Құрылыс алаңын инженерлік дайындау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2013 в 16:07, реферат

Краткое описание

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (БТБА), 3-шығарылымы «Құрылыс, монтаждау және жөндеу - құрылыс жұмыстары» бөлімінен тұрады.
БТБА-ны әзірлеу өндіріс технологиясының өзгеруіне, өндірістік қызметтегі ғылыми-техникалық прогресс рөлінің артуына, жұмысшылардың біліктілік деңгейіне, жалпы білімі мен арнайы даярлығына, өнімнің сапасы мен ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігіне қойылатын талаптардың артуына, сондай-ақ еңбек мазмұнының өзгеруіне байланысты туындап отыр.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Семинар 3.doc

— 31.00 Кб (Скачать документ)

Семинар 3

Құрылыс алаңын инженерлік дайындау

1.   Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (БТБА), 3-шығарылымы «Құрылыс, монтаждау және жөндеу - құрылыс жұмыстары» бөлімінен тұрады. 
      БТБА-ны әзірлеу өндіріс технологиясының өзгеруіне, өндірістік қызметтегі ғылыми-техникалық прогресс рөлінің артуына, жұмысшылардың біліктілік деңгейіне, жалпы білімі мен арнайы даярлығына, өнімнің сапасы мен ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігіне қойылатын талаптардың артуына, сондай-ақ еңбек мазмұнының өзгеруіне байланысты туындап отыр. 
      Жұмыстардың разрядтары еңбек жағдайлары ескерілмей (еңбектің күрделілігі деңгейіне әсер ететін және орындаушының біліктілігіне қойылатын талаптарды жоғарылататын төтенше жағдайларды қоспағанда) белгіленді. 
      Жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары: «Жұмыс сипаттамалары», «Білуге тиіс», «Жұмыс үлгілері» деген үш бөлімнен тұрады. 
      «Жұмыс сипаттамасы» бөлімі жұмысшы орындай алуға тиісті жұмыстардың сипаттамасын қамтиды. 
      «Білуге тиіс» бөлімі жұмысшыға арнайы біліміне, сондай-ақ жұмысшы қолдануға тиіс ережелерді, нұсқаулықтар мен басқа да материалдарды, әдістер мен құралдарды білуіне қатысты қойылатын негізгі талаптарды қамтиды. 
      «Жұмыс үлгілері» бөлімі осы кәсіп пен осы тарифтік разряд үшін анағұрлым үйреншікті, солармен салыстырғанда жұмысшы атқаратын басқа жұмыстардың разрядтарын анықтауға болатын жұмыстардың тізбесін қамтиды. 
      Тарифтік-біліктілік сипаттамаларында жұмысшы кәсібінің осы разрядына тән жұмыстардың тізбесі келтіріледі. Бұл тізбе жұмысшы орындай алатын және орындауға тиіс барлық жұмыстарды қамтымайды. Жұмыс беруші сайланбалы кәсіптік органның немесе қызметкерлердің өзге де өкілдікті органының пікірін ескере отырып, орындалу күрделілігі бойынша тиісті разряд жұмысшылары кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында қамтылғандарға сәйкес келетін жұмыстардың қосымша тізбесін әзірлей алады. 
      «Жұмыс сипаттамасы» бөлімінде көзделген жұмыстардан басқа, жұмысшы ауысымды қабылдау және тапсыру, жұмыс орнын, айлабұйымдарды, құралдарды жинастыру, сондай-ақ оларды тиісті жағдайда ұстау, белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізу жөніндегі жұмысты орындауға тиіс. 
      Біліктілігі анағұрлым жоғары жұмысшы өзінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында саналмаған жұмыстармен қатар, анағұрлым біліктілігі төмен жұмысшылардың тарифтік-біліктілік сипаттамасында көзделген жұмыстарды орындай алуға, сондай-ақ осы кәсіптегі анағұрлым төмен разрядтағы жұмысшыларға басшылық жасай білуге тиіс. Осыған байланысты, анағұрлым төмен разрядтар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында келтірілген жұмыстар, анағұрлым жоғары разрядтар кәсіптерінің сипаттамасында әдетте, көрсетілмейді. 
      Тарифтік-біліктілік сипаттамалары сегіз разрядты тарифтік кестеге лайықталып әзірленді. 
      Қызметкердің еңбек қызметін растаушы құжаттарды толтыру кезінде, сондай-ақ тарифтік разрядты өзгерту кезінде оның кәсібінің атауы БТБА-ға сәйкес жазылады. 
      Тарифтік-біліктілік сипаттамалары жұмыстарды тарифтеу және ерекше айтылған жағдайларды қоспағанда, осы бөлімде (дерде) көрсетілген өндірістер мен жұмыстар бар ұйымдарда, меншік нысаны мен ұйымдық-құқықтық нысандарына қарамастан, жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру кезінде қолданылады. 
     


Информация о работе Құрылыс алаңын инженерлік дайындау