Жеке мүлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2014 в 12:08, курсовая работа

Краткое описание

Жұмыстың бірінші бөлімінде негізінен сақтандырудың соның ішінде әрине жеке мүлікті сақтандырудың анықтамасы, оның қалай атқарылатындығы берілген. Сондай-ақ оның мәні, іс-әрекеті, сақтандыру сфералары жайлы сөз болады.
Қазіргі кезде сақтандыру кейбір жағдайларда міндеттілік сипат алып келеді. Оның мәні түсінікті де. Себебін айтатын болсам, медициналық сақтандыруды міндетті деп тану өте дұрыс шешім. Сақтанушы қандайда бір өмірге қауіпті жағдайға түсіп қалса оған жедел жоғары сапалы көмек көрсетілуі керек болады. Осындай жағдайда сақтандырушы заңды тұлға денсаулығын қайтаруға кететін шығынның бәрін өзіне алады. Бұл адам өмірінің сақтаулығы жанды түршіктірердей.

Содержание

Кіріспе

I. Сақтандырудың мәні
1.1 Сақтандыру деген не және ақтандырудың әлеуметтік-экономикалық, мәні, оның ic-әрекет сфералары
1.2 Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру
1.3 Міндетті әлеуметтік сақтандыру

II. Жеке мүлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесі
2.1 Ақпараттық жүйені құрудың мақсаты мен тағайындалуы
2.2 Кіріс және шығыс ақпараттары
2.3 Жеке мүлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесінің концептуалдық схемасы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жеке мулікті сактандыру.DOC

— 256.00 Кб (Скачать документ)

Сақтық жүйесі республика экономикасының сенімді әрі орнықты дамуына, халықты әлеуметтік қорғауды арттыру үшін қосымша негіз жасауға, азаматтар мен шаруашылық жүргізуші субъектілерінің мүлкін сақтандыруға ықпал етуге тиіс. Сақтандыру мәселесі, медициналық сақтандыруды қоса алғанда, әлеуметтік қамсыздандырудың проблемаларына тікелей қатысты.

Сақтандыру, табыс (пайда) түcipy мақсатымен коммерцияның шектес сфераларына қаражаттарды инвестициялау жөніндегі сақтық ұйымдарының қызметі сақтық ici ретінде болып көрінеді.

Сақтандыру — сақтық ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтық төлемі арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтық жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңи тұлғалардың заңды мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға байланысты қатынастар кешені.

Сақтандыру процесі сақтандыру шарты негізінде не өзара сақтандыру коғамына мүшелік негізінде жүзеге асырылады.

Сақтандыру шарты бойынша бip тарап (сақтанушы) сақтық сыйақыларын төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырушы) сақтық жағдайы пайда болған кезде сақтанушыға немесе оның пайдасына шарт жасалған өзге де тұлғаға (пайда алушыға) шартта белгіленген соманың (сақтық сомасының) шегінде сақтық өтемін төлeyгe міндеттенеді.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі бойынша мыналар сақтандырудың нысандары болып табылады:

міндеттілік дәрежесі бойынша — epiкті және міндетті;

сақтандыру объектісі бойынша — жеке және мүліктік;

сақтық өтемді жүзеге асыру негіздері бойынша — жинақтаушы және жинақтаушы емес.

Mіндemmi сақтандыру - заңнамалық актілер талаптарына орай жүзеге асырылатын сақтандыру. Ол сақтанушының есебінен жүзеге асырылады. Міндетті сақтандырудың әpбip түpi сақтандырудың жеке (бөлек) сыныбы болып табылады. Міндетті сақтандыру нысаны бойынша әрбір сыныптың мазмұны және оны жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар сақтандырудың осы сыныбын реттейтін заңнамалық актілермен белгіленеді.

Epiкmi сақтандыру — тараптардың еркін білдіруіне орай жүзеге асырылатын сақтандыру.

Сақтық қызметі — сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының сақтық (қайта сақтандыру) шарттарын жасау мен орындауға байланысты Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына сәйкес уәкілетті органның лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын қызмет.

Сақтық қызметін ұйымдастыру және мемлекеттік реттеу мен лицензиялауды жүзеге асыру үшін сақтандыру салаларға, сыныптарға және түрлерге бөлінеді. Сақтық ұйымының сақтық қызметі "міндітті сақтандыру" саласы және "жалпы сақтандыру" саласы бойынша жүзеге асырылады.

Өмірді сақтандыру саласы epікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды: өмірді сақтандыру; аннуитеттік сақтандыру.

Жалпы сақтандыру саласы epікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды: жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру; медициналық сақтандыру, көлік кұралдарын (автомобиль, темір жол, әуе және су көліктерін) сақтандыру; жүктерді сақтандыру; мүлікті сақтандыру (көлік құраладарын қоспағанда); кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру; көлік кұралдары иелерінің және тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауаптылығын сақтандыру; шарт бойынша азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру; зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру (көлік құралдары иелерінің және тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауаптылығын қоспағанда).

Сақтандыру mүpi сақтық ұйымы сақтанушыға сақтандыру шартын жасау арқылы сақтандырудың бip немесе бірнеше сыныбы шеңберінде әзірлейтін және беретін сақтық өнімі болып табылады.

 

 

1.2 Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру

 

Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыруға тән экономикалық қатынастар қоғамдық өндіріс процесіндегі зиянның орнын; егер бұл процесс дүлей апат пен басқа төтенше немесе күтпеген оқиғалардың нәтижесінде бұзылса, толтырумен байланысты. Зиянның орнын ынтымақтастық негізде сақтық қатынастарына қатысушылардың төлейтін сақтық жарналары есебінен толтырылады, бұл жарналардың жиынтығы, жоғарыда айтылғандай, сақтық қорларын құрайды.

Мүліктік және кәсіпкерлік тәуекелдер (қауіп-қатерлер) азаматтық-құқықтық жауаптылықты қоса алғанда, оларға байланысты мүдделерді сақтандыру жалпы (мүліктік) сақтандыруға жатады. Мұндай сақтандыру кезінде мүліктің жоғалу (жойылу) қаупі (тәуекелі), жетіспеуі немесе бүлінуі және өзге де мүліктік игіліктер мен құқықтар сақтандырылады.

Сақтанушының немесе пайдаланушының мүліктері сақтандыруға мүдделі болмаған жағдайда жасалған мүліктік сақтандыру шарты жарамсыз болады.

Жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру сақтандырылушы жазатайым жағдайдың немесе аурудың салдарынан қайтыс болған, еңбек ету (жалпы немесе кәсіби жағынан) кабілетті (толық немесе ішінapa) жоғалтқан немесе оның денсаулығына өзге де зиян келтірілген жағдайда оның қосымша шығыстарын тіркелген сомада не ішінapa немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемін жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

Медициналық сақтандыру сақтандырылушының медицина мекемесінен медициналық сақтандыру бағдарламасына енгізілген медициналық қызмет көрсетулердің сұраған жолдамаларынан туындаған шығыстарын ішінapa немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы.

Көлік құралдарын сақтандыру көлік кұралын иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы немесе жойылуы, соның ішінде айдап немесе ұрлап әкетілуі салдарынан келтірілген зиянды ішінapa немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

Жүктерді сақтандыру жүктерді иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы немесе жойылуы, соның ішінде жүктерің тасымалдану әдісіне қарамастан жоғалып кетуі салдарынан келтірілген зиянды ішінapa немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

Мүліктік сақтандыру мүлікті иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделерне (автомобиль, темір жол, әye немесе су көліктерін, жүктерді қоспағанда) оның зақымдануы немесе жойылуы салдарынан келтірілген зиянды ішінapa немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

Азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру кезінде, үшінші бip адамдардың үмітіне, денсаулығына немесе мүлігіне зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша жауапты болу (келтірілген

 зияндар үшін жауаптылықты сақтантдыру), сондай-ақ шарттардан туындайтын міндеттемелер бойынша жауапты болу (шарт бойынша жауаптылықты сақтандыру) тәуекелін сақтандыру.

 

 

1.3 Міндетті әлеуметтік сақтандыру

 

Міндетті  әлеуметтік сақтандыру –азаматтарды еңбек ету қабілетін жоғалтуына және жұмысынан айырылуына, сондай-ақ асыраушысынан айырылуына байланысты кірістің бір бөлігін өтеу үшін мемлекет ұйымдастыратын, бақылайтын және кепілдік беретін шаралардың жиынтығы, азаматтарды әлеуметтік қорғаудың мемлекет жүзеге асыратын нысандырының бірі. Алайда бұл екі жүйенің арасындағы айырмашылық азаматтардың еңбек қызметін қатысты және еңбекке жарамсыздар үшін қорларды қалыптастыру әдістерімен қаланған.

Әлеуметтік  қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру категорияларының іс-әрекетінің объективті қажеттігі ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесінің, атап айтқанда, оның құрамдастарының бірінің – жұмыс күшінің ұдайы толықтырылуының талаптарынан туындайды. Ұдайы өндірістің бұл түрі үшін қаражаттардың негізгі көзімен — еңбекақы, басқа жекеше табыстардың қорымен қатар әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру қорлары жұмыс істейді.

Әлеуметтік арналым қорларын қалыптастыруды екі қағидаты бар:

1) ұрпақтар ынтымақтастығының негізінде; жұмыс істейтін ұрпақ жұмыс істемейтіндерді қамтамасыз етеді, ал, өз кезегінде, еңбекке жарамдылықтан айырылуына карай оларды еңбек қызметіне кірген жаңа ұрпақ ауыстырады. Бұл қағидатқа негізделген жүйе Қазақстанда 1998 жылға дейін қолданылды;

2) әлеуметтік қорларға, көбінесе әлеуметтік қорға азаматтардың дербес аударымдарының негiзiнде; бұл қағидаттың ic-әрекеті кезінде төлемақылардың мөлшері нақты тұлғаның бүкіл жұмыс істеген кезіндегі салған сомасына байланысты болады. Бұл қағидаттың ic-әpекетіне негізделген жүйе Қазақстандағы зейнетақы реформасының негізіне қойылған.

Бірінше қағидатқа негізделген және Қазақстанда 1998 жылға дейін қолданылған жүйе мынадай ерекшеліктермен сипатталады:

1)  зейнетақымен қамсыздандыруға мемлекеттік монополия;

2)  әлеуметтік қамсыздандыру қорларына түсетін міндетті зейнетақы жарналарының топтастырылуы;

3) жүйе ішінде қаражаттарды қайта бөлу.

Мұндай жүйе жоспарлы директивалық экономика, еңбекке қабілетті халықтың жұмыспен толық қамтылуы, мемлекет тарапынан жан-жақты бақылау, зейнеткерлерге жұмыс істейтін халықтың жоғары ара қатынасы жағдайында тиімді болды.Өмip сүрген жүйе азаматтардың түрлі кәсіптік және әлеуметтік санаттарына арналған жеңілдіктердің көптеген түрлерінің болуымен сипатталады.

90-жылдардың басы мен ортасындағы экономиканың дағдарысы әлеуметтік сақтандыру жүйесінің де дағдарысына қозғау    салды,    бұл    жарналарды    төлеудің    базалық көрсеткіштерінің кұлдырауынан да, сондай-ақ әлеуметтік қорларға оларды толық және уақытылы аударып отыруға төлеушілердің мүдделігінің болмауынан да әлеуметтік сақтандыруға төленетін жарналардың жиналымдығының төмен деңгейінде көрінетін еді; бұл зейнеткер мен жәрдемақылар алатындар алдында берешектігі үлкен көлеміне жеткізді; әлеуметтік қорлар қаражаттарының инфляциялық құнсыздануы зейнеткерлердің күнкөріс минимумдағы кажеттіліктерін қамтамасыз  етпеді және  қорлар қаражаттарының аса шектеулілігі жағдайында әлеуметтік төлемақыларды өңбойы индексациялап отыру кажеттігін тудырды.

Қазақстанда жүргізіліп жатқан зейнетақы реформасының негізіне қойылған екінші қағидаттың ic-әрекетіне негізделген жүйе мыналармен сипатталады.

1)  зейнетақымен қамтамасыз етуді мемлекеттік реттеу;

2)  зейнетақы қорын қалыптастыруға қатысқан 30 жастан төмен емес азаматтар үшін ең аз белгіленген күнкөріс минимумын сақтау жөніндегі мемлекеттік кепілдіктері;

3)  зейнетақы жинақ ақшасын және әлеуметтік қамсыздандырудың басқа нысандарын межелеу;

4)  зейнетақы қорланымдарын қалыптастыруға еңбек етуге қабілетті жастағы барлық азаматтардың міндетті қатысуы;

5)  еңбек етуге қабілетті азаматтардың қартайғанда өзін зейнетақымен қамсыздандыру үшін жеке жауапкершілігі;

6)  инвестициялаудың тиімділігін және зейнетақы жинақ ақшасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

7)  жинақтаушы зейнетақы қорларындағы қорланымдарға азаматтардың мұралану құқығын белгілеу;

8)  қосымша epікті зейнетақымен қамсыздандыруға азаматтарға құқық беру;

9)  зейнетақы жинақ ақшасын экономикаға инвестициялау, бұл оның дамуына жәрдемдеседі.

     Міндетті әлеуметтік сақтандыру мынадай турлерге белінеді:

еңбек ету кабілетін жоғалтқан жағдай;

асыраушысынан айрылған жағдай;

жұмысынан айрылған жағдай;

Мыналар міндетті әлеуметтік сақтандырудың негізгі қағидаттары болып табылады:

  • Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасын сақтау мен орындаудың жалпыға бірдейлігі;
  • әлеуметтік төлемдерді қамтамасыз ету үшін қолданылатын шараларға мемлекеттің кепілдік бepyi;
  • міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысудың міндеттілігі;
  • заңға сәйкес әлеуметтік аударымдарды әлеуметтік төлемдерге пайдалану;
  • әлеуметтік төлемнің көзделген шарттар бойынша міндеттілігі;
  • әлеуметтік төлемдердің мөлшерін саралау;
  • міндетті әлеуметтік сақтандыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың қызметіндегі жариялылық.

Жұмыс істейтін қызметкерлерді қоспағанда, қызметкерлер, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және табыс келтіретін қызметті жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қоса алғанда, өзін-өзi жұмыспен қамтыған адамдар міндетті әлеуметтік сақтандырылуға тиіс.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына төленуге тиісті әлеуметтік аударымдар мынадай мөлшерде белгіленеді:

2010  жылдың 1-ші қаңтарынан бастап — әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 1,5 пайыз;

2011  жылдың 1- ші қаңтарынан бастап — әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 2 пайыз;

2012  жылдың1- ші қаңтарынан бастап — әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 3 пайыз.

Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес арнаулы салық режімі қолданылатын өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар үшін олардың өз пайдасына төлейтін әлеуметтік аударымдардың мөлшері белгіленген (2010, 2011 және 2012 ж.ж. 1- ші қаңтарынан бастап ҚР-ның заңнамалық актісімен белгіленетін ең төменгі жалақының тиісінше 1,5; 2 және 3 пайызы).

Информация о работе Жеке мүлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесі