Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2012 в 21:20, реферат
[өңдеу] Мемлекетаралық стандарттау жүйесінің жұмысы
1992 жылдың 13 наурызында стандарттау саласында «Келісілген саясатты жүргізу туралы» ТМД елдерінің Келісіміне қол қойылып, мемлекетаралық стандарттау жүйесінің негізі қаланды. Бұл құжат бойынша мыналар танылды: қолданылып жүрген мемлекеттік стандарттар мемлекетаралық стандарттар ретінде, бұрынғы КСРО эталондың базасы ортақ мүлік ретінде, стандарттау, сертификаттау және метрология жүйелерін өзара тану үшін екі жақты келісімдердің қажеттілігі. Мемлекетаралық деңгейде стандарттау, сертификаттау және метрология бойынша мемлекетаралық кеңес құрылды. Оның негізгі функциялары: стандарттау саласындағы қызметтің басты бағыттарын айқындау; мемлекетаралық стандарттардың жобаларын бекіту, стан- дарттау саласындағы жұмыстардың негізгі бағыттарын және оларға қажетті шығынның сметасын талқылау және қабылдау. Кеңестің қабылдаған шешімдері оған өкілдері кірген мемлекеттерге міндетті. Келісімге қатысқан ТМД елдерінің стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі ұлттық органдардың басшылары мемлекетаралық кеңестің мүшелері болып табылады. Мемлекетаралық жұмыстың негізгі органы - стандарттың, метрология және сертификаттау жөніндегі Минск қаласында орналасқан бюросы. Қалыптасқан дәстүр бойынша кеңестің жиналыстары Келісімге енген елдердің әрқайсысында кезектесіп өткізіліп отырады. Мемлекетаралық кеңестің жұмысы арқасында КСРО- да қолданылған нормативтік құжаттар қоры мен эталондық база (шамамен 25 мың мемлекеттік, 40 мың салалық стандарттар, 35 техникалық-экономикалық ақпаратты жіктегіштер, 140 физикалық шамалар өлшемдерінің метрологиялық эталондары) сақталып қалды. Қазіргі уақытта ТМД елдерінің ұлттың сертификаттау жүйелерін өзара тану үдерісі толығымен аяқталды. Мемлекетаралық кеңестің жұмыс органы - мемлекетаралық техникалық комитеттер. Олар мемлекетаралық стандарттарды әзірлейді және мемлекетаралық стандарттау саласындағы басқа да нақтылы жұмыстарды жүргізеді. Мемлекетаралық стандарттар және оларға енгізілетін өзгерістер кеңес шешімімен қабылданады, ал кеңес жиналыстары жылына екі рет өткізіледі. Бес жылда (1992-1997 жж.) Кеңестің шешімімен 2500 нормативтік құжаттар қабылданды. Олар негізінде міндетті сертификаттауға жататын өнімдерге техникалық талаптарды белгілеу бағытталған. Қабылданған стандарттар халықаралық стандарттармен үйлестірілген, яғни ТМД елдерінің дүниежүзілік нарыққа шығуына мүмкіндік туғызады. Мемлекетаралық кеңестің атқарып отырған нәтижелі жұмыстарын бағалай отырып, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым (ИСО) оны стандарттаудың халықаралық аймақтық мекемесі ретінде таныды.
Стандарттау
Стандарттау-нақты бар
және потенциалды мақсаттарға
Қазақстан Республикасының стандарттау бойынша қызмет келесідей реттелеі:
- Қазақстан Республикасының 2004жылдың 9 қарашасынан №603-ІІ 3ҚР
- «Техникалық реттеу туралы» Заңымен;
- стандарттау бойынша мемлекеттік стандарттармен.
Стандарттау бойынша нормативті құжаттар:
1) Халықаралық стандарттар;
2) аймақтық стандарттар мен техникалық-экономикалық ақпарат тізілімдері(классификаторлар), стандарттау бойынша ережелер мен ұсыныстар;
3) ҚР техникалық-экономикалық классификаторлары мен стандарттары;
4) өнеркәсіп стандарттары;
5) ҚР стандарттау бойынша ұсыныстары;
6) ұлттық стандарттар, ұйымдар стандарттары, техникалық-экономикалық ақпарат классификаторлары, шет ел мемлкеттерінің стандарттау бойынша ережелері, нормалары мен ұсыныстары.
2. 1 бөлімнің 1)-3) бөлімшелерінде
келтірілген стандарттау
Халықаралық стандарттар
Халықаралық стандарттарды (ХС) қолдану тәртібі ҚР СТ 1.9-2007 келтірілген.
Қазақстан Республикасы территориясында
талаптары төменде
- ҚР ішкі нарығы мен экономикалық салалардың қажеттіліктеріне, ҚР территориясында қызмет ететін ел азаматтарының, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін шектемейтін;
- ҚР Заңнамасының талаптарына;
- адам өмірі мен денсаулығы, қоршаған ортамен байланысты және өнім қауіпсіздігін қамтамасыз етуде техникалық регламент нұсқауларына;
- өнім мен қызметтің бәсекегеқабілеттілігін жоғарлату мақсатына.
ХС пайдалану келесідей әдістер бойынша іске асырылады:
- растау;
- қайта басу (переиздание);
- есептік тіркеу.
Растау әдісі:
Берілген әдіс бойынша
халықаралық стандарттарға
Берілген қабылдау әдісі мемлекеттік стандарттарға ХС ресми түрінің мемлекеттік және орыс тілдерінде болғанда және ХС басылымдық өзгерістер енгізудің қажеттілігі болмаған жағдайда пайдаланылады.
Қайта басу әдісі:
ХС, халықаралық құжатты мемлекеттік стандартқа қайта басу әдісі келесі жолдармен іске асырылуы мүмкін:
- қайта басу;
- аударма;
- жаңа редакцияны құру.
Есептік тіркеу әдісі:
ХС мемлекеттік стандарт ретінде қабылдау мақсатында есептік әдісі қолданылмайды. Есептік тәркеу әдісі нақты тұтынушы мүддесінде қолданылады, егер:
- жаңа технология мен өнімді өндіруге байланысты ХС, басқа да стандарттар мен нормативті құжаттарды тез пайдалану қажет болғанда;
- Қазақстан Республикасы территориясында ХС шектелген пайдалануға ие (бір немесе екі тұтынушымен) болған жағдайда.
Есептік тіркеу техникалық реттеу бойынша уәкілетті органмен халықаралық стандарт мемлекеттік стандарт ретінде пайдалану туралы шешімді қабылдауға дейінгі стандарттар немесе құжаттың әрекет ету мерзімінен артық емес уақытқа дейін іске асады.
Халықаралық стандарттар, стандарттар
мен құжаттардың басқа
Егер республикада техникалық
реттеу жүйесінің сқұрылу үрдісі
кезінде басқа да шешім қабылданбаса,
есептік тіркеуден өткен
Халықаралық стандарттарды есептік тіркеу техникалық реттеу бойынша органмен уәкілденген кәсіпорынмен өткізіледі.
Стандарттау
«Техникалық реттеу туралы» ҚР заңы республикадағы жалпы өнімнің және процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құқықтық негіздерін белгілейді және осыған сай «стандарттау» термині: «өнімдерге, қызмет көрсетулерге және процестерге қойылатын талаптарды реттеудің оңтайлы деңгейіне нақты іс жүзіндегі және әлеуетті мәселелерге қатысты жалпылама, бірнеше рет және өз еркімен пайдалануға арналған ережелерді белгілеу арқылы қол жеткізуге бағытталған іс-қимыл» деп айқындалады.
«... стандарттау дегеніміз
тұтынушыға ең жақсы өнімді жеткілікті
мөлшерде және анағұрлым қолайлы
бағамен ұсыну үшін өнімнің ең
жақсы сапасы мен өндірістің ең жақсы
тәсілінің үйлесуі болып
Стандарттаусыз өркендеу болмайды.
Стандарттау бәсекелестік, жаңалық енгізу, сауда тосқауылдарын жою, сауданы кеңейту, тұтынушылардың мүддесін қорғау, қоршаған ортаны қорғау және т.б. сияқты мемлекеттік саясат бағыттарын түйінді қуаттау факторы болып табылады.
Аймақтарда стандарттау ісімен республиканың 18 ірі әкімшілік орталықтарында орналасқан «ҰлтССО» АҚ филиалдарының қызметтері (бөлімдері) айналысады.
Олардың әрқайсысында нормативтік құжаттардың (НҚ) анықтамалық-ақпараттық қоры (ААҚ) бар.
ААҚ-да қағаз тасушылардағы мемлекеттік сатндарттар бар.
ААҚ НҚ жинақтау аймақта шығарылатын өнімдердің номенклатурасы бойынша жүзеге асырылады, актуалдандыру – ай сайын ақпараттық көрсеткіштерге сай жүргізіледі.
Қағаз тасушылардағы НҚ-дан басқа мемлекетаралық стандарттардың (ГОСТ) және жыл сайын келісім негізінде ФГУП «СТАНДАРТИНФОРМ»-да жаңартылатын РФ ұлттық стандарттарының (ГОСТ Р) DVD-ROM-дағы толық мәтінді электронды базасы бар.
Қағаз тасушылардағы НҚ көшірмелері мүдделі заңды және физикалық тұлғаларға арналған анықтамалық-ақпараттық материал болып табылады және ресми құжат мәртебесіне ие болмайды.
«ҰлтССО» АҚ филиалдарының
стандарттау қызметтерінің (бөлімдерінің)
мамандары стандарттау
«Стандарттау туралы» және «Техникалық реттеу туралы» негізгі заңдар осы мамандардың қатысуымен әзірленді.
Олардың бәрі жоғары кәсіби біліктілігі, өз ісін жете меңгеруі және жауаптылық деңгейімен ерекшеленеді.
Олардың бәрінің өз тәжірибесі, өз көзқарасы, алда тұрған мәселелерді шешуде өз тәсілдері бар, бірақ бәрінен маңыздысы – олардың бәрі өз ісінде табысқа жету үшін корпоративтік ынтымақтастық рухын көрсете алатын және ортақ мүддеге жұмыла білетін ниеттес жандар.
Қызмет көрсету тізбесі:
Халықаралық стандарттау ұйымы
(ИСО) – халықаралық стандарттарды әзірлейтін
және басып шығаратын әлемдегі ірі ұйым.
ИСО – бір ел бір комитет – мүшені білдіретін
157 елдің стандарттау бойынша ұлттық ұйымдар
(комитет – мүшелер) желісі. Орталық хатшылығы
Женевада, Швейцария барлық жүйені үйлестіреді.
ИСО – мемлекеттік және жеке секторды
байланыстыратын үкіметтік емес ұйым.
Бір жағынан көптеген ұйымдар (комитеттер
– мүшелер) өз елдерінің мемлекеттік құрылымының
бөлігі болып табылады немесе өз үкіметтерінің
мандаттары болады. Екінші жағынан, басқа
да комитет – мүшелер өнеркәсіптік ассоциация
арасындағы ұлттық серіктестік арқасында
дүниеге келген жеке секторға кірді.
Осылайша, ИСО қоғамның айтарлықтай кең
қажеттілігі сияқты, бизнес талаптарына
да сәйкес келетін шешімдер негізінде
жетуге тиіс консенсусқа мүмкіндік береді.
ИСО атауы Халықаралық стандарттау ұйымы
(ИСО) атауында әр түрлі тілдегі түрлі
қысқартулар болар еді (“МОС” орыс тілінде,
“IOS” ағылшын тілінде, “OIN” француз тілінде),
сондықтан оның негізін қалаушы оған барлығын
қанағаттандыратын қысқа атау беруге
шешті. Олар грек тіліндегі isos, яғни «тең»
деген мағынаны білдіретін “ИСО” деген
сөзді таңдады. Қандай да бір елге және
тіліне қарамастан, ұйым атауының қысқаша
түрі үнемі ИСО болады.
Стандарттар неге маңызды?
Стандарттар біздің өміріміздің аспектілеріне
орасан зор үлес қосады.
Стандарттар бұйымдар мен қызмет көрсетудің
қажетті мысалы, сапа, достық қоршаған
орта, қауіпсіздік, сенімділік, тиімділік
және өзара алмасушылық, дұрыс экономикалық
құндылығы үшін маңызды сипаттамаларды
қамтамасыз етеді.
Бұйым және көрсетілетін қызметтер біздің
қажеттілігімізге сәйкес келетін болса,
біз мұны тиісті ретінде қабылдаймыз және
бұған стандарттың қандай рөлі бар екеніне
ойланып қарамаймыз. Ал стандарт жоқ болса,
мұны байқай бастаймыз. Біз сапасы нашар
бұйым бізге қолайлы емес екеніне, сатып
алған жабдықпен үйлеспейтініне, сенімсіз
және қауіпті екеніне алаңдаушылық таныта
бастаймыз.
Егер бұйым, машина және құрал жүйелері
жақсы қауіпсіз жұмыс істейтін жағдайда,
ол стандарт талаптарына қанағаттандыратындықтан
қауіпсіз жұмыс істейді. Бүкіл әлемге
пайда әкелетін мыңдаған стандарттарға
жауап беретін ұйым – ол ИСО.
Стандарт болмаса, ондай жағдайды байқайтын
боламыз.
ИСО Бренді
▪ Демократиялығы
Әрбір толық құқылы комитет – мүше өз
елінің экономикасы үшін маңызды деп саналатын
кез келген стандартты әзірлеуге қатыса
алады.
Осы экономика көлеміне немесе беріктігіне
қарамастан, әрбір ИСО комитет – мүшесінде
бір дауыс болады. Әрбір елде стратегиялық
деңгейде ИСО жұмыстары бағытына сияқты,
жеке стандарттардың мазмұнына әсер ететін
тең құқығы бар.
▪ Еріктілігі
ИСО стандарттары ерікті болып табылады.
Үкіметтік емес ұйым ретінде ИСО заңды
өкілеттілікті стандарттарға енгізуге
мәжбүрлей алмайды. ИСО реттеумен немесе
заңнамамен айналыспайды. Алайда мүше
елдер ИСО стандарттарын қабылдау туралы
шешім енгізе алады, көбінесе, регламент
немесе техникалық базаны қамтамасыз
ететін заңдарда сілтеме беру үшін ретінде
денсаулық, қауіпсіздік немесе экология
мәселелеріне қамқорлық жасайтын елдер.
Оның үстіне ИСО стандарттары ерікті болғанымен,
олар
ИСО 9001 Сапа менеджмент жүйесі немесе
жүк контейнері және банк карточкалары
өлшемді сияқты нарық талабымен жүре алады.
ИСО реттеумен немесе заңнамамен айналыспайды.
▪ Нарықтық жағдай жасау ИСО нарық сұранысына
ие стандарттарды ғана әзірлейді. Әдетте
стандарттарға сұраныс пайда болған және
кейіннен оларды қолданысқа енгізетін
өнеркәсіптік, техникалық және экономикалық
секторының мамандары жүргізеді.
▪ Консенсус
ИСО стандарттары осы облыстағы мамандар
арасында халықаралық консенсусте негізделген.
Консенсус технология сияқты дамиды және
ИСО стандарттардың қолданыста болуын,
одан әрі қолданылуын, актуальданатынын
немесе күші жойылатынын шешу үшін кемінде
әрбір бес жыл сайын кезеңді қайта қарауды
қажет ете отырып, дамитын технология
сияқты дамушы мүдделерге де назар аударады.
ИСО стандарттары ғылым және техниканың
қазіргі заманғы жағдайын бейнелеу сияқты
өзінің позициясын сақтайды.
▪ Кең ауқымды мағынада релевантты
ИСО стандарттары технологияны халықаралық
көлемде үйлестіру құрылымын қамтамасыз
ететін техникалық келісімді білдіреді.
Олар бүкіл әлемге пайдалы кең көлемді
релевантты ретінде әзірленді.
ИСО стандарттары бүкіл әлемге пайдалы
болды.
Бүгінгі таңда ИСО жұмысы нәтижесі ағылшын
және француз тілінде (терминология үнемі
беріледі және басқа тілдерде беріледі)
620000 астам беттен тұратын 16000 халықаралық
стандарт болып табылады.
ИСО құрылымы
1-БАС АССАМБЛЕЯ
▪ Негізгі қызметкерлер
- Мүше-комитеттер
- Тілші - мүшелер
- КЕҢЕС - Жазылушы – мүшелерден делегаттар
3- ОРТАЛЫҚ ХАТШЫЛЫҚ
4- Саясатты әзірлеу жөніндегі комитеттер
▪ CASCO
▪ COPOLCO
▪ DEVCO
5- Кеңес кезіндегі тұрақты комитеттер
▪ Қаржы
▪ Стратегия
6- ad hoc 7 кеңес беру тобы – Техникалық басқару
кеңесі
8- Стратегиялық және техникалық кеңес
беру топтары және REMCO
9-Техникалық комитеттер
Возврат к списку
Информация о работе Өңірлік және халықаралық стандарттау жүйесі