Жанұя әлеуметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2014 в 14:24, реферат

Краткое описание

I.Егеменді ел болып, іргемізді бүтіндеп отырған кезде ұзақ жылдар бойы отаршылық тұзағына түскен ұлттық санамыз қайта жанданып, даму үстінде. Соның бір жарқын көрінісі ұлттық демографиялық санамыз бен демографиялық мінез – құлқымызда орын алып отырған келелі өзгерістерден айқын байқалады. Кейінгі жылдары демографиялық деректерді білуге деген құлшыныс артып, қазақ ұлтының үрім бүтағының өсіп-өнуі, сандық және сапалық өркендеуінің акуалы қалай деген сауал әркімді де ойландыра түсуде. Саны жағынан әлемнің өркениетті дамыған елдерінен кешен қалған қазақ халқы үшін демографиялық ой-сананы жаңа сапалық тұрғыда қалыптастырудың тарихи маңызы аса зор.

Содержание

II.Негізгі бөлім
1.Демография ерекшелігі
2. Отбасының пайда болуы және даму түрлері
3. Отбасының құрылымы мен қызметтері
4. Отбасының типтері
5. Отбасы әлеуметтік институт ретінде
III.Қорытынды

Прикрепленные файлы: 1 файл

әл сөж 7.docx

— 29.82 Кб (Скачать документ)

Өлім-жетім көрсеткішінде еңбекке жарамды тұрғындардың үлес салмағы жоғарырақ. 1999 ж. тіркелген өлім-жетім оқиғаларының үштен бірі еңбекке жарамды жастағы тұрғындардың үлесіне тиеді, ал олардың ішінде әйелдерге қарағанда ер азаматтардың үлес салмағы 3,6 есе көп. 1999 ж. қан айналымы, тыныс алу органдарының ауруы салдарынан және оқыс оқиғалардан қаза табушылардың саны біршама азайғанымен өнім-жетім көрсеткіші жоғары деңгейде қалды. Ол көп жағдайда қоршаған ортаның ластануынан, тамақтану сапасының төмендеуінен, тұрғындардың алкоголь ішімдіктеріне әуестенуінен туындауда. Қазақтардың орташа өмір сүру жасы орыстарға қарағанда төмен. Ол қазақтардың үлес салмағы басым түсетін ауылды жерлерде әлеуметтік – экономикалық жағдайдың нашарлығымен байланысты. Сондай-ақ қазақтар тығыз тұратын жерлердің біразы экологиялық апат аймаққа жатады. Салыстыра қарау үшін шетелдердегі орташа өмір сүру көрсеткішіне назар аударайық: ол жапонияда – 76,1, Испанияда – 75,7, Қоста – Рикада – 75,6, Андаррода-75,3, Гонконг пен Израильде – 75,1, Австралияда – 75, Швецияда – 74,8, Грекияда – 74,6, Ұлыбритания – 73,2 жас (1)

Қазақстан тұрғындары денсаулығының нашарлауы көп жағдайда қоршаған ортаның экологиялық жағдайының төмендеуінен. Мысалы, Семей ядролық полигоны аймағының радиоактивті ластануынан, Арал теңізі өңдірінің агрохимиялық ластануға ұшырауынан туындауда. Соның салдарынан осы өңірлерде генетикалық ауытқушылық және психикалық аурулардың жиі шығуы қазіргі кезде алаңдаушылық тудырып отыр. 1990 жылдан 1999 жылға дейінгі аралықта онкологиялық аурулар екі есе, эндокриндік жүйелер аурулары екі есеге жуық, қан аурулары бір жарым көбейді.

Жұқпалы аурулар да жоғары деңгейде қалып отыр. Дегенмен олармен ауырғандар соңғы жылдары азайды. 100 мың адамға шаққанда 1997 жылы 3015,4 адам, 1999 жылы 2439,2 адам жұқпалы аурумен ауырған.

 

Қазақстанда тұрғындар санының азаюының басты себептерінің бірі – көші – қондық теріс сальдо. Көші-қондық процестің қарқынды жүруі 90 жылдары бұрыңғы кеңестер Одағы құрамындағы елдердің бәріне де тән қалыптасты.

Көші – қондық теріс сальдо 90-жылдардың басынан бастап барлық облыстарда орын алды. Әсіресе, Қарағанды, Ақмола, Жамбыл, Семей Талдықорған облыстарында жоғары деңгейге жетті. Соның нәтижесінде Қазақстан халқының саны 1993 жылға қарай қысқара бастады, оның орнын табиғи өсім жаба алмады. Көші-қон процесінің барысында 1993 жылдан 1999 жылға дейінгі аралықта тұрғындар саны 1637,3 мың адамға қысқарды (1) 1994 жылы 410,4 мың адам республикадан көшті.

Қазақстаннан көшушілер, негізінен, толу шетелдерге қоныс аударды. ТМД елдеріне көшушілер саны 1132,6 мың адамға жетті. Олардың басым көпшілігі Ресейге көшті 1990 жылы көші –қоншылардың 74 проценті, 1999 жылы 89,8 пайызы сонда барып орнықты. (2). Қазақстаннан көшушілердің азаюына байланысты Ресейге көшіп барушылардың саны 2 еседен астам қысқарды. Ресейге көшушілер легінің азаюы онда еңбек рыногы толғандығын айғақтайды. Ресейден кейін толу шетелдер арасында қоныс аударушыларды қызықтыратын елдер қатарына Белорус, Украина және Өзбекстан жатады.

Демографиялық процестердегі келеңсіз жәйттерге қарамастан, елде біртіндеп ілгерілеушілік байқалуда. Мәселен, өлім-жітім, ажырасу секілді, т.б. теріс көрсеткіштер, көші – қондық процестердегі теріс сальдо бәсеңдеді. Бұл – елдегі демографиялық акуалдық жақсарып келе жатқандығын айғағы. Үкіметтің осы бағыттағы қызметіне үлкен үмітпен қарауға болады. Ең бастысы, қазіргі демографиялық мәселедегі басым бағыттарды дәл анықтап, оны шешудің тиімді жолдарын таба білу керек.

Осыған орай әлемде индустриализация мен урбанизацияныңжоғары қарқынды жүруінен туындап жатқан ғаламдық сипатқа ие мәселелер бар екендігі де ескерілуі тиіс. Ондай мәселелер қатарына «өркениет ауруы» атанған-туудың азаюы, өлім –жітімнің өсуі, тұрғындар құрамында қариялардың көбеюі секілді құбылыстарды жатқызуға болады. Бұлмәселелер қоғамдық пікірде алаңдаушылық туғызуда.

Бүгіндері демографиялық саясат саласында қалыптасып отырған мәселелерді шешу аса маңызды мәселе. Сондықтан оның ауқымы және халықтың қоныстануы жоғары кәсіби деңгейде жан-жақты талданғаны абзал, әрі оның нәтижелері объективті тұрғыда ашылып көрсетілуі тиіс. Туындаған мәселелерді шешу қоғамдығы тұрақтылық пен Қазақстан Республикасының болашағын қамтамасыз етуге бағытталған демографиялық саясаттың табысты жүруіне тікелей байланысты.

Демография (грекше демос — халық) — белгілі бір халықтың, ұлттың, ұлыстың, этникалық топтың санын, құрамы мен құрылымын, аумаққа бөлінуін, өсу не кему динамикасын қоғамдық-тарихи жағдайлармен байланыстырып зерттейтін әлеуметтік ғылым саласы. Демография адам популяциясын оның көлемі мен құрылымына сәйкес, яғни жынысы, жасы, отбасылық жағдайы және этникалық шығу тегі бойынша, сондай-ақ, осы популяцияның туу, өлу және миграция коэффициенттеріндегі өзгеруі тұрғысынан статистикалық зерттеу.[1]

Демографиядағы ең басты мәселе – халықтың ұдайы өзгеруін, өсу мөлшерін, дамуын анықтау. Халықтың ұдайы өзгерісі – ұрпақ алмасу, туу мен өлу, яғни табиғи жағдай арқылы жүзеге асады. Белгілі бір аймақтағы халықтың өсу мөлшерінің өзгеруі адамдардың басқа жерлерден көшіп келуі (иммиграция) мен олардың бөтен аймақтарға қоныс аударуына (эмиграция), яғни халықтың көшу-қону қозғалысына да байланысты. Сондай-ақ халық санының өзгеруі адамдардың жасына, отбасы жағдайына, балалар санына немесе білім деңгейіне, мамандығына, әлеуметтік ахуалына орай бір күйден екінші күйге, бір топтан екінші топқа ауысуына тәуелді. Кең мағынасында алғанда, халықтың ұдайы өзгерісі дегеніміз оның санының, құрамы мен орналасуының табиғи жағдайларға және миграцияның ықпалына қарай өзгеріп отыруы. Отбасының құрылуы, оның дамуы мен күйреуі демографияда дербес мәнге ие. Демографияда халықтың және оның бөліктерінің өзгеруі тек сан жағынан ғана емес, сонымен қатар сапалық тұрғыдан да қарастырылады. Белгілі бір жастағы адамдардың санының өзгеруімен қатар олардың тұлғалық дамып-жетілуі, денсаулығындағы өзгерістері де назарға алынады. Демографияда жекелеген адамдарға қатысты әр түрлі құбылыстар барлық халықтың да, сонымен бірге дербес зерттеу нысаны ретінде оның белгілі бір топтарының да жай-күйін сипаттауға пайдаланылады. Демографиялық процестердің өзара байланыстарын, олардың әлеуметтік-экономикалық құбылыстарға тәуелділігін және халық дамуының әлеуметік-экономикалық салдарын зерттей отырып, демография халық саны мен сапасы өзгерісінің заңдары мен заңдылықтарын анықтайды. Нақтылы қоғамдық ортада өтіп жатқан халық өзгерісін сол қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайлары айқындайды. Демография үшін бастысы – халықтың қоғам дамуымен өзара ықпалдасуы болып табылады. Демография әлеуметтік-экономикалық процесс заңдылықтарының жалпы халықтың ұдайы өсуіне ықпалын ғана емес, керісінше халық өсімінің қоғам дамуына тигізетін әсерін де зерттейді. Әсіресе, бұл жерде еңбек ресурстарының құрамы мен қозғалысының, сондай-ақ халықтың тұтынушы ретіндегі үлес мөлшерінің терең зерттелуі аса маңызды рөл атқарады. Зерттеулердің бұл саласын кейде «экономикалық демография» деп атайды. Демографияның міндеттерінің бірі – халықтың ұдайы өзгерісінің заңдылықтарын зерттеу негізінде мемлекет тарапынан жүргізілетін демографиялық саясат негіздерін тұжырымдау.

Демографиялық процестер қоғамда қалыптасқан белгілі бір әлеуметтік қарым-қатынастарға негізделеді. Сондықтан халықты зерттеуде демография саясат, экономика, медицина, математика, этнография, т.б. бірқатар ғылымдармен тығыз байланыста болады. Олардың зерттеу әдістері мен тәжірибелерін, материалдарын пайдалана отырып, демография өз тарапынан да өзге ғылымдарға қажетті деректер береді. Демографиялық процестердің өзіндік ерекшеліктері, көбінесе халықтың табиғи қозғалыстары демографияның өзіндік зерттеу әдістерін қалыптастыруға негіз болды. Олар: әр түрлі буын өкілдері үшін жас айырымы көрсеткіштерін жасау арқылы дәл сол уақыттағы даму-құлдырау заңдылықтарын көрсететін гипотетикалық ұрпақ әдісі; когорт әдісі (адамдардың нақтылы буынының дамуын зерттеу); потенциалды демография әдісі, т.б. демографияда ғылымның басқа салаларындағыдай болжамдар жасау, оларды деректер арқылы тексеру және соның негізінде ғылым қорытынды жасау қажет. Көбінесе халықтың санын ұйымдастырылған статистика жолымен есептеу әдісі қолданылады. Сондай-ақ демографиялық коэффициенттерді пайдалану, оларды салыстыру, салғастыру тәсілдері де демографияның өзіндік зерттеу әдістерінің бірінен саналады. Демография ғылымының негізін салушы – ағылшын ғалымы Дж. Граунт. Ол алғаш рет Лондондағы тіркелген адам өлімдерінің бірнеше жылдық жлазбалары негізінде халық арасындағы өлудің көрсеткішін жасауға және оның заңдылықтарын анықтауға талпыныс жасаған.

Халықтың ахуалын, оның экономикамен байланысын У.Петти және Г.Кинг (Ұлыбритания), одан соң А.Депарсье (Франция) зерттеді. XVII ғасырдада мұндай зерттеулерді математикалық әдістерді қолдану арқылы В.Керсеб (Голландия), П.В.Варгентин (Швеция), Л.Эйлер (Ресей) және т.б. жалғастырды. XIX ғасырдан бастап көптеген елдерде халықты тұрақты есепке алу жолға қойыла бастады және ол жөніндегі нақтылы талдаулар жасау мүмкіндіктеріне қол жеткізілді. А.Кетле (Бельгия), Ж.Бертильсон (Франция), У.Фарр (Ұлыбритания), В.Лексис, Г.Ф.Кнапп (Германия), т.б. көптеген статист-зерттеушілердің еңбектері нәтижесінде демографиялық процестерді сандық тұрғыдан екшеу мен талдаудың әдістері дами түсті. 1855 ж. француз ғалымы А.Гийардың еңбегінің тақырыбында «демография» термині тұңғыш рет қолданылып, автор оған «адамзаттың табиғи және әлеуметтік тарихы» деген анықтама береді. Қазақстандағы демографиялық процестерді тарихи-әлеуметтік тұрғыдан қарастырған алғашқы зерттеулер қатарында М.Шоқайдың шет ел баспасөзінде, М.Тынышбаевтың 1924 ж. «Сана» журналының 2–3-сандарында жарияланған деректерін, т.б. статистикалық еңбектерді атауға болады. Республикада бүгінгі таңдағы кәсіби демографтар М.Б.Тәтімов, Ұ.М.Ысқақов, Ә.Б.Ғали, М.Сембин, Е.Мұсабеков, С.Қарасаев, А.Елемесова, Н.Ермекова, А.Әлжанова, т.б. еңбектерінде жалпы қазақ халқының, Қазақстан халқының өсу, даму заңдылықтары зерттелді.[2]

Демографиялық күрт өсу

Демографиялық күрт өсу (Демографический взрыв; грек, demos— халық, grapho — жазамын) — әлеуметтік- экономикалық немесе жалпы экологиялық жағдайлардың жақсаруымен байланысты халық санының күрт өсуі.

2. Отбасының пайда болуы және даму түрлері. Отбасы тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік құбылыс, себебі формасы өндірістік қатынастарға , оның ішінде меншіктік қатынастарға тікелей тәуелді. Мәселен, некелік қатынастардың алғашқы тарихи формасы полигамия, ал өндіріс құрал-жабдықтарына жекеменшіктің пайда болуына байланысты ол моногамиялық отбасымен ауысады. Адамдардың өндіріс тәсіліне сәйкес отбасы да әлеуметтік топ ретінде тарихи өзгеріп, дамып отырады. Отбасының тарихи дамуының ғылыми-материалистік теориясын жасай отырып, Ф.Энгельс американдық ғалым Льюис Морганның (1818-1881) этнологиялық зерттеулерін пайдаланады. Морган ұзақ уақыт бойы солтүстік Американдық үндістер-ирокездердің Сенека тайпасында тұрып, жүргізген байқауларын, атап айтқанда, олардың туысқандық және отбасылық қатынастарына жасалған эерттеулерінің нәтижесін пайдаланды.

Морганның зерттеулерінде негізделген жорамалдар бойынша, адамзат қоғамы тарихының бастапқа кезегінде адамдар арасындағы жыныстық қатынастарға ешқандай шек қойылмаған-үлкендер мен жастар, балалары мен ата-аналары қатынаса берген. Бұл жабайы жартылай жабайы кен болған. Морганның және басқалардың зерттеушілердің дәлелдеуіне қарағанда, отбасылық қатынас промискуитет деп аталатын бұл кезеңнен кейін бір қандастар отбасы –синдиасмикалық отбасы және моногамдық отбасы кезеңдерінен өткен.

Бір қандастар отбасы топтық некеге негізделеді, ал мұнда жыныстық қатынастар тек бір ұрпаққа жататындар арасында ғана рұқсат етіледі. Бір ұрпаққа жататындардың барлығы , яғни аға-інілілер мен апа-сіңілілер туысқандығына қарамастан бір отбасы құрған. Мұндай отбасы эндогамдық (жақын туыстар арасындағы жыныстық қосылу) топ болады, өйткені оған бір руға немесе тайпаға жататындар кіреді. Қазіргі кезде мұндай отбасы жоқ, бірақ кейбір халықтарда ағайынды екі адамның балаларының үйлену фактілері кездеседі.(өзбектер,араптар т.б)

Бұдан кейін біртіндеп эндогамдық принцип экзогамдық принциппен, яғни ру аралық некелесу формасымен ауысады. Бұл формада бір рудың қыздары басқа рудың бір топ туысқан жігіттеріне шығатын болған. Бұл бір әйел мен бір еркектің тұратын отбасыға көшудің алғашқы қадамы болып табылады. Бір еркек пен бір әйелден тұратын моногамдық отбасына өтудің тарихи типі синдиасмикалық отбасы болды. Ол жабайылықтан варварлыққа өту кезеңінде пайда болды, ал полигамия (көпнекелік қатынас) тек еркектердің ғана правосына тиді. Отбасының , бұл формасында баланың шын биологиялық әкесі белгілі болатын болды да, мұның өзі рулық қоғамның ыдырап, жеке меншіктің , қосымша өнімнің шығуына , сөйтіп моногамды отбасының(бір некелік отбасы) тууына жағдай жасайды.

Моногамдық отбасы патриархалды қатынастарға негізделгендіктен отбасының басшысы еркек болды, отбасының ажырасуы да еркектің ғана еркімен болатын болды.

Қазіргі заманғы отбасының негізгі типтері. Қазіргі заманда бір типті отбасы жоқ. Отбасылық қатынастардың формалары түрліше болуының себебі белгілі бір қоғамның даму дәрежесімен және ондағы қоғамдық қатынастардың сипатымен анықталады. Қазіргі кезде бар отбасының типтері мыналар: тотемдік қауым (ру), патриархальды туыс топ, патриархальды отбасы және жеке отбасы. Патриархальды туыстар тобы (туыстық отбасы) өткен замандарда үндіевропалық халықтардың бәрінде болған, ал кейбір халықтарда қазір де бар. Бұл отбасында бірнеше ұрпаққа жататын отбасы мүшелерінің бәрі туысқан аға-іні, апа-сіңілі болып табылады. Отбасының басшысы біреу-ол отбасының атасы болып табылады.

Ұрпақтардың шығу түріне қарай бұл отбасы матриархальды немесе патриархальды отбасы болады. Біріншісі отбасының ең көне түрі. Мұнда көп күйеуі болу жиі кездеседі. Мұндай отбасы тибеттіктерде және Оңтүстік Индияда тұратын тода деген халықта кездеседі. Моногамды патриархальды отбасында оның басшысы мүліктің бірден-бір иесі болып саналады. Бұл жеке меншіктің шығуына байланысты болған отбасылық қатынас.

Жеке отбасы –бүгінгі таңда дүниеде ең кең тараған отбасының түрі. Бұл отбасы енді тек әлеуметтік топ қана емес, сондай ақ заң жүзінде бекітілген топ.

3. Отбасының құрылымы мен қызметтері. Отбасының маңызы оның атқаратын қызметі арқылы анықталады. Екінші сөзбен айтқанда, отбасының мазұны мен қатынасы тікелей байланысты. Отбасы қоғамның бастапқы ұясы, қоғамдық әлеуметтік құрылымның негізгі элементтерінің бірі бола отырып, көптеген ұясы, қоғамдық әлеуметтік құрылымның негізгі элементтерінің бірі бола отырып, көптеген әлеуметтік қызметтерді атқарады.

Отбасының бірінші міндеті - ұрпақ жалғастыру қызметті. Бұл барлық тарихи кезеңдерде қоғам үшін де, жеке адам үшін де маңызды қызметті болып келеді. Бірақ жұбайлардыңн балалы болу тілегі, қоғамның қай кезеңінде болмасын, оны қанағаттандыратын әлеуметтік жағдайларға сәйкес өзгеріп отырған, қазіргі де солай. Мысалы патриархальды отбасы – шаруашылық экономикалық қажетіліктен туған. Қоғам әр түрлі әлеуметтік саясатты басшылыққа ала отырып, яғни өмірге адам әкелудің экономикалық, әлеуметтік жағдайларын жасай отырып, ерлі – зайыптылардың өз тілегінен көп не аз баласы болуына интермелейді. Мыс. Қытай отбасында бір бала ғана болу саясаты жүргізіледі. Бұл тарихи факт. Мұның зиянды жағы – отбасында бір баланың болуы ұрпақ жалғасуына, халықтың өсуіне кері әсерін тигізеді. Соның нәтижесінде туу азаяды да, елдің еңбек ресустарының негізі болатын жұмысқа қабілетті адамдар азайып кетеді. Бірақ халқының саны 1 млрд-тан асқан Қытай шектеулі жер аумағына шамадан артық адам санын орналастыру мүмкіндігінің жоқтығы бала табу мөлшеріне шек қоюға мәжбүр етті.

Информация о работе Жанұя әлеуметі