Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2013 в 19:15, реферат
Адамдар туғанынан саяси сауатты, саяси өмірге бейімделіп тумайды. Олар біртіндеп, өмір бойы саяси білімін кеңейтеді, толықтырады. Саяси мәдениеттің үлгілері бір дәуірден екінші дәуірге мұра ретінде қалып, соңғы ұрпақ алдыңғы ұрпақтың үлгі - өнегісінен үйреніп отырады. Мұндай процесті ғылым тілінде саяси әлеуметтену дейді.
«Әлеуметтену» деген ұғымды ХІХ ғ. Аяғында Америка әлеуметтанушысы Ф.Гидденс және француз әлеуметтанушысы және психологі Г.Тар ғылыми айналымға енгізді. Олар әлеуметтану деп тұлғаның әлеуметтік ортаға байланысты осы ұғым негізінде Америка әлеуметтанушылары және саясаттанушылары «саяси әлеуметтену» деген ұғымда ойлап шығарды. Г.Алмонд, С.Верба, Д.Истон еңбектерінде бұл ұғым кеңінен пайдаланылды.
1. Саяси әлеуметтенудің түсінігі мен мәні ...................................................2
2. Саяси әлеуметтенудің институттары, кезеңдері мен қызметтері............4
3. Саяси әлеуметтенудің типтері ...................................................................6
4. Даралықтың саяси социализациясы процесі мен механизмі .................8
5. Жеке адамның саяси құрылымы ..............................................................12
6. Саяси элита ұғымы........................................................................................
7. Қолданылған әдебиеттер тізімі ................................................................14
Саясаттағы жеке адамның ролі мен қарекетін дұрыс бағалау үшін оның саясатқа қатынасуына мүмкіндік дсаушы психологиялық механизмдерін білу керек. Бұд процесс ғылымда саяси социализация деп аталады. Жеке адамның саясатқа қатысуы, саяси жүйенің өз шеңберіне жеке адамды татуынан басталады, өз жағындағыларды саяси іске жұмылдырады, қарапайым саяси функцияларды атқаруға үйретеді, әрбір азаматтың нені біліп, не істеу керек екендігі жөнінде арнаулы мәлімет жинақтайды. Осы саясат пен жеке адам арасындағы өзара
байланыс нақты тарихи сипатта болады. Әрбір саяси жүйе жеке адамды саясатқа тартудың өзіндік механизмдерін, яғни саяси социализация механизмін қалыптастырады. Алғашқы қауымдық құрылыста, қоғам әлі тапқа бөлінбей тұрған кезде социализацияның алғашқы бастамасы ғана болды, мұнда тек даралықтың әлеуметтік жатақхана формаларына үйренуі жүрді. Дамыған саяси социализация таптық қоғамның қалыптасуымен мүмкін болды. Мысалы, құлиеленушілік қоғамда саяси қызметпен тек еркін адамдар айналысса, ал феодалдық қоғамда арнаулы сословие ғана айналысты.
Буржуазиялық қоғамда саяси социализация сословиялардан басқа әлеуметтік таптыққа байланысты механизмдер арқылы да жүреді. Әсіресе, бұл фактор ерте буржуазиялық мемлекеттер кезеңінде маңыздырақ болып, таптық жағдайлар саяси рольдерді, мүдделерді, жеке адам құндылықтарын анықтайды.
Сонымен саяси социализация процесінің тарихи сипаты бар, ол саяси жүйенің ерекшеліктерімен, әлеуметтік- экономикалық формацияның шеңберімен, жеке адамдардың объективтік факторларды психологиялық қабылдауымен анықталады. Жеке адамның саяси институттарымен өзара қатынасының нәтижесінде саяси сана мен тәртіп қалыптасады.
Қазіргі қоғамда саяси социализация мәселесінің екі негізгі жағының маңызы зор:
Біріншіден, бүкіл саяси жүйе шеңберінде жеке адамдардың саясатқа қатынасы макродеңгейде жүреді, яғни саяси сана мен тәртіптің негізгі формалары қандай факторлардың ықпалы арқылы қалыптасады, саяси әр түрлі партиялар саяси жүйеге ене отырып өз мүшелерін қалай жұмылдырады, идеологияның ықпалымен саяси сана қалай қалыптасады.
Екіншіден, бұл микродеңгейде: жеке адамдарды нақты саяси ұйымға тарту, адамның белгілі бір рольдер мен тәртіп үлгілерін меңгеруі.
Саяси социализацияның саяси факторлары белгілі бір жүйеге бірігіп, оған: мемлекеттік құрылымның сипаты мен типі, саяси тәртіп, саяси институттар, патриялар, ұйымдар, қозғалыстар кіреді. Даралықты саяси қатынастарға тартудың арнаулы механизмдері арқылы бұл факторлар жеке адамның саяси тәртібін реттейді, оны бақылайды.
Реальды өмірде саяси факторлар мен саяси емес факторлар араласа отырып, жеке адамға күрделі ықпал жасайды.
Саяси социализацияның механизмдері әр түрлі деңгейде әрекет етеді:
1. Әлеуметтік деңгейде.
Адамды саясатқа
2.Әлеуметтік-психологиялық
деңгейде. Саяси құндылықтар әлеуметтік
үлкен топтардан, кіші
3. Ішкі жекелік деңгейде. Социализация механизмі ретінде талаптар, мотив, мүдделер, құндылық бағыттары т.т саясаттағы жеке аламның тәртібі мен санасын басқарады.
Қазіргі әлеуметтік психологияда жеке адамның ішкі құрылымы үшке бөлінеді: биологиялық, психологиялық, әлеуметтік деңгейлері.
1. Жеке адамның биологиялық деңгейі. Жеке адамның биологиялық мінездемесі оның саяси санасы мен тәртібіне қалай әсер етеді? Ол үшін жеке адамның жынысы, жасы, темпераменті, денсаулығының жағдайы сияқты компоненттерінің талданысы қажет. Осы факторлар арқылы саясатта кім белсенді, басшы роль атқартындығы анықталады. Мысалы, саяси жеке адамның жасы әр түрлі мәдениет пен кезеңдерде өте маңызды тарихи анықталған компонент. Бетбұрыс, революция, дағдарыс кезеңдерінде саяси басшы рольдерге жас адамдарды тарту орын алған. Қазіргі ТМД елдеріндегі қайта құру процесінде мемлекеттік және саяси басқарудың барлық салалрында басшы роль атқаруы да мүмкін. Көптеген дәстүрлі қоғамдар үшін саяси жетілу, кемеліне келу және үлкейген жас синонимдер болып есептеледі.
Қалай болғанда да таза биологиялық
мінездеме саяси жағынан
2. Жеке адамның жыныс, бұл да саяси функцияларды атқаруда біршама маңызға ие болады. Әйелдер әр уақытта да саясатқа біршама роль атқарғанымен, көбінесе ресми емес орындарда болған. Көптеген әйел- революцилнерлер өз уақытының саяси бейнесін өзгертуге көп үлес қосты.
Дамыған елдерде әйелдер теңдігі жүрген феминистік қозғалыстардан соң мемлекеттік аппаратта, партияларда, қозғалыстарда басшы орындарға біраз әйелдер сайлана бастады. Саяси басшы ретінде өзін мойындаттыру үшін, әйелге көптеген табиғат сыйлаған қасиеттерінен бас тартуға тура келеді. Темперамент- жүйке жүйесінің қасиеті тек жеке адамға емес, бүкіл бұраға, оның саяси тәртібіне бейнелеу формасын ғана анықтап қоймайды, бұқараны саяси идеалға жетелеуде эмоционалдық әсер етеді. Биологиялық мінездеменің ішінде белгілі бір рольді жеке адамның физикалық берілгендері де атқарады. Мысалы, шыдамдылық, күш энергия, жұмыскерлік, яғни адамның табиғатынан, жаратылысынан біткен қасиеттер. Бірақ, кейде еріктің күшімен кейбір физикалық кемтарлықты жоюға болады.
3. Жеке адамның психологиялық
деңгейі. Оған мынадай
эмоция, ерік, есте сақтау, ойлау қабілеті,
мінез. Осылардың әрқайсысы саяси санаға,
тәртіпке әсер етеді. Әсіресе, сяасатта
эмоцияның ролі өте зор: қорқыныш, қуаныш,
таңырқау, жек көру, іштарлық т.б. сезімдер
объективті саяси процестерде бірге жүріп
қана қоймайды, сонымен қатар қуатты әсер
етуші факторлар жатады.
Ерік – жеке адамның саналы психологиялық элементі. Ерік болмаса, саяси қызметтің кез келген саласында мақсатқа жету мүмкін емес. Саяси ерік- жеке немесе таптық ұсақ мүдделерден түпкі мақсатты жоғары қою қабілеті.
Саяси ойлау- адамның
интеллект, білім, ойлау процесінің
сипаты. Саяси терең білімнің, хабарының
болуы – жеке адамның саяси
жетілгендігінің белгісі
Тарихи жағынан алғанда адамдарды ел билеуші таңдаулыларға және олардың дегенін істейтін бағыныштыларға бөлу идеясы өте ертеден бастау алады. Мысалы, Конфуций (б.з.б 551-479) адамдарды асыл азаматтарға және төменгі адамдарға бөлді. Платон билеуші-философтарға,
әскерлерге, егіншілер мен кәсіпшілерге ажыратты. Алайда элитарлық теорияны көзқарастар жүйесі ретінде 20ғ басында итальян ғалымдары Г. Моска, В.Парето, неміс Р. Михельс және т.б қалыптастырды.
Гаэтано Моска (1854-1941) элита теориясын “Cаяси ғылым негіздері” деген еңбегінде негіздеді. Онда ол қоғам басқарушылар мен басқарылушыларға бөлінеді деді. Оған ұйтқы болатын қасиеттерге әскери ерлікті, байлықты, діни дәрежені жатқызды. Осы үш қасиет , оның ойынша, адамға басқарушылар ( элита ) қатарына кіруге жол ашады.
“Элита” терминін ғылыми айналымға енгізген Вальфредо Парето (1848-1923 ) “ Жалпыға бірдей социология” трактатында ол “элиталардың айналу” теориясын жасады. Ол бойынша элита билік басына алдыңғы қатарлы идеяны ұсынуының арқасында келеді. Ол идея жүзеге асқанда олардың энергиясы азайып, ізденісі баяулай бас тайды. Олардың орнына жаңа идеямен жаңа элита билік басына келеді. Мұндай алмасу қоғамда әрқашан болмақ. Яғни, бір элита екіншіні алмастырып , жаңарып, қоғамды алға жылжытып отырады.
Роберт Михельс (1876-1936 ) “Саяси партиялар Демократиялық –олигархиялық үрдістері туралы очерк “деген еңбегінде “олигархияның темірдей заңын “
шығарды. Оның ойынша, бұқара халықтың өзін-өзі ұйымдастыруға және басқаруға қабілеті жетпейді. Парламенттік демократия жағдайында кейбіреулер жұртшылықтың қолдауына ие болады. Сөйтіп, кәсіби дайындалған адамдардан тұратын басқару аппараты пайда болады. Ол көпшіліктен біртіндеп алшақтайды, қоғaмның қарапайым мүшелеріне өздерін қарсы қояды. Соның нәтижесінде билікті өз қолдарынан шығармай, сақтап қалуға тырысатын томаға-тұйық дөңгелек, шеңбер пайда болады. Мұнда ат төбеліндей байлар саяси және экономикалық билікке ие болады. Халықтың егемендігі, билігі дегеннің бәрі бос қиял. “Олигархияның темірдей заңы” осы
дейді Р Михельс.
Американың саясаттанушысы Райт Миллс “Билеуші элита” атты еңбегінде АҚШ-тың 20ғ ортасындағы элитасына талдау жасайды . Ол элитаны мәртебелер және стратегиялық рөлдер атқаратын топ деп анықтайды. Оның ойынша , қоғам үшін ең маңызды рөл атқаратын саяси, экономикалық және әскери институттар. Соған орай билік элитасын мемлекет, корпорациялар және әскери басшылар құрайды.
Франция саяаттанушысы Р.Ж. Шварценбергер “Абсолютті құқық” деген еңбенінде қазіргі элитаны жабық каста ретінде сипаттайды. Францияда ол саясаткерлерден , жоғары әкімшіліктерден және іскер адамдардан тұратын биліктің үшбұрышын құрайды. Олар үкіметті қалыптастырады, мемлекетті билейді, ірі корпорациялар мен банктерді басқарады.
Элитизм тұжырымдамалары саяси элитаны қоғамның азшылық бөлігін құраушы, тәуелсіз, жоғары белгілі бір деңгейде психологиялық, әлеуметтік және саяси артықшылықтары бар,салыстырмалы түрде алғанда айрықша топ деп сипаттайды . Бұлар мемлекеттік билікті пайдаланумен немесе оған ықпал жасаумен байланысты шешімдер қабылдауға ,оны жүзеге асыруға тікелей қатысушылар.
Мұндай жағдайда саяси элитаның экономикалық үстемдік етуші топпен байланысы жоққа шығарылайды ,ол бірлескен, тең, екі жақты бағытталған деп қарастырылады . Элитизм тұжырымы көп түрлі. Ол өзінің бастамасын көне дәуірдің әлеуметтік-саяси көзқарастарынан алады. Рулық құрылыстың құлдырауы кезеңінде-ақ қоғамды жоғарғы және төменгі, ақсүйек және қара, аритократия және қарапайым тобыр деп бөліну орын алған. 19ғ бастап әлеуметтік сатылы жүйеде жоғары әлеуметтік топтарға элита түсінігі пайдаланыла бастады. 19ғ бұл түсінік әлеуметтану мен саясаттану ғылымдарының ғылыми айналымына енді. Элитарлық теорияның орталық түсінігі бойынша кезкелген әлеуметтік құрылымның қажетті құрамдас бөлігі деп есептелетін қызмет атқарады .Ал қалған бұқара халық шығармашылық емес репродуктивтивтік қызмет арқарады.
Батыстық саясаттануда элита жөнінде бір бағыттағы көзқарас жоқ.Мысалы ,Парето бұл айрықша топты өз қызметтері саласында ең жоғарғы индекске ие болғандар десе, Моска, саясатқа қатынасы бойынша белсенді, билікке сүйенуші, қоғамның ұйымдасқан азшылық билеуші тобы дейді. Ал Ортега мен Гассет
Бұл топты қоғамдағы артықшылықтарды, байлықты, мәртебені пайдаланушы, көпшіліктің алдында интелектуалдық және моралдық ерекшелігі бар, жоғарғы жауапкершілікті сезінуші деп сипаттайды. Осы жоғарыда көрсетілген көзқарастар Макиавелли мектебі деп аталып, элита теормясының тарихи алғашқы тобы алғашқы тобы болып есептеліп, бүгінгі күнге дейін өз маңызын жойған жоқ. Бұларды біріктіретін ортақ белгілеріне тоқталатын болсақ:
1. Кез-келген қоғамның элитарлығын мойындау, оның айрықша ,билеуші билеуші шығармашылық байланысты енжарлық шығармашылық емес көпшілікке бөлінуі. Бұлайша бөлу адам мен қоғам табиғатының заңдылығынан туындайды.
2.Элитаның ерекше психологиялық сапасы. Табиғат сыйлаған сапасы мен тәрбисіне байланыстылық.
3.Топтық бірігушілік. Элита қандай да болмасын деңгейдегі бірккен топты бейнелейді, бұл тек кәсіптік мәртебесі мен әлеуметтік жағдайының ортақтығына ғана байланысты емес, сонымен бірге элитарлық сана-сезім, қоғамды басқарушы, өзін айрықша қабат ретінде сезіну ортақтығына байланысты бірігушілік.
4.Элитаның легитимділігі, яғни бұқараның оның саяси басшылыққа құқығын тануы.
5. Элитаның құрамдық биліктік қатынастарының тұрақтылығы. Оның дербес құрамы өзгеріп тұрғанымен, үстемдік қатынастары өз негізінде , тарихтың барысында қаншама тайпа көсемдері, монархтар, боярлар, дворяндар, парламентарийлер, министрлер, партия хатшылары т.б ауысқанымен, элита мен қарапайым адамдар арсындағы үстемдік қатынастары, бағындыру сақталып қалады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Шынтемірова Б.Ғ. , Шайхиев Т.Т. – «Саясаттану» (Оқу- әдістемелік құрал)
Алматы 1998.
2. Жамбылов