Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 15:28, контрольная работа
Тәуелсіздік алып, егемен ел болғанымыз кеше ғана Республикамыз қазіргі кезде нарықтық экономика жолына біржола толығымен бет бұрды. Ал экономиканың бір бөлігі ол әрине статистика ғылымы болып табылады, себебі статистикасыз экономикада ешқандай қорытындылар, көрсеткіштер жасалынбайды.
Кіріспе .......................................................................................................3
Негізгі бөлім ..............................................................................................4
2.1 Статистикалық бақылау ................................................................................5
2.2 Статистикалық жинақтау және топтау ........................................................7
2.3 Статистикалық көрсеткіштер .......................................................................8
Қорытынды .............................................................................................10
Қолданылған әдебиеттер .......................................................................11
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті
Жаратылыстану техника факультеті
Тақырыбы: «Статистикалық теория ережелері.
Статистикалық белгелерді классификациялау»
Талдықорған 2013
ЖОСПАР
2.1 Статистикалық бақылау ..............................
2.2 Статистикалық жинақтау және топтау
..............................
2.3 Статистикалық көрсеткіштер ..............................
КІРІСПЕ
Тәуелсіздік алып, егемен ел болғанымыз кеше ғана Республикамыз қазіргі кезде нарықтық экономика жолына біржола толығымен бет бұрды. Ал экономиканың бір бөлігі ол әрине статистика ғылымы болып табылады, себебі статистикасыз экономикада ешқандай қорытындылар, көрсеткіштер жасалынбайды.
Статистика – бұл жан-жақты да, күрделі қоғамдық ғылым. Оның өзі бірнеше бөлімдерге бөлінеді. Оған жататындар мыналыр: статистиканың жалпы теориясы, ол статистиканың жалпы принциптері мен әдістерін қарастырады; әлеуметтік-экономикалық статистика – мұнда халық шаруашылығы көрсеткіштерінің жүйесін, оның құрылымы мен пропорциясын, қоғамдық ұдайы өндіріс салалары мен элементтердің өзара байланысын зерттейді; салалық статистика – өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, байланыс, сауда, қаржы, еңбек, демография және т.б. болып бөлінеді. Соңғы кезде өмір салтын, әлеуметтік қарым-қатынастарының әр алуан саласын сипаттайтын және оның көрсеткіштер жүйесін зерттейтін әлеуметтік статистика қалыптасқан. Осы аталғандардың ішіндегі негізгі бір бөлігі болып саналатын – статистиканың жалпы теориясы.
Статистиканың жалпы теориясы – ол экономика мамандарын даярлайтын статистиканың бастапқы бөлімі. Оның негізгі мақсаты – ғылыми ұйымдастырылған жүйе бойынша статистикалық әдістерді қолдану арқылы, орталықтандырылған жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту кезіңіндегі әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің сандық өзгерістерін сапалық жағымен байланыстыра отырып, зерттеу жұмыстарын қалай жүргізу керек екендігін үйрету.
Статистика – қоғамдық ғылым, ол сапа жағынан анық болатын бұқаралық әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен үрдістердің санды жағын танып біледі. Статистика нақты орыны бар және нақты уақыт жағдайындағы әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің құрылымын және бөлінуін, кеңістікте орналасуын, мезгілдегі қозғалысын анықтайды; оның
негізгі мақсатына іс жүзіндегі санды тәуелділіктер, тенденциялар және заңдылықтарды зерттеу жатады.
Статистика пәні – көптеген әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен үрдістердің мөлшерлері және санды ара қатынастары, олардың байланысы мен дамуының заңдылықтары.
«Статистика» үғымын (латын сөзі) орта ғасырларда мемлекеттің саяси жағдайы деп түсіндірген. Оны айналымға 18 ғасырда Готфрид Ахенваль енгізді.
Қазіргі уақытта «статистика» ұғымы келесі үш мағынада қолданылады.
1. Статистика – бұл іс жүзіндегі қызмет саласы, оның мақсаты болып түрлі құбылыстар туралы бұқара деректер жинау, өңдеу, талдау және жариялау болып табылады. Синоним ретінде осы жағдайда «статистика» сөзіне статистикалық есеп» сөз тіркесі қолданылады.
2. Статистика – қоғамдық құбылыстардың белгілі бір жағын немесе белгілі бір көрсеткіштің аумақтық 5 бөлінуін сипаттау үшін қолданылатын сандық
деректер.
3. Статистика – бұл білім саласы, ерекше ғылыми пән және сәйкес орта және жоғары оқу мекемелерінде оқытылатын оқу пәні.
Статистикалық белгелерді классификациялау:
Белгі – жиынтық бірлігінің сапалық ерекшелігі. Жиынтық бірлігі – бұл зерттеу жүргізгенде жасалатын есептеудің негізі. Зерттелетін жиынтықтың бірлік қасиеттерін бейнелеу сипаты бойынша белгілер екі негізгі топқа бөлінеді:
1. Тікелей санды көрініс табатын белгілер (адамның жасы, табыс мөлшері). Олар дискретті және үздіксіз болады.
2. Тікелей санды көрінісі жоқ белгілер (жынысы, мамандығы). Бұл сапалық белгілер, әдетте, атрибутты деп аталады.
Сонымен қатар, егерде сипаттамалардың мәндері қарама-қайшылы болса, белгілер баламалы (альтернативті) болады (жарамды-жарамсыз, жұмыс жасайтындар-жұмыс жасамайтындар және т.б.).
Статистикалық зерттеудің ерекшелігі сол, онда тек қана өзгермелі белгілер зерттеледі. Ондай белгілер түрлі мәндерге ие болады немесе олар жиынтықтың жекелеген бірліктерінде әр түрлі сандық деңгейлерге ие болады.
Статистиканың жалпы теориясы – бұл көптеген әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды сандық тұрғыдан бейнелейтін кеңінен таралған жалпы белгілер, ережелер және заңдар туралы ғылым. Бұл салада жалпы статистикалық мағынаға ие жалпы түсініктемелер, статистикалық ғылымның категориялары: заңдылық, көрсеткіш, орта шама, белгі және т.б. өңделеді. Сонымен қатар, көптеген құбылыстарды оқып тану әдістеріне негіздеме де беріледі.
Статистиканың жалпы
теориясының ең маңызды бөлімдері:
статистикалық бақылау; нақты, салыстырмалы,
орташа шамалар, өзгерме көрсеткіштері;
динамика қатарлары, индекстер, әлеуметтік-экономикалық
құбылыстардың өзара
Статистикалық бақылау – бұл әлеуметтік және экономикалық өмір құбылыстарының зерттелінетін жиынтық бірліктерінің белгілі белгілер тіркеуде көрініс табатын ғылыми ұйымдастырылған бұқаралық бақылау. Оны мемлекеттік статистикалық органдар, ғылыми-зерттеу институттары, ұйымдардың статистикалық қызметтері өткізеді.
Статистикалық байқау оқып танылатын жиынтықтың бірліктер белгілерін арнайы есеп құжаттарында бағалау және тіркеу жолымен іске асырылады. Осылайша алынған деректер қоғамдық өмір құбылыстарын сипаттайтын айғақ болып табылады. Статистикалық болып анықталатын айғақты келесі кезеңде жалпыламалау үшін есепті құжаттарда тіркеуін қамтамасыз ететін, бақылау болып табылады.
Статистикалық байқау келесі талаптарға сүйеніп, өткізілуі керек:
1. статистикалық бақылаудың
2. кеңістік тұрғыданда, уақыт қөз
қарасынанда зерттелетін
3. жиналатын мағлұматтардың
4. деректердің салыстырмалы
Мақсаты статистикалық деректерді алу болып табылатын, статистикалық байқау келесі кезендерді қамтиды: статистикалық ақпарат жинау, оны бастапқы өңдеу, бақылау нәтижелерін белгілі жиынтықтарға жиыстыру, алынған материалдарды жалпылау және талдау.
Статистикалық бақылаудың негізгі кезеңдері:
1. статистикалық бақылауды
2. бұқара деректерді жинау;
3. деректерді өңдеуге дайындау;
4. статистикалық бақылау
Статистикалық байқау соңында
статистикалық қызметтің өнімі
ретінде статистикалық
Статистикалық бақылаудың негізгі нысандары болып табылады:
1. статистикалық есептілік;
2. арнайы ұйымдастырылған бақылау;
3. тіркелім.
Статистикалық жинақтау - бұл жекелеген айғақтарды жүйеге келтіру болып табылады. Оны өткізген соң, зерттеу нәтижесінде жиынтық және оның құрамдас бөліктеріне байланысты жалпылама статистикалық көрсеткіштер алуға мүмкіндік пайда болады. Статистикалық жинақтау негізінде зерттелінетін құбылыстар мен үрдістер талдауы және болжауы іске асады.
Статистикалық жинақтау
жүргізу ғылыми дәлелденген арнайы
жасалған бағдарламаға сүйенеді. Аталған
бағдарламалар өңдеу
түсіндірмелерді беру негізінде
зерттелінетін әлеуметтік-
Бастапқы статистикалық
материалдың статистикалық
1. жинақтаудың мақсаты мен тапсырыстарын анықтау;
2. топтау белгілерін, топ санын және санды белгілер үшін аралық мөлшерін анықтау;
3. қарастырылатын жиынтықтың топ және топ ішіндегі топтарды қалыптастыру;
4. техникалық жұмыстар:
жиналған деректердің
Сөйтіп, статистикалық жинақтау кезінде жиынтық бойынша жиыстырылған деректер, сонымен қатар, дәл сол уақытта жекелеген топтар бойынша саналуан белгілер бойынша түрлі дәрежедегі мағлұматтар алынады.
Топтау – бұл статистикалық жиынтықты жекелеген құрамдас бөліктерге бөлу арқылы біркелкі топтарды құру үрдісі немесе зерттелетін бірліктерді қазіргі мезеттегі белгілер бойынша жеке жиынтықтарға біріктіру.
Барлық статистикалық топтамаларды шартты түрде келесідей бөлуге болады:
1) тұрпатты (типтік, типологиялық);
2) құрылымдық;
3) талдаулық (аналитикалық).
Тұрпатты топтамалар зерттелетін әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен үрдістердің типтерін анықтауға, алғашқы статистикалық материалдарды теориялық тұрғыдан жалпылауға және қажетті статистикалық көрсеткіштерді алуға мүмкіндік береді.
Құрылымдық топтамалар құбылыстардың белгіленген типтерінің құрамы мен құрылымын сипаттау үшін қолданылады; олардың көмегімен зерттелінетін жиынтықтардың құрамы бейнеленеді. Көбінесе, құрылымдық топтамалар сапалық тұрғыдан біртекті топтар үшін, ал кей кезде, жиынтықтарды бөліктерге бөлу мүмкіндік болмаған жағдайда жүргізіледі.
Талдаулық топтамалар зерттелінетін құбылыстар мен үрдістер арасындағы байланысты анықтауға мүмкіндік береді. Оларға мысал ретінде, кәсіпорындардың топтары бойынша негізгі қорлардың құны мен табыс мөлшері арасындағы, немесе еңбек өнімділігінің деңгейі мен еңбекақы арасындағы
байланыстар немесе өзге де байланыстар, бола алады.
Талдаулық топтамаларға қатысты статистикада тәуелді құбылыстарды нәтижелік, ал оларға әсер ететін құбылыстарды факторлық деп атады. Көбінесе, топтамалық құбылыс факторлық, ал белгіленген топты сипаттайтын құбылыс (көрсеткіш) – нәтижелік болып табылады.
Талдаулық топтау, құбылыстар арасындағы байланыс орнатумен қатар, осы байланысқа әсер ететін факторларды анықтауға мүмкіндік береді.
Статистикалық зерттеу кезінде және одан соң сан алуан статистикалық көрсеткіштер есептеуі және сарапталуы іске асады.
Статистикалық көрсеткіш – бұл зерттелінетін жиынтықтың сапасы мәлім болған жағдайдағы, яғни оның ішкі мазмұнына тікелей байланысты, құбылыстың санды сипаттамасы. Жалпы алғанда, құбылыстар статистикалық көрсеткіштердің жүйесі негізінде сипатталады; бұл жүйенің мақсаты - нақты статистикалық міндеттерді шешу болып табылады. Мысал. Кәсіпорынның мәні - бұл табыс алу мақсатын іске асыру үшін, құрал жабдықтар мен еңбек ресурстарының тиімді бірігуі негізінде өнім өндіру. Осы кәсіпорынның, неғұрлым, толық экономикалық сипаттамасы статистикалық көрсеткіштердің жүйесіне негізделеді: қызметкерлердің саны, пайда мөлшері, тиімділік деңгейі, еңбек өнімділігі және т.б.
Жекелеген көрсеткіштермен салыстырғанда осы жердегі сипаттама, неғұрлым, толық болып саналады.
Статистикалық көрсеткіштерді
статистикалық белгілермен
Барлық статистикалық көрсеткіштер бірліктерді қамтамасыз етуде былай бөлінеді:
- жеке – жиынтықтың жеке бірліктерін сипаттайтын;
- жинақталған – белгілі көп бірлік немесе зерзатты бейнелейтін.
Уақыт белгісі тұрғысынан көрсеткіштер былай бөлінеді:
- мезгілдік, мысалы, кәсіпорынның
қоймасындағы материалдар
- аралық, мысалы елдің жылдық ЖІӨ көлемі.
Кеңістік көзқарасынан статистикалық көрсеткіштер быдай бөлінеді: жалпыаумақтық, аумақтық, жергілікті (локальды).
Бейнелеу нысаны бойынша статистикалық көрсеткіштер келесідей бөлінеді: абсолютті, қатысты және орташа шамалар. Орташа шамалардың сипатталуы көлемді болғандықтан, әдетте, олар бөлек тақырыпта қарастырылады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Дәстүрлі және жаңадан қалыптасқан статистикалық әдістер зерттеу мақсаты мен тапсырыстарына, әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың ерекшеліктеріне, мамандануына, нысандарына қарай қолдануы тиіс.
Экономика мамандығынан
білім алатындарға
Информация о работе Статистикалық теория ережелері. Статистикалық белгелерді классификациялау