Құрылыс алаңын инженерлік дайындау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2014 в 17:44, курсовая работа

Краткое описание

Архитектура – сәулет өнері құрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне беру өнері. Архитектура (латынша archіtectura, ал грекше аrchіtekton, яғни құрылысшы) деген мағынаны білдіреді. Архитектура туындылары адамның күнбе-күнгі тіршілік ортасын қалыптастырады. Олар әр түрлі қажеттіліктерді атқаруға арналған және адамның эстетикалық талғамына жауап бере алатындай болып салынған тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар, өнеркәсіптік кешендер.

Содержание

КІРІСПЕ 4
1 ҚҰРЫЛЫС САЛУ АУДАНЫ 6
2 ЖОСПАРЛЫ-КӨЛЕМДІК ШЕШІМДЕРІ 7
З ЖОСПАРЛЫ КӨРСЕТКІШТЕР КӨЛЕМІ 8
4 ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ТАЛАПТАР 9
5 КОНСТРУКТОРЛЫҚ ШЕШІМДЕР 10
5.1 Іргетас және цокольдер 10
5.2 Қабырғалар 12
5.3 Колонналар 16
5.4 Ішкі қабырғалар және қалқалар 16
5.5 Аражабындар 17
5.6 Едендер 19
5.7 Төбе, шатыр, жабын 21
5.8 Сатылар 23
5.9 Терезелер мен есіктер 24
6 СЫРТҚЫ ЖӘНЕ ІШКІ ӘРЛЕУ.........................................................................28
7 ИНЖЕНЕРЛІК ЖАБДЫҚТАР 29
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................... 30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 31

Прикрепленные файлы: 1 файл

улдай сссс (2).doc

— 2.73 Мб (Скачать документ)

 

Мазмұны

 

 

Кіріспе 4

1 Құрылыс салу ауданы 6

2 Жоспарлы-көлемдік шешімдері 7

З Жоспарлы көрсеткіштер көлемі 8

4 Функционалдық талаптар 9

5 КОНСТРУКТОРЛЫҚ ШЕШІМДЕР 10

5.1 Іргетас және цокольдер 10

5.2 Қабырғалар 12

5.3 Колонналар 16

5.4 Ішкі қабырғалар және қалқалар 16

5.5 Аражабындар 17

5.6 Едендер 19

5.7 Төбе, шатыр, жабын 21

5.8 Сатылар 23

5.9 Терезелер мен есіктер 24

6 Сыртқы және ішкі әрлеу.........................................................................28

7 Инженерлік жабдықтар 29

Қорытынды...................................................................................................... 30

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 31

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

 

Архитектура – сәулет өнері  құрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне беру өнері. Архитектура (латынша archіtectura, ал грекше аrchіtekton, яғни құрылысшы) деген мағынаны білдіреді. Архитектура туындылары адамның күнбе-күнгі тіршілік ортасын қалыптастырады. Олар әр түрлі қажеттіліктерді атқаруға арналған және адамның эстетикалық талғамына жауап бере алатындай болып салынған тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар, өнеркәсіптік кешендер.

Сәулет өнері – техниканың, ғылымның және өнердің тоғысқан жері. Адамзат  баласы көне заманнан бастап құрылыспен айналысқан. Адамдар неолит кезінде үйді ағаштан, қамыстан, талдан және балшықтан салды. Су айдынында, қағылған қазықтың үстіне тұрғызылған үйлер де болған. Біздің заманымыздан бұрынғы 2-мыңжылдықтың ортасында ірі тастардан қаланған монументті құрылыстар: кромлехтер, менгирлер мен дольмендер пайда болды. Сәулет өнерінің дамуына зор үлес қосқан, елдің бірі – Грекия. Көне грек архитектурасының ең күшті дамыған кезі – біздің заманымыздан бұрынғы 5 ғасырдағы Периклдың билік құрған тұсы. Алдымен, Афина қаласының ең биік жеріндегі жартасқа ауданы 300130 м жерге Акрополь салынды. Грек сәулетшілерінің дүниежүзілік архитектураға қосқан бір жаңалығы – архитектуралық ордерлер жүйесі. Ордерлік жүйе бірнеше құрамдас бөліктен тұрады және олардың өзара орналасу тәртібі бар. Ең басты белгісі – бағана, олардың ұшар басы капитель деп аталады. Бағаналар – антаблементті (арқалықты) көтеріп тұрады. Ордерлік жүйенің үш негізгі түрі болған: дори, ионика және коринф ордерлері.

Сәулет өнерінде өзіндік  ерекше із қалдырғандардың бірі – Римдіктер. Оларда сәулет өнері дамудың үш кезеңінен өтті: патшалық дәуір (біздің заманымыздан бұрынғы 8 – 6 ғасырлар); республика кезеңі (біздің заманымыздан бұрынғы 5 – 1 ғасырлар) және императорлық дәуір (біздің заманымыздан бұрынғы1 ғасыр – біздің заманымыздың 5 ғасыры). Римнің дүрілдеп тұрған кезінде туған құрылыс – Пантеон, құдайлар құрметіне орнатылған ғимарат. Оны сәулетші Аполлодор Дамасский 118 – 125 ж. салған. Римнің таңқаларлық құрлыстарының бірі – 80 мың адам сиятын Колизей амфитеатры, онда ордерлер жүйесі қолданылды. Термы моншалар кешені салынды. Каракаллы моншасына үш мың адам бірден кіре алған. Римдіктер тамаша тас жолдар, су құбырларын, акведуктар және көпірлерді сала білді. Еуропа елдерінде бес түрлі архитектуралық стиль бірінен соң бірі орын алмастырды. Олар: роман стилі, готика, ренессанс, барокко, классицизм. Роман стилінің дамуына Франция көп ықпал етті. Мұның басты ерекшелігі – қабырғалары сом соғылған бітеу, салмақты болып келеді. Терезелері енсіз, тар, бекініске ұқсайды. Готика стилінің ерекшелігі – құрылыс композициясы жоғары созылып, салмақ көтеретін құрылыс қаңқасы күрделі болып келеді, терезелері сүйір етіп ойылады, күмбезі қиық болып келеді де қырлары бүріледі. Қиық күмбездің арқасында салмақ құрылыс қаңқасына түседі. Сырттағы тіреулер арқылы қабырғаға түсетін салмақ азаяды. Готиканың алғашқы туындысы Париждегі Нотр-Дам соборы (12 ғасырдың 2-жартысы – 13 ғасырдың басы). Бір келгенде 9 мың адам сияды. Әрбір тетігінде готикаға тән ерекшеліктер сақталған. Готиканың гүлденген шағы – 13 ғасыр. 100 жыл бойы салынған Реймс соборы (1212 – 1311) соның дәлелі. Собордың бір де бос жері жоқ, бәріне мүсіндер қойылған. Терезелердегі түрлі-түсті витраждар көздің жауын алады. Ренессанс стилі 15 ғасырда Италияда пайда болды, оны ежелгі дәуір өнерінің қайта жаңғыруы деп қарауға болады. Ренессанс, яғни Қайта өркендеу дәуірінде архитектураның алатын орны ерекше болды. Бұнда құрылыс тым биіктетілмей айнала кеңістікке бауыр жазды. Ренессанс архитектурасы ежелгі дәуір архитектурасынан ордерлік жүйені ғана алған.

Қазақ сәулет өнері –  ғимараттарды, құрылыстар мен ескерткіштер кешендерін жобалау, салу, оларға уақыт талабына сай эстетиклық көркемдік сипат беру өнерінің ұлттық саласы. Материалдық игілікті жасаудың басты саласы ретінде Қазақ архитектурасы қоғамның өндірістік-экономика дамуына, ғылым және техника жетістіктерімен жарақтануына, оны жасаушылардың дүниетанымдық-эстетикалық талғамына тығыз байланысты жағдайда өркендейді.

Қазіргі кезде құрылыс  саласы елімізде қарқынды түрде дамуда. Әсіресе, қоғамдық ғимараттар салу күн  санап артуда.

Балабақша құрылысы – азаматтық-қоғамдық құрылыстың ең маңызды салаларының бiрi. Ол қоғамдық ғимараттар арасында мектептен кейінгі үлкен сұранысқа ие (15%) қоғамдық ғимарат болып саналады. Республика көлемінде бүлдіршіндерді балабақшамен қамту жоспарлы қолға алынып, соңғы жылдары бұл игілікті істің деңгейінің едәуір көтерілгені де айқын көрініп отыр. Еліміздің түпкір-түпкірінде заманауи талаптарға сай кең де жарық, бүкіл керек-жарағымен толыққанды жарақталған балабақшалар саны күн санап артып келеді.

 

 

 

                  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Құрылыс салу ауданы

 

Атырау облысы, Махамбет ауданы Ол Қазақстан Республикасының солтүстік- батыс аумағында орналасқан. Ол Ресейдің Астрахань, Орынбор облыстарымен және өзіміздің Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарымен шектеседі. Каспий ойпатының солтүстік беткейінде орналасқан. Ақжайық селосында тұратын халықтың жалпы саны - 1200 адамға жуық. Ауылда төрт түрлі ұлт өкілдері өмір сүріп жатыр.

Климаты: Атырау облысының климаты континентальды. Климаттық жағдайдың күрт өзгеруі, күні және түні, қысы мен жазы кезінде табиғи құбылыстың тез ауысуы байқалады. Өлкенің түгел аудандарында климаттың тұрақсыздығы мен жауын-шашынның аз жаууы тән болып келеді.

Облысымыздың барлық аумағы үшін орташа жылдық температуралық көрсеткіш +5,3°С-ға сәйкес келеді.

Қыс кезінде ауаның ең төменгі температурасы -28-33°С-қа жететін аязды күндер болады. Кей кездерде сынап бағанасы -40-45°С-қа дейін жетеді. Ал қардың биіктігі облысымыздың солтүстігінде 20-25 см болса, оңтүстік аудандарында 10-20 смден көп болмайды.

Жаз айы облысымыздың ыссы, әрі құрғақ, жауын-шашынсыз болып келеді. Солтүстік аудандарда орташа жоғары температура 27°С болса, ал оңтүстік аудандарда 34°С-ға дейін ысиды. Облыс топырағына түсетін ылғалдың орташа жылдық мөлшері: солтүстік аудандарда 300 мм, ал оңтүстік жақта 140 мм-ге тең болып келеді. Атмосфералық ылғалдылықтың облысқа тән мәні 263 мм шамасындай.

Жер құрамына келсек, Атырау облысының топырағы қоңыр қызғылт топырақтан, оңтүстік қара топырақтан, қызғылт, ашық қызғылт және сұр топырақтан тұрады. Облыс топырағының өзіне тән бір қасиеті құрамында тұздың болуы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Жоспарлы-көлемдік шешімдері

 

 

Жоспарлы-көлемдік шешімдері деп - бұл шешімнің негізі болып қабылданған ғимараттың құрамы мен өлшемін айтады.

Ғимараттың формасы тіктөртбұрыш; жоба бойынша жертөлесіз.

Жоспарлы-көлемдік шешімдері бойынша берілген жоба ғимараттың классы келісім бойынша III, ұзақ мерзімдігі - II, отқа күймейтіндік         дәрежесі - III.

Жоба:

  • биіктігі (және 2-ші қабаттың) - 3,00 м;
  • жалпы ғимараттың биіктігі, нөлдік деңгейден – 9,4 м

Берілген ғимарат бір пәтерлі, 8 адамға арналған тұрғын үй құрылысы. Ғимарат 2 қабаттан тұрады. Бірінші қабатта: бір қонақ бөлмесі, ас бөлмесі, тамбур, холл, кабинет, автотұрақ, сауна, әжетхана. Ал екінші қабатта: екі жатын бөлме, жуынатын бөлме және әжетхана, холл. Санузел су қубыры мен канал жүргізумен қамтамасыз етілген. Негізгі бөліктермен байланыс холл арқылы жүзеге асады.

Ауаны айдау ғимаратта табиғи. Терезенің өлшемдері күндізгі тәулік уақытында қажетті жарық түсуде қамтамасыз етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 жосрарлы көрсеткіштер көлемі

 

  1. қабаттың жоспары:

 

Бөлме атауы

Ауданы,м2

1

Тамбур

8,45

2

Дәліз

25,98

3

Кабинет

15,56

4

Қонақ бөлме

30,99

5

Ас бөлмесі

25,98

6

Жуынатын бөлме және әжетхана

7,53

7

Газ бөлмесі

5,29

8

Сауна

6,03

9

Демалатын бөлме

5,03

10

Автотұрақ

21,44


 

 

Дәліз

30,98

11

Жатын бөлме

29,53

12

Балалар бөлмесі

14,08

13

Жаттығу бөлмесі

18.48

14

Жуынатын бөлме және әжетхана

7,53

15

   

 

 

Салынатын құрылыс ауданы-264,6 м2

Жалпы ауданы-1027,3 м2

Адам тұратын ауданы – 97,2 м2

Бір тұрғынға келетін ауданы – 9,7 м2

Ғимарат көлемі-2328,96м3

Бір тұрғынға келетін көлемі – 232,9 м3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4 Функционалдық талаптар

 

 

Бұл ғимарат 4 адамға арналған. Ғимараттағы әрбір бөлме нақты функционалдық талаптарды атқаруы тиіс, яғни әрбір бөлме нақтылы функциялар орындауы керек.

     Ас бөлмесі – тамақ жасауға, әзірлеуге және тамақ ішуге арналған бөлме.

    Жуынатын  бөлме  – отбасы мүшелерінің жеке гигиенасына арналған бөлме.

    Холл – 1 және 2 қабаттардағы дәліз.

    Жаттығу бөлмесі- дене шынықтыру бөлмесі.

    Тамбур – ішке кіруге және шығуға қызмет етеді, жылуды оқшаулайтын функцияны орындайды

     Қонақ бөлме - қонақ қабылдауға, отбасының демалуына арналған.

       Тағы басқа бөлмелермен қабаттардың арасындағы қатынасқа саты орналастырылған, холл сырт киімді және аяқ-киімді сақтауды қамтамасыз етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 Конструкторлық шешімдер

 

 

5.1 Іргетас және цокольдер

Іргетас - ғимараттыңнегізгі құрылымдық бөлшегінің бірі болып абылады. Олар ғимараттан және басқада әсерлерден пайда болған жүіктемелерді қабылдап, астындағы негіздерге береді. Іргетастың, ғимарат қабырғасы жататын жоғарғы жазықтығын іргетастың шегі деп, ал негізге тірелетін жазықтығын табаны деп атайды.

1-сурет. Іргетас құрылымы.

 

Ғимараттың іргетастары келесі басты функционалдық талаптарга сай келуі керек, олар: іргетастың мықтылығы, атмосфералық факторларға қарсы тұруы, яғни қыста аязға төзімділігі және жердің тонына бой бермеуі және де ғимаратқа сай ұзақ мерзімге шыдамдылығы.

Қазіргі кезде  көп пайдаланылатын іргетастардың бірі – таспалы іргетастар. Таспалы іргетастар деп үстіне орналасқан кірпішт, ірі блокты,ірі панельді қабырғалардан түскен күш жүктемелерін бірқалыпты қабылдап тұратые үзіліссіз орнатылған жер асты құрылымын айтады.Топыраққа түсетін қысымды беру және оның көтергіштік қабілетін қамтамасыз ету үшін іргетас табанының ауданы оның енін кеңейту арқылы орындалады.

 

2-сурет. Іргетастың көлденең қималары:1- іргетас шегі; 2 - іргетас; 3 - іргетас табаны.

 

Жасалуы бойынша таспалы іргетас  құймалы жәнеқұрастырмплы болады.Құймалы іргетастар шойтасты, шойтасты бетонды, темірбетонды болады.


 

3-сурет. а) шойтасты бетонды іргетас; ә) бетонды немесе темірбетонды іргетас

                                        

 

Құймалы шойтасты бетонды іргетастар қазіргі индустриалды құрылыстың талаптарына сай келмейді, әлдеқайда тиімді болып есептелетіні –алдын ала зауытта дайындалып шығарылған бөлшектерден тұрғызылатын бетонды және темірбетонды іргетастар.оларды орнатқанда құрылыста еңбек шығыны екі есе кемиді.

Қабырға астындағы құрастырмалы таспалы іргетастар темірбетон жастықтарынан және қабырғалық іргетас блоктарынан тұрады.негіз құм топырақ болғанда темірбетон жастықтары бірден сол негізге немесе қалыңдығы 100-150 мм болатын цементті құм ерітіндісі болатындайындамасынан орнатылады.Негіз тиянақты түрде нығыздалуы тиіс. Іргетас бетон блоктары қалыңдығы 20мм болатын цементті-құм ерітіндісіне тік жіктері байланыстырылып қойылады. Блоктар арасында пайда болған құдықшалар ұқыпты түрде ерітіндімен толтырылады.

 

 

4-сурет. а)біртұтас бетон блогы; ә)қуысты бетон блогы; б) темірбетон жастығы.

 

              

5-сурет. 1-қабырға; 2-бетон блоктары;3-темірбетон жастығы.

 

6-сурет. Іргетас бөлшектерінің  орналасу жоспарының көрінісі

 

Іргетасты қажетті геологиялық  тереңдікке орнату үшін: фундаменттің астыңғы жағына жастықша қояды, фундаменттің үстіңгі баспалдағын үлкейтеді, биіктіктері бірдей колонналарды қояды, ал белгілердің өзгерген жерлерінде   подколонниктар орнатады.

Жобалап отырған ғимарат  үшін ленталы фундаментті таңдадым. Құрылыс ауданының қыстағы жер тоны 160 см болғандықтан, фундаменттің тереңдігін 180 см етіп қазамыз. Фундамент ленталы, құрама  темірбетоннан тұрады. Фундаменттің астына подушка кетеді.

 

 

5.2 Қабырғалар

       Қабырғалар ғимараттың негізгі бөлшектері болып табылады. Олар тек тік қошау бөлшектері ғана емес, сонымен бірге арқалық және төбе жабындарын көтеретін көтергіш бөлшектері болып саналады.

Ғимараттың арналуына байланысты қабырғалар төмендегі талаптарды қанағаттандыруы тиіс:мықты және орнықты болуы; ұзақ мерзімділігі; ғимараттың отқа төзімділік дәрежесіне сәйкес келуі; бөлмелерде тиісті температуралық - ылғалдық қалыпты сақтауды қамтамасыз ету; жеткілікті дыбыс оқшаулағыштық қасиеттерінің болуы; жасалуында тенологиялықтығы және индустриалдығы; экономикалық, сәулеттік көркемділігі.

Қабырғалардың сәулетті-құрылымдық бөлшектеріне цоколь,ернеулері мен маңдайшаларын жатқызуға болады.

Информация о работе Құрылыс алаңын инженерлік дайындау