Зайсан ауданының әлеуметтік экономикалық паспорты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Января 2015 в 13:30, аттестационная работа

Краткое описание

Зайсан ауданы 1928 жылы 3 қыркүйекте құрылды. Зайсан Қазақстан тарихында айрықша іздері жосылып жатқан қойнауы құт, жері бай киелі өңір. Ол шығыс пен оңтүстікте құмды төбешіктерге құлаш жайған Ақжон жазығы, шыңдарының ұшар басы 3000 метрге дейін бой созған Сауыр- Сайқанның алып жоталарының арғы жағындағы Қытай Халық Республикасымен, батыста Тарбағатай, солтүстікте Күршім аудандарымен шектеседі. 1939 жылға дейін Семей облысына, 1939 жылдан бастап жаңадан құрылған Шығыс Қазақстан (орталығы Өскемен) облысына қарады. Зайсан ауданы орналасқан аумақта (1911 жылғы мәлімет бойынша) Кендірлік болысы -11старшын, Маңырақ болысы – 7 старшын, Қара Ертіс болысы 8 старшын, Шілікті болысы 10 старшынға бөлінген әкімшілік басқару жүйесі болған.

Содержание

1. Жалпы мәліметтер
1.1. Ауданның тарихы
1.2. Географиялық жағдайы

1. Жалпы мәліметтер
1.1. Ауданның тарихы
1.2. Географиялық орналасуы
1.3. Табиғат-климат жағдайы
1.4. Пайдалы қазба байлықтары (о. і. игеру болашағы бары)
1.5. Су ресурстары
1.6. Өңірдің экономикасының мамандануы
1.7. Өңірдің соңғы 10 жылдағы даму динамикасы (2001-2010жж.)
(өңірдің негізгі көрсеткіштерінің нақты өсу қарқыны: АЖӨ, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығының, шағын кәсіпкерлік өнімінің көлемі, мемлекеттік бюджетке түсімдер көлемі, басқа да негізгі көрсеткіштер мен облыс бойынша өңірдің үлесі)

2. Ауданның есепті жыл қорытындысында қысқаша әлеуметтік-экономикалық дамуы
2.1. Ауданның даму қарқыны мен даму деңгейінің рейтингі
2.2. Өнеркәсіп
2.3. Ауыл шаруашылығы
2.4. Шағын және орта кәсіпкерлік
2.5. Кәсіпкерлікке әкімшілік кедергілердің төмендеуі
2.6. Құрылыс
2.7. Негізгі капиталға инвестициялар
2.8. Сауда (о. і. сыртқы экономикалық қатынастар)
2.9. Инфрақұрылым
2.10. Білім және жастар саясаты
2.11. Денсаулық сақтау және спорт (о.і. дене шынықтыруды дамыту)
2.12. Бюджет (кіріс және шығыс жағы)

3. Өңірдің алдағы жылға арналған дамуының және салалар бөлінісінде орта мерзімді келешегінің негізгі мақсатты индикаторлары

4. Өңірде инвестиция салуға қолайлы

Прикрепленные файлы: 1 файл

Зайсан ауданының әлеуметтік экономикалық паспорты.doc

— 1.01 Мб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

Зайсан ауданында 2010 жылы  29  орта мектеп: 20 орта, 6 орталау, 3 бастауыш, 3 мектептен тыс мекеме, 5 балабақша бар. Аудан мектептерінде 91-і жоғары санатты, 278-ы бірінші санатты, 281-ы екінші санатты, 192-і мұғалім санатында, жиыны 842 педагог кадр қызмет етеді, оның 730 мұғалім жоғары білімді, 1 – аяқталмаған жоғары, 110 - арнаулы орта білімді.

Аудандағы білім мекемелерінің желісі оқушылар контингентінің өзгеруіне байланысты өзгеріп отырды: 2001-2005 жылдар аралығында ауданда 30 мектеп: 21 орта, 3 орталау, 6 бастауыш, 3 балабақша, 1 саз, 1 өнер, 1 спорт мектебі жұмыс істеді. Контингент: 2001 жылы - 8911, 2002 жылы - 8968, 2003 жылы - 9085, 2004 жылы - 8691, 2005 жылы - 8004 оқушы жалпы орта біліммен қамтылған.

2006 - 2007 жылдары 30 мектеп: 21 орта, 4 орталау, 5 бастауыш, 3 балабақша, 1 саз, 1 өнер, 1 спорт мектебі жұмыс істеді. Контингент: 2006 жылы - 7797, 2007 жылы - 7521 оқушы білім алған.

2008-2009 жылдары 30 мектеп: 21 орта, 5 орталау, 4 бастауыш, 3 балабақша, 1 саз, 1 өнер, 1 спорт мектебі, 1 аула клубы жұмыс істеді. Контингент: 2008 жылы - 7157, 2009 жылы - 6926 оқушы білім алған.

2003-2004  оқу жылында 671 мектеп бітірген  түлектердің 610-ы  алғашқы рет  Ұлттық Бірыңғай тестілеуге қатысып, орташа балл - 52,5 балды көрсетті. Қатысу пайызы - 91%.  5 түлек  «Алтын белгі», 1-і-Үздік аттестат алды.

            2004-2005 оқу жылында 653 түлектен  620-ы  Ұлттық Бірыңғай тестілеуге қатысып, орташа балл - 63 балды көрсетіп, аудан облыс бойынша ІІІ орынды иеленді. Қатысу пайызы - 95%.   «Алтын белгі» аттестатына үміткердің 17-і, 5 түлек Үздік аттестатқа білімдерін бекітті.

           2005-2006 оқу жылында 664 түлектің 648-і Ұлттық  Бірыңғай тестілеуге қатысып, орташа  балл - 70,5 балды көрсетіп, аудан облыс көлемінде І орынға шықты. Қатысу пайызы - 97,6%.   19 түлек «Алтын белгі», 4-і Үздік аттестаттқа білімдерін бекітті.

          2006-2007 оқу  жылында 634 мектеп бітірушілердің 625 Ұлттық Біыңғай тестілеуге қатысып, орташа балл - 73,2 балды көрсетті. Қатысу пайызы - 98,6%. 9 түлек «Алтын белгі», 8-і Үздік аттестатқа білімдерін бекітті.

          2007-2008 оқу  жылында 610 мектеп түлектерінің 590-ы  Ұлттық Бірыңғай тестілеуге қатысып, орташа балл - 71,2 балды көрсетіп, облыс көлемінде  ІІІ орынды иеленді.  Қатысу пайызы - 96,7%. 12 түлек «Алтын белгі», 2-і Үздік аттестатқа білімдерін бекітті.

          2008-2009 оқу  жылында 526 түлектің 514-і Ұлттық Бірыңғай тестілеуге қатысып, орташа балл - 72,1 балды көрсетті. Қатысу пайызы - 98%.   8 түлек «Алтын белгі», 1-і Үздік аттестатқа білімдерін бекітті.

2009-10 оқу жылында 595 түлектің 574-і Ұлттық Бірыңғай тестілеуге қатысып, орташа балл - 85,2 балды көрсетті. Қатысу пайызы - 96%.  27 түлек «Алтын белгі», 8-і Үздік аттестатқа білімдерін бекітті.

 

          Мектеп жасына дейінгі балаларды оқу мен тәрбиемен қамту, дамыту мәселелері 2001-2010 жылдар аралығында төмендегі көрсеткіштермен анықталды:

2001-2006 жылдар аралығындағы балабақшалар  саны - 3, онда 2001 жылы - 201, 2002 жылы - 218, 2003 жылы - 226, 2004 жылы - 229,                      2005 жылы - 203, 2006 жылы - 219 бала тәрбиеленді.

Мектепке дейінгі тәрбиемен қамту қажеттілігін қанағаттандыруды арттыру мақсатында 2007 жылдан бастап мектеп жанынан шағын орталықтар ашыла бастады.

2007 жылы 3 балабақшада - 265 бала, ашылған 24 шағын орталықта 591 бала, 2008 жылы 3 балабақшада - 269, 24 шағын орталықта - 604, 2009 жылы 3 балабақшада - 295, 24 шағын орталықта - 919 тәрбиеленді.  2010 жылы Сарытерек , Қаратал ауылдарында 2 жеке меншік балабақша ашылып, 5 балабақшада - 375, 23 шағын орталықта 1109 бала мектепке дейінгі білім мен тәрбие алумен қамтылды.

Мектеп оқушыларының жазғы демалыспен қамтылуы үнемі білім бөлімінің бақылауында. 2001 жылы 1180 бала сауықтырумен қамтылып, бұл барлық оқушының 13,24% құраса, 2002 жылы - 1300 бала қамтылып, бұл-14,5%, 2003 жылы - 1358 бала, бұл - 14,95%, 2004 жылы - 1100 бала, 12,66%, 2005 жылы - 1300 бала, 16,24%, 2006 жылы -1 260 бала, бұл-16,16%, 2007 жылы - 1590 бала, бұл - 21,14 %, 2008 жылы - 1168 бала, бұл - 16,32%, 2009 жылы - 2528 бала, бұл - 36,5%, 2010 жылы - 4256 бала, бұл - 64,35% құрады.

Ауданда жастармен жұмыс басты назарда. 2010 жылы жастар саясатындағы басты көрсеткіш  - құрамында 5000-ға жуық мүшесі бар «Бастау-Зайсан жастары» жастар қоғамдық бірлестігі Шығыс Қазақстан облысы әкімінің «Жылдың жастар ұйымы»  номинациясын иеленді

Ұйым 2010 жылы «Зайсан ауданынның жастарының әлеуметтік белсенділігін арттыру жөніндегі әлеуметтік қызмет» туралы облыстық ішкі саясат басқармасынан мемлекеттік  тапсырыстан бөлінген 1 млн  қаржы негізінде жұмыстарын жүйелі түрде  жүргізді.

Ұйымның әрбір ауылдарда филиалдары жұмыс істейді. «Бастау-Зайсан жастары» жастар ұйымы өз жұмысын клубтық жүйеде іске асырды. Оның әсіресе дебат, КВН клубтарының жұмысы жақсы жолға қойылған. Сондай ақ жастардан құрылған үгіт тобы елді-мекендерді, әскери шекара заставаларын аралап,  мемлекеттік саясатты насихаттауға өзінше үлестерін қосты.

Жастардың қолдауымен «Менің Қазақстаным», «Жастар біртұтас  Қазақстан үшін», «Зайсан жастары Елбасымен бірге» атты  жастар форумдары өткізілді. «Бастау-Зайсан жастары» жастар қоғамдық бірлестігі, аудандық ішкі саясат, білім бөлімдері  тарапынан шығармашылық, спорттық интелектуалдық іс-шаралар үнемі өткізіліп отырады.

Жастар мәселесіне байланысты 14 дөңгелек үстел (5 наурыз -«Ақ босағаның алтын діңгегі», 15 наурыз - «Аудандағы нашақорлықтың алдын алу шараларының жағдайы», 9 сәуір-  «Зайсан ауданындағы жасөспірімдер арасындағы қылмыстардың алдын-алу жұмыстары»  31 мамыр -«Жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу.», 13 тамыз -«Отан отбасынан басталады»), 2 әлеуметтік акция (4 маусым -«Мемлекеттік рәміздер –еліміздің егемендігін паш ететін нышандар», 13 тамыз -«Зорлық –зомбылықсыз отбасы»), 3 жастар форумы (13 қаңтар- «Менің Қазақстаным», 28 сәуір - «Жастар біртұтас  Қазақстан үшін !», 5-6 шілде - «Мерекеңмен, Астана»!), патриоттық тәрбиеге байланысты 11 пікірталас алаңшалары, 5 семинар  («Зайсан ауданы жастарының әлеуметтік белсенділігін арттыру механизмдері», қуғын-сүргін құрбандары туралы),  15 ақпан күні Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуына  21 жыл толуына  байланысты және 5 шілде күні «Елордаға тарту» атты  патриоттық әндер кеші,   3 наурыз күні №11 кәсіптік-лицейде жастардың  «Жас қалам» атты әдеби кездесу кеші өткізілді, 5 шілдеде ауданда облыстық КВН ойындары өтті. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

            

 

              Ұлттық бірыңғай тестілеу көрсеткіштері 2001-2010 жылдар

 

 

 

 

Жылдар

Орташа балл

Алтын белгі иегерлері

Үздік аттестатт иегерлері

2004

52,5

4

1

2005

63

17

5

2006

70,5

19

4

2007

73,2

9

8

2008

71,2

12

2

2009

72,1

8

1

2010

85,2

27

8



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


                                                 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білім сапасы 2001-2010 жылдар

Жылдар

Пайызы

2001

42,4

2002

42,5

2003

42,5

2004

42,0

2005

42,4

2006

49,5

2007

49,5

2008

52,0

2009

54,0

2010

52,0



 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Контингент    2001-2010 жылдар

 

жылдар

оқушы саны

2001

8911

2002

8968

2003

9085

2004

8691

2005

8004

2006

7797

2007

7521

2008

7157

2009

6926

2010

6614


 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                             

Мектептер саны  2001-2010 жылдар

 

жылдар

барлығы

орта

орталау

бастауыш

б/бақша

саз мектебі

өнер мектебі

спорт мектебі

2001

30

21

3

6

3

1

1

1

2002

30

21

3

6

3

1

1

1

2003

30

21

3

6

3

1

1

1

2004

30

21

3

6

3

1

1

1

2005

30

21

3

6

3

1

1

1

2006

30

21

4

5

3

1

1

1

2007

30

21

4

5

3

1

1

1

2008

30

21

5

4

3

1

1

1

2009

30

21

5

4

3

1

1

1

2010

29

20

6

3

5

1

1

1



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балабақшалар мен шағын орталықтар 2001-2010 жылдар

жылы

Балабақшалар саны

Балабақшадағы бала      саны

Шағын орталықтар саны

Шағын орталықтағы бала саны

2001

3

201

   

2002

3

218

   

2003

3

226

   

2004

3

229

   

2005

3

203

   

2006

3

219

   

2007

3

265

24

591

2008

3

269

24

604

2009

3

295

24

919

2010

5

375

23

1109


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мектеп оқушыларының  жазғы демалыс пен сауықтырумен қамтылуы 2001-2010 жылдар

Жылдар

Сауықтырылумен қамтылған бала саны

қамту пайызы

2001

1180

13,24

2002

1300

14,50

2003

1358

14,95

2004

1100

12,66

2005

1300

16,24

2006

1260

16,16

2007

1590

21,14

2008

1168

16,32

2009

2528

36,50

2010

4256

64,35

Информация о работе Зайсан ауданының әлеуметтік экономикалық паспорты