Питирим Сорокин

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2014 в 16:45, реферат

Краткое описание

Питирим Сорокин (1889 - 1969) Ресейде қарапайым отбасында дүниеге келген, оңшыл эсерлер партиясының жетекшісі болған. 1919 жылдан Петроград университетінің профессоры, абақтыға қамалған, өміріне қауіп төнген соң 1922 жылы Ресейді тастап шығып, Америкаға жылыстауға мәжбүр болды. Онда Гарвард университетінің профессоры атағын алды, алуан түрлі тақырыпқа отыздан астам кітап жариялады. Солардың ең белгілері «The Sociology of Revolution» (1925), «Social Mobility» (1927), «Rural Sociology» (1930), «Social and Cultural Dynamics» (4том 1937-1941), «Fads and Foidles in Modern Sociology and Related Science» (1956). Өзінің еңбектерінде тарихи процесті мәдениеттің негізгі тұрпаттарының толқулары деп білді, осы заманғы мәдениет дағдарысқа ұшырап отыр деп санап, мұны материализм мен ғылымның дамуынан көрді, одан шығудың жолы діни идеалистік мәдениетті дамыту деген қорытынды жасалды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Питирим Сорокин Әлеуметтану жүйесі.docx

— 21.96 Кб (Скачать документ)

Питирим Сорокин

 Әлеуметтану  жүйесі

 

Питирим Сорокин (1889 - 1969) Ресейде қарапайым отбасында дүниеге келген, оңшыл эсерлер партиясының жетекшісі болған. 1919 жылдан Петроград университетінің профессоры, абақтыға қамалған, өміріне қауіп төнген соң 1922 жылы Ресейді тастап шығып, Америкаға жылыстауға мәжбүр болды. Онда Гарвард университетінің профессоры атағын алды, алуан түрлі тақырыпқа отыздан астам кітап жариялады. Солардың ең белгілері «The Sociology of Revolution» (1925), «Social Mobility» (1927), «Rural Sociology» (1930), «Social and Cultural Dynamics» (4том 1937-1941), «Fads and Foidles in Modern Sociology  and Related Science» (1956). Өзінің еңбектерінде тарихи процесті мәдениеттің негізгі тұрпаттарының толқулары деп білді, осы заманғы мәдениет дағдарысқа ұшырап отыр деп санап, мұны материализм мен ғылымның дамуынан көрді, одан шығудың жолы діни идеалистік мәдениетті дамыту деген қорытынды жасалды. Ол әлеуметтанудағы әлеуметтік стратификация және әлеуметтік белсенділік теорияларының негізін қалаушылардың бірі. Оксфорд «Әлеуметтану» сөздігінің авторлары «кейінгі ұрпақ оның еңбектеріне оншалық ықыласты емес» деп санайды.

Адамдардың ықпалдастығы мен тәртібі ұғымы. Мен осы кезге дейін «ықпалдастық» терминін қолдансам да, оның дәл анықтамасын бергенім жоқ. Енді осы кемшілікті түзетейік. Адамдар ықпалдастығының анықтамасы мынадай. Адамдар ықпалдастығы құбылысы адамдардың біреуінің (бірнешеуінің): а) психикалық ахуалы немесе в) сыртқы актылар, яки с) бұлардың екеуінің де басқа бір немесе бірнеше индивидтің тіршілік етуінің және жай-күйінің (психикалық немесе физикалық) қызметін көрсеткен кезде пайда болады. Басқаша айтқанда, бір индивидтің психикалық ахуалындағы немесе сыртқы актыларындағы өзгерістер басқа (басқалар) индивидтің ахуалынан немесе сыртқы актысынан туындайтын кезде, олардың екеуінің арасында қызметтік байланыс орын алған кезде, біз сол индивидтер ықпалдасады дейміз.

Ұғым. Материалдық дүниенің нақты заттары өзінің химиялық құрамы жағынан көбіне−көп жай ғана химиялық денелер емес, бірқатар элементтерден құралған күрделі денелер болып табылатыны секілді, ықпалдас индивидтердің кез−келген жиынтығы да бастапқы ұжымдық бірлік, яғни тек жалғыз біртекті байланыспен маталған топ болып табылмайды. Көбіне−көп былай болады: қатар өмір сүретін индивидтер тобы бір мезгілде бастапқы бірліктерге жатады және жалғыз байланыспен емес, екі немесе одан да көпбайланыспен қамтылады. Қысқасы, әлеуметтік нақты болмысты нақты алғанда біз бастапқы топтарға қарағанда, кумулятивті топтарға жиірек ұшырасамыз. Кумулятивті топ деп, бір ұйымдасқан бүтңнге жалғыз емес, бірқатар бастапқы топтастық байланысымен маталған ықпалдас индивидтердің жиынтығын айтамыз. Егер А, В, С, Д... индивидтер бір ғана діннің мүшелері ғана емес, әрі бір мемлекеттің бодандары, бір кәсіптің мүшелерңі болса, бір ғана партияға жатса, она біз солар арқылы кумулятивті (діни + мемлекеттік + кәсіптік + партиялық) топқа, тек діннің ғана емес, мемлекеттің де, кәсіптің де, партияның да байланыстарымен біріккен бірқатар бастапқы топтастықтардың кумуляциясынан құралған топқа ие боламыз. Басқаша айтқанда, олардың барлығы бір мезгілде ықпалдастықтың бір ғана бастапқы жүйесінің емес, екі немесе одан да көп жүйелерінің «абоненттері» болып шығады. Осылайша, халық тек бастапқы топтастықтар жүлгесімен ғана емес, оған қоса−бастапқы топтастықтардың қосылып кетуінен пайда болған кумулятивтік жүлгелер бойынша да жіктеледі. Осыдан да кумулятивтік жіктелудің сызаттары әдетте неғұрлым терең сипат алады. Олар бір кумулятивтік топты өзгелерінен неғұрлым анық ажыратады.

Кумулятивтік топтардың топтастырып жіктелуі. Химияда бастапқы денелердің қосындысынан күрделі химиялық денелер шығады. Әлемметтануда бастапқы топтардың әрқилы кумуляциясынан барынша әртүрлі кумулятивті топтар шығады.

Олар көп. Құбылыстардың осынау ала−құлалығына адасып кетпеу үшін кумулятивті топтарды қалайда топ−топқа бөліп, олардың негізгі түрлерін бірқатар нышандар бойынша ажыратып алу қажет. Адамдар ықпалдастығының пошымдары және бастапқы топтпр жөнінде біз солай еткен болатынбыз. Кумулятивтік топтар жөнінде де солай етеміз; күрделі әлеуметтік агрегаттар жөнінде де солай етеміз. Бірінші, екінші, және үшінші қабаттарда талдау жоспары біреу ғана болады.

Ықпалдастық пошымдарын біз оның элементтерінің қасиеттеріне қарай: индивидтердің саны мен сапасына, дәнекерлердің актылары мен табиғатының сипатына қарай топтастырып жіктедік.

Кумулятивтік топтарды біз оларды құрайтын бастапқы топтастықтардың қасиеттеріне, атап айтқанда: 1) соңғыларының санына қарай (кумуляциялар: екі, үш, және т.б.), 2) олардың сипатына қарай (мемлекеттік + діни + партиялық + кәсіптік, шектеулі + жыныстық және басқа кумулятивтік топтар), 3) олардың кумуляциялану амалына қарай (кумулятивтік топтар: ашық және жабық, қалыпты−туыстық, бейқалып−бейтуыстық, антагонистік және ынтымақты, тұрпатты және тұрпатсыз, құдыретті−құдыретсіз) топтастырып жіктей аламыз. Олардың әрқайсысына қысқаша тоқталып өтейік.

Кумулятивтік топтардың оларды құрайтын бастапқы топтастықтардың саны мен сипаты бойынша түрлері. Химияда біз күрделілігі әрқилы химиялық түзілімдерді көреміз. Мысалы, екі химиялық элементтен тұратын Н2О (су), үш −H2SO4 (күкірт қышқылы), төрт− KHSO4 (қышқылды күкіртті калий қышқылы), бес және одан да көп химиялық элементтерден тұратын заттар бар. Әлеуметтік құбылыстар саласында да біз оны көреміз. Бұл арада біз бастапқы топтармен қатар күрделілігі әрқилы кумулятивті топтарды көреміз. Екі бастапқы топтастықтың қосылуынан құралған қос құрамды кумулятивтік топтар бар. Мысалы, бір мемлекетте және бәр дінге жататын кісілер жиынтығынан тұратын мемлекеттік + діни топ сондай; мемлекеттік + тілдік топ, кәсіптік + партиялық, нәсілдік + көлемді−құқықтық топ және басқалар сондай. Үш құрамды кумулятивтік топтар бар. Мысалы, бір нәсілге жататын, бір тілде сөйлейтін және бір дінді ұстанатын адамдардан тұратын діни + тілдік + нәсілдік топ сондай, кәсіптік + жыныстық + мүліктік топ (мысалы, темекі фабрикасының мардымсыз жалақы алатын әйел жұмыскерлері) және т.б. сондай. Осы секілді төрт, бес, алты және одан да көп бастапқы топтастықтың кумуляциясынан құралған төрт, бес, алты, және т.б. құрамды кумулятивтік тотар бар.

Осылайша, өзінің күрделігі жағынан, кумулятивтік топтар екі, үш, төрт, және одан да көп құрамды топтарға бөлінеді.

Жабық, ашық және аралық кумулятивтік топтар. Бастапқы топтар сияқты кумулятивтік топтар да жабық, ашық және аралық топтарға бөлінеді. Жабық кумулятивтік топтар деп оларға кіру және олардан шығу мүмкін болмайтын немесе ілуде бір ғана мүмкін болатын топтарды атаймыз. Ол басқа топқа өте алмайды. Жабық кумулятивтік топтардың бір түрі−жабық мұрагерлік кумулятивтік топтар; олардың санатына ата−ананың аталмыш топқа жататындығы балалардың да сол топқа жатуын туындататын жабық кумулятивтік топтар жатады. Жабық және мұрагерлік кумулятивті топтың мысалы – каста.

П.А.Сорокин әлеуметтанудың ірі тұжырымдамасын жасап, дүние жүзіндегі өзгерістердің болашағын түсіндірді. Оның бұл жөнінде екі тұжырымдамасы болды. Олардың біріншісі, әлеуметтік−мәдени динамика, екіншісі−қоғамның тұтастығы (яғни,біріктіруші) тұрпаты. Бірінші тұжырымдамасына қандай да бір тарихи өзгеріс болмасын, оны мәдени типтердің дамуы ретінде қарады. Ал, мұндағы әрбір мәдени тип бір бүтін ерекше құбылыс ретінде көрінеді. П.Сорокиннің пікірінше, осындай негізгі топтардың үш түрі болады. Олар: сезәмдәк, ақыл−парасаттылық (рациональный), идеалистік. Біріншісінде нақты дүниені тікелей сезімдер арқылы қабылдау, екіншісінде ақыл−парасатқа, ақылға жеңдіру арқылы, үшіншісінде−интуицияның (яғни, жорамалдап сезінудің) басым болуы арқылы іске асырылады. Осылай мәдени типтің әрқайсысы дамып отырады және олар қоғамның ілгері дамуының әрбір кезеңіне тән.

П.Сорокиннің әлеуметтік мәдени тұжырымдамасы қоғамдағы әлеуметтік өзгерістердің пайда болатын көзін және қозғаушы күштерін анықтайды. Одан әрі олардың диалектикасын анықтаудың әрекеті, талабы болады.Қоғамның бірігу тұрпатытуралы тұжырымдамасында П.Сорокин өзінің болашаққа қөзқарасын тұжырымдады. 60-жылдары оның бұл тұжырымдамасы конвергенция тұжырымдамасының негізгі құрамында болды, өйткені, П.Сорокиннің бұл тұжырымдамасы қоғамның алуан түрлы ұйымдары мен жүйелерінің арасындағы байланыс−қатынастарды және адамзат қоғамының талап− тілегіне оларды пайдалануды нақты түрде көрсетті. Олардың ішінде меншік түрлері мен саяси құрылымдары плюрализм (алуан түрлілігі), еңбекті және экономикалық тәртіпті ынталандыру, басқа елдермен қарым−қатынастардың әдіс−тәсілдерін жоспарлау және т.б. болады.

П.Сорокин жалпы адамзат қоғамы қиын−қыстау жағдайды басынан өткізіп, өзгеріп отырса да, ол әруақытта бірігу бағытына қарай дамитындығын атап көрсетті.

 


Информация о работе Питирим Сорокин