Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2013 в 15:52, доклад
Стандарттау – дегеніміз міндетті түрде орындалатын және ұсынылатын
талап, норма, ереже, сипаттамаларды анықтау мен дайындауға бағытталған
шара. Сонымен қатар тұтынушының сапалы тауарды, затты, өнімді қолдану
құқығын қамтамасыз етіп, оларды пайдалануда зиянды немесе қауіпті
жақтарын зерттейді. Нормалар мен стандарттарды дайындау өндірістің дамуы барысында тұрақты түрде үздіксіз жүріп отырады.
Стандарттау және метрология
Кіріспе
Стандарттау туралы жалпы түсінік
Метрология туралы жалпы түсінік
Стандарттау – дегеніміз міндетті түрде орындалатын және ұсынылатын
талап, норма, ереже, сипаттамаларды анықтау мен дайындауға бағытталған
шара. Сонымен қатар тұтынушының сапалы тауарды, затты, өнімді қолдану
құқығын қамтамасыз етіп, оларды пайдалануда зиянды немесе қауіпті
жақтарын зерттейді. Нормалар мен стандарттарды дайындау өндірістің дамуы барысында тұрақты түрде үздіксіз жүріп отырады. Егер де, адамдар меңгерген әртүрлі білім мен әдіс-тәсілдерін белгілі бір ережелер, белгілер, эквиваленттер және заттар үлгілерінде бекітіп отырмаса, онда келесі буында өмір сүретін ұрпаққа барлығын басынан бастауына тура келетін еді. Сонымен стандарттау адамзаттың қол жеткізген жетістіктерін, тәжірибелерін және білімдерін сақтап, олардың басқа буын өкілдеріне де жетіп отыруын қамтамасыз етеді.
Стандарттаудың
мақсаты мен атқаратын міндетте
Көптеген ғылым салалары әртүрлі үрдістерді, объектілерді немесе
құбылыстарды бір-бірімен тығыз байланыстырып зерттейді. Мәселен Стандарттау қандай істерменен айналысады? Адам
қоғамында жүретін сферадағы қайталанатын құбылыстардың ұғымы және оларға нормаларды қолданумен айналысады. Жеке ғылым саласы ретінде ол нормалар мен ережелердің қалыптасу әдістері мен принциптерін және осы нормалар мен ережелерді іске асырудың әдістерін зерттейді. Яғни, тұжырымдай келгенде стандарттаудың өзінің зерттеу объектісі болады және солардың даму заңдылықтарын зерттейді.
Стандарттаудың негізгі мақсаты – күрделіліктен қарапайымдылыққа өту
болып табылады, яғни соңғы мақсаты – адамдардың өндірістік әрекеттерін
немесе өнеркәсіпті тиімді түрде ұйымдастыруға жағдай жасау.
Өндіріс жұмыс істеп тұрған кезінде нормалар мен ережелерді енгізу де
үзіліссіз жүріп тұрады. Өндіріс пен өнеркәсіптің дамуында жұмыстың ең тиімді түрін таңдаудың міндеті стандарттауға жүктеледі. Сонымен стандарттау адамдардың тәжірибе мен білім арқасында қол жеткізген жетістіктернін әрқашан сақтап отырады және үрдісті техникалық реттеудің негізгі құраушысы болып саналады.
Стандарттаудың негізгі атқаратын міндеті - өнімнің, көрсетілетін
қызметтің, үрдістің қолданылу аясына байланысты сәйкестік дәрежесін
арттыру, халықаралық тауар алмасуда кездесетін техникалық барьерлерді жою, ғылыми-техникалық прогресті дамытып, әртүрлі салаларында бірігіп жұмыстар атқару.
Стандарттаудың объектісі - өнім, өндіріс орны, көрсетілетін қызмет және
басқаларына әртүрлі талаптар, көрсеткіштер, сипаттамалар, ережелер және т.б.дайындау_______.
Стандарттаудың облысы – стандарттаудың бір-біріменн байланысатын
объектілерінің тұтастығы. Стандарттау әртүрлі деңгейде іске асады, атап
айтсақ:
1. Халықаралық,
2. Аймақтық,
3. Ұлттық,
4. Әкімшілік-территориялық.
Қазіргі кездегі жүріп жатқан стандарттау бірінші орынға стандарттау
объектісінің сапасына баға беру мен баға беру әдістерін қояды.
Стандарттардың түрлері
Стандарттау объектісінің ерекшелігіне және оған белгіленген талаптардың мазмұнына байланысты стандарттардың мына түрлері әзірленді:
Негізге алынатын стандарттар - қолданылу саласы кең немесе техникалық реттеудің белгілі бір саласына арналған жалпы ережелері бар стандарттар. Олар басқа стандарттарды шығаруға негіз болатын стандарттар немесе әдістемелік құжаттар түрінде қолданылады. Өнімге (көрсетілетін қызметке) стандарт біркелкі өнімдер (көрсетілетін қызметке) топтарына немесе нақты өнімге (көрсетілетін қызметке) талаптар белгілейді. Өнімге, көрсетілетін қызметке әзірленетін стандарттар әр түрлі болады: жалпы техникалық шарттар түрінде, техникалық шарттар түрінде. Бірінші жағдайда стандарттар біркелкі өнімдер (көрсетілетін қызмет) топтарына қойылатын жалпы талаптарды, ал екінші жағдайда - жекелеген өнім түрлеріне қойылатын талаптарды қамтиды. Бұл стандарттар жалпы жағдайда - жекелеген өнім түрлеріне қойылатын талаптарды қамтиды. Бұл стандарттар жалпы жағдайда мынандай бөлімдерден тұрады: жіктеу, негізгі параметрлер мен мөлшерлер, жалпы техникалық талаптар, қабылдап алу, таңбалау, буып, тасымалдау және сақтау ережелері. Біркелкі өнімдер топтарына шағын сұраныстағы стандарттар әзірленуі мүмкін: техникалық талаптар стандарттары: қабылдап алу ережелерінің стандарттары, таңбалау, буып, тасымалдау және сақтау ережелерінің стандарттары. Процестерге стандарттар әзірлеу, дайындау, сақтау, жүк тасу, пайдалану, өнімді кәдеге жарату мен жөндеудің технологиялық үдерістерінде әр түрлі жұмыстарды орындау әдістеріне (орындау жолдары, тәсілдер, режимдер, нормалар) негізгі талаптарды белгілейді. Жаңа өнімді игеруді жеделдету жұмыс тарында автоматты жобалау жүйелеріне байланысты әзірленген стандарттардың атқаратын рөлі үлкен. Мысалы, осындай стандарттарды қолдану негізінде Жапонияда жеңіл машиналар шығаратын фирмалар жаңа модельдерді жобалауға жүмсалатын уақытты 2-8 есе қысқартқан. Саудада тамақ өнімдерін сақтау және сату алдындағы дайындау әдістеріне қатысты стандарттар маңызды рөл атқарады. Қазіргі кезде өнім (қызмет) сапасын қамтамасыз ету жүйелерінің шеңберінде қолданылатын басқару процестеріне қатысты стандарттар - құжаттарды сатып алуды, мамандарды дайындауды, т.б. басқару стандарттарының маңызы артып отыр. Бақылау әдісіне стандарттар өнімді жасап шығару, сертификаттау және пайдалану кезінде оған сынақ, өлшеу, талдау жүргізу әдістерін белгілейді. Әрбір әдіске олардың ерекшеліктеріне байланысты белгіленеді:
Метрология. Метрологияның негізі және мазмұны
Метрология - өлшем бірліктері туралы ғылым.
Метрология (грек сөзі “метро” - өлшем “логос” – зерттеу) – өлшем бірліктер, олардың бірліктерін және қажетті дәлдікті қамтамасыз ететін әдістері, өлшемдері туралы ғылым. Өлшеу деп тәжірибе жолымен, өлшеу құралдарының (арнаулы техникалық кұралдар) көмегімен физикалық шамалардың сандық мәнін анықтауды айтады. Табиғаттың тылсым сырларын ашу жолдарының бірі өлшеу жүргізу болып табылады. Әртүрлі өлшеу әрекетін жүргізу арқылы біз айналамыздағы материалдық дүниені сандық жағынан сипаттап, табиғатың түрлі заңдылықтарын ашамыз. Метрологияның негізін қалаушы Д.И, Менделеев былай деген: "Ғылым өлшеуден басталады. Өлшеусіз дәл ғылымдардың болуын елестету мүмкін емес". Шынында да өлшеулер жүйесінсіз ғылым мен техникалық ешқандай саласы өмір сүре алмайды. Мәселен, зерттеуші-химик, технолог-химик, инженер-химиктердің қызметі түрлі өлшеулерді жүргізумен байланысты болатыны белгілі.
Ұзындық, аудан, көлем. масса, температура және уақыт сияқты физикалық
шамаларды өлшеу ерте заманда басталған. Қазіргі кезде өлшенетін шамалардың саны әлдеқайда көп. Мысалы, механикалық. жылулық, электрлік, оптикалық., магниттік және басқа физикалық шамаларды айтуға болады. Қандай да бір физикалық шаманы өлшеген кезде оның размері бірлік
эталонының размерінен неше есе көп не аз екенін білеміз. Мысалы,
ұзындықтың эталоны метр, олай болса берілген L ұзындықты өлшеу деп
ұзындықтың осы мөлшерінде неше метр барын білуді айтамыз. Сол сияқіы,
берілген m массаны өлшегенде оның массаның эталоны - бір килограмнан неше есе артық не кем екенін білеміз. Әрине, өлшейтін шаманы мемлекеттік метрологиялық мекемелерде сақталатын арнайы эталондармен әрдайым салыстырып жатудың қажеті жоқ. Оның орнына сол эталондармен алдын ала салыстырылған өлшеуіш аспаптар пайдаланылады. Оларға ұзындықты өлшейтін (сызғыш, микрометр, өлшеуіш микроскоп), уақытты өлшейтін (сағат), массаны өлшейтін таразы), электр мөлшерін өлшейтін (амперметр, вольтметр), тағы басқа өлшеуіш аспаптар жатады. Қазіргі кездегі метрология негізгі үш құраушыдан тұрады: заң туралы, іргелі (ғылыми) және тәжірибелік (қолданбалы) метрология.
Метрологияның ғылым ретіндегі тәжірибелік қолданылуы ежелгі заманда
пайда болды. Ежелгі Русь негізгі өлшем бірліктер жүйесін Египет өлшем
бірлігіне сүйене отырып жүргізді, ал олар өз кезегінде ежелгі Грек және Рим
өлшем бірліктеріне арқа сүйеді. Әрине, әр өлшем бірліктер жүйесінің, өмір
сүрген ортаға және ұлттық
менталитетке байланысты өз ерекшеліктері
болды. Өлшем бірліктерінің аталуы
және өлшемдері арнайы құрал жабдықтарсыз,
сол кездегі заман талабына сәйкес
қолда бар мүмкіншілікті
Шынтақпен өлшеу бірлігі
бізге Вавилоннан келді, яғни ортаңғы
саусақтың үші мен қолдың бүгілетін
жеріне дейінгі аралық. XVIII ғасырдан
бастап Ресейде дюйм («саусақ» деп
аталады) және ағылшындық фут өлшемдері
де ене бастады. Орыстың өзгелерден
ерекше өлшем бірлігі үш шынтақпен
өлшегенге, яғни шамамен 152 см құрайтын
“сажень” және 248 см шамасындағы қисық
сажень болды. I Петрдің бұйрығы бойынша
ұзындық өлшем бірлігі
Метрлік өлшем жүйесі Францияда 1840 жылы енгізілді. Д.И.Менделев
атап өткендей өлшем жүйесінің қабылдануы халықтардың болашақта бір біріне жақындауына өз әсерін тигізеді. Ғылым мен техниканың дамуына байланысты жаңа өлшем жүйелерін енгізу керек болды. Өз кезегінде іргелі және қоднабалы метрологияның дамуы жүре бастады. Алғашқы уақытта микрообъектілердің қозғалыстарын зерттей отырып, олардың өлшем бірліктерін табиғаттан іздеді. Жердің өз шеңберінде айналуының бір бөлігін секундпен өлшеді, біртіндеп зерттеулер атомға, атомның ішкі бөлігіне ауысты. Нәтижесінде ескі өлшем бірліктер толықтырылып, өз кезегінде жаңалары пайда болды. Әрі қарай 1983 жылы метрдің жаңа анықтамасы қабылданып, ол вакуумдағы жарықтың бір секундтағы жүріп өткен жолы бойынша анықталып, ол 1/299792458 секундтың бірлік өлшемін құрады. Вакуумдағы жарық жылдамдығы (299792458 м/с) болғаннан кейін метрологиядағы физикалық тұрақты шама (константа) қабылданды. 1988 жылы халықаралық деңгейде электрлік өлшемдер мен шамаларды өлшеу саласында жаңа константалар, ал 1989 жылы жаңа МТШ – 90 Халықаралық практикалық шкаласы қолданысқа енді. Келтірілген мысалдарға көңіл аударсақ метрология ғылымы қарқынды дамып басқа да өлшем бірліктерінің жетілуіне өз әсерін тигізді. Іргелі және практикалық метрология дамуымен қатар метрология заңдары қалыптаса бастады. Заңды құқықты метрология – метрологияның саласы, бір-біріне байланысты және бірін бірі толықтыратын жалпы ережелер мен мемлекет тарапынан қадағаланатын өлшем бірліктерді бір жүйеге келтіру.
Заңды құқықты метрология
Мемлекеттік метрологиялық
мемлекеттк органдарды басқару мен жеке заңды тұлғалар арқылы практикаға
енгізілетін, заң және заңдасқан құжаттарға сүйене отырып метрологиялық
шараларды реттеп отырады. Заңды
құқықты метрологияның
Іргелі және практикалық
метрологияның негізгі
тығыз байланыст.