Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 08:17, реферат
Әлеуметтану, басқа гуманитарлық ғылымдардан айырмашылығы, жеке адамды зерттеудің бір ракурсы – жеке адам - әлеуметтік өмірдің қайнар көзі, оның шынайы әрі жалғыз қайраткері және дамытушысы, әлеуметтік өмірдің, әлеуметтік әрекеттестіктің, институттардың және тағы басқалардың бөлінбес бөлшегі ретінде қарастырады. Жеке адам және қоғам мәселесі әлеуметтануда салыстырмалы тәуелсіз, бірақ бір-бірімен тығыз байланысты 2 ракурста зерттеледі.
Біріншісі әлеуметтік институттар, қауымдастықтар, жалпы қоғам қалай құрастырылған, жеке адамның қажеттіліктерімен қандай қатынаста болатындығының мәнін ашуға; біріншілері оның мүдделерін қаншалықты бейнелей алатындығына және бейнелеуі керектігіне немесе олар тәуелсіз, тек өз даму логикасына байланысты екендігін ашуға бағытталған.
Жеке тұлға социологиясы
Әлеуметтану, басқа
гуманитарлық ғылымдардан айырмашылығы,
Біріншісі әлеуметтік
институттар, қауымдастықтар, жалпы
қоғам қалай құрастырылған, жеке
адамның қажеттіліктерімен
«Қоғам және жеке адам» мәселесінің екінші ракурсының мәні - бірнеше мәселеден тұрады: белгілі бір социуммен жеке адам қаншалықты өзара әрекет етеді, қаншалықты өз тәуелсіздігін, автономдылығын көрсете алады; немесе қоғам, қоғамдық байланыстар, институттар жеке адамның құндылықтарын, олардың иерархиясын, өмір жолын қатал реттейтіндігін зерттейді.
Әлеуметтану шынайы әрекет ететін, таңдайтын, талғайтын субъект ретіндегі жеке адамды зерттейді. Сонымен қатар, тұлғаның шынайы өмір әрекетінің тұрақты, қайталанбалы элементтеріне, оның қоғаммен өзара байланыстарына көп көңіл бөледі. Жеке адам социологиясының басты проблемасы болып әлеуметтік жағдайлар (байланыстар, әлеуметтік және билік институттары, әлеуметтік қауымдастықтар) мен адам іс-әрекетінің өзара ықпалы табылады. Бұл мәселелерді шешуге талпыныс болып жеке адамның түрлі әлеуметтік концепцияларының (ХХ ғасырдың екінші жартысынан) пайда болуы саналады: Чарльз Кули, Джордж Мидтің айнадағы Мен теориясы, Райт Линтон, Талкотт Парсонс және т.б. рөльдік теориясы, социологиядағы необихевиоризмның жекелеген салалары, референтті топтар теориясы және ұстанымдар теориясы т.с.с. Теориялардың ортақ қасиеті - адам даралығын спецификалық фактор және белгілі бір факторлардан: индивидтер әрекеттестігі, қоғамда олардың белгілі бір рөльдерді атқаруы, әлеуметтік стимулдар, қажеттіліктер, бағыттардан тікелей пайда болатын туынды ретінде мойындау. Жеке адаммен, оның әлеуметтік қатынастағы орнымен байланысты мәселелер жиынтығын талдай отырып, жеке адам социологиясы көптеген категорияларды (бейімделу, белсенділік, тәрбие мүдделер, мотивтер, қажеттіліктер, құндылықтар, жеке адам түрлері, ұстанымдар, т.б.) қолданады. Айнадағы «Мен» теориясында (Ч.Кули, Дж.Мид) тұлға толығымен адамның әлеуметтік шартталған «Меннен» туындайтын функция ретінде қарастырылады. Жеке адамның негізі, оның өзіндік санасы – бұл әлеуметтік әрекеттестіктің нәтижесінде индивидтің өзіне объект ретінде, басқа адамдар көзімен қарауды үйренуі нәтижесіндегі әлеуметтік өзара әрекеттестігі ретінде бейнеленді. Осылайша, жеке адам – адамның әлеуметтік өмір үрдісінде жинаған объективті қасиеті түрінде түсіндірілді.
Әлеуметтік статустар иерархиясы қоғамдағы немесе әлеуметтік қауымдастықтағы, қабаттағы, топтағы адамдардың белгілі бір позициясының маңыздылығын бейнелейтін «престиж» ұғымымен бекітіледі. Мамандық, лауазым, қызмет түрлері престижді болуы мүмкін. Престиж – адам тілектерін, ниеттерін, әрекеттерін қозғаушы, ал престиждік бағалау – кәсіби жұмыс бастылықты, әлеуметтік орын ауыстыруды, тұтыну құрылымын анықтайтын т.б. адам мінез-құлқын реттеуші болып табылады.
Рөльдік теория негізін
қалаушылардың бірі Р.Линтон әлеуметтік
рөльді – адам статусымен байланысты
күтілетін мінез-құлық ретінде
анықтайды. Бұл рөльдік күту адамның
әлеуметтік статусынан туындайтын белгілі
бір мінез-құлық ережелерді немесе нормаларын
орындау және игеру жағдайында іске асады.
Әр статусқа көптеген рөльдер қызмет ететіндігін
атап айту маңызды. Зауыт директоры жоғарыдағы
басқарушылар алдында бір рөльде, қол
астындағыларының алдында екінші рөльде,
әке түрінде – үшінші рөльде болады. Бірақ
барлық жерде ол зауыт директоры болып
қала береді, бұл оның басты статусы. Алайда, барлық
рөльдерде, сонымен бірге, директор, әке
рөльдерінде де оләртүрлі
Адам бір уақытта
бірнеше статусқа ие болуы мүмкін
және көптеген шексіз рөльдерді атқарады.
Әдетте, рөльдер жиынтығы сәйкес статусқа
бекітілген ресми және
Рөльдердің көптігі рөльдік
қақтығыстар деп аталатын жеке адамның
ішкі қақтығыстарын туғызады. Олар көбінесе іс-әрекет
мотивтерініңкүресі түрінде болады. Бұл мотивтер негізінде
Жеке адам өмір шарттары
мен қоғамдағы мінез-құлықты
Ұстанымдар теориясында жеке адам индивидке күнделікті ықпал жасау арқылы қоғамды тудыратын, кейде саналы емес ұстанымдар түрінде қарастырылады. Түрлі ұстанымдарды жинақтай отырып, адам жеке адам болуға әдеттенеді. Оның санасында жеке адам болу қағидалы ұстанымы пайда болады.
Жеке адамның әлеуметтік концепцияларының бір тобы жеке адамға социогендік қажеттіліктер жиынтығы және қоғам тудыратын бағыттар түрінде қараумен байланысты. Қоғам жеке адамның дамуына әсерін тигізетін әртүрлі қажеттіліктерді тудыра отырып, дамиды.
Жеке адамға деген көзқарастардың даму диалектикасы жеке адамды ықшамдайтын схемаларын жеңу, оның жүйелік түсінуге өту жолымен іске асады.