О.Конттың әлеуметтік доктринасы
Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2014 в 15:26, реферат
Краткое описание
Огюст Конт социология ғылымының негізін салушы.
Огюст Конт шығармашылығының үш кезеңі
О. Конт позитивтік теориясы
Прикрепленные файлы: 1 файл
Қазақстан Республикасының
білім және ғылым министірлігі
«Қаржы академиясы» АҚ
Пән: Әлеуметтану.
Тақырыбы: О.Конттың әлеуметтік
доктринасы
Реферат
Орындаған: ФК -11 тобының студенті
Кенжеханова.Ж.С
Тексерген: Қ.Ғ.М аға оқытушысы
Какимжанова.Н.Т
Астана 2014
О.Конттың әлеуметтік доктринасы
Огюст Конт социология
ғылымының негізін салушы.
Огюст Конт шығармашылығының
үш кезеңі
О. Конт позитивтік
теориясы
Огюст Конт (August Conte) (1798 - 1857) - француз
философы, социологы, ғылым методологы,
социологияның ғылым ретінде негізін
салушы, философиядағы позитивтік мектебін
құрушылардың бірі.
1798 жылы 19 қаңтарда
Монпелье қаласында, католиктік
және монархтық қатаң тәртіп
үстем болған қаржы шенеунігінің
отбасында дүниеге келді. 1814 жылдан
бастап Париж политехникалық
мектебінде алған білімі оны
жаратылыстану ғылымдары бағытында
дүниетаным жолына түсірді. 1816 жылы
үкімет мектепті жауып тастады,
ендігі жерде Конт күн көру
мақсатында математикадан ақылы
сабақ беруге мәжбүр болды. 1818
жылы ол Сен-Симонмен жақын
танысып, хатшы қызметін атқарған
белгілі тарихшы Огюстен Тьерридің
орнына жұмысқа тұрады. Жеті жыл
бойы осы қызметті атқарған
Конт өз ұстазының көптеген
идеяларын қабылдайды. 1826 жылы Конт
философиядан үйде ақылы дәрістер
оқуға кіріседі. 1830 - 1842 жылдары ол
үлкен жобаны жүзеге асырады:
“Позитивті философия курсы”
атты 6-томдық басылымын шығарады.
40-жылдардың екінші жартысында
интеллектуалды сабақтардан басқа
уағыздық және тәжірибелік ұйымдастыру
қызметіне кірісіп, позитивизмді
сынап, діни және моральдік ілімді
насихаттайды. 1847 жылы ол Адамзат
дінін жариялап, 1848 жылы позитивтік
қоғам құрады. Өмірінің соңғы
жылдарында Конт жаңа діни
ілім мен табынуды жүзеге асырумен
шұғылданып, өзін Адамзат дінінің
бірінші дінбасы деп жариялады.
1857 жылдың 5 қыркүйегінде Конт өзі
шәкірттерінің алдында дүниеден
өтті.
Адамзат тарихында
Конт бірнеше тамаша афоризмдердің авторы
болып қалды, олар мыналар: “Тәртіп және
прогресс”, “Болжай алу үшін білуің керек,
бір нәрсе істеу үшін болжай алуың керек”,
“Бір нәрсе істеу үшін білуің керек, іс-әрекет
жасау үшін ойлау керек”, “Басқалар үшін
өмір сүру”, “Жарық күнде өмір сүру”,
“Махаббат принцип сияқты, тәртіп негіз
сияқты, прогресс мақсат сияқты болсын”,
“Біз алмастыратын нәрсені ғана қиратамыз”.
Конт шығармашылығын үш кезеңге бөлуге
болады.
Бірінші
кезең (1819 - 28), Сен-Симонмен
бірге қызмет істеген уақытына сәйкес,
алты шағын бағдарламалық шығармалардың
жеке еңбектердің басылуымен сипатталады.
Кейін Конт бұл шығармаларды қосымша ретінде
өзінің “Позитивті саясат жүйесінің”
ІV томына қосады (1854). Жеке еңбектерінде
ол “анархия” күйінде тұрған адамзат
интеллектуалды және әлеуметтік мәжбүр
болып отырған реформаларды жүзеге асыру
принциптері мен жолдарын көрсетеді. Мұнда
кейін Конт дамытқан бірнеше маңызды идеялар
орын алған, соның ішінде жаңа қоғамда
ғалымдардың ерекше рөлі туралы идея,
адамзат дамуындағы басты екі дәуірдің: сындарлы және органикалық
дәуірдің бөлінуі; “позитивті саясаттың”
түсінігі мен принциптері; және атақты
“үш саты заңы”.
Екінші
кезең (1830 - 42) - бұл алты томдық
“Позитивті философия курсы” жасалып,
басылып шыққан кемелденген кезең (томдар
1830, 1835, 1838, 1839, 1841 және 1842 жылдары жарық
көрді). Бұл кезде Конт позитивистік дүниетанымның
философиялық және ғылыми негіздерін
зерттеді.
Интеллектуалды реформа
әлеуметтік (сонымен қатар саяси, моральдік,
діни) реформалардың алдында болуы керек
деп есептеген ол ғылым ретінде “объективті”
тәсілді ұстанады: ол адамзаттық және
әлеуметтік дүниенің әлемнің жалпы жүйесіне
қосылуын, адам әрекеттері дамуының табиғи
жолына бағыныстылығын және социологияның
(ғылымдар иерархиясында жоғары тұрған
ілім ретінде) позитивті күйге ерте жақындаған
және кемелденген жаратылыстану ғылымдарына
бағдарлануына негіздейді.
Үшінші
кезең, Конт шығармашылығының
қорытынды кезеңі 40-жылдардың екінші жартысынан
басталады. Бұл кезде төрт томдық “Позитивті
саясат жүйесі немесе Адамзат дінін орнықтырушы
социологиялық трактат” (1851 - 1854), “Позитивтік
катехизис” (1852) және “Субъективті синтез”
(1856) жасалды. Осы уақытта Конт “субъективті”
көзқарас пен “субъективті” тәсілге
баса көңіл бөледі. Оның ілімінде бірінші
орынға “жүрек” ұғымына кірген адамзаттық
және әлеуметтік өмірдің эмоционалдық
факторлары шығады. Басты объектіге сәйкес,
оның назарына адамның эмоционалды қажеттіліктеріне
(мораль мен дін) жауап беретін институттар
ілінеді. Теориялық көрініс ауысады: егер
“Курста” Конт әлеуметтік заңдардың
“табиғи” сипатын, оларды тану және оларға
бағыну қажеттілігін көрсетсе, ендігі
жерде, керісінше, “субъективті” көзқарасқа
сәйкес әлеуметтік дүниені адам сезімінің,
ерік-жігері мен қызметінің жемісі ретінде
қарастырады. Сонымен қатар бұл кезеңде
ол тек ғылым рөлінде емес, басқа рөлдерде
де (жаңа діннің моралисі, пайғамбары және
бірінші попы, саяси-әлеуметтік жобалардың
авторы) алға шығады.
Конт көзқарастарының
қалыптасуына ықпал етушілердің арасында
Бэкон, Декарт, Юм, Кондильяк сияқты философтарды,
сондай-ақ өткен заманның көрнекті жаратылыстанушыларын
айтуға болады. Конт әлеуметтік дамуды
тұтас алып, “әмбебаптық рухқа” негіздеп
қарауға алғашқы елеулі талпынысты Боссюэден
табады. Конт саяси экономиядағы либералдық
бағыттың ықпалын негізінен Адам Смит
пен Жан-Батист Сэядан сезінді.
Конт әлеуметтік құбылыстарды
танып-білуде детерминизм принципін тұңғыш
рет таратып, бұл құбылыстардың жаратылыстану
заңдарының іс-әрекетіне бағындырылғанын
көрсеткен Монтескьенің үлесін өте жоғары
бағалайды. Конт әлеуметтік ғылымның қалыптасуына
Гоббстың маңызды үлес қосқанын мойындайды.
Дегенмен ол идеялары бір-біріне қарсы
болған екі ойшыл - де Местра мен Кондорсені
ерекше жоғары бағалайды. Дәстүршілдік
пен либерализмді, консервативтік және
революциялық рухты біріктіруге және
бітістіруге ұмтыла отырып, ол екі ойшылдың
тұжырымдамасын бірін-бірі толықтыратын
нәрсе деп қарастырады. Конттың басты
әлеуметтік ұраны - “Тәртіп және прогресс”
де Местраның (және басқа дәстүршілердің,
әсіресе де Бональдтің) тәртіп идеясына
және өзінің “рухани әкесі” санайтын
Кондорсенің прогресс идеясына сүйенеді.
Әсіресе Контқа терең
ықпал еткен Сен-Симон болды, бірақ Конттың
өзі мұны мойындаған емес. Сен-Симон шығармаларындағы
идеялардың Конттан кездеспейтінін таба
қою қиын. Мұны, атап айтқанда Конт үшін
маңызды болған мынадай қағидалардан
көруге болады: қоғамның дамуындағы “шиеленісті”
және “органикалық” кезеңдердің айырмасы;
прогресс идеясы; осы заманғы ғылымның,
әсіресе әлеуметтік ғылымның мәні; индустриализм
мен “индустриалдардың” қазіргі және
болашақтағы рөлі. Одан біз кейіннен Конт
дамытқан “адам туралы ғылым”, “әлеуметтік
физика” немесе “әлеуметтік физиология”
- жалпы ғылымның бір бөлігі екені туралы
тезисті де кездестіреміз; жалпы ғылым
бақылауға негізделуі тиіс және оның әдістері
жаратылыстану ғылымдарының әдістеріндей
болуы тиіс.
Бірақ та Конт Сен-Симонды
жай ғана жалғастырушы деп санау қателік
болар. Біріншіден, олардың арасында белгілі
бір теориялық және әлеуметтік-тәжірибелік
алшақтық бар. Сен-Симон әлеуметтік прогресс
проблемасына баса назар аударады; Конт
болса прогреске сенім арта отырып, әлеуметтік
тәртіп проблемасына үлкен мән береді.
Конт саяси билікті, әлеуметтік иерархия
мен субординацияны шоғырландыруды және
орталықтандыруды жақтайды; Сен-Симон
керісінше мемлекеттің құритынын айтып,
негіздейді және адамдар арасында іргелі
теңдік болатынын дәлелдейді. Әлеуметтік
реформаның қажетті шарты ретінде интеллектуалдық
реформаның мәнін дәлелдей келіп, Конт
Сен-Симонды асығыстық жасады деп кінәлап,
табиғат әлі зерттей қоймаған сырқатты
елдегісі келеді деп көрсетеді. Екіншіден
және де ең бастысы, Сен-Симонның идеялары
ұрықтық, әлі көктемеген түрде бейнеленген,
бұл көбіне жекелеген пікірлер, тұжырымдамалардың
нобайы, бірақ тұжырымдамалардың өзі емес.
Контта керісінше осы идеялар өрістеген,
жүйелі тұжырымдамалар мен теориялар
түрінде көрінген.
Жалпы Конт бір-біріне
қайшы келетін идеялық дәстүрлерді біріктіруге
ұмтылды: прогрестің ағартушылық идеясы
мен дәстүршілдік, ағартушылық рационализм
мен ортағасырлық католицизм. Оған әсіресе,
әлеуметтік-иерархиялық идеология мен
ұлттан жоғары тұратын құрылым ұнады.
Конт христиандық қасаң қағидашылықты
ескірген деп есептейді, бірақ христиан
дінін ескірген демейді. Ол құдайды дінмен
алшақтатқысы келеді. Діннің өзі мәңгі
болып табылады, өйткені адам, оның түсінігінде
- тек рационалды, ойлау қабілеті бар жан
ғана емес, сонымен қатар ол эмоционалды,
сезімдік қасиеті бар және сенуші болып
табылады.
Оның дүниетанымында
ең бастысы “позитивті” категория алға
қойылады, сондықтан “позитивизм” мен
одан туындайтын басқа да сөздер Конт
ілімін зерттеуде негізгі терминдер болып
табылады. Конт бұл сөздің бес мағынасын
көрсетеді: 1) химериялыққа қарсы
шынайылық; 2) тиімсіз нәрсеге
қарсы пайдалы нәрсе; 3) күмәнді нәрсеге
қарсы нақты нәрсе; 4) көмескі нәрсеге
қарсы дәл нәрсе; 5) бүлдіргіш нәрсеге
қарсы біріктіргіш нәрсе. Бұл мағыналарға
Конт мынадай позитивті ойлау белгілерін
қосады, ол - барлық жерде абсолютті дегенді
салыстырмалыға ауыстыру тенденциясы,
оның тікелей әлеуметтік сипаты және сондай-ақ
жалпыға ортақ парасатты мағынамен тығыз
байланысы.
Конт жүйесінде позитивті
ойлау орнын - өзінің ашқан басты жаңалығы
деп есептейтін атақты “үш саты” немесе
“үш жағдай” заңымен байланысты түсінуге
болады. Осы заңға сәйкес, жеке адам, қоғам
және адамзат жалпы алғанда өзінің дамуында
міндетті түрде және біртіндеп үш сатыдан
өтеді.
1) Теологиялық
немесе жалған сатыда
(адамзаттың пайда болуынан бастап біздің
заманымыздың 1300 жылына дейін) адам санасы
құбылыстардың бастапқы немесе соңғы
себептерін табуға тырысады, ол “абсолюттік
білімге ұмтылады”. Теологиялық ойлау,
өз кезегінде, дамудың үш кезеңінен өтеді: фетишизм, политеизм,
монотеизм. Бұл саты өз заманында қажетті
болып есептелді, себебі, ол адамның әлеуметтенуінің
алдын ала дамуы мен ақыл-ойдың өсуін қамтамасыз
етті.
2) Метафизикалық
немесе абстрактілі
сатыда (1300 - 1800) адам санасы құбылыстардың
ішкі табиғатын, олардың бастамасын, қалыптасуының
басты амалдарын ұғынуға тырысады. Бірақ
теологиямен салыстырғанда метафизика
тылсым күштер факторымен емес, мән-мағына
немесе абстракциялар жолымен түсіндіреді.
Бұл сатыда құбылыстарды “бақылаудың
орнына дәлелдеуге ұмтылудың салдарынан”
спекулятивті және дерексіз бөлігі өте
жоғары болады. Метафизикалық ойлау, теология
сияқты болмай қоймайтын сатыны құрай
отырып, өзінің табиғаты бойынша шиеленісті
және жойқын болып табылады.
3) Позитивті не шынайы немесе ғылыми сатыда
(1800 жылдан бастап) негізгі белгісі - қиял
бақылауға тұрақты бағынатын заң қолданылады.
Бұл сатыда ақыл-ой түпкі себептер мен
мәндердің ақылға қонымсыз анықтамаларынан
бас тартып, оның орнына заңдарды қарапайым
зерттеуге, яғни “бақыланатын құбылыстар
арасындағы тұрақты қатынастарға” жүгінеді.
Қолданылған сілтемелер:
http://allrefs.net/c3/3usc5/p34/
http://studopedia.net/4_2352_okontti-pozitivizmi.html
http://kazreferat.org/shop/177/desc/ogjust-kont-pozitivtik-leumettanudy-negizdeushi
Информация о работе О.Конттың әлеуметтік доктринасы