Өлшем құралдарын аттестаттау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2013 в 21:39, доклад

Краткое описание

Метрологиялық аттестаттауға республика аймағында жеке данада енгізілетін немесе әзірленетін (бір жыл ішінде бір өтінушімен үш өлшем құралынан көп емес) және мемлекеттік метрологиялық қадағалауды іске асыру саласында қолданылатын өлшем құралдары жатады, оның ішінде:
− автоматтандырылған бақылау, басқару жүйелеріне және басқа жүйелерге (кешендер) кіретін өлшеуіш каналдар;
− республикада жеке данада әзірленетін және жабдықталатын эталондар;

Прикрепленные файлы: 1 файл

Өлшем құралдарын аттестаттау.docx

— 39.80 Кб (Скачать документ)

Өлшем құралдарын аттестаттау

Метрологиялық  аттестаттауға  республика аймағында жеке данада енгізілетін немесе әзірленетін (бір жыл ішінде бір өтінушімен үш өлшем құралынан көп емес) және мемлекеттік метрологиялық қадағалауды іске асыру саласында қолданылатын өлшем құралдары жатады, оның ішінде:

− автоматтандырылған бақылау, басқару жүйелеріне және басқа жүйелерге (кешендер) кіретін өлшеуіш каналдар;

− республикада жеке данада әзірленетін және жабдықталатын эталондар;

−осы шарт пен режимнен айырмашылығы бар олар үшін метрологиялық және техникалық сипаттары нормаланған немесе осы сипаттарға әсер етуші олардың конструкциясына өзгерістер енгізілген, шарттар мен режимде қолданылатын сериялап шығарылған өлшем құралдарының жеке даналары;

−сериялап шығарылатын өлшем құралдарының жеке даналары, олар үшін жеке метрологиялық сипаттамалар белгіленеді.

Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттауға мемлекеттік басқару органдары, өлшем құралдарын өндіретін, пайдаланатын, жабдықтайтын жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – өтінушілер) ұсынады.

Өлшем құралдарына метрологиялық аттестаттау жүргізу тәртібі

Өлшем құралдары метрологиялық аттестаттауға МҒМОға мынадай құжаттар жинағымен ұсынылады:

−өлшем құралдарына метрологиялық аттесттау жүргізуге өтініш;

−өлшем құралдарын әзірлеуге техникалық тапсырма немесе оны алмастыратын өлшем құралына талаптары бар құжат және техникалық шарттар (егер оларды әзірлеу қарастырылған болса);

−пайдалану құжаттары (техникалық тапсырмамен қарастырылған көлемде);

− өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау бағдарламасының жобасы;

−өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемесінің жобасы (салыстырып тексеру әдістемесінің пайдалану құжаттарында жоқ кезінде);

−әзірлеушімен алдын-ала жүргізілген зерттеулердің (сынаулардың) хаттамасы, егер олар техникалық тапсырмамен қарастырылған болса.

Автоматты басқару және басқа да жүйелерге (кешендер) кіретін өлшеуіш каналдар үшін қосымша ұсынады:

 

− жүйеге техникалық құжаттар (кешендер);

−метрологиялық аттестаттауға жататын өлшеуіш каналдардың тізімі, метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттар немесе өлшеуіш каналдың құраушы элементтері болып табылатын өлшем құралдарын салыстырып тексеруді растайтын құжаттар.

Метрологиялық аттестаттауға ұсынылатын салыстырып тексеруші қондырғылар үшін қосымша, олардың құрамына кіретін өлшем құралдарын салыстырып тексеру немесе метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттар ұсынылады.

Метрологиялық аттестаттау бағдарламасы және салыстырып тексеру әдістемесі өлшем құралдарын әзірлеушімен немесе оны тұтынушымен (жабдықтаушымен) әзірленеді және МҒМОмен бекітіледі. Метрологиялық аттестаттау бағдарламасын және өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемесін келісім шарт негізінде МҒМОның әзірлеуіне, өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемесі жобасының орнына аттестаттауға ұсынылған өлшем құралдары үшін шет елдермен әзірленген салыстырып тексеру әдістемесін ұсынуға болады.

«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес өлшем құралдарын салыстырып тексеруші - өлшем құралдарына салыстырып тексеру жүргізу құқығына техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аттестатталған мемлекеттік метрологиялық қызметтің немесе аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерінің маманы.

 

Өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерді (бұдан әрі – салыстырып тексерушілерді) аттестаттау тәртібі Қазақстан Республикасы Премьер–Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 348 бұйрығымен бекітілген «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшыларға және өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерге аттестаттау және қайта аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оларға қойылатын біліктілік талаптар қағидаларында» белгіленген (Мемлекеттік НҚА тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 8 қарашада  № 8063 тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2012 жылғы 20 желтоқсанда бейсенбіде №440-441,  «Егемен Қазақстан» № 834-839 газеттінде жарияланған, бұдан әрі - Қағидалар).

Салыстырып тексерушілерді аттестаттауды Мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық (бұдан әрі – МҒМО) жүзеге асырады, ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 1 қарашадағы 1342 қаулысына сәйкес  «Қазақстан метрология институты» («ҚазМетрИн» РМК) болып табылады. Салыстырып тексерушілерді аттестаттау бойынша материалдар мен шешімдерді қарастыруды арнайы құрылған біліктілік комиссиясы қабылдайды.

Аттестатталған маманға ҚР СТ 2.42-2002 «ҚР МӨЖ. Өлшем түрлері. Жіктеу» бекітілген өлшеу түрлері бойынша «өлшем құралдарын салыстырып тексеруші» біліктілігі беріледі.

Салыстырып тексеруші біліктілігін алуға үміткерлерге мынадай біліктілік талаптары қойылады:

1) жоғары немесе орташа техникалық білімінің болуы;

2) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі. Жоғары техникалық білімі бар үміткерлер үшін өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында жұмыс өтілі талап етілмейді;

3) өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша нормативтік құжаттарға сәйкес өтініш берілген өлшем түрі бойынша біліктілік курстарындағы теориялық дайындықтан өтуі;

 

3) сынақ ісі таңдалған өлшем түрі бойынша өлшем құралдарының кемінде бес типін салыстырып тексеруден тұрады. Егер салыстырып тексеруші біліктілігіне үміткер бірнеше өлшем түрлеріне өтініш берсе, сынақ ісі әрбір өтініш берілген өлшеу түрі бойынша өлшем құралдарының кемінде үш типін салыстырып тексеруді жүргізуден тұрады. Сынақ ісін сынақ өткізілетін өлшеу түрлері бойынша салыстырып тексеру біліктілігін иемдену туралы сертификаты бар маман жүргізеді. Сынақ ісін өтудің жалпы мерзімі кемінде 5 жұмыс күнін құрайды.

«ҚазМетрИн» РМК салыстырып тексеруші біліктілігін алу үшін мынадай тігілген және нөмірленген түрдегі құжаттар жиынтығы ұсынылады:

1)Өтініш берілген өлшем түрлері көрсетілген салыстырып тексеруші ретінде аттестаттау (қайта аттестаттау) туралы еркін нысандағы мәлімдеме;

2)үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) білімі туралы құжаттың көшірмесі;

4) біліктілік курсын өткендігін куәландыратын құжаттың көшірмесі;

5) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы жұмыс өтілін растайтын құжаттың көшірмесі;

6)осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш берілген өлшемнің түрі бойынша тағылымдамадан өткенін куәландыратын анықтама-пікір. Құжаттар жинағын тапсырғанға дейін бір жыл бұрын берілген тағылымдамадан өткенін куәландыратын біліктілік комиссияның анықтама-пікірі есептелмейді;

7) қосымша оқулар, өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша басқа да жұмыстарға қатысқаны туралы құжаттардың көшірмесі (бар болса).

Құжаттар көшірмелері нотариуспен куәландырылуы тиіс, немесе өтініш беруші құжаттарды тапсыруда салыстыру үшін құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, олар салыстырудан кейін өтініш берушіге қайтарылады.

 

Салыстырып тексеруші біліктілігін алу туралы шешім құжаттар жианғымен өтінім берілген күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде МҒМО біліктілік комиссиясымен қабылданады.

Біліктілік комиссиясының шешімі оң болған жағдайда 5 жыл мерзімге өлшем түрлері бойынша өлшем құралдарының салыстырып тексеруші біліктілігімен аттестаттау (қайта аттестаттау) туралы сертификат ресімделеді

Біліктілік комиссиясы аттестаттаудан бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде үміткерге жазбаша түрде дәлелді бас тарту жіберіледі. Бас тартудың негізі мыналар:

1)  үміткердің белгіленген біліктілік талаптарға сәйкес келмеуі;

2)ұсынылған құжаттар жинағының Қағида талаптарына сәйкес келмеуі.

Біліктілік беруге бас тарту алған үміткер бас тартуға негіз болған сәйкессіздіктерді жойғаннан кейін құжаттарды қайта тапсырады.

Салыстырып тексеруші сертификаты жоғалған жағдайда:

1) Қазақстан Республикасының барлық аумағына таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында техникалық сарапшы (салыстырып тексеруші) сертификаттың нөмірі, берілген күні мен жарамдылық мерзімінің көрсетілуімен жарамсыз деп тану туралы мәліметтерді жариялайды;

2)МҒМО-ға техникалық сарапшы (салыстырып тексеруші) сертификатын жарамсыз деп тану туралы және сертификат нөмірі, берілген күні, жарамдылық мерзімі көрсетілген, осы тармақтың 1) тармақшасында қарастырылған мәліметтердің жариялануын растайтын құжат қоса берілуімен, сертификаттың түпнұсқасын беру туралы қажет өтініш береді.

Салыстырып тексеруші сертификаты бұзылған жағдайда сертификат беретін МҒМО-ға сертификат нөмірі, берілген күні, жарамдылық мерзімі көрсетілген, сертификаттың бұзылған түпнұсқасы қоса берілген сертификаттың түпнұсқасын беру туралы өтініш береді.

Сертификаттың екінші нұсқасында оң жағындағы жоғарғы шетінде «екінші нұсқа» сөзі көрсетіліп, бұрын берілген сертификат түпнұсқасының нөмірі, берілген күні мен жарамдылық мерзімі сақталып рәсімделеді.


Информация о работе Өлшем құралдарын аттестаттау