Социология туралы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2013 в 15:32, реферат

Краткое описание

Социология туралы түсінік
Социологиялық ой дүниесіне ғалымдардың қосқан үлесі
Тұлға туралы теориялар
Әлеуметтік роль

Прикрепленные файлы: 1 файл

социология туралы тусінік.docx

— 23.64 Кб (Скачать документ)

Жоспары:

  • Социология туралы түсінік
  • Социологиялық ой дүниесіне ғалымдардың қосқан үлесі
  • Тұлға туралы теориялар
  • Әлеуметтік роль

      Социология (XIX г-дын, 30-40 ж-да қалыптасқан) біршама жас ғылым болып табылады. Өйткені оның ғылым ретінде қалыптасуының өзіне қоғамдық дамудың белгілі кезеңінде ғана қажеттілік туды.  
      Алайда, социологияның кеш пайда болуы оған дейін қоғам және қоғамдық құбылыстар туралы ойлар болмады деген пікір тумауы керек. Керісінше, ондай ойлар басқа ғылымдардың шеңберінде көріне бастаған болатын. Мәселен, философиялық экономикалық, тарихи, саяси шығармаларда жалпы қоғам, оның кейбір элементтері және оның даму заңдылықтары туралы пікірлер бой көрсете бастады. Осы орайда, Ертедегі Шығыс цивилизациясының — Көне Египет, Вавилон, Үнді, Қытай - қоғам туралы пікірі мен ойларын айтуға болады. Мәселен, конфуцийшылар коғамтанушылар болып есептеледі. Олардың қоғам туралы іліміндегі негізгі мәселе — адамдар арасындағы қатынас және тәрбие мәселесі. Конфуций ертедегі Қытай қауымдастығындағы адамдардың өзін-өзі абыроймен ұстау дәстүрін, олардың шыншыл, өнегелі болатын, жаман кылықтардан бойларын аулақ ұстау дәстүрін көрсетеді. Сондай-ақ Кофуций кейінгі адамдардың бойындағы ондай моральдық нормалардың азайып бара жатқандығын атап өтеді. Адамдардағы популизмге, атаққұмарлықка ұмтылу пиғылдарының өріс алу тенденциясын, кегін екінші біреуден алу, өз кемшілігін түзету қасиеттерінің жоғалу тенденцияларын көрсетеді. Конфуций этикасы «қайырымдылық», «кішіпейілділік», «адамды сүю» «тура жолмен жүру» сияқты принциптерге сүйенеді. Сайып келгенде, Конфуций адамдар арасымдағы әлеуметтік қатынасты — борыш пен заңды мойындайтын, орынға коятын адам мен өз пайдасын көздейтіп адамды салыстыра отырып, олардың адамдық образдарындағы айырмашылықтарды ашу арқылы көрсетеді. Бірінші образдағы адам бірлікке, татулыққа ұмтылатындығын, ал екіншісінің оған кері құбылыстарға ұмтылатынын баса айтқан.  
       Ежелгі Үндістанда әлеуметгік ойлар буддизм мен джайнизм мектептерінің социологиялык. мифтерінде біршама карастырылған. Мәселен, джайнизмнік этикалық, эстетикалық жүйесінде адам мінез-құлқындағы кейбір нормалар мси тақуалық (аскетизм) мінездің кей формалары берілген. Тақуалық (аскетизм) дегсн «нәпсіні тый» деген мағынаны береді. Ондай норманың бірі ретінде ахисаны алады, яғни «тірі жанға зиян келтірмеу» принципі.  
       Әлеуметтік теорияның біршама айқын элементтсрі ежелгі Грецияда қалыптаса бастады. Мәселен, әлеуметтік пікірдің кейбір элементтерін Гомер мен Гесиодтың шығармаларынан кездестіруге болады. Алайда, ежелгі Грек философтарының арасында қоғамға және коғамдық институттарға ерекше көңіл бөлгендер софистер болды. Оларға дейінгілер көбінесе табиғатқа баса назар аударса, софистер адам мен коғамға басты назар аударады. Өйткені, сол кездегі ежелгі Грециядағы саяси жағдай философтарды адам мен қоғам мәселссіне көңіл аударуға мәжбүр еткен болатын.  
       Платон өзінің социологиялық мифтерінде софистердің мемлекет адамдарынын ортақ келісімінің нәтижесінде пайда болды деген пікірге қарсы болады. Платонның пікірінше, мемлекет адам мүдделерінің әртүрлі болуына негізделіп құралатын болған, содан еңбек бөлінісі пайда болады. Қоғамдық еңбектің бөлінісіне байланысты Платон адамдарды үш топқа (кастаға) бөледі: жоғарғы билеуші топ, қолөнершілер және құлдар. Адамдар арасындағы касталық қатынасты жақтайды. Адамдар, Платонның пікірінше, табиғатынан тең емес. Жаратылысынан адамның бірі аристократ, екіншісі шаруа, үшіншісі құл болып туылады және өмір бойы солай өтеді. Халық соны мойындауы керек. Бірақ олар тату өмір сүруі тиіс, өйткені олардың бәріне ортақ нәрсе — Жер-Ана деп көрсетеді.,  
       Социологиялық ой дүниесінде Аристотельдің де алатын орны ерекше. Аристотель ежелгі Грециянын саяси тәжірибесін қортындылай келе, адам - әлеуметтік жаратылыс деген қорытындыға келеді. Мемлекет адамдардың туа біткен «бірігіп өмір сүруге ұмтылғыштық қасиетінен пайда болады деп көрсетеді. Оның пікірінше, коғам үлкен екі әлеуметтік институтқа бөлінеді: құл иеленуіпілер және кұлдар. Бұл да Платонның идеясын колдайды, яғни адамдар жаратылысынан тең емес деп түсінеді. Аристотель мемлекеттің мақсаты - адамдардың бақытты өмірін қамтамасыз ету деп есептейді. Мемлекет қоғамдағы жалпы мүддеге қызмет етуі керек деп көрсетеді. Бәріне ортақ мақсат - өздері құрған қоғамды, мемлекеттік құрылысты сақтау болып табылады.  
      Социологияның дербес ғылым ретінде пайда болып қалыптасуы батыста француз философы О. Конттың есімімен байланысты (1798-1857). Ол ең алдымен Батыстағы позитивистік философияиың негізін салушы болып есептеледі. Оның 1830-шы жылдары «Позитивті философиянын курсы» деп аталатын 6 томдық еңбегі жарық көреді. Міне осы еңбегінде негізінен оның социологиялық ойлары айтылады. Мәселен, осы еңбегінің 3-ші томында алғаш рет Конт «социология» деген ұғымды енгізеді және қоғамды ғылыми негізде зерттеу мақсатын кояды. Міне осы пікір социологияның ғылым ретінде пайда болып, дамуына негіз болады.,  
Қорыта келгенде, О. Конттың социологиялық концепциясында басты екі идея жатыр. Біріншісі — қоғамтануда ғылыми тәсілді қолдану болса; екіншісі - әлеуметтік реформаларды жасауда іс жүзіндс ғылымды қолдану идеясы. Ғылыми білім қоғамның дұрыс дамуы үшін қызметететініне Конт кәміл сенді

        Тұлға туралы теориялар. Әлеуметтік статус және әлеуметтік рөлдер  
Адамның аса кұрделі табиғаты оның қоғамдағы әр түрлі байланыс-қатынастары қазіргі әлеуметтануда адамға, оның тұлғалық түріне байланысты, алуан түрлі модельдерді жасауға ықпал етті. Осылардың бірі – адамның бейнесіне (образын) әлеуметтік рөлдердің жиынтығы ретінде қарау.  
Мұны тұлғаның рөлдік тұжырымдамасы дейді. Бұл тұжырымдаманың мазмұны мынадай: қоғамдағы әрбір адам ондағы алуан түрлі әлеуметтік топтарға кіреді. Мысалы, отбасына, оқу тобына, достар компаниясына, өндіріс ұйымына. Әрбір топтағы адамның белгілі бір орны, өзінің көзқарасы, бағыты болады, яғни белгілі бір талап-тілектер қойылып, ол оны орындайды. Сонымен, нақтылы жағдайда бір адам бірде әке немесе шеше, екінші жағдайда осы адам дос, үшінші жағдайда бастық болады, яғни нақтылы адам әр жағдайда әр түрлі рөлдерде қызмет атқарады.  
         Осындай қызметтердің маңызы, мәнді жақтары «әлеуметтік рөл», «әлеуметтік статус» ұғымдарын тудырады. Әлеуметтік рөл қоғамдағы адамдардың белгілі бір алатын орнына, жағдайына, олардың басқалармен қарым-қатынастарына байланысты және қабылдаған ережелерге сәйкес адамдардың атқаратын қызметтері.  
        Басқаша айтқанда, әлеуметтік рөл дегеніміз, қоғамдағы адамдардың белігілі бір қызметін атқарған жағдайда белгілі бір тәртіп нормаларын сақтауын айтамыз. Ал, рөлдік жүйе дегеніміз, адамның қоғамдағы алатын орнына, жағдайына, тұрмысына сәйкес істейтін қызметінің жиынтығы. Адамдардың әлеуметтік рөлдері бойына сіңіріп, игеріп, меңгеруі тұлғаны әлеуметтендіру процесінің бір бөлігі, оның қоғамға, топқа толық енуінің негізгі қажетті шарты.  
        Әлеуметтік рөлдердің мысалы ретінде адамдардың мамандыққа байланысты рөлін айтуға боладф. Әлеуметтік рөлдерді игеріп, меңгеруде адам әлеуметтік тәртіп стандартын игеріп, меңгереді,өзін өзі бағалап, бақылауды іске асырады. Сөйтсе де, адам өмірде бірнеше байланыс-қатынастарға еніп, әр түрлі рөлдегі іс-қызметтерді орындауға мәжбүр болады. Сондықтан адамға қойылатын талап-тілектер де қайшылықта болады. Осылардың салдарынан адам сыртқы дүниемен байланысында, өзінің тұтастығын, бүтіндігін, бір сөзбен айтқанда, «мендігін» сақтау үшін белгілі бір шартты қажет етеді. Бұл оның өзімен өзінің болуын және әр түрлі қызмет рөлдерін орындау үшін керек. Бұл тұрғыдан қарағанда тұлғаның өзі осындай шарт ретінде болады.  
         Осы тетік өзі орталық қызмет атқарушы орган болып, өзінің «мені» атқаратын қызметімен біріктіріледі, өзінің іс-әрекетіне адамгершілік баға беріп, оны іске асырады, өзінің орнын тек қана бір әлеуметтік топтан іздеп қоймай, сонымен қатар өмір сүрудің мақсатын білу үшін екінші бір құбылыстардың мәнін, мақсатын білуге ұмтылады.  
        Сонымен, жан-жақты дамыған тұлға өзінің рөлдік мінез-құлқын белгілі бір әлеуметтік ситуацияға байланысты пайдаланып оны бейімділік құралы ретінде қолданады. Басқаша айтқанда, рөлдік мінез-құлық дегеніміз, индивидтің (адамның) іс жүзіндегі мінез-құлқы.  
       Сонымен, жан-жақты дамыған тұлға белгілі бір әлеуметтік жағдайда бейімделу құралы ретінде рөлдік мінез-құлықты пайдаланады. Рөлдік мінез-құлықты рөлмен алмастыруға болмайды. Әлеуметтік рөлдің негізгі компоненттері сатылы жүйе ретінде құрылады.  
        Рөлдік тұжырымдама Американың әлеуметтік психологиясында ХХ ғасырдың 30-шы жылдары пайда болды. Оның ірі өкілдері Кули Чарльз Хортон (1864-1929ж.ж.), Мид Джордж Герберт (1863-1931ж.ж.), т.б. Кули Ч.Х. «шағын кіші» топтар теориясының негізін салушылардың бірі, оның «Зеркальное я», «Человеческяая природа», «Социальный порядок» (1912ж.), «Социальная организация» (1909ж.), «Социальный процесс» (1918ж.), «Социологическая теория», «Социальное исследование» (1930ж.) деген еңбектері бар. Кулидің жалпы әлеуметтік теорияларының негізінде әлеуметтік ұйым және сананың әлеуметтік процестерді қалыптастырудағы шешуші рөлін мойындау жатыр.  
       Ал, Мидтің әлеуметтану теориясының пайда болу негізінде өткендегі болған әрекет, оқиға (қысқаша «акт») ұғымы жатыр. Бұл акт ұғымы әрекеттеуші субъектінің шынайы өмірді қабылдаудағы ерекшелігін анықтайды. Мидтің пікірінше, әрекет етуші субъект кең мағынада физикалық «субъект», «тірі форма», «әлеуметтік мен» («я») ретінде қарастырылады. Объектілер ұғымының мазмұны, Мидтің пікірінше, индивидтің өткендегі барлық ерекшелігімен сипатталатын тәжірибесі. Осыған қарай объектілер индивид пен олардың арасындағы қатынастарды бейнелейді.  
Ч. Кули мен Дж. Мидтің бұл теориялары әлеуметтанудағы әр түрлі ағымдарға кең тараған. Оның ішінде тұлғаның рөлдік тұжырымдамасын Т. Парсонс өзінің әлеуметтік-функционалдық талдау теориясында көп қолданды.  
        Жалпы тұлғаның рөлдік теориясы тұлғаның бейімделу процесін көп дәріптей отырып, оның белсенді, творчестволық жағын жоққа шығарады.  
 
       Ч. Кули тұлғаның қалыптасуы айналасындағы адамдармен алуан түрлі қарым-қатынастар мен байланыстар негізінде болады деп тұжырымдады. Осылардың негізінде адам өзінің «айналадағы мен» деген имджін жасайды.    Ол үш элементтен құрылады:  
а) жұрт мені қалай қабылдайды;  
ә) жұрт менің сыртқы түріме қалай әсер етеді;  
б) мен жұрттың тигізген ықпалына қалай жауап беремін.  
      Бұл теория біздің қоғамдық пікірді қалай қабылдап, оған қалай жауап беру керектігін түсіндіреді.  
Джордж Герберт Мид тұлға өзінің «менін» қалай алға дамытатынын түсіндіруде тіпті тереңдеп кетті. Кули сияқты Мид тұлға, яғни «мен» деген ұғым әлеуметтік дамудың жемісі, ол өзі сияқты адамдармен әр түрлі қарым-қатынас, байланыстар негізінде қалыптасады деп санайды.  
      Жас бала біреудің мінез-құлқының себебін түсіндіре алмайды. Тек қана өзінің мінез-құлқын ойлау арқылы жас бала өмірде бірінші қадам жасайды. өзін «ойлауды» үйренгеннен кейін ол басқа адам туралы ойлай алады, сол рақылы өзінің «менін» сезіне бастайды.  
      Мидтің пікірінше, адамның тұлғаға айналу процесі үш түрлі сатыдан тұрады.  
Бірінші иммитация.

      Бұл сатыда балалап үлкен адамдардың мінезіне еліктейді, бірақ, оны түсінбейді. Кішкене бала үйдің еденін жумақшы болып, өзінің ойыншық шаңсорғышымен бөлмеде жүреді.  
Екінші, ойын сатысы.

       Бұл уақытта кішкене бала өзінің мінезін – белгілі бір рөлді орындау арқылы көрсетеді. Ол дәрігер, өрт сөндіруші. Ойын процесінде балалар бұл рөлдерді өздері істеп көрсетеді. Қуыршақтармен ойнағанда жас балалар оларды еркелетіп немесе ұрсып, әке-шешелерінің қылықтарын қайталайды. Сөйтіп балалар өз істерін ойлап жасайтын қабілетке жете бастайды.  
Үшінші саты – ұжымдық ойын.

      Мұнда балалар тек өздерін ғана ойлап қоймайды, сонымен қатар басқалардың нені күтетінін тұ\үсіне бастайды. Мысалы, футбол ойнап жүрген бала ойынның барлық ережелерін біледі. Бұны команданың барлық ойыншылары да біледі. Балалардың футбол ойынының тәртібін, ережелерін білу оларды адамдардың қоғамда өздерін қалай ұстау тәртіптерін біліп, меңгеруіне бағыттайды.бұл тәртіп, ережелер қоғамда заң және ережелер түрінде көрінетінін де түсініп, жақсы біледі.  
       Тұлға туралы рөлдік теорияда адамның әлеуметтік міне-құлқы негізінде екі ұғыммен түсіндіріледі:  
        Олар: «әлеуметтік статус» және «әлеуметтік рөл» . Әлеуметтік рөл туралы жоғарыда біраз айтылды. Енді бұларға толығырақ тоқталайық.  
Мысалы, әрбір адам әлеуметік жүйеде бірнеше қызметтерді атқарады. Осыны статус дейді. әрбір адамның бірнеше статусы болуы мүмкін, бірақ оның жағдайын бір ғана статус анықтайды. Бұл жалғыз статус басты немесе интегралды деп аталады. Ол басты немесе интегралды статус адамның қызметі (лауазымы) арқылы белгіленеді. Мысалы, директор, профессор сияқты әлеуметтік статус адамның сыртқы мінез-құлықы мен пішінінен (киімі, сөйлеу мәнері) және басқа әлеуметтік мамандық белгілер ең алдымен адамның алдына қойған өмірлік басты нысаналарынан, іс-әрекеттерінен, мақсаттарынан, т.б. байқалады.  
        Әлеуметтанушылар статустардың екі түрін бөліп көрсетеді. Біреуі – қоғамнан берілген (предписание), екіншісі адамның өз еңбегінің нәтижесінде қол жеткізген (пробретенный) статус. Қоғамнан берілген статус – тұлғаның этникалық шығу тегімен, туған жерімен, отбасымен байланысты. Еңбегі арқылы қол жеткізген статус адамның қажырлы еңбек етуіне байланысты. Мысалы, жазушы, ғалым, директор. Статсутың табиғи деген түрі болады. Тұлғаның табиғи статусы адамның мәнді, тұрақты сипатты белгілеріне байланысты (ер адам, әйел, бала, жасөспірім, қарт). Көбінесе, қызметіне (лауазым) байланысты статус – тұлғаның базистік (яғни, негізгі) статусы болып есептеледі. Ол ересек адамның интегралдық статусының негізі болады. Бұл статусқа адамның әлеуметтік, экономикалық, өндірістік салаларда қызметі , орны (мысалы, дәрігер, инженер, мұғалім, банкир) жатады.  
       Қорыта айтқанда, қандай да бір қоғамда адамның әлеуметтік жүйедегі орны бар. Ал, қоғамның адамға белгілі бір талап қоюы оның әлеуметтік рөлінің мазмұнын, мәнін құрайды. Сонымен, әлеуметтік рөл дегеніміз, әлеуметтік дүйеде белгілі бір статусы бар адамның орындайтын іс-әрекетінің жиынтығы.  
        Әрбір статус бірнеше рөлдерден құралады. Нақтылы статустан шыққан бірнеше рөлдердің қосындысын рөлдер жиынтығы (набор) деп атайды. Әлеуметтік рөл рөлдік тосу, күту, үміт ету және рөлдік мінез-құлық болып екіге бөлінеді.  
        Рөлдік тосу, күту, үміт ету (ожидание) – бұл ойын ережесіне сәйкес нақтылы рөлден бірдеңені үміт ету, тосу, күту, ал, рөлдік тәртіп дегеніміз, адамның өзінің рөлі шеңберінде белгілі бір міндеттерді атқару. Күнделікті өмірде адам бір рөлді алып, осыған байланысты құқықтар мен міндеттерді анық түсінеді, бұдан іс-әрекеттің, жұмыстың жобасын, оларды атқарудың реттерін біледі және өзінің мінез-құлқын айналасындағы адамдардың мүдделерімен сәйкестендіреді.  
        Қоғам бұл мәселеде әр уақытта «осылай болу керек» деген қағиданы басшылыққа алады. Осыған сәйкес қоғамда бақылау жүйесі орнаған. Ол қоғамдық пікірден тәртіп сақтау органдарына дейін бар және осыған орай қоғамдық-әлеуметтік санкция жүйесі орнап, қызмет арқарады. Ол адамды ұялтып бетіне басудан (порицание), кінәлаудан, айыптаудан (осуждение), күштеуге дейінгі шараларға барады.


Информация о работе Социология туралы түсінік