Саяси процесс туралы ұғым

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2014 в 19:59, реферат

Краткое описание

Саяси процесс ұғымы кең және тар мағынасында қолданылады. Кең мағынасында ол коғамның саяси жүйесінің уакыт пен кеңістікте дамып, жұмыс істеуін білдіреді. Тар мағынасында түпкілікті нақты нәтижеге жеткен белгілі бір көлемдегі процесті көрсетеді. Мысалы, қайсыбір партия не қозғалыстың қалыптасуы, сайлаудын өткізілуі, басқарудың жаңа құрылымының дүниеге келуі және т. с. с.
Қоғамдық өмір, оның ішінде саяси сала — өте күрделі құбылыс. Онда әмір сүріп жатқан топтардың, жіктердің, ұйымдардың мақсат-мүдделері кейде қабысып, кейде келіспей, шырмалып жатады. Соған орай күн сайын көптеген өзгерістер болып, бір саяси нұсқаулар дүниеге келіп, екіншілері өз күшін сақтап, үшіншілері өшіп дегендей, өзгеріп жататыны белгілі. Осындай саяси жүйенің бір қалыпты жағдайдан екінші жағдайға келіп, ауысуын, өзгеруін, қозғалысын саяси процесс дейді

Прикрепленные файлы: 1 файл