Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2015 в 16:32, реферат
Бетон, құйматас – белгілі бір мөлшерде алынатын шебеннен , құмнан, қоспалардан тұратын бетондық араластың қалыпталыну және қатаю нәтижесінде пайда болатын жасанды тас материал; байластырғыш заттар (цемент, гипс, алебастр, әктас, т.б.), су (кейде сусыз) және толтырғыш материалдар (құм, малтатас, қиыршықтас, т.б.) кейде арнайы үстеме заттар қоспасының қатаюы нәтижесінде алынады; маңызды құрылыс материалы.
Кіріспе
Бетон және оның қолданылу аясы
Жеңіл бетондар, кеуекті толтырғыштар
Жеңіл бетондар үшін қолданылатын толтырғыштарды өндіру тәсілдері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар факультеті
«Геодезия және құрылыс» кафедрасы
Құрылыс өндірісінің технологиясы
РЕФЕРАТ
Қазақстан құрылыс экономикасында бетонның алатын орны және оның даму перспективалары тақырыбында.
Орындаған:
ПСМ-219 тобының студенті
_____
Темірханова Р.Т.
(қолы)
_____
_______
(бағасы) (күні)
Семей 2014
Мазмұны:
Кіріспе
Бетон, құйматас – белгілі бір мөлшерде алынатын шебеннен , құмнан, қоспалардан тұратын бетондық араластың қалыпталыну және қатаю нәтижесінде пайда болатын жасанды тас материал; байластырғыш заттар (цемент, гипс, алебастр, әктас, т.б.), су (кейде сусыз) және толтырғыш материалдар (құм, малтатас, қиыршықтас, т.б.) кейде арнайы үстеме заттар қоспасының қатаюы нәтижесінде алынады; маңызды құрылыс материалы. Қоспа қалыпқа құйылғанға дейін бетон қоспасы деп аталады. Бетон (французша beton, латынша bіtumen – тау шайыры) құрамындағы байластырғыш түріне қарай: органикалық емес байластырғыштармен алынған бетон (цементті бетон, гипсбетон, силикатты бетон, т.б. арнайы бетондар) және органикалық байластырғыш заттармен алынған бетон (асфальтбетон, полимербетон) болып жіктеледі. Орташа тығыздығына (көлемі бойынша) байланысты аса ауыр (2500 кг/м3-ден жоғары), ауыр (1800 – 2500 кг/м3), жеңіл (1800 – 500 кг/м3), өте жеңіл (500 кг/м3-ден төмен) болып бөлінеді. Қолдану түріне қарай құралымдық, құралымдық-жылу оқшаулағыш, жылу оқшаулағыш және арнайы жасалған бетондар (отқа төзімді, қышқылға төзімді, жолға төсеуге арналған, т.б.) болып ажыратылады. Бетонның ең басты қасиеті оның беріктілігінде. Беріктілігі негізінен байластырғыш материалдардың түрі мен сапасына, бетонның орташа тығыздығына байланысты. Сондай-ақ ол бетон бұйымдарының маркасымен (сығымға беріктілік шегімен, осьтік созылуымен немесе иілу кезіндегі созылуымен) сипатталады. Бетонды алғаш рет ертедегі римдіктер күмбез, арка сияқты әсемдік-сәндік құрылыстарда пайдаланған. Рим империясының күйреуімен бетонды пайдалану тоқтап, тек 18 ғасырда Батыс Еуропа елдерінде қайта қолданылды. 20 ғасырдың 40-жылдарынан бастап құрылыстың қарқынды дамуына байланысты Қазақстанда бетон кеңінен пайдаланыла бастады. Қазіргі уақытта Теміртау мен Павлодарда кеуек бетон, Астана, Алматы, Семей, Шымкент, Атбасар қалаларында керамзит бетон, ал Теміртау қаласында отқа төзімді бетон өндіріледі.
Сонымен , бетон қазіргі құрылыстарға қажетті маңызды материалдар қатарына жатады. Оны құрылыста соншама кең қолданылуын бетонның төменде келтірілген көптеген басымдылығымен түсіндіруге болады.
Шикізат қорының жетерліктей көптігі. Бетон көлемінің басым көпшілігін – 85 - 95 % дейін құм мен шебеннен ( гравийден ) тұратын толтырушылар құрайды . Ал толтырушылар қоры республикамыздың барлық аймақтарында жетерліктей . Одан басқа әзірше аз қолданып жатқан өнеркәсіптер қалдықтарынан ( ТЭС күлі , металлургиялық шлактар және т.б. ) алынатын толтырушылар қоры жетіп артылады .
Шикізатты өңдеудің оңайлығы . Бетон дайындау және одан бұйымдар жасау технологиясы онша күрделі емес жабдықтарды және механизмдерді қолданумен байланысты, көп энергия шығынын қажет етпейді. Қатаюы байланыстырушының химиялық энергиясы әсерінде жүреді. Осы оңды факторлар құрылыс жұмыстары құнын төмендетуге ықпалын тигізеді.
Табиғи тас материалында басты кедергі тау жынысында болатын жарықтар , құрылыстық керамикада – кептіру және өртеу процесінде біркелкі жүрмейтін едәуір шөгінділік деформациясы. Бұл материалдарға қарағанда бетон тұтастығын бұзбай конструкция көлемі бойынша біркелкі қатаяды; бетон қасиеті оның барлық бағытында бірдей. Оның үстіне бетон болаттық арматурамен жақсы байланысатындығынан одан тек қысымдықта істейтін конструкция ғана емес, июші жүк астында істейтін конструкцияларды да жасауға мүмкіндік бар . Қатаю процесінде бетон онша көп деформация бермейтіндіктен конструкцияларды және бұйымдарды берілген мөлшерде жасап шығару проблема емес. Осының барлығы ірі мқлшердегі бетон және темір бетон элементтерін жасап шығаруға мүмкіндік береді. Зауыттарды және полигонда жасалынатын ірі мөлшерлік бетон және темірбетон элементтерін - ірі блоктарды , қабырға және жамылтқы плиталарын, бағаналарын , арқалықтарын және басқа конструкцияларын құрылыста қолдану еңбек өнімділігін асырып, үйлерді және ғимараттарды дайын элементтерден жылдамдықпен жинауға мүмкіндік тудырады. Сөйтіп құрылыстың еңбек сыйымдылығы , материалдық және энергетикалық шығындары азаяды, техникалық экономикалық көрсеткіштері жоғарылайды.
Жеңіл бетондар, кеуекті толтырғыштар. Кеукті толтырғыштар негізіндегі бетондарды. Басқаша айтқанда, жеңіл бетондарды тығыз толтырғыштармен жасалған бетондар, яғни ауыр бетондар орнына қолдану үйлер мен ғимараттардың массасын төмендетуге және соған сәйкес көліктік және жинақтау операцияларының құндарын төмендетуге,жылу қошауын жақсартуына және сондықтанда, үйді пайдалану барысындағы энергия шығынын зайтуға ықпалын тигізіп,үйлер мен ғимараттардығ отқ, Аязға, және жер сілкінуіне төзімділігін асырады.
Жеңіл бетондардан жасалған қабырға кнструкциялары қалыңдығы кірпіштен көтерілген сондай конструкциялармен салыстырғанда2есе жұқа және энергия сыйымдылығы шамамен 1,3рет кем. Жеңіл бетондар үшін өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық өндірістерінің қалдықтарын қолдану мүмкінщілігін ерекше атап өткен жөн. Мұнда өндіріс қалдытарын пайдаланудың экологиялық маңызыда зор.
Кеукті толтырушылардың 1 м3 алуға 100кг кем шартты отын шығындағанда, жеңіл бұйымдардан конструкцияларды тұрғызудың экономикалық тимділігін, кеуекті толтырушылар құнының жоғарлығын ескере отырып, ауыр бетондармен салыстырғанда 10-20% жоғары болып шығады.
Жеңіл бетондар көптеп жасалынатын конструкциялар (қабырға панельдері,жабын плиталар, арқалықтар және т,б) жасауға және гидротехнологиялық ғимараттарда пайдаланылады.
Қазіргі кезде жасалынатын бір қабаттық сыртқы қоршаушы конструциялар үшін жұмсалатын жеңіл бетондардың орташа тығыздығы 1200кг/м3. Мұндай бетондардың класы в5, ал жылу өткізгіштігі 0,35вт/(м.к) – жүк тиелетін конструкциялар үшін мықтылығы 30 МПа болғандағы бетондардың орташа тығыздығы құрғақ кұйінде 1600 кг/м асады. Бұл әзірше, қазіргі құрлыстың талабын қанағатандырмайтын төменгі көрсеткіш.
Жеңіл бетондар үшін қолданылатын толтырғыштар өндіру тәсілдері.Жеңіл бетондар үшін қолданылатын толтырғыштар өндіру тәсілдері бойынша жанар таулық табиғи және минералдық шикі қордан және өнеркәсіп өндірісстер қалдыктарынын алынатын жасанды толтырушылары болып екі топқа жіктеледі.
Қолдану көлемі бойынша қазір басымдау жасанды кеуекті толтырушылар тығыз толтырушыларға қарағанда қымбаттау. Сондықтан, кеуекті толтырушыларды қолдану тимділігі үй мен ғимараттарды салу және пайдалану жағдайларымен байлансты болатын проблемаларды жинақтай қарастырған дұрыс болады. Соңғы кездерде кеуекті толтырушыларды өндіру көлемі 45млн.м3 болды. Оның басым кіпшілігі (83%) өртеп алынатын жасанды толтырушылар болды, мұның 70% керамзит үлесінен келетін. Сол кездерде керамзиттен басқа өнеркәсіп аглопорит, кептірлген перлит, шунгизит, шлактық пемза және басада кеуекті толтырушыларды көптеп шығара бастаған. Қабырға массасын 40%-ға дейін, материал сиымдылығын 30%-ға дейін, еңбек шығынын 15%-ға дейін үнемдеуді қамтамасыз ететін, тығыздығы шамалы жеңіл бетондардан сырттық қоршаушы конструкцияларды көптеп жасауды игеру үшін салмалы тығыздығы 400 кг/м3 деінгі және мықтылығы 2-3 МПа керамзит типтес фракциаларға бөлінген кеуекті толтырғыштарды шығару көлемі айтарлықтай көбейуді қажет етеді, бұл керамзиттің орташа салмалы тығыздығын 500 кг/м3-ден 400 кг/м3 деін төмендету технологиясын жетілдіру себебінде шешілетін міндет.
Қазіргі шығарлып жатқан керамзит әзірше жеңіл бетон құрлысының талабына онша сай келмейді. Өйткені маркалары 300-400тимді керамзит бар болған 14 % шығарылады.
Сыртқы панелдер жасайтын жеңіл бетондарға толтырушылар ретінде кеуектенген кұмды пайдалану олардың жылу қоршаушы қабілетін 15-20% жоғарлатады. Салмалы тығыздығы 200-400 кг/м3 кеуктелінген құмдарды оның ішінде перлиттік құмды, өнеркәсіптік маштабта өндіру көлемін едәуір көбейту тіпті қажет.
Бетон технологиясында , әсіресе,құрғақтай алынған күл тиімділеу. Көптеген зерттеу нәтижиелері және өндіріс практикасы бойынша құрғақтай алынған күлді 100-150кг/м3мөлшерінде қолдану ауыр бетондарда 30-40кг/м3 цемент үнемдеуге, бетон араласпасының технологиялық қасиетін жақсартуға, тығыздығын, су өткізбейтіндігін, сульфат құрақтылығын асыруға және басқада қасиетін жақсартуға әсерін тигизетіндігі, майда түйіршікті бетонда мөлшері 50-70кг/м3 цемент үнемдеуді, жеңіл бетондарда майда толтырушылар орнына қолдануды және біраз цемент үнемдеуді, ұйалы бетондарда ұнтақталған кремнеземдік компонентінің орнына қолдануға және байлансушыларды үнемдеуге мүмкіндік болатыны дәлелденген.Келешекте күл-шалшықтық түрлі бетондарда міндетті түрде қолданылатын құрама материялдардың бірі болуы қажет.
Істен шыққан ескі бетондарды екінші рет өңдеп пайдаланудыңда маңызы зор. Мұндай проблема ТББ зовоттарында бракталған конструкцияларды қайтадан пайдалану қажеттілігіне байлансты, үйлер мен ғймараттарды қайта конструкциялау барысында моралдық және конструкциялық ескірген темірбетон элементерін ауыстырарда жиі туады. Осындай жағдайларда,бетонды жарып босатылатын арматураны да, ұстатылған бетонды шебенді де тиімді пайдаланады.
Кеуекті толтырушылар ретінде қолдануға тау тастар карьеренінде кесілген тастарды өңдеу барысында 50% дейін қалдықтар шығады. Мұндай толтырушылар өндіру, оларды ұсталуын фракциялануын тас карьеріндегі үйінді қалдық базасында ұйымдастыруға онша көп қаражат қажет болмайды.
Ағаш өндеуші өнеркәсібі қалдығын пайдаланыла жасалатын арболит атты- жаңа жеңіл бетон өндірісі жылдам қарқынмен дамып келеді. Мықтылығы 2,5-5 МПа болғанда оның тығыздығы 650-850 кг/м3 аралығында ауытқиды.
Қорытынды.
Сонымен Қазақстан үшін құрылыс экономикасындағы кеуекті бетон толтырғыштарының алатын орны туралы бір жақты пікір айту қиын. Себебі, біріншіден Қазақстан терреторясы жағынан өте ауқымды ел болу себепті ол жалпы экономикалық жағынан 5 облысқа бөлінеді. Осында 5 облыстың экономикасы әр қилы дамып, өзінің алдарында жетекші салалыры бар. Атап айтатын болсақ орталық және шығыс бөліктерінде қара және түсті металлургия жақсы дамыған. Бұл дегеніміз жеңіл бетондарға қажетті кеуекті толтырғыштарды алатын өнеркәсіп қалдықтары қорының көптігін көрсетеді. Ал батыс және оңтүстікте де мұнай, газ және басқа өнеркәсіптер де бар. Және Қазақстанның әлі бірнеше ұрпаққа жететін қазба байлықтарының қорын ескерсек кеуекті толтырғыштар негізінде жасалатын бұл жеңіл бетон завоттары еліміз үшін тиімді салалардың бірі болмақ. Тағы сол сияқты тиімді тұсының бірі мемлекетіміз бұл өнеркәсіп қалдықтарын арнайы орындарға төгіп қаншама жерді алып жатқаны бір, екіншіден оларды шығаруға жылына бірнеше миллиондаған қаржы мен техниканы жұмылдырады және ол қалдықтардан жердің тыңаймайтынын және экологиялық тек зиян әкелетінін үшінші себеп екенін ескерсек онда қалдықтарды тиімді жолда жұмсаудың көзі жоғарыда атап өткендей кеуекті толтырғыштар пайдаланатын жеңіл бетондар болып табылады. Бетон технологиясында , әсіресе,құрғақтай алынған күл тиімділеу. Көптеген зерттеу нәтижиелері және өндіріс практикасы бойынша құрғақтай алынған күлді 100-150 кг/м3 мөлшерінде қолдану ауыр бетондарда 30-40кг/м3 цемент үнемдеуге, бетон араласпасының технологиялық қасиетін жақсартуға, тығыздығын, су өткізбейтіндігін, сульфат құрақтылығын асыруға және басқада қасиетін жақсартуға әсерін тигизетіндігі, майда түйіршікті бетонда мөлшері 50-70кг/м3 цемент үнемдеуді, жеңіл бетондарда майда толтырушылар орнына қолдануды және біраз цемент үнемдеуді, ұйалы бетондарда ұнтақталған кремнеземдік компонентінің орнына қолдануға және байлансушыларды үнемдеуге мүмкіндік болатыны дәлелденген.Келешекте күл-шалшықтық түрлі бетондарда міндетті түрде қолданылатын құрама материялдардың бірі болуы қажет.
Ия, табиғи толтырғыштар негізінде жасалатын орташа және ауыр бетондардың еліміз үшін экономикалық тиімділігі сөзсіз. Себебі оған қажетті шикізат қоры Қазақстанның барлық аймағында дерлік өте көп таралған. Алайда, мейлі тас, мейлі су немесе топырақ болса да біз жеріміздің экологиялық, климаттық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында өзіміздің табиғи қорымызды мейлінше ұзағырақ сақтауымыз керек.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар факультеті
«Геодезия және құрылыс» кафедрасы
Құрылыс өндірісінің технологиясы
РЕФЕРАТ
Толтырғыштарды сынау әдістері тақырыбында.
Орындаған:
ПСМ-219 тобының студенті
_____
Темірханова Р.Т.
(қолы)
_____
_______
(бағасы) (күні)
Семей 2014
Мазмұны: