Денсаулыққа байланысты өмір сапасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2013 в 21:15, реферат

Краткое описание

Өмір сапасы (life quality) – бұл индивидумның өзі өмір сүріп жатқан ортасындағы оның мақсаты, қызықтылығы, стандарттылығы және де оның мәдениет контексі мен құндылықтар жүйесіндегі орны мен қатынасы. Бұл анықтамаға қарамастан дисосация жалғасуда. Кейбір авторлар өмір сапасын өмір сүру (тұрмыс), психоциалды атрибуттармен шектелу деп түсіндіреді. Ал кейбіреулер бұл категория мінездемесін мына көрсеткіштерден іздейді: ауру, өлім, симтомдар, болжам т.б. Ал үшіншілері өмір сапасын материялды және ішкі жан – дүниелік байлық, яғни тамақтану сапасы, өмір сүру жағдайы, киімнің сапасы, денсаулык сактаудың сапасы деп түсінеді. Төртіншілер оны физикалық, психикалық және эмоционалды сәттілік контексі деп айтады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

когамдык денс сактау.docx

— 29.16 Кб (Скачать документ)

Денсаулыққа байланысты өмір сапасы

 

Соңғы жылдары  көптеген экономикасы дамыған елдерде  өмір сапасы деген түсінік еніп келеді, алайда ол терминнің нақты анықтамасы әлі күнге дейін табылмаған. Адамзат  қоғамының дамуына байланысты бұл  түсінікке деген козқарас та өзгеруі  мүмкін. Әрбір келесі ұрпақ өмірге деген талаптарын ұсына отырып, оның сапалығы мен дұрыстығын айтады. БДСҰ-ның (1999) ұсынысы бойынша өмір сапасын  және адам мен қоғамның тиімді жағдайы  мен олардың мұқтаждықтарының қанағаттандырылуы (физикалық, әлеуметтік, эмоционалды  т.б) және жақсы мүмкіндіктеріне  жету дәрежесін анықтау көрсетілімі  деп қараған. Кейін келе бұл анықтама өзгеріп, қазір былайша айтылады:

Өмір сапасы (life quality) – бұл индивидумның өзі  өмір сүріп жатқан ортасындағы оның мақсаты, қызықтылығы, стандарттылығы және де оның мәдениет контексі мен  құндылықтар жүйесіндегі орны мен  қатынасы. Бұл анықтамаға қарамастан дисосация жалғасуда. Кейбір авторлар өмір сапасын өмір сүру (тұрмыс), психоциалды  атрибуттармен шектелу деп түсіндіреді. Ал кейбіреулер бұл категория  мінездемесін мына көрсеткіштерден  іздейді: ауру, өлім, симтомдар, болжам  т.б. Ал үшіншілері өмір сапасын материялды және ішкі жан – дүниелік байлық, яғни тамақтану сапасы, өмір сүру жағдайы, киімнің сапасы, денсаулык сактаудың  сапасы деп түсінеді. Төртіншілер  оны физикалық, психикалық және эмоционалды  сәттілік контексі деп айтады. Осы  мәліметтерді талқылап көрейік: Өмір сапасы деген түсінікте өмір анықтамасы жатыр, мұнда өмір- адамның басты  байлығы. Өмір түсінігі келесідей құрамдармен  анықталады:

  • Құрылған өмір
  • Тұтынушылық өмір
  • Отбасылық өмір
  • Социодениттік өмір
  • Ішкі жан – дүниелік өмір

Құрылған  өмір – адам және қоғам өмір сүруінің соңғы пункті болып табылады. Ол бір жағынан міндеттілік, ал екінші жағынан адамның ішкі мұқтаждығы (еркін еңбек, мүмкіндік, адамның  шығармашылық белсенділігінің реализациясы). Сондықтан адамның әлеуметтік еңбектік және шаруашылық табысының мінездемесі  ретінде қоғамда қалыптасқан  еңбекке днген қарым – қатынас, еңбекпен қанағаттандырылу, ғылыми- техникалық прогресстің деңгейін анықтауды  жатқызамыз.

Тұтынушылық өмір – ол адамның материалды және ішкі жан дүниелік мұқтаждықтар мөлшерін көрсетеді, яғни күнделікті өмірмен  адамның қанағаттандырылуы және субактивті көрсеткіштері. Тұтынушылық  өмір немесе адам мен мұқтаждықтарын іске асырумен және адамның өзіндік  материалды жетіспеушілікке жету және екі еселеу мүмкіншілігі.

Отбасылық өмір – (жеке, ттабиғи өмір) – бұл  өмір мен денсаулықты сақтау және жандандыру, адамзат тұқымының шығарылуы  және елдің демографиялық мінездемесі  кіреді.

Сциоадениттік өмір – азаматтың белсенділік  пен адам құқығының сақталуы, оның әлеуметтік мұқтаждығы (әлеуметтік қауіпсіздік, құқықтық қорғанушылық, әлеуметті қамтамасыз етілу) қанағаттандырылуы. Мұнда мңызды орында адамның білім және тәрбие алу, мәдениетті қалыптастыру қасиеттері алады.

Ішкі  жан дүниелік өмір – адамның жан  дүниесін, ұлт еркіндігін және дінді  тануы, көптеген интелектуалды мұқтаждықтар мен жан – дүниелік не көркемдік  қасиеттерін жатқызамыз. Адамның  ішкі жан – дүниелік өмірі махаббат, достық, сезім және жақсы болашаққа  деген сезім, религиялық ес пен діндік тұрақтылық сұрақтары жатады. Адамның  ішкі жан – дүниесі оның ішкі құлдыныстарын, жаман мен жақсыны  түсіне білуді қалыптастырады.

Жоғарыда  айтылған түсініктер мен БДСҰ-ның  ұсынуынан шыға отырып өмір сапасы анықтамасы астында қоғамдағы өз орныңды бағалау, сол орынның  өз мақсат, жоспар, мүмкіндіктеріңмен  қатынасы.

Басқаша айтқанда өмір сапасы – адамның  ішкі және сыртқы қолайлылық  дәрежесі.

БДДСҰ-ның  зерттеу жұмыстары бойынша XX ғ. соңы мен XXI ғ. басына тән өмір сапасының  негізгі критерийлері кестеде келтірілген. Өмір сапасының құрылымы 3 негізгі  компонеттерден тұрады:

  1. Өмір сүру жағдайы, яғни адамның өзіне тәуелсіз жағы (табиғи, әлеуметтік орта);
  2. Өмір сүру салты, субъективті, адам өзі жасайтын жақтары;
  3. Өмір сүру жағдайымен қанағаттануы

Қазіргі таңда медицинада өмір сапасына көп  назар аударылып отыр, сол себептен ауру және сырқат туралы көзқарас та өзгеріп  келеді.Соңғы жылдары терминдерге  байланысты өмір сапасы пайда болады. Денсаулықпен байланысты өмір сапасын  аурушаңдық пен ем көрсеткіштеріне  сүйене отырып, жалпы денсаулықты  құрайтын-физикалық, психикалық  сауықтыруларды  анықтауға  көмектеседі. Біздің елде денсаулықпен  байланысты өмір сапасы деген түсінік астында  денсаулықтың  жағдайы  мен өмірлік жағдайының  үйлесімділігін  және  физикалық, психикалық, әлеуметті жақсы өмірге  алып  келетін  жағдайларды  қарастырады.  Халықаралық өмір сапасын  анықтау  орталығы басқаша  тусінік  беріп  отыр. Ол  өмір сапасын   аурудың   физилалық, психикалық   эмоцианалды  және әлеуметті мінездемесін  және  субективті  қабылдаушылығы  ретінде  қарастырады.

Адам  өмірінің  сапасын  құратындар және критерийлер

 

Критерийлер

Құратындар

  • Физикалық

 

  • Психологиялық

 

 

  • Өз-өзін ұстау алудың дәрежесі
  • Қоғамдық өмір

 

  • Қоршаған орта

 

 

 

 

 

  • Жан дүниесі 

Күш, энергия, шаршағыштық, ауырсыну, дискомфорт, ұйқы, демалыс;

Оң эмоциялар, ойлау, оқу, түсіну, қарау концентрациясы, өзін-өзі  бағалау, сыртқы түрі, жағымсыз қобалжу;

Күнделікті белсенділігі, жұмысқа қабілеттілігі, дәрілерге  және емге тәуелділігі;

Жеке қарым-қатынастары, субъективтің қоғамдық бағасы, сексуалды  белсенділік;

Жақсы болу, қауіпсіздік, үй шаруасы, қамтамасыз етілуі, медициналық  және тұрмыстық қаматамасыз етілудің сапасы және қол жеткізу мүмкіндігі, ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі, оқуға және квалификацияны көтеруге мүмкіндік, экология (поллютанттар, шу, аймақ, климат, т.б.);

Діні, жеке көзқарастары.


                                                       

Өмір сапасын  анықтау экономикасы жаңа дамыған  елдердің денсаулық сақтау ісінде кеңінен  жайылған.

Олар қоладанады:

  • Қоғам денсаулығын мониторингінде және популяциялық зерттеулерде
  • Денсаулық сақтауда реформа мен бағдарламаның нәтижелілігін анықтауда
  • Клиникалық зерттеулерде, яғни, жаңа дәрілік препараттар мен емдеу әдістерінің сапасын анықтағанда
  • Клиникалық тәжірибесе, дәстүрлі емдеу әдістерінің эффективтілігін бағалауда
  • Формаэкономикада
  • Денсаулық сақтау экономикасында.

Соңғы жылдарда өмір сапасын анықтау отандық  денсаулық сақтауда кеңінен қолданылып келеді және келесідей мүмкіндіктерді іске асыруға көмектеседі:

  • Емдеу әдістерін стандартизациялау
  • Көптеген дамыған қалаларда қабылданған халықаралық критерийлерді қолданып орындайтын жаңа емдеу әдістерін экспертизациялауда
  • Емдеудің ерте және кеш қорытындысын ескере отырып ауру жағдайның толық индивидуалды мониторингтік қамтамасыз ету
  • Аурудың ағымы немесе соңының прогнистикалық моделін ұйымдастыру
  • Қауіп топтарын анықтаумен жүретін медико-әлеуметтік популяциялық зерттеуді жүргізу
  • Паллиативтік медицинаның фундаментальды принциптерін ұйымдастыру
  • Қауіп топтарын динамикасын бақылау және профилактикалық бағдарламаларының бағасын қамтамасыз ету
  • Жаңа емдік препараттардың экспертизация сапасын жоғарлату
  • Емдеу әдістерін мына көрсеткіштерде «баға-сапа», «баға-эффективтілік» ескре отырып, экономикалық пайдалану.

Денсаулық сақтаудың кейбір сферасында өмір сапасын  анықтауда толығырақ тоқталсақ. Клиникалық зерттеу бағдарламаның  көпшілігі әртүрлі аурудың зерттеудегі  алгоритмін таңдауға бағытталған. Бұл  жағдайда өмір сапасы емдеу нәтижелілігін  интегралды критерий ретінде қарастырады. Мысалы, түр, күш түсу стенокардиясы  мен науқастың тіршілік транслюминалды коронарлық ангиопластикаға операцияланғаннан  соң және консервативті емдеудің алдын және 6 айдан кейінгі нәтижелерін  салыстыру.

Аналогты  әсер ету механизмі бар дәрмекті препараттардың көпшлігі фармацевтикалық  нарықтағы фирмалардың көптігі  кейбір негіз салушы принциптерінің енгізілуін талап ете отырып, «баға-сапа»  принципін қолданып, қалыптастыратын  логикалық және қызметті саясатын қалыптастырады.

Халықтың  емдік  қамтамасыз ету консепциясының сәтті ұйымдастырылуының мақсаттық  белгісінің бірі болып – емдік  препараттардың нәтижелілігінің интегралдық  көрсеткіші табылады. Операцияның көпшілігі  науқастың өмір сапасын жақсартуға бағытталғанын ескере отырып, ерте және алшақ зардабын өмір сапасын  анықтаудың маңызды белгсі деп қарастыруға  болады. Мысалы, Швецарияда аортокоронарлық  шунттау операциясының өмір сапасының  әртүрлі аспектілеріне әсері  зерттелген. Өмір сапасын бағалу операциядан  алдын және соң 3 ай, 1 жыл, 2 жыл жасаған.

Кейбір зерттеулерде өмір сапасын болжамдық фактор ретінде  қарайды.  Емдеуге дейінгі өмір сапасы жайындағы мәліметтер дәрігерге  аурудың даму динамикасы мен емдік  бағдарламалардың дұрыс таңдауына  көмектеседі. Тәжірибелік фактор ретінде  өмір сапасын бағалау клиникалық зеріттеуде науқастар стратификациясы  мен науқастың индивидальды емдеу  стратегиясын таңдауда көмектеседі.

Операцияны  бастан кешкен сырқаттар үшін терапиялық және реабилитациялық  бағдарламалардың  шығарылуы олардың  өмір  сапасының  динамикасына  байланысты.

Демек, өмір сапасын   реабилитационды жоспарлардың негізі ретінде қарастыруға болады. Мысалы: миокард инфарктісімен науқастардың өмір сапасына реабилитация  типтерінің  әсерін анықтау.

Стационарлы  реабилитация түрлері инфекциядан  кейінгі кезеңнің клиникалық ағымына  байланысты емес, ал тездетілген реабилитация оң динамикалы яғни  аурудың асқынбаған түрімен ауыратын науқастардың өмір сапасының динамикасына оң әсер етеді. Санитарлық-курортты реабилитация этапы, миокард инфарктін бастан кешірген науқастардың өмір сапасын жақсартады.

Өмір сапасын  анықтау медициналық көмектің сапасын  бақылауда да маңызды рөл атқарады. Өмір сапасын зеріттеу медициналық  көмек көрсету жүйесінің нәтижелілігін  анықтайтын әмбебапты жоғарғы информативті құрылым болып табылады және науқас жайлы обьективті баға береді.

Өмір сапасын  бағалау фармакоэкономикада да кеңінен  қолданылып келеді.  Фармакоэкономиканың  зеріттеулер денсаулық сақтаудағы қазіргі заманға сай әдістемелік  өмір сапасының ұзақтығының және жақсартудың әртүрлі технологияларын  анықтайды. Фармокологиялық талдау диагностикалық , профилактикалық және  реабилитациялық іс-шаралардың нәтижелілігін  және емдік технологияларды бағалау  үшін қолданылады. Фармакоэкономиканың  бір тапсырмасы ол - емдеуге минималды  шығындарды жарата отырып, науқастың  максималды жоғары өмір сапасын қамтамасыз ету.

Өмір сапасын  бағалау қалай жүргізу керек? Ол өте қиын мәселе, негізгі жағдай өмір сапасының 2 жағы бар екендігінде; обьективті және субъективті  (психологиялық), яғни әртүрлі нормативті және статистикалық  мінездемелер арқылы халықтың қызығушылымен  қажетті міндеттерінің қанағаттандырылу дәрежесін анықтауымызға болады. Біздің елде статистикалық есеп беруде келесі көрсеткіштер қолданылады:

  • Орташа жандық ақшалық кірістер;
  • Нақты ақшалық кірістер;
  • Ақшалай кірістердің сатып алушылық қабілеті (өмірлік минималдық  жиынтығы)
  • Өмір сүру минимумы;
  • Бір жұмыскердің номиналды орташа айлық еңбекақысы;
  • Еңбекке қабілетті халықтың өмір сүру минимумымен орташа еңбекақысының қатынасы;
  • Белгіленген зейнетақының орташа көлемі;
  • Айлық еңбекақысының қызмет мөлшері;
  • Орташа жандық ақшалай шығындар;
  • Өмір сүру минимумынан төмен кірісі бар халық саны;
  • Барлық ақылы қызмет көрсетулер мен заттардың тұтынушылық бағасының индексі

Бірақ келтірілген  көрсеткіштер халықтың жағдайының жалпылама  бағасын береді, яғни өмір сапасын  емес, өмір деңгейін көрсетеді. Нақты  адамдардың  қызығушылығы мен мұқтаждықтары  әрдайым индивидуалды және индивидтердің  субъективті көзқарастарына бағытталады. Себебі бірдей заманда өмір сүретін  адамдардың өмір сапалық көрсеткіштері  әртүрлі болады, сондықтан мынадай сұрақ  туындайды: субъективтіні объективті түрде бағалауға бола ма?

    Г.  Галилей былай деген: «өлшенген  көлем, өлшеуге келмейтін затты  өлшейді». Қазіргі таңда өмір  сапасын бағалаудағы эффективті  әдіс – ол халықты сұрастыру,  яғни стандартты сұрақтарға, стандартты  жауап алу. Сұрақ жүргізудің  координациялық  жұмысын тілдің  және экономикалық формацияларын  1995 жылы құрған Франция институты  МАРІ өз мойнына алды. Медицинадағы  қазіргі таңдағы өмір сапасын  зерттеу концепциясына 3 негізгі  белгі тән:

Информация о работе Денсаулыққа байланысты өмір сапасы