Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Сентября 2013 в 19:45, реферат
Егер де әлеуметтік психологияда жеке тұлғаны талдаудың түйіні- оның топпен әсерлесуі болса, онда ең алдымен қоғамның жеке тұлғаға әсері қандай топтар арқылы іске асырылатынын анықтау қажет.Ол үшін жеке адам даму барысында қандай микро, макроортада болғанын қарастыру керек. Яғни, әлеуметтік психологияның дәстүрлі тіліне жүгінсек, бұл — әлеуметтену проблемасы.
1. Жеке тұлға анықтамасы
2. Жеке тұлғаның әлеументтенуі
3. Қазіргі кездегі жеке тұлға мәселесі
Жоспар:
1. Жеке тұлға анықтамасы
2. Жеке тұлғаның әлеументтенуі
3. Қазіргі кездегі жеке тұлға мәселесі
1.Жеке тұлға анықтамасы
Әлеуметтік психология, жалпы психологиядағы «жеке тұлға» анықтамасына сүйене отырып, жеке тұлға бір жағынан, қандай нақты топтарда әлеуметтік әсерлерді қалай игеретіні, екінші жағынан нақты топтарда өзінің әлеуметтік мәнін қалай іске асыратынын анықтайды. Жеке тұлғаны зерттеуде әлеуметтік психологияның негізгі бағдары: жеке тұлғаның топпен қарым-қатынасында, немесе жеке адамды топ мүшесі ретінде қарастыру. Әлеуметтік психологтар адамдардың кәсібі бір-бірін қалай бағалайды, бір-біріне қалай әсер етеді, әлеуметтік жағдайлардың ықпалы көптеген адамдарды адамгершіліктік немесе қатыгездік көрсетуге қалай итермелейді, қалайша адамдар келісімпаз немесе тәуелсіз болады деген сұрақтарға жауаптар іздестіреді.
Егер де әлеуметтік психологияда жеке тұлғаны талдаудың түйіні- оның топпен әсерлесуі болса, онда ең алдымен қоғамның жеке тұлғаға әсері қандай топтар арқылы іске асырылатынын анықтау қажет.Ол үшін жеке адам даму барысында қандай микро, макроортада болғанын қарастыру керек. Яғни, әлеуметтік психологияның дәстүрлі тіліне жүгінсек, бұл — әлеуметтену проблемасы.
Екінші жағынан, егер де жеке тұлғаны қалыптастырудағы әсер етуші жүйелерқарастырылса, онда нәтиже қандай болады, жеке тұлға басқалармен белсенді қарым-қатынасқа түскенде өзін қалай ұстайды, немесе оның әлеуметтік бағдары қандай екенін қарастыру қажет.
Осы екі бағыт та әлеуметтік психология ғылымының жалпы қисынынан туындайды және де осы бағытта әлеуметтік психологтар тарапынан көптеген эксперименттік зерттеулер жүргізілген (әсіресе, шет елдік ғалымдардың жетістіктеріқомақты). Қазіргі кезде үшінші бағыт-жеке тұлғаның әлеуметтік-психологиялық сапаларын талдау проблемасы да туындап отыр.
2. Жеке тұлғаның әлеуметтенуі.Әлеуметтену ұғымы. Әлеуметтік ұғымының мазмұнын «индивидтің әлеуметтік ортаға енуі», «әлеуметтік әсерлерді игеруі», «әлеуметтік байланыстар жүйесіне араласуы», т.с.с. процестерден түсінуге болады. Әлеуметтену процесі, жеке тұлғаның қоғам мүшесі ретінде өмір сүруіне мүмкіндік тудыратын құндылықтар мен нормалар жүйелерінен игеруіне қажет бүкіл әлеуметтік процестерінің жиынтығы.
Әлеуметтенудің мәнісі, ол – екі жақты процесс екендігінде, біріншіден, әлеуметтік ортаға кірудің арқасында индивидтің әлеуметтік тәжірбиені игеруі, екіншіден, индивидтің осы әлеуметтік байланыстар әлеуметтік ортаға белсенді араласуының арқасында, сол әлеуметтік байланыстар жүйесін белсенді түрде қайта жасау процесі. Біріншісі — әлеуметтік тәжірбиені игеру ортаның адамға әсерін сипаттаса, екіншісі, адамның өз іс-әрекетінің арқасында ортаға әсер етуін көрсетеді.
Әлеуметтену процесінің мазмұны: жеке тұлғаның қалыптасуы тұрғысынан қарағанда, негізінен үш сферада; Іс-әрекетте, қарым-қатынаста, өзіңдік сананың қалыптасуында іске асырылады.
Әлеуметтену процесінің барысында индивид іс-әрекет «каталогының» молаюымен (А.Н.Леонтьев) айналысады, яғни неғұрлым жаңа іс-әрекет түрлерін игерумен болады. Осы жағдайда өте маңызды тағы да үш түрлі процестер іске асырылады. Біріншіден, әрбір іс-әрекет түрлері мен оның әртүрінің арасындағы байланыстар жүйесінде бағдарлану (бағыттану). Ол әрбір жеке тұлға үшін маңызды іс-әрекет аспектілерін айқындаумен қатар, оны игеру арқылы іске асырылады, немесе мұндай бағдарлануды – іс-әрекеттің жеке тұлғалық таңдалуы деп атауға болар еді. Осыдан туындайтын екінші процесс – жетекші, таңдалынған іс-әрекетке баса назар аудара отырып, басқаларын соған бағындыру. Және үшінші процесс, барысында жеке тұлғаның жаңа рөлдерді игеруі мен олардың маңыздылығын түсінуі. Осының бәрін индивидтің іс-әрекет субъектісі ретіндегі мүмкіндіктерінің кеңею процесі деп тұжырымдауға болады. Бұл бағытта жүргізілетін эксперименттік зерттеулер, негізінен әлеуметтік және жас ерекшелігі психологиясының ара жігінде іске асырылады.
Екінші – қарым-қатынас сферасы іс-әрекетпен тығыз байланыты болғандықтан, оның кеңею және тереңдету бағытында қарастырады. Қарым-қатынастың кеңеюін, адамның басқалармен контактілерінің көбеюі, әрбір жас кезеңіндегі осы контактілер ерекшеліктері тұрғысынан түсіну қажет. Қарым-қатынастың тереңдеуін, ең алдымен монологтық қарым-қатынастан диалогтыққа көшуі, партнерге бағыттану, оны неғұрлым дәл қабылдаумен байланысты. Эксперименттік зерттеулердің міндеттері: біріншіден, қарым-қатынас байланыстарының көбеюі қандай жағдайларда және қалай іске асырылатынын екіншіден, жеке адам осындай процесте қандай нәтижеге жететінін анықтау. Мұндай зерттеулер де пәнаралық болып келеді, себебі жас ерекшелігі психологиясы үшін де, әлеуметтік психология үшін де бірдей маңызды. Әсіресе, мектепке дейінгі және жеткіншектік кезеңдерге жүргізілген зерттеулер көп.
Әлеуметтенудің үшінші сферасы-жеке тұлғаның өзіндік сана-сезімінің дамуы. Бұл проблема жеке тұлғаның «Мен» бейнесінің қалыптасуымен байланысты.
Көптеген эксперименттік зерттеулер (лонгитюдті) көрсеткеніндей, адамның «Мен» бейнесі бірден қалыптаспайды, өмір сүру барысында, әртүрлі әлеуметтік әсерлер негізінде қалыптасады. Әлеуметтік психология тұрсынынан, әсіресе, осы процеске жеке тұлғаның әртүрлі әлеуметтік топтарға енуі қалай әсер ететінін анықтау маңызды. Адамның өзіндік сана-сезімі оның қылығында қалай көрінеді, бұл қасиеттің қалыптасуына топтардың саны, немесе сапасы әсер ете ме деген сұрақтарға әлеуметтену процесін зерттеуде жауаптар алынуы қажет.
«Мен» құрылымын түсінуде психология ғылымында бірнеше тұрғы бар. Көбірек тараған құрылымның үш компоненті бар: танымдық (өзін танып түсінуі), эмоциялық (өзін бағалауы), қылықтық (өзіне деген көзқарасы). Негізгі факт ретінде, өзіндік сана – жекеленген сипаттамалар тізімі емес, жеке тұлғаның өзн тұтас, бірыңғай адам деп түсінуі алынады. Өзіндік сананың екінші бір қасиеті, әлеуметтену барысында оның дамуы іс-әрекет пен қарым-қатынасты кеңейту жайында әлеументтік тәжірибені әрқашан игеруімен анықталатын, бақылауға болатын процесс екендігінде.
Өзіндік сана адам тұлғасының өзіндік, тереңдегі сипаттамасы болғанымен, оның дамуы тек іс-әрекет үстінде көрінеді: іс-әрекетте өзі тұралы елестерді біршама «түзететін» (коррекция), басқаларда пайда болған елестермен салыстыру іске асырылады.
Сондықтан да әлеуметтену процесін барлық аталған үш сферасының тұтастай байланысты түсінуге болады. Олар тұтастай алғанда индивид үшін «кеңейтілетін болмысты» құрайды, соның арқасында ол өзіне жақын ортаны да (микроорта), барлық әлеуметтік қатынастар жүйесін де игереді. Игере отырып, индивид оған өз тәжірибесін, өзіндік шығармашылық көзқарасын кірістіреді: сондықтан да, болмысты игерудің оны белсенді түрде өзгертуден басқа жолы жоқ. Демек әлеуметтенудің әрбір сатысында көрінетін осы қайта құруды туындататын «қоспаны» анықтау қажеттігін көрсетеді. Бұл міндетті шешуде, әлеметтену процесінің кезеңдерін (сатыларын) және ол процестердің іске асырылатын аумағы — әлеуметтік институттарды анықтау қажет.Әлеуметтену прцесінің сатыларын негізінен үш кезеңге бөліп қарастыруға болады: еңбек тану кезеңдегі, еңбектен кейінгі (Адреенкова, 1970, Гилинский,1971).
Еңбекке дейінгі кезең адамның еңбектенуіне дейінгі бүкіл кезеңді қамтиды. Бұл кезеңнің өзі де екі кезеңге бөлінеді:
а) ерте кезеңдегі әлеуметтену – баланың туған кезінен бастап, мектепке дейінгі уақытты қамтиды, жас ерекшелігі психологиясында оны – ерте балалық шақ деп атайды (мектепке дейінгі шақ).
ә) оқыту кезеңі, кең мағынадағы бүкіл жастық кезеңін қамтиды, оған мектеп кезеңі тұтастай жатады. Орта арнаулы оқу орнында оқу кезеңі туралы, оның өзіндік ерекшеліктеріне (оқудың еңбекпен ұштастырылуына) байланысты екі түрлі көзқарас бар. Дегенмен де, бұл проблема теориялық жағынан да, практикалық тұрғысынан да өте маңызды: студенттік кезең – қоғамның өте маңызды әлеуметтік топтарының бірі, сондықтан да бұл топтың әлеуметтену проблемалары өте өзекті.
Әлеуметтенудің еңбек кезеңі – адамның ер жету, кемеліне келіп, толысу кезеңін қамтиды, яғни адамның бүкіл еңбектік іс-әрекет кезеңі. Осы кезеңде әлеуметтік тәжірибені игерумен қатар, оны қайта құруы-кезеңнің маңыздылығын көрсетеді.
3.Қазіргі кездегі жеке тұлға мәселесі.Қазіргі кездегі үздіксіз білім беру, оның ішінде ересектерге білім беру көзқарастарына байланысты, бұл кезеңдегі әлеуметтену проблемасының маңызы арта түседі. Осы тұрғыдан қарастырғанда бұл проблеманы шешуге, педагогика ғылымымен (еңбекке тәрбиелеу бөлімі) тығыз байланыста зерттеулер жүргізу мүмкіндіктері бар. Кейінгі кезде акмеология, кемелденген жас кезеңін қарастыратын ғылымның зерттеулері өзекті болып отыр.
Еңбектен кейінгі кезең өте күрделі мәселе, себебі әлеуметтік психология үшін бұл проблема әлеуметтену проблемасына қарағанда әлі жаңа.
Бұл мәселе қоғам дамуының барысында туындаған, әлеуметтік психолгияға қойылған объективті талаптармен байланысты. Мосқал адамдар кезеңінің проблемасы қазіргі қоғамдағы көптеген ғылымдар үшін өзекті болып отыр. Өмір сүру ұзақтығын ұзарту, бір жағынан мемлекеттің әлеуметтік саясаты болса, екінші жағынан (зейнеткерлік жүйесі) халық санының өсуінде мосқалдық кезең айтулы орын алуда, себебі, біріншіден, оның өзіндік салмағы артуда. Сонымен бірге, зейнеткерлердің әлеуметтік тобының көінде, мүшелерінің еңбкке жарамдылығы сақталуда.
Әлеуметтік психологияда бұл проблема әлеуметтенудің еңбектен кейінгі кезеңі проблемасы түрінде көрінеді. Э.Эриксонның тұжырымдауы бойынша, 65 жастан кейінгі (жас кезеңдегі: сәбилік, балалық шақ кезеңі, мектептік кезең, жастық шақ, орта жас, мосқалдық кез ғана «даналық» кезең болып, адамның әлеуметтенуін ғамамдайды.
Еңбектік іс-әрекет тұрғысынан әлеуметтену сатыларын бөліп қарастырудың үлкен маңызы бар. Жеке тұлғаның қалыптасуында, оның қандай әлеуметтік топтарда болатыны өте маңызды.
Әлеуметтенудің барлық сатыларында қоғамның жеке тұлғаға әсері не тікелей, не топ арқылы, Ж.Пиаже көрінетін әдет-ғұрып, дәстүрлер, дағдылар, өмір сүру бейнесі де өзінің әсерін тигізеді. Сонымен бірге, қала мен ауылдың әлеуметтік-экономикалық айырмашылығы, әртүрлі елдердің тарихи-мәдениеттік ерекшеліктері, т.с.с. факторларды есепке алу қажет. Қорыта айтқанда, әлеуметтенудің нақты нәтижесі осылардың барлығының тең әсерлі күші қандай болуына байланысты. Яғни әлеуметтену мәселесі өз ретінде шағын және үлкен топтарды байланыстыратын көпір іспетті зерттелуі қажет.