Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2014 в 18:34, шпаргалка

Краткое описание

1. Саясаттану - саясат, саяси үрдіс, саяси билік туралы ғылым.
2. Тарихи тәсіл - саяси құбылыстарды мерзімі жағынан дәйекті, заманына қарай, бұрынғы, қазіргі және болашақтың байланысын айқындай отырып қарастырады.
3. Салыстырмалы әдіс әр түрлі елдердегі саяси құбылыстарды салыстырып, олардың жалпы жақтарын және жеке ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік береді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

срсп 1.docx

— 18.88 Кб (Скачать документ)

                                 Қазақстан білім және ғылым министрлігі

                      Қазақ гуманитарлық – инновациялық заң университеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   ОЖСӨЖ

 

Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                            Тексерген: Ноғаева Н.М.

                                                                                 Орындаған: Кенжебек А.Е. 

 

 

                                              Семей – 2013ж.

         

       Глоссарий

1. Саясаттану - саясат, саяси үрдіс, саяси билік туралы ғылым.

2. Тарихи тәсіл - саяси құбылыстарды мерзімі жағынан дәйекті, заманына    қарай, бұрынғы, қазіргі және болашақтың байланысын айқындай отырып қарастырады.

3. Салыстырмалы әдіс әр  түрлі елдердегі саяси құбылыстарды  салыстырып, олардың жалпы жақтарын  және жеке ерекшеліктерін ажыратуға  мүмкіндік береді.

4. Жүйелеу әдісі - саяси құбылыстарды басқа күрделі құрылымның бір бөлігі ретінде қарап, оны құрайтын элементтердің әлеуметтік өмірдегі орнын, қызметін айналадағы ортамен, басқа құбылыстармен байланысын зерттейді.

5. Бихевиористік әдіс - жеке адамдар мен топтардың іс-әрекетін, белгілі бір саяси жағдайларда адамдардың өздерін өздері қалай ұстауын талдауға негізделеді.

6. Құрылымдық-функционалдық  әдіс - саяси институттардың, саяси қатынастар субъектілерінің қызметін сараптау жолымен саяси процестерді зерттеу әдісі.

7. Саясаттану парадигмалары - саяси өмірді бейнелеуді, білімді ұйымдастырудың қисынын білдіретін, әлеуметтік құбылыстардың бір тобын теориялық пайымдау үлгісі деп мойындаған негізгі тұғырнама желісін айтады.

8. Теологиялық парадигма - саясатты, билікті құдайдың құдіретімен түсіндіреді.

9. Натуралистік парадигма саясатты әлеуметтік сипаты жоқ табиғи себептермен түсіндіреді.

10. Әлеуметтік парадигма – саясаттың табиғатын әлеуметтік факторлар арқылытүсіндіреді.

11. Саяси билік – таптық, топтық жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді.

12. Мемлекеттік билік –  барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке

дара құқығы бар заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенген саяси билік түрі.

13.Легитимдік – халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы, оныңзаңдылығы мен шешімдерін растауы.

14.Субъект – іс-әрекетті жасаушы, объекті өзгертуші жеке адам, әлеуметтік

топ,тап, партия, мемлекет.

15.Заң шығарушы билік  – заң шығарумен, оны бекіту, өзгерту, немесе жоюмен айналысады; ол заң қабылдайды, салық салуды анықтайды, үкіметтітағайындайды, бюджетті бекітеді, соғыс ашып және әскерді қамтамасыз етеді,сауданы реттейді.

16. Атқарушы билік –  заң шығарушы биліктің бақылауында болып, олардың алдында есеп береді, үкімет саяси шешімдерді қабылдап, әкімшілік ол шешімдерді жүзеге асурышу болады.

17. Соттық билік – адамдардың құқығын қорғайды, зағды бұрмалаушылықтансақтайды, парламент не президент қабылдаған заңдардың, конституциялықжарғыларының сәйкестігін анықтайды.

18.Геосаясат – сыртқы саясатты географиялық факторларға байланыстыжүргізетін саясат.

19. Басқару түрі – жоғары  өкімет билігі кімнің қолында екендігін көрсетеді.

20. Легитимдік дегеніміз - халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті қолдауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы.

21. Саяси билік ресурстары - субъекті мақсатына сәйкес билік объектісіне ықпал етуді қамтамасыз ететін барлық құралдар.

22. Құқық – мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп ережелерінің жиынтығы.

23. Парламент – мемлекеттік биліктің ең жоғарғы өкілдік органы.

24. Прокуратура — мемлекет атынан заңнама мен құқықтарды сонымен қатар адамның және азаматтың еркіндіктерін қадағалап бақылайтын құқық қорғау органы. Және де басқада функцияларды шектеулі, ұлттық заңнамамен орындалуын қадағалайды.

25. Сот – сот төрелігін жүзеге асыру, құқық бұзушыларға мәжбүрлеу шараларын қолдану жолдарымен қоғамның және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін заңсыз қол сұғушылықтан қорғайтын мемлекеттік орган.

26. Ақпарат - ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым.

27. Кәсіби одақтар – өндірістегі және өндірістен тыс салалардағы қызметкерлерді біріктіретін, өз мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық құқтары мен мүдделерін қорғау үшін құрылатын ерікті ұйымдар; қызметінің сипаты мен кәсіби мүдделерінің ортақтығына қарай ұйымдасқан азаматтардың бұқаралық ерікті қоғамдық бірлестіктері.


Информация о работе Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде