұмысты тек қана резеңке қолғап және резеңке етікпен істеуге рұқсат етіледі. Дірілдеткіштерді жұмыс үзілісінде және бетоншылар бір жұмыс орнынан келесіге ауысқанда сөндіріп отыру керек.

Цемент –  пушкамен жұмыс істегенде  манометрге әрдайым қарап отыру керек, нұсқауда ескертілген қысымнан артық көтеруге болмайды.

Қысқы жағдайда және құрғақ  ыстық ауа райында  бетондағанда жұмыс өндірісінің  ерекшелігімен тудырылған  және жұмысшылар еңбегіне қауіптілік туғызатын  қосымша факторлар болады.

Осындай факторларға жататындар: құрылыс алаңының  түзілістер бетондау орнына берілетін токтың кернеуі (380 В – қа дейін) дағдылы жағдаймен салыстырғанда көтеріңкі болуы; беион қоспасының құрамында әр түрлі химиялық қосымшалар бар болуы; қысқы мерзімде ауа температурасының төмендігі; ыстық ауа райы жағдайында ауаның жоғары температурасы мен ауаның төмен ылғалдылығы күн радиациясымен бірге үйлесте болуы.

Бетон қоспасын электр  тоғымен жылытқанда бункер тұрқылары мен бетон құбырларын жерге қосу керек.Бетон қоспасын жылытып жатқан алаңшаны қоршау керек және бетонды  электрмен жылыту үшін кернеуі 380 В – тан артық тоқты пайдалануға рұқсат етілмейді. Электр тоғымен жылыту алаңшасын шегінде жүйеге ток бергенде жанатын электр шамдарын орнату керек.

Электр тоғымен  жылытқанда бетондау және электродтарды ауыстырып қосу, температураны өлшеу, желі жөндеумен байланысты барлық жұмыстарды тек үзіп   тастаған  токта ғана өндіруге болады.

 

 

 

 

 

Құрастыру жұмысының өндірісі

  Бір қабатты  ғимараттар белгілі технологиялық  ретімен салынады, осыған орай технологиялық жабдықтарды орнату негізінде 3 үлгі бойынша ұйымдастырылады:

1.Ғимараттар  мен үймәреттердің жер үсті  құрылысы басталмай тұрып

2.Құрылыс құрастыру  жұмыстары мен бірге қатар  орналастыру

3.Ғимараттар  мен үймәреттер толық біткен соң орнату

                 Құрастыру жұмыстарын нәтижелі  жүзеге асыру үшін оны басқа  жұмыстар мен ұштастырып, тасқынды  әдіс қолдану керек ( шатырды  жабу, тазалық техникалық, электротехникалық,  технологиялық жабдықтарды орнату, еден салу, әрлеу жұмыстары).

                   Құрылыс конструкциясын құрастыру  орнына жеткізілуіне байланысты  қоймадан    және    көлік   үстінен   болып   2   бөлінеді .

                 Көлік үстінен құрастыру әдісі  алдын ала  дайындалған график  бойынша жүзеге асырылады. Бір қабатты өнеркәсіптік үймәреттерді құрастыру 3 әдіспен жүргізіледі:

                  1.Диференциалдық – элементтерді  жеке – жеке , бөлек құрастыру;

                  2.Кешенді – құрастыру жұмыстары  қатар жүргізіледі, бір немесе  бірнеше шеттес ұяшықтарда жүргізіледі;

                 3. Құрастырылған- жоғарыда аталған  2 әдіс бірге қолданылады;

               Құрастыру кезінде кран элементтерді  өзіне қарай орнатады. Ғимараттардың  бұрыштарына және баспалдақ торларына  қойылатын элементтерді ерекше  дәлдікпен орнату қажет.

 

 

Кесте № 8

Құрастырмалы  элементтердің біріктірілген спецификациясы

 

Элементтердің аты және маркасы

 

Элементтің  сыртқы көрінісі

 

 

Элементтің  өлшемі  мм

 

Элем/ң саны данасы

 

 

Барлық элем/ң

салмағы

т

 

a

b

h

 

1

 

Қабырға майда  блок

3.9

1.9

1.8

140

336

 

2

Көп қуысты қабат  аралық жабын

6

1,5

0,22

200

712

 

3

Көпқуысты төбе жабын

6

1,5

0,22

100

356

 

4

Ұстын

6

6

3,3

124

265

 

5

Баспалдақ

1,35

3

1,5

30

 

 

328


Тасымалдау  және құрастыруға әзірлеу жұмыстары

             Құрастырмалы конструкцияларды зауыттардан дайын күйінде құрылыс объектісіне  тасымалдау темір жол, автокөлік, су және әуе транспорттарымен жеткізіледі. Конструкциялардың дұрыс және сапалы тиеуіне дайындау  зауыты жауап береді. Тиілген конструкцияларға дайындау зауыты толық анықтамалары бар төл құжат береді. Конструкцияларды тиеу кезінде олардың түсіруінде ескерген жөн. Мысалы, қабырға панельдерін, қаңқаларды және фермаларды тігінен, ал төбе жабын және қабат аралық жабындарды көлденңінен тасымалдайды. Тасмалдау кезінде конструкциялар зақымдалмау үшін төсеніштер, касеттер, фиксаторлар қолданылады.

               Автокөлікпен тасмалдау 200 км  – дейін экономикалық тұрғыдан өте тиімді.  Автокөлікпен тасмалдау кезінде конструкциялар динамикалық соққыларға ұшырайды. Конструкцияларды тасмалдау кезіндегі  биіктігі жерден санаған кезінде 4 м аспау керек.

Ұстындар, арқалықтарҰстындар мен арқалықтар арнайы жалғамалы тіректері бар автокөліктерде тасымалдайды ( 1 рейсте 1-3 ұстын тасиды).

               Фермалар жалғамалы ферма таситын  автокөліктер мен арнайы тіреуіштермен немесе арнайы карзиналарда тасымалдайды.

               Жабындар бортовой көліктермен  тасмалдайды.

 

Құрастыру жұмыстарын өндіруге қолданылатын крандар, ілмек аспаптар – траверс пен строптар және жүк тасығыш тетіктер

               Құрылыс конструкцияларын құрастыру  кезіндегі орындау жұмыстарына  қарай машиналар келесі топтарға  бөлінеді:

     1.Құрастыру. Негізігі құрастыру операцияларын орындайтын машиналар, көтеру, орнату, конструкцияларды жобалық орына қою.

      2.Қосалқы машиналар мен механизмдер – дайындау, қосалқы, түсіру, жинау, жіктерді жабу т.б жұмыстарды орнату. Құрастыру машиналары стационарлы және жылжымалы болып 2 бөлінеді.

  а) Стационарлы машиналарға : құрастыру жебелері, жебелі крандар, таспалы және тросты көтергіштер т.б бір орында тұрып жұмыс істейтін крандар.

  б) Жылжымалы крандардың өзі құрастыру зонасына қарай шектеулі мобильді және мобильді болып 2 бөлінеді:

Шектеулі  мобильді машиналарға: өзі жүретін мұнаралы крандар, 4 тағанды крандар (козловой), темір жолды, кабельд іжәне жылжымалы қатты аяқты крандар, жоғарыдағы крандар тек өзінің белгілі зонасы бойынша жылжып, бұрыла алады.

Мобильді  крандар өзі жүретін жебелі крандар шынжырлы немесе теміртабанды, автоөлікті, тракторлы, тік ұшақты. Бұл крандарға ешқандай шек қойылмаған.

             Азаматтық құрылыста жүк көтергіштігі 10 т – дейін , ілмегінің көтеру  биіктігі 66 м, құлашы 25 м.

            Өнеркәсіптік құрылыста жүк көтергіштігі 20т – 75 т – дейін, ілмегінің көтеру биіктігі 116м, құлашы 50м.

 

Конструкцияларды  көтеру, орнату, уақытша бекіту

            Құрастырмалы темірбетон конструкцияларының  элементтерінің     бір – бірімен бекіту немесе біріктіру, олардың детальдарын дәнекерлеп (тетіктерін) жіктерін ерітіндімен құю арқылы жүзег асырылады. Мысалы, фермаларды ұстындарға қатыру  кезінде тек  пісіру арқылы жүзеге асады. Бұл жерде ерітіндінің қажеті жоқ. Құрастыру кезіндегі қуыстарды ерітіндімен толтырудың бірнеше тәсілі бар: қысыммен толтыру, қарапайым бетондау, шашу арқылы және тығыздау арқылы.

              Конструкцияларды уақытша бекіту  үшін қолданылатын құралдар:

Кондуктор – бір немесе 4 ұстынды уақытша, құйылған бетон қоспасы өзінің беріктігін алғанша бекітуге қолданылады.

Фиксаторлар – қабырғаларды, қалқаларды құрастырғандағы уақытша бекіту үшін қолданылады.

               Құрастыру жұмыстарнда конструкцияларды дәлме дәл орнату үшін төмендегі тәсілдер қолданылады: өсіру, биіктету; астынан өсіру, биіктету, диференциалдық; кешенді; арлас; бұру арқылы, еркін; шектелген еркін, еріксіз.

 

 

 

Конструкциялардың ұштасу жігін, түйіспелерін жауып бекіту

            Темірбетон конструкцияларының  ұштасу жігін, түйіспелерін жауып  оларды бекіту ғимараттың беріктігін, орнықтылығын, қызмет ету мерзімін жоғарылатады. Темірбетон құрастыру кезінде жіктерді жабу, бекіту, еңбек шығыны осылардың бәрі жұмыс процесіне әсерін тигізеді. Мысалы, іргетасты, бағаналардың ұштасу жіктерін толтыру кезінде 15-20 %, қабырға панельдерін 70-75% қол операцияларынан тұрады. Кейбір операциялар жеке қалыптау жұмыстарын қажет етеді. Жүк көтеретін конструкциялардың жіктерін  жабу келесі операциялардан тұрады: арматураны түйістіре пісіру, түйістіру детальдарын корозиядан қорғау, бетон немесе ерітіндімен жабу.

           Қоршаушы конструкциялардың ұштасу жіктерін жабу келесі операциялардан тұрады:  арматураны пісіру, коррозиядан сақтау, гермитизациялау (судан, жылудан қорғау).

           Ұштасу жіктерін бетонмен немесе  ерітіндімен толтыру тәсілдері: 

 

1.ерітіндіні  қысыммен беру,

2.өсіру тәсілін  қолдану;

3.жеке жеке  бетондау;

4.қабат –  қабат етіп ерітінді шашу;

Информация о работе Жер өндіру жұмыстары