Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2013 в 13:24, доклад
Армысыздар, тәуелсіз елдің жадыраған жастары! Міне, Қазақстан да XXI ғасырдың жаңа онжылдығына қадам басты. Әрине, еліміздің арайлы таңының пердесін тек белсенді жастар ғана аша алады. Сондықтан, Қазақстанның жаңа даму кезеңі – тікелей жастардың қолында. Ал жастарға қолдау көрсететін, әрине ол үкімет.
Қазіргі таңдағы 18-30 жас аралығындағы көптеген жастардың проблемасын айта кетуге болады. Соның ішінде 4 негізгі сұрақты айта кететін болсам.
Жастар – Қазақстанның болашағы.
Армысыздар, тәуелсіз елдің жадыраған жастары! Міне, Қазақстан да XXI ғасырдың жаңа онжылдығына қадам басты. Әрине, еліміздің арайлы таңының пердесін тек белсенді жастар ғана аша алады. Сондықтан, Қазақстанның жаңа даму кезеңі – тікелей жастардың қолында. Ал жастарға қолдау көрсететін, әрине ол үкімет.
Қазіргі таңдағы 18-30 жас аралығындағы көптеген жастардың проблемасын айта кетуге болады. Соның ішінде 4 негізгі сұрақты айта кететін болсам.
Олардың біріншісі “Қайда тұрамын?” деген проблема. Мұның, яғни пәтер мәселесінің бірнеше қырлары бар. Біріншіден, жастар барлық уақытта және барлық жерде бірдей қоғамның қамтамасыз етілген бөлігі бола бермейді. Өйткені, олар өмір сүруді енді ғана бастаған, негізінен ата-аналарының табыстары есебінен күн көріп жүрген қоғамдағы жеке тап болып табылады. Ал ата-ана өмірге деген көзқарастарына немесе материалдық жағдайларына байланысты балаға, үйленгеннен кейін жас отбасына жеке пәтер керек пе деген мәселені үнемі оңтайлы шешіп беріп отыра алмайды. Көптеген жағдайда ата-ананың өз балаларының талаптарын қанағаттандыруға қауқарлары да жетпей жатады. Жастардың өзінде ақша жоқ. Ал несие алайын десе, бір жағынан тұрақты жұмысы, қомақты табысы болмағандықтан оларға банктер несие бере қоймайды, екінші жағынан, амалын тауып несие алған күннің өзінде жастардың аса жоғары ставкамен берілетін кредиттерді төлеуді қалталары көтермейді.
Екінші проблема “Қайда және қалай оқимын?” деген сауалға келіп тіреледі. Жоғары білімсіз, кәсіби даярлықсыз табысы жақсы жұмыс табу мүмкін емес. Сондықтан жастардың көбі, дәлірек айтқанда, өз ертеңі туралы ойланғандары білім алуды мектептен кейін де жалғастыруға тырысады. Бірақ бұл ретте де ақша мәселесі алдан шығады. Өйткені, жоғары оқу орнына тегін түсу үшін тума талант болу керек. Ал ондай ерекшелік екінің бірінің маңдайына жазыла бермеген. Жұрттың бәрі дарынды болып кеткен жағдайдың өзінде гранттардың шектеулілігіне байланысты олардың белгілі бір бөлігіне ақылы түрде оқуға тура келер еді. Өмір жолын енді ғана бастағалы отырған жас ондай қаржыны қайдан табады? Осы орайда емтиханнан немесе тестілеуден сүрінбей өткендер ғана оқуды одан әрі жалғастыруға лайық деген пікірдің де теріс көзқарас екенін мойындау қажет. Болашақта жақсы маман, іскер ұйымдастырушы болып шығу үшін сынақтарды 4 пен 5-ке тапсырып көзге түсу тіптен де міндетті емес. Өйткені, қандай да болмасын тест сұрақтарының адамның бойындағы бүкіл қабілет-мүмкіндіктерін ашып бере алмайтыны екінің біріне белгілі жәйт. Керек десеңіз, сынақтардан сүрінбей өтіп, оқуды ойдағыдай аяқтап шыққан кейбіреулердің кейін практикалық жұмысқа келгенде мүлде қабілетсіз болып шығып жатуы да әбден мүмкін. Бұл жерде біз емтихан, тест сияқты сынақтардан өте алмаудың салдарынан жоғары білімге, дәлірек айтқанда, дипломға қолдары жетпей қалған жастардың арасында талай-талай іскерлер мен дарындардың болуы мүмкін-ау дегенді айтпақпыз.
Үшінші проблема “Қайда демаламын?” деген мәселе төңірегінде мәселе болып отыр. Жастардың көңіл көтеретін, уақыт өткізетін орындар іздеуі табиғи жәйт. Бұл қай дәуірде де өскелең ұрпақ үшін өте маңызды мәселе болып саналған. Себебі, бос уақыттарын пайдалы өткізудің амалын таба алмай зеріккен жастардың теріс жолға түсіп кетуі оп-оңай. Нашақорлық, маскүнемдік, ұрлық, төбелес сияқты қылмыстар да дәл осындай себептерден, әсершіл, қызба мінез жастардың “екі қолдарын алдарына сыйғыза алмауларынан” туындап жатады.
Төртінші проблема “Қалай өмір сүремін?” деп аталады. Бұл жерде әңгіме табыс туралы болып отыр. Тіпті дипломы болғанның өзінде еңбек стажы жоқ жас маманның жоғары жалақы алатын жұмысқа орналаса қоюы екіталай. Мәселен, жақсы жұмысқа шақырғандар кемінде 5 жыл еңбек стажының болғанын талап етеді. Ал жастардың өмірдің барлық қызықтарын көре жүріп емін-еркін өмір сүргілері келетіндігі аян. Әсіресе, әркім өз күнін өзі көруі тиіс деген қағида белең алып тұрған нарық заманында бұл проблемалардың шешуі мейлінше қиын шешімге айналып отыр.
Ел боламын десен, бесігіңді түзе,-дегендей, еңсесін енді ғана көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды, білімді, жігерлі ұрпақтардың орны бөлек. Ал барлық жігер, қайрат, еліміздің болашағы тек жастардың қолында.Елбасымыздың Халыққа Жолдауында: «Мен сөзімді, әсіресе, жастарымызға арнағым келеді. Бүгін мен жариялаған Жаңа саяси және экономикалық бағыт сіздерге жақсы білім беруді, яғни бұдан да лайықтырақ болашақ сыйлауды көздейді.Мен сіздерге – жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Сіздер Жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер» -деп , жастарға зор сенім мен үміт артып отыр. Сөз соңында сол сенімді ақтап, болашағымызды жарқын қылайық, достар! дегім келеді.