Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2014 в 20:56, реферат
Саясат әлеуметтануы шынайы қоғамының ерекше саласымен шұғылданады. Қоғамдық жүйенің тиімді қызмет атқаруы үшінәлеуметтік-саяси үрдістің заңдылықтарын мемлекеттік басшыларғана емес, сонымен қатар қоғамның мүшелері де білуге тиісті. Саясат әлеуметтануы әлеуметтік және саяси қатынастарды зерттейтін салада әлеуметтік мақсаттарға саяси құралдармен жетеді. Ол көптеген халықтың белсенді іс-әрекетінен көрінеді. Саясат – қоғамдық топтардың, саяси партиялардың, жекелеген топтардың мақсат – мүдделері арқылы анықталады және мемлекеттік билік пен мемлекеттік басқару органдарының қызметі болып табылады. Саясат осы қоғамның әлеуметтік – экономикалық табиғатын бейнелейді. Саясаттың өзектілігі оның атқаратын: 1) қоғамды жалпы ұйымдастырушы бастау ретіндегі; 2) қоғамды реттеуші – бақылаушы құрал немесе жеке адамдардың, қоғамдық топтардың, ұлттардың, халықтар мен елдердің өмірін, қызметін, қатынастарын бағыттаушы жүйе, сала ретіндегі басты қызметі мен байланысты.
Саяси әлеуметтанудың пәні, объектісі, заңдары.
Саяси билік және саяси режимдер.
Саяси партиялар әлеуметтанудың зерттеудің объектісі ретінде.
Саяси өмірдің әлеуметтік механизмдер.
Қазақстан
Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Тақырыбы: «Саяси әлеуметтануы».
Тексерген: аға оқытушы Қамиева Г.
Орындаған:.
Ақтау қаласы, 2013 жыл.
Жоспар:
Саясат әлеуметтануы шынайы қоғамының ерекше саласымен шұғылданады. Қоғамдық жүйенің тиімді қызмет атқаруы үшінәлеуметтік-саяси үрдістің заңдылықтарын мемлекеттік басшыларғана емес, сонымен қатар қоғамның мүшелері де білуге тиісті. Саясат әлеуметтануы әлеуметтік және саяси қатынастарды зерттейтін салада әлеуметтік мақсаттарға саяси құралдармен жетеді. Ол көптеген халықтың белсенді іс-әрекетінен көрінеді. Саясат – қоғамдық топтардың, саяси партиялардың, жекелеген топтардың мақсат – мүдделері арқылы анықталады және мемлекеттік билік пен мемлекеттік басқару органдарының қызметі болып табылады. Саясат осы қоғамның әлеуметтік – экономикалық табиғатын бейнелейді. Саясаттың өзектілігі оның атқаратын: 1) қоғамды жалпы ұйымдастырушы бастау ретіндегі; 2) қоғамды реттеуші – бақылаушы құрал немесе жеке адамдардың, қоғамдық топтардың, ұлттардың, халықтар мен елдердің өмірін, қызметін, қатынастарын бағыттаушы жүйе, сала ретіндегі басты қызметі мен байланысты.
Сонымен бірге тоталитарлық
Саясаттану ғылым ретінде
Сонымен, саясат әлеуметтануының
пәні әр түрлі әлеуметтік
Саяси социология саясатты әлеуметтік институт, әлеуметтік қатынастар түрі ретінде қарастырады. Әлеуметтік институттардың түрлі салада адам өмірін реттейтін тұрақты қалыптары, ережелері, рәміздер кешені бар. Ол тіршілікті әлеуметтік тәрбие және рөлдер арқылы реттейді. Бұл тұрғыдан алғанда адамды азаматтық қоғамның өкілі ретінде қарайды. Ал әр адамның белгілі саяси міндеттері, саяси санасы мен саяси мәдениетінің дәрежесі болады.
Саясат арқылы түрлі қоғамдық таптар мен әлеуметтік топтардың мүдделері көрініс табады, ал олардың мүдделерін әлеуметтік құрылымда алатын объективті жағдайлары мен орны анықтайды. Егер оның шешімі әлеуметтік мүдделермен байланысты болса, кез келген әлеуметтік мәселе саяси сипатқа ие болады, сондықтан оның жұзеге асырылуы билік қатынастары арқылы орындалады.
Саясат экономиканың
Саясат қоғамдық мәнділік ретінде қоғамнан және адам санасынан, оның мүдделері, мұқтаждықтары, мақсаттары мен дүниетанымынан ажырамай, біртұтас болып қаралады. Барлық әлеуметтік қауымдасулардың түбегейлі мүдделері – саяси, басқару экономикалық дамуды реттеп, саясаттан көрініс табады. Сондықтан саясаттың шығуының өзі белгілі кезеңде экономикалық дамудың негізінде мүмкін болды. Ол қоғамдық үшінші еңбек бөлінісі – ой еңбегі дене еңбегінен бөлінген тұста пайда болды. Сөйтіп, өндіргіш күштердің дамуымен тығыз байланыстырылған саясат әлеуметтік реттеудің ерекше түрі болып қалыптасты. Сол кезеңнен саясат әлеуметтік байланыстар мен мүдделерді реттеуші және бақылаушы қызметін атқарады. Алғашқы қауымда әлеуметтік қатынастар жалпыға бірдей айыптаушылық пен мінеушілік арқылы реттелсе, мемлекеттер ерекше құралдарға, құқыққа сүйеніп, күштеудің негізінде оны жүзеге асырады. Демек, белгілі кезеңде экономикалық дамудың қажеттілігі күрделі өндірістік мақсаттарды, экономикалық мүдделерді тиімдірек қанағаттандыру үшін қоғамдық өмірді басқаша ұйымдастыруды талап етті. Әлеуметтік байланыстар әдеттегі туысқандық пен көршілестік қатынастардың басқа түріне ауыса бастады. Енді экономикалық салада өндіруші тікелей қатынаста болатын туысқандарға бейімделуге мәжбүр болады. Бұдан былай табысқа жету үшін өндіруші мен тұтынушының қатынастарын қатал ережелерге бағындыру керек болды. Өйткені ендігі жерде адамгершілік мөлшерлердің экономикалық қатынастарды, мүдделерді реттеуі мүмкін болмай қалды. Оны реттейтін жаңа тетіктің қызметі саясатқа жүктелді.
Қоғамның саяси өмірі әлеуметтік қатынастардың бір түрі ретінде әлеуметтік қауымдардың арасындағы саяси қатынастарды енгізеді. Саяси қатынастардың үдерісін мемлекеттік құрылыс, қоғамның саяси тәртіп жүйесі, мәдени – тарихи дамудың өзгешеліктері анықтайды.
Қоғамның саяси басқаруға көшуі – адамзат тарихындағы ұлы әлеуметтік революциялардың бірі болып саналады. Себебі, саясат қоғам дамуының мәселелерін тиімді пайдалануға, әлеуметтік қауымдасуларды біріктіруге, қарама – қарсы және әр түрлі қоғамдық күштердің нығаюы мен тұрақтылығының негізін қамтамасыз етуге қабілетті болады. Оны жүзеге асырушы құрал мемлекет болып танылады. Мемлекет саяси институт ретінде саяси билікті бейнелейді және қоғамдағы үстем таптар мен әлеуметтік топтардың ерік – жігерін, әрі мүдделерін білдіреді. Мемлекетсіз қоғамның жүйе ретінде тұтастық болып қызмет атқаруы мен дамуы мүмкін емес. Саяси ойлар мен оған сай мекемелер экономикалық іргелі негізге қондырма болып табылады. Саяси мекемелер және мемлекеттің нысандары қоғамның экономикалық дамуы мен өзгеруінің негізінде жасалынды. Бірақ саясат экономиканың енжар салдары емес. Қоғамдық ойлар, теориялар, саяси мекемелер экономикалық дамуға белсенді ықпал етеді. Егер қоғамдық ойлар, теориялық озық, ілгерішіл болса, онда қоғамның материялдық өмірін жетілдіретін жағдайлар жасалынады. Қондырманың, экономика мен саясаттың араларында байланыстыратын буын, өзара әрекет етуші әлеуметтік тетік бар. Оны орындаушы – қоғамның әлеуметтік құрылымы. Бұл әлеуметтік құрылым экономиканың негізінде қалыптасып, саяси күштердің, саяси жүйенің құрылымын анықтайды.
Сонымен, әлеуметтік реттеудің ерекше
тұрпаты саясаттағы әр түрлі
қауымдасулардың, жіктер мен топтардың
мүдделерін келістіру, қоғамның
барлық мүшелеріне, мемлекеттің
азаматтарына міндетті болатын
ережелер мен мөлшерлерді
Саясаттағы билік қатынастарын сөз еткенде ең алдымен оған сипаттама беріледі.