Экскаватор

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2013 в 13:28, курсовая работа

Краткое описание

Экскаватор (лат. excavo — түйгіштеймін, оямын) — топырақты қазып, жанындағы үйіндіге тогу немесе көлік құралдарына тиеу үшін қолданылатын жер қазатын машина. Бір шомішті және көп шөмішті болып бөлінеді. Әскерде, негізінен, бір шәмішті Экскаватор окоп, блиндаждық шұнқыр,бойтаса пана, әскери техниканы жасыратын орындар, жол, аэродром салу үшін және т.б. міндеттерді орындау үшін пайдаланылады.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................. 3
Жер жұмыстарына арналған көліктер................................4
1.1.Жер жұмыстарын орындау. Жалпы мағлұматтар..................4
1.2. Экскаватор................................................................................5
1.3.Экскаватордың түрлері............................................................7
Қорытынды............................................................................14

Прикрепленные файлы: 1 файл

экскаватор.docx

— 613.15 Кб (Скачать документ)

 

Мазмұны

Кіріспе.................................................................................................. 3

  1. Жер жұмыстарына арналған көліктер................................4

     1.1.Жер жұмыстарын орындау. Жалпы мағлұматтар..................4

     1.2. Экскаватор................................................................................5

     1.3.Экскаватордың түрлері............................................................7

  1. Қорытынды............................................................................14

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Жер жұмыстарына арналған көліктер
    1. Жер жұмыстарын орындау. Жалпы мағлұматтар

  Жер жұмыстарының  құрамына: территория және алаңдарды  тік тегістеу, қазаншұңқырлар мен  оларды қазу қайырымды топырқпен  толтыру, кейбір жағдайларда алдын  ала қопсыту, су ағызу, су  бұру және сулардың деңгейін  төмендету кіреді.

  Жер жұмыстарының  көлемі мен сипаттамасы тұрғызылатын  үймереттер мен ғимараттырдың  көлемі-жобалық және түзілістік  шешімдерінің ерекшеліктерімен  анықталады.

  Бір қабатты өнеркәсіптік  үймереттердің жер асты бөлімін  жасау үшін қаңқаның және технологиялық  жабдықтардың іргетастарының астына  қазаншұңқырлар қазылады, іргетастар  қуыстары жер мен және отырмайтын  топырақпен толтырылып тығыздалады,  инженерлік және ішкі жер асты  коммуникациялары кіргізу үшін  ұзын ор қазылады. Кейбір көпқабатты  өнеркәсіптік үймереттерде технологиялық  не болмаса басқада талаптарға  сәйкес, кейде бір қабатты өнеркәсіптік  үймереттердің жеке бөліктерінде  үй асты құрылыстар салынуы  мүмкін. Бұлар үшін де қазаншұңқыр  қазу жер жұмыстарының өндірісінің  жалпы тасқынында орындалады.

  Үй асты құрылыстары  жоқ тұрғын-азаматтық және ауыл  шаруашылығына арналған үймереттерді  тұрғызу үшін олардың іргетастарына  қазаншұңқыр және орлар қазылады, ал үй асты құрылыстары болған  жағдайда- оларды салу үшін де.

  Терең отырғызылатын  типті ауылшаруашылық үймереттер  мен ғимараттарды тұрғызғанда  қазаншұңқыр үймереттің немесе  ғимараттың астына тегіс қазылады.

  Құрылыс алаңын (тік ) тегістеудің негізгі мақсаты – әр түрлі үймереттер мен ғимараттар бөліп берген жердің табиғи бетін тегістеп , жоба белгісіне келтіру және  территорияны жайластыру.

  Тегістеу жер жұмыстарына  топырақты бір учакелерден (оймалардан) қазып алып , басқа учаскелерге(үйінділерге)  ауыстырып, төгіп және тығыздау  кіреді.

  Ойпаң учаскілердегі  алаңдарды тегістеу жұмыстарын  коммуникацялар және іргетастарды  орнаткқанша, ал үйінді учаскілерде-  осы ғимараттарды орнатқаннан  кейін жүргізеді.

  Жер жұмыстарынң барлық  процестері кешенді механикаландыру  әдісін және жұмыс өндірісінің  тиімді тәсілдерін қолдана отырып  іске асыру керек.

  Жер жұмыстарын орындайтын  машиналады таңдау топырқтың  түріне, жердің бедеріне , жер жұмыстарының  көлемі мен және тереңдігіне,  жұмысты орындау жағдаайына (үйіндігіге, көлікке), көлік құралына және  топырақты ауыстыру қашықтығына  байланысты.

  Негізгі жер қазатын  машиналарға бір және көп шөмішті  экскаваторлар, ал жерді қазып  тасымалдаушыларға – бульдозерлер  мен скреперлер пайдаланылады.

  Экскаватор (лат. excavo — түйгіштеймін, оямын) — топырақты қазып, жанындағы үйіндіге тогу немесе көлік құралдарына тиеу үшін қолданылатын жер қазатын машина. Бір шомішті және көп шөмішті болып бөлінеді. Әскерде, негізінен, бір шәмішті Экскаватор окоп, блиндаждық шұнқыр,бойтаса пана, әскери техниканы жасыратын орындар, жол, аэродром салу үшін және т.б. міндеттерді орындау үшін пайдаланылады.

  Құрылыста өзінің  қопсыту қабілетінің және жоғарғы  өнімділігі арқасында өте кең  тараған бір шөмішті экскаваторлар.  Жұмыс жағдайына байланысты олар : тік, кері күректі болады және  грейферлермен де жабдықталады. Бұл экскаваторлар арнайы жабдықтармен  көтергіш кран ретінде және  топырқты нығыздауға , қадаларды  қағуға қолдануға болады.

  Экскаватордың жұмыс  істейтін алаңы көлік құралдары  тұратын және топырақты үйілетін  жерлерді қоса есептегенде «  қазым», ал оның жылжып отырып  алған топырық учаскесі «өтіс» (өту) деп аталады.

  Тік күрекпен жабдықталған экскаваторлар өзінің тұрақты орнының деңгейінен жоғары топырақты қазуға пайдалыналады. Оларды көбінше топрығын көлікке артып (кейде үйіндіге) қазаншұңқыр және ұзын орынды қазуға қолданылады.

  Тік күректі экскаваторлар  өзінің тұрақты орнының деңгейінен  төмен ( өте терең емес) топырақты  да қаза алады. Бұл жағдайды  тек қазаншұңқырға түсу- шығу  құламасын жасағанда ғана пайдаланылады.

  Тік күрекпен жабдықталған  экскаваторлардың қазымдарының  негізгі түрі болып маңдайша (бойлай) және бүйірлі (көлденеңінен) саналады.

  Маңдайша қазымдар  өтістің еніне байланыстар ( өтіс  ені кесу радиусының R ең үлкен   шамасының 0,8-1,5 тең), орташа (ені 1,5-1,8 R) және кеңге (ені 2R дан артық)  бөлінеді (3.1,а-б сурет)

  Тік маңдайша қазымды  қолданғанда көлік құралдарының жұмыстарын өте қиындатылады, сондықтан бұл тәсіл ені кіші және бастапқы қазымдарды қолданылады.

 

 

 

  Мөлшері  едәуір  шұңқырларды қазғанда ( ені 3,5 R артық)  бүйірлі өтісті қолданған тиімді. Топырақты көлік құралдарына  арат отырып өңдеуді бүйірлі  өтіспен ұйымдастыру экскаваторлардың  жұмас параметрлерін өте толық  пайдалануға және жебенің төгердегі  айналу бұрышын азайту есебінде  олардың өнімділігн арттыруға  мүмкіндік береді.(3.2сурет).

  Кері күрекпен жабдықталған экскаваторлар өзінің тұрақты орнының деңгейінен топырақты өңдеу үшін пайдаланады және

 

ұзын орлар мен кіші тайыз қазаншұңқырларды (мысалы , бөлек  тұратын іргетастарға) қазуға қолданады. Топырақ өңдеуі маңдайша немесе бүйірлі  өтіспен жүзеге асырылады.

  Осымен бірге қазудың   маңдайша түрі негізінде ұзын  шұңқырды өстік өтіспен өңдегенде,  ал бүйірлі- қазаншұңқырды өңдегенде  қолданады. Топырақты көлік құралына да тиеп, үйіндіге де төгіп өңдеуге болады, соңғы жағдайда кері күректі экскаваторлардың тік күректімен салыстырғанда артықшылығы бар, онда көліктің қазан шұңқырға түсуі қажет емес.

  Осыдан басқа кері  күректі экскаваторлардың тік  қабырғалы ұзын орларды қазуға  мүмкігшіліктері бар.

  Кері күректі экскаваторлар  топырқты өңдегенде қазаншұңқырды  бойлай, көлденең және иректеп  жүре алады(3,3-сурет).

    1. Экскаватордың түрлері

Көп шөмішті экскаватор – үзіліссіз жұмыс істейтін, тұйықталған шынжырға (шынжырлы экскаватор) немесе роторлы доңғалаққа (роторлы экскаватор) орнатылған көп шөміштері бар жер қазатын машина. Оның рельспен жүретін, шынжыр табанды, адымдайтын түрлері бар. К. ш. э. біртектес және біршама жұмсақ жыныстарды қазуға және тиеуге пайдаланылады. Көп шөмішті экскаваторлардың жұмыс элементтерінің барлығы (қазу, кен массасын түсіретін орнына тасымалдау және оны көлік құралына немесе үйіндіге түсіру) бір мезгілде жүзеге асырылады. Ашық кен қазуда, негізінен, шынжырлы және роторлы Көп шөмішті экскаваторлар қолданылады. Роторлы және шынжырлы Көп шөмішті экскаваторлардың тиімділігі мынада: ол өзі тұрған деңгейден төмен де, жоғары да жатқан тау жыныстары массивін қаза алады. Олардың өнімд. сағатына 15 мың м3, массасы 13 мың т-ға жетеді

  Экскаватор – драглайндар жұмсақ және орта жұмысты топырақтарды өңдеуге, көбінесе экскаватор тұрағының деңгейінен төмен орналасқан қазаншұңқыр мен ұзын орлады қазғанда, үйінді  және ойма жасағанда, тегістеу жұмыстарын орындағанда жүк артушы құрал ретінде және т.б. пайдаланады. Экскаватор-драглайндар үлкен қимыл радиусына және қазу тереңдігіне.

  Жер жұмыстарын драглайндарды  қолдана отырып топырқты үйіндіге  төгіп немесе көлік құралдарына  арта отырып өңдеуге болады. Соңғы  жағдайда жұмыс шартына байланысты  көлік өңдеу үстімен де, қазбаның  табанымен де жүруге мүмкіншілігі  бар.

  Көлікті қазбаның  табаны арқылы беруді ұйымдастырғанда  топырақты арту көлденең- қайық  немесе бойлай-қайық тәсілімен  орындалады. (3.4-сурет).

  Көлденең-қайық тәсілді қолданғанда топырақ кезекпен көліктің екі жағынан да алынады және шөмішті босату жебенің айналуы тоқтамай ол көлік үстінен өткен кезде орындалады. Көліктер қазбаның табанымен экскаватор өтісінің осі бойынша беріледі.

  Бойлай-қайық  тәсілін қолданғанда шөмішті толтыру және оны босату көліктің артқы ернеу жағынан орындалады. Бұл жағдайда экскаватордың шөмішті тек қана қайта – үдемелі қозғалыс жасайды, ал платформасы айналмайды, бұл экскаватордың жұмыс циклін едәуір қысқартуға және оның өнімділігін көтеруге мүмкіндік береді.

  Экскаваторлар- драглайндар кері күректі экскаваторлар сияқты топырақты өңдегенде қазаншүңқырды бойлай, көлденең және иректеп жүре алады: (3.3-сурет)

  Грейфермен  жабдықталған  экскаватор жұмсақ және сусымалы топырақтарды үйіедіге және көлік құралдарынан жеке тұрған бағаналарға, сүрлем мұнараларының іргетасына, электр беру жүйелерінің тіректеріне қазаншұңқыр өңдегенде және құдық, терең және тар ұзын ор қазғанда пайдаланылады.

  Экскаватор – стругтар алаңдарды тегістеу және тереңдігі 1,5м артық емес шұңқырлар қазуға пайдаланады. Топырақты үйіндіге де, көлік құралдарына да өңдеуге болады.

  Скреперлерді жер жұмыстарын орындау үшін пайдаланады және келесі операцияларды орындайды: топырақты қабаттап өңдеу: алған топырақты тасымалдау: топырақты қабатпен үйіндіге үю. Оларды шұңқыр, қазаншұңқыр және ұзын орлар топырақтарын өңдеуге, қор топырағынан үйінді жасаганда : каналдар салғанда: бөгеттерге топырақ төсегенде: құрылыс және басқа алаңдар суарылатын жер және ауыл шаруашылық жерлерді тегістеуге пайдаланады.

  Алдын ала қопсытқыштармен өңделмеген жерде скреперлерді пайдалану тек қана I және II топты топырақтарда мүмкін. Тығыз қатып қалған топырақты қопсыту керек және топырқты жонылатын жоңқаның қалыңдығына сәйкес қопсыту қажет.

  Бұл жағдайда қопсытқышты орынды қолдану скрепер шөмішінің сиымдылығына байланысты оны толтыру жолдың қышықтығымен анықталады.  

      Жоңқаның  қалыңдығын ұлғайту, топырақты  толтырып алу уақытын кеміту  үшін және топырақ алу жолын  азайту, шөмішті жақсырақ толтыру  үшін итергіш- тракторлар қолдану  ұсынылады.

  Топырақты скрепермен  тілу 3 тәсілмен орындалады: дағдылы,  тарақты және қабырға- шахмет  тәрізді.

   Дағдылы тәсілді қолданып топырақты тілу шөмішті толытру уақыты бойы тартқыш қозғалтқышына үнемі күш түсуді қамтамасыз етеді.

  Тарақты тәсіл  дағдылы тәсілмен салыстырғанда шөміштің толуын жақсырақ қамтамасыз етеді және қозғалтқыштың қуатын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

   Қабырға- шахмат тәрізді тәсілді қолданғанда жоңқаның қимасы тікбұрышты және қалыңдығы тұрақты болды. Өтістің екінші қатарынан бастап жоңқа олардың ұзындығының бірінші жартысында шөміштің еніне тең, ал екінші жартысында - екі рет топырақ. Жоңқаның осындай түрі шөмішті толтыру аяқталған кезде тілу кедергісін азайтады және шөміштің тезірек толуын қамтамасыз етеді.

  Бульдозерлермен топырақты тілу, тасу, түсіру операцияларын орындау үшін арналған және іргетастарға қазаншұңқыр және ұзын ор өңдеу: бір жақтық немесе екі жақтық қорлардан биіктігі 2 м дейін үйінді жасау: 50-100м қашықтықтағы үйіндіге тасып ойманың топырағын өңдеу: қуыстарды, қазаншұңқырларды, ұзын орларды және т.б. жабу: алаңдарды және көлік құралын атүсірілген топырақты тегістеу үшін колданылады.

  Топырақты бульдозерлермен  тілу мынадай үлгілері бойынша  орындалады: тікбұрышты, сныалы және  тарақты. 

  Тікбұрышты үлгімен топырақты тілу бульдозер еңіске қарай жүргенде қолданылады. Бұл жағдайда ең үлкен өнімділікке бульдозер 10-15 градус еңіске қарай жүргенде жетеді.

  Осы жағдайда бульдозеодің  өнімділігінің өзгеруін мына  формуламен анықтайды:

                                   

 

  Мұнда - еңіс болса бульдозердің өнімділігі; Ө- бульдозердің тегіс жердегі өнімділігі; - еңістік әсерін есепке алатын коэффициент(3.1-кесте)

 

 

 

  Сыналы және тарақты  тілу үлгілерін еңіс учаскелерде жұмыс жүргізгенде қолданған жөн.

Сараптау (жоспарлау) мерзімі  ішінде роторлық экскаваторлардың пайдалануға  берілген өнімділігі әдісінің міндеттері:

 

- уақыт бірлігінде өнімді  шығарудың барынша мүмкіндік  көлемін (саны) анықтау;

 

- сарапталған күнтүзбелік  уақыт кесіндісіне (тоқсан, жыл)  құралдарды жүктеудің барынша  мүмкіндік деңгейін орнату, болашақ  жоспарланған көрсеткіштерге қалай  болса, нақтылы орнатылған баға  үшін де солай.

Информация о работе Экскаватор