Жеке тұлғаның психикалық қасиеттері мен процестері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2015 в 17:20, реферат

Краткое описание

Социометрия тәсілін қолдану мынадай кезеңдерден тұрады:
1) әдейі мақсат қойып, тәжірибеде қамтылған адамдардың өзара қатынасын зерттеу;
2) мақсатқа сәйкес анкета жасап, оларды сыналушыларға тарату;
3) зерттеуге катысушылардың шынын айттыру үшін олардың жауабын өзгелерге жария етпеуді ескерту;

Содержание

Ι. Кіріспе
ΙΙ. Негізгі бөлім
Жеке тұлғаның психикалық қасиеттері мен процестері.
Азаматтардың әрекет қабілеттілігі.
Тарбие.
ΙΙΙ. Қорытынды

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жеке т-л-аны- рухани-адамгершілік -асиеттерін.docx

— 35.03 Кб (Скачать документ)

Тарбие.Тәрбие көптің ісі. Тәрбие мәселесімен қоғамдық ұйымдар, мектептер, мекемелер және жұртшылық болып айналысқан жағдайда ғана ол нәтижелі болады. Сондықтан да тәрбиенің мәні, біріншіден, қоғам үшін саналы, белсенді, ізгіленген, іскер азаматты қалыптастыру болса, екіншіден, жеке адам үшін-оны өмір сүре білуге, өзін қоршаған ортамен қарым-қатынас жасай білуге үйрету. Олай болса, тәрбие процессі деп - қоғамдық талап-тілектеріне сай әр жеке тұлғаның ақыл-ойын, сана сезімін, ерік жігерін, мінез-құлқының ерекшеліктерін жүйелі түрде қалыптастырып, дамытудағы тәрбиемен тәрбиеленушілердің өзара бірлескен әрекетін айтамыз.Адамдарды табиғат жаратса да қоғам әрбір жеке адамдардың қабілетін дамыту үшін бәріне бірдей жағдай жасап, ортақ тәрбие беруге тиіс. Кезінде б.э.д. ІҮғ.Аристотель, тәрбиенің қоғамдағы атқарылатын қызметінің маңызына айырықша мән беріп, атап көрсеткен.”Тәрбиенің қатаң заңы болуы тиіс, және ол ортақ болуы тиіс”-деп есептеген. Платон “Тәрбиешінің әрекетінде кең түрде және қатаң бақылаудың болуы қажет- деп отырса, “Бізде заңды қорғаушы, қырағы болуы тиіс; олардың мінез құлқын түзетуі және әр кезде оларды заңға сәйкес игілікке бағыттап отыруы тиіс” деп есептеген. Ал, қазіргі кезде біздің қоғамда өркениеттілікке бағытталған “Білім беру” заңы бар. Бұл заңды бүгінде барлық оқу-тәрбие үдерісінде басшылыққа алып, бірінші әлеуметтік мекемелердің міндетті ортақ ісіне айналып отыр.

Тәрбиенің қоғамдағы атқарылатын қызметтеріне орай өзіндік ерекшеліктері бар.

1. Тәрбие қоғамдық процесс.

Себебі, қоғамның материалдық жағдайының өсуі, идеологиясының өзгеруіне байланысты тәрбиенің мақсат, міндеттері, мазмұны мен ұйымдастыру тәсілдері де толығып жаңа жағдайға сәйкес жақсарып отырады. Ал қоғам дегеніміз-адамдардың тіршілік етуі, өмір сүруі үшін топтасқан ортасы. Қоғамнан тыс өмір сүру мүмкін емес.

ІІ.Тәрбие мақсатты процесс.Тәрбие мақсаты айқын әрі нақты өмір жағдайына сай белгіленсе ғана өз нәтижесін дұрыс береді.

ІІІ.Тәрбие біртұтас процесс. Себебі тұлға жеке адам ретінде тәрбиеленеді. Сондықтан да жеке тұлғаның кісілік қасиеттерінің қалыптасуы жеке–дара атқарылмайды, керісінше бір мезгілде, біріңғай жағдайда жүзеге асырылады. Өйткені, тұлғаның қалыптасып дамуы тұтас процес. (өзгеше тәрбиелер-діни экстремизм т.б. )

ІҮ.Тәрбие ұзақ әрі күрделі процесс. Жеке адамның қалыптасуы бүтіндей бір ұзақ дәуірді қажет етеді. Адам баласы туғаннан бастап, есейіп ержеткенге дейін тәрбиенің ықпалында болса, кейінгі уақытта ол өзін-өзі тәрбиелеу процесімен жалғасып отырады. Екіншіден тәрбиелеу барысында қойылатын мақсаттың нәтижесін көбінесе жуық арада байқалмайды. Өйткені, әрбір жеке тұлғаның мінез құлқында дара ерекшеліктері, қабілеттері, дүниетанымы бірінғай қалыптасып дамымайды. Оған ықпал ететін ішкі және сыртқы факторлардың да әсері мол.

Ү.Тәрбие көпжақты процесс. Жасөспірімдерді азамат етіп тәрбиелеу, қоғамдық пайдалы еңбекке әзірлеу процесі, қоғамның барлық азаматтарының міндеті, отбасы, мектеппен жұртшылықпен бірлесіп атқаратын ортақ іс. Дегенмен де ата-аналармен жұртшылық әрекетін қадағалап, бағыт-бағдар беріп, олардың бала тәрбиесіндегі жұмыстарын бірінғай бағытта ұйымдастырып отыратын ол-ұстаздар тобы. Оның орталығы –мектеп.

XXI ғасырда көтеріліп отырған  «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білімінің түп-тамыры тереңде жатыр. Ол халқымыздың ұлттық құндылықтарынан, рухани мұраларынан, ділінен, тағылымдық ой - толғауларынан бастау алады. «Өзін-өзі таныған, өмірдің мәнін түсінген адам, өзін-өзі қадағалап, сынап, өзін-өзі тәрбиелеуге, өмірден өз орнын, өз бақытын табуға ұмтылады. Өзін-өзі тану – адамның шындықты өзінше түсіну жағынан қарастыратын ғылым, ол өз бойындағы бірегейлікке сәйкес келетін өзінің жеке құндылықтар жүйесін жалпы адамзаттық құндылықтар жүйесімен біртұтас қарауға негізделеді. «Өзін-өзі тану» пәні білім берудің басымдылықтары – рухани-адамгершілік білімді іске асыруға, ұлттық және жалпы адамзаттық мәдениетті үйренуге ықпал етеді. Бала әр түрлі мәселелерді адамгершілік нормаға сәйкес конструктивті шешуге үйренеді. Өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау, көмек беру, қамқорлық жасауға баулиды. Жасампаздық белсенділік, азаматтық және отансүйгіштікке тәрбиелейді.   Қазіргі кезеңнің ең басты қажеттілігі – адамдар арасындағы сыйластық, бірін-бірі қадірлеу, бірін-бірі құрметтей білу мен бағалай алуы, яғни адамдардың өзін-өзі, қоршаған ортаны, әлемді тани білуі. Сондықтан да оқу-тәрбие үрдісіне еніп отырған «Өзін-өзі тану» пәнінің әлеуметтік-рухани өмірде алатын орны ерекше. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес өзін-өзі тануға, өзін дамытуға бағытталған жұмыстар мектепте ғана емес, отбасында да ата-аналардың көмегімен жалғасын тауып, өзара ықпалдастық бағытта жүргізіледі.Сонымен қатар «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту арқылы мектептегі басқа пәндердің әлеуетін күшейтеміз. Әрбір оқушының өзін-өзі тануы жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыруда ықпалы зор. Бұл пәннің тағы бір ең басты ерекшелігі – адамзат баласының ғасырлар бойы жинақтаған адами асыл қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, ата салт пен ұлттық ұлы дәстүрлеріміздің жиынтық тәрбиесін тамырына тағлым етіп дарыту.Халқымыздың сан ғасырлық тыныс-тіршілігінің өзіндік ерекшеліктерінен туындаған ұлттық тәлім-тәрбиеге қатысты салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарының дені қазіргі этика, педагогика, психология ғылымдары тұжырымдарымен қиюласа, астарласып жатады. Осы саладағы рухани мұрамызды осы күнгі ғылым деңгейіне, оның төңірегіне топтастырып, жүйе-жүйесімен талдауға алсақ, бұлардың өзіндік сыр-сипаты айқындалады. «Өзін-өзі тану» бойынша жүргізілетін жаттығулар түрлеріне «Өзіңді бағалау», «Мен басқалардың көзімен», «Жаңа түрге ену», «Футболкадағы қолтаңба», «Өзіңді тексер» тесті т.б. жатады. Сонымен қатар, әрбір оқушының өзіне сенімділігін тудыру, оны қалыптастыру – «Өзін-өзі тану» пәнінен дәріс беретін мұғалімнің басты міндеті. Ол үшін оқушыларға мынадай ақыл-кеңестерді ұғындырып, үнемі қайталауды, іштей ойлап жүруді әдеттендіру қажет. Мысалы, «Өзің туралы жағымды ойлауға үйрену», «Өзің туралы жағымсыз ойлардан құтылу», «Өзіңді сүй», Өзіңді неғұрлым азырақ сынауға тырыс», «Өзіңнің жеткен биігіңді өзің теріске шығарма», «Өз бойыңнан жақсы қасиеттерді ізде», т.б.Әр оқушының бойында өз-өзіне деген сенімділікті ұялатумен қатар, оны айналасындағы қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауға да үйрету өте қажет. Бұл мақсатта қолданылатын қарым-қатынасты дамытуға арналған жаттығулар мен іскерлік ойындар түріне «Бет-әлпетті есте сақтау», «Ол қалай күледі», «Көңіл-күйге ортақтасу», «Қоштау», «Күлкі», «Саған аманшылық тілеймін», «Нажағай қаупі жоқ» секілді ойындар мен «Тыңдай білу іскерлігі», «Мен сізді тыңдап отырмын», т.б. жаттығуларды орындату арқылы оқушыларды өзара сыйластыққа, қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелейміз.Оқушылар, сонымен бірге, сабақта шығармашылық жұмыстарды жиі орындайды. Өз бетінше ізденеді, берілген тапсырмаларға өмірден мысалдар келтіре отырып, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге, ой түюге үйренеді. Бұл жұмыстардың олардың жеке «менін» ашуға, өзіндік бет-бейне, жеке тұлға ретінде қалыптасуына үлкен маңызы бар, жалғасын тауып, өзара ықпалдастық бағытта жүргізілуі тиіс.

 

 

                                         Әдебиеттер тізімі:

1. С.А. Назарбаева Адам  әлемі және әлемдегі адам: өзін-өзі  тану теориясы мен практикасы. (Алматы, 24 желтоқсан 2007ж) – Алматы: «Бөбек»

 2. Игенбаева Б.Қ. Адамгершілік  сабақтары.  Алматы. 2000ж.

3.Сухомлинский В.А. Балаға  жүрек жылуы. Алматы. 1976ж.

4 . «Жаңа әлемдегі жаңа  Қазақстан » Н.Ә.Назарбаев.

5 . «Қазақстан Республикасының  мемлекеттік жалпыға міндетті  білім беру стандарты » 2010ж

6 . «12 жылдық білім » №1,5,7,9 2011ж.

7. Маралов В.Г. Основы самопознания  и саморазвития. / В.Г. Маралов - М.: Издательский  центр «Академия», 2002. – 256 с.

8. Майерс Д. Социальная  психология / Д. Майерс. -Спб: Питер, 1999. – 637

9. Джакупов С.М. Экспериментальные исследовния этнических предубеждений // Теоретические и прикладные проблемы социолизации личности: Межвузовский сборник научных трудов. Часть ІІІ. / Под.ред. С.М. Джакупов. –Алматы, 2002. -162 с.

10. Бодалев А.А. О смысле жизни человека, его акме и взаимосвязи между ними // Мир психологии, 2001. № 2.- 54-58 с.

 

 

 


Информация о работе Жеке тұлғаның психикалық қасиеттері мен процестері