Реферат алеуметтик инфракурылым

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2013 в 15:50, реферат

Краткое описание

Инфрақұрылым — (латынша инфра — төменгі, астыңғы, структура — құрылыс, орналасу) — экономиканың және адамдардың қызмет етуінің жалпы жағдайларын жасауды қамтамасыз ететін халық шаруашылығы салаларының жиынтығы (мысалы өндірістік инфрақұрылым — жолдар, көлік, байланыс, электрмен қамту желісі, қоймалар және т.б.; әлеуметтік- тұрмыстық инфрақұрылым — тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, сауда, жолаушылар көлігі және байланыс, білім беру, ғылым, мәдениет, денсаулық сақтау және т.б.; экологиялық инфрақұрылым — тазалаушы құрылымдар, бөгеттер, дренажды жүйелер, саябақтар және т.б.); материалдық өндіріс пен қоғамның өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету үшін қажетті ғимараттар, жүйелер мен қызметтердің жиынтығы.

Содержание

1. КІРІСПЕ
2. Әлеуметтік инфроқұрылым кызметі
3. Әлеуметтік инфроқұрылымды дамыту
4. Қолданылған адебиет

Прикрепленные файлы: 1 файл

реферат алеуметтик инфракурылым.doc

— 113.00 Кб (Скачать документ)

Еліміздің солтүстігі - тұңғыш ұлттық парк пен тұңғыш курорттың отаны. Ол казір емдік туризмнің негізгі аудандарының бірі. Тек Шучье-Бурабай курорттық зонасында 44 емдеу орыны бар, оның 16-ы балаларға арналған. Мұнда сумен (минералдық және көл суы), балшьщпен жөне карағайлы орманның таза ауасымен емдейді.

Ал Мойылды курорты (Павлодардың жанында) балшықпен  емдеуге маманданған. Астана қаласы да маңызды туризм орталығына айналып келеді. Жастығына қарамастан онда езіндік ерекшелігі бар туристік рәміздер пайда болды - «Бәйтерек» (ол сенің кітабыңның мұқабасында бейнеленген), «Қазақстанның Атамекен картасы» («Кішірейтілген Қазақстан») және өлемдегі ең «құрлық» океанариумы. Батыста да қызық ты табиғи нысандар аз емес (Ақтөбе облысындағы метеорит кратері, Қарақия ойысы, Үстірт ескерткіштері) және жақсы демалыс орындары - Орал, Шалқар түзды көлі, Каспий теңізі бар. Әзірге Каспий туризмге лайықталмаған. Бірақ болашақта көршілес Ресей мен Өзірбайжандағыдай көпке танымал орын болады. Қазақ шығанағында казірдің өзінде демалыс зонасы бар. Оның қасындағы «320 әулие жерінде» (кейде Маңғыстау түбегін солай атайды) жер асты мешіттері (Бекет ата және т.б.) мен елкенің орта ғасырдағы астанасының қалдықтары сақталған.

Бұл - біздің еліміздегі рекреациялық байлықтын, тек бір  кішкене бөлігі ғана. Олар - қазақстандықтар  ғана емес, сонымен бірге саны 2007 ж. 6 млн-нан асқан туристердің де тамашалайтын ғажайып жерлері.

Сонымен, әлеуметтік инфрақұрылымның салалары ең ірі  әрі еңбекті көп қажет ететін кешен болып табылады. Елдің әлеуметтік жағдайы мен даму болашағы онымен тығыз байланысты. Бұл кешеннің географиясын тұтыну факторы - халықтың орналасуы басқаларға қарағанда көбірек анықтайды.[1]

    Әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту

Мектептер мен балалар бақшаларының құрылысы

Әлеуметтік  сала нысандарының құрылысы – Қазақстан әлеуметтік саясатының аса маңызды және басым бағыттарының бірі. Бұған іс жүзінде Мемлекет басшысының барлық Жолдаулары бағдарланған.

2011 жылы Қазақстанда  жалпы білім беретін мектептерде 25,4 мың оқушы орны пайдалануға берілді. Және бұл 2000 жылғыдан 2,6 есе көп.

Оқушы орындарын пайдалануға қосу бойынша Қазақстан ТМД-ның барлық елдерінің алдында тұр. Салыстырмалы түрде алғанда, 2011 жылы Әзербайжанда 12,6 мың оқушы орны, Беларусьте – 3,6 мың, Арменияда – 0,4 мың оқушы орны пайдалануға берілді.

Қазақстан балалар  бақшасы құрылысы саласында алға қарышты қадам жасады. Өткен жылы 17,9 мың орын мектепке дейінгі мекеме қатарға қосылды (Беларусьте – 1,3 мың орын, Әзербайжанда – 0,3 мың).

Соңғы 10 жылда  Қазақстандағы мектепке дейінгі ұйымдар саны 4 еседен астамға көбейді. Егер 2000 жылы тұрақты мектепке дейінгі мекемелер саны бар-жоғы 1 089 болса, 2011 жылы олардың саны 6 133-ке жетті.

ТМД елдерінде осы  кезеңде балалар бақшасының саны орташа алғанда тек 2 есе ғана өсті.

Жаңа  ауруханалар мен емханаларды  пайдалануға беру

Заманауи ауруханалар  мен емханалар қарышты қадаммен салынуда.2011 жылы 2,6 мың жаңа аурухана төсегі пайдалануға берілді. Амбулаторлық-емханалық мекемелер желісі жыл сайын теңейе түсіп келеді. Тек 2011 жылы ауысымына оларға барудың саны 6,8 мың адамға ұлғайды.

2000 жылмен салыстырғанда 2011 жылы Қазақстанда аурухана төсегі 20 есе өсті, амбулаторлық-емханалық мекемелерде 18,5 есе артты (ауысымына).

Аталған параметрлер  бойынша ТМД елдерінің көрсеткіштері  Қазақстандағыдан ондаған есе төмен. Мәселен, 2011 жылы Беларусьте бар-жоғы 0,7 мың аурухана төсегі пайдалануға берілсе, Әзербайжан мен Тәжікстанда одан да аз – сәйкесінше 0,3 мың және 0,2 мың. Осылайша, әлеуметтік бағыттағы нысандарды қатарға қосу жөнінен Қазақстан ТМД-ның басқа барлық елдерінің алдында тұр.

   Білім беру жүйелерін дамыту

Ересектердің сауаттылық деңгейі

Елдің әлеуметтік дамуының маңызды көрсеткіші білім беру жүйесі болып табылады. Білім беру деңгейі бойынша Қазақстан әлемдік көшбасшылар санатында.

БҰҰ ДБ-ның «Орнықты даму мен мүмкіндіктер кеңдігі: барлығы үшін жақсы болашақ» баяндамасында 2011 жылы Қазақстандағы ересек тұрғындардың сауаттылық деңгейі 99,7 % құрайтыны атап өтіледі. Бұл біздің елімізге әлемнің 187 елінің ішінде аталған көрсеткіш бойынша көшбасшы позициялардың бірін иеленуге мүмкіндік берді.

Ересек тұрғындардың сауаттылық деңгейі жөнінен Қазақстанға жақыны Ресей – 99,6 %, Италия – 98,9 %. Айтарлықтай төменгі көрсеткіштер Сингапурда – 94,7 % және Түркияда 90,8 %.

Бастауыш және орта білім беру:

АДИ рейтингі бойынша қамту

Қазақстан балалар мен жастарды бастауыш және орта білім берумен қамту бойынша 187 елдің ішінде Адам дамуы индексінің рейтингінде жоғары орында тұр.

Қазақстанда бастауыш білім берумен қамту деңгейі 108,8-ді құрайды. Мұның үстіне, Қазақстанға жақын топта Франция – 108, Австралия – 106, Корея – 104, Германия – 103 секілді дамыған елдер бар. Айтарлықтай төмен көрсеткіштер Түркия – 99, Сауд Арабиясы – 98, АҚШ – 98, Украина – 97, Ресей 96 сияқты елдердің еншісінде.

Қазақстандағы орта біліммен қамту деңгейі 98,5-ті құрайды. Бұл тіпті 97 көрсеткішіне ие Корея, Швейцария – 96, Чехия – 95, Украина – 94 секілді елдермен салыстырғанда айтарлықтай жоғары көрсеткіш. Орта біліммен қамту көрсеткіші бойынша бұдан да аз деңгей Грузияда – 87, Түркияда – 82, Қытайда – 78.

Аталған көрсеткіштер Қазақстанның бастауыш және орта білім беру жүйелерінде табысты және тиімді дамып келе жатқанына қосымша айғақ болып табылады.

Студенттер мен білім

алушылардың саны

Дамыған білім беру жүйелерінің  тағы бір маңызды көрсеткіші 10 мың  тұрғынға шаққандағы білім алушылардың саны болып табылады. Қазақстанда бұл көрсеткіштер ең жоғары деңгейде.

Мысалы, техникалық және кәсіби білім  беру мекемелерінде (колледждер мен  т.б.) оқып жатқандар саны Қазақстанда 10 мың тұрғынға шаққанда 368 адамнан келеді.

Бұл көрсеткіш бойынша республика ЭДЫҰ елдері арасында көшбасшы позицияда тұр. Қазақстан  253 адам көрсеткіші бар Норвегияны және 237 адам көрсеткіші бар Ресейді басып озған. Франция – 180, Ұлыбритания – 135, Венгрия – 71 сияқты елдер көрсеткіші мүлдем төмен.

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

    1. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007 
    2. Егемен Қазақстан газеті
    3. «Қазақ энциклопедиясы» , 7 том

Информация о работе Реферат алеуметтик инфракурылым