Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2013 в 20:25, курсовая работа
Бетон, (французша: bton, лат. bіtumen — тау шайыры), құйматас — жасанды тас материал; байластырғыш заттар (цемент, гипс, алебастр,әктас, т.б.), су (кейде сусыз) және толтырғыш материалдар (құм, малтатас, қиыршықтас, т.б.), кейде арнайы үстеме заттар қоспасының қатаюы нәтижесінде алынады; маңызды құрылыс материалы. Қоспа қалыпқа құйылғанға дейін бетон қоспасы деп аталады.
Бетон құрамындағы байластырғыш түріне қарай: органикалық емес байластырғыштармен алынған бетон (цементті бетон, гипсбетон, силикатты бетон, т.б. арнайы бетондар) және органикалық байластырғыш заттармен алынған бетон (асфальтбетон, полимербетон) болып жіктеледі. Орташа тығыздығына (көлемі бойынша) байланысты аса ауыр (2500 кг/м3-ден жоғары), ауыр (1800 — 2500 кг/м3), жеңіл (1800 — 500 кг/м3), өте жеңіл (500 кг/м3-ден төмен) болып бөлінеді.
1. Кіріспе ……………………………………………………………....…2-3
2. Жалпы мәліметтер……………………………………………………….4
3. Тәжірибе бойынша есеп беруде жиналған иллюстрациялық
мәліметтер…………………......................................................................7
4.Құрылыс орнындағы талаптар...........................................................8
5. Қорытынды…………………………………………………...………11
6. Пайдаланылған әдебиеттер…………………………………..…..……12