Огюст Конттың ұстазы Сен-Симон

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2013 в 18:31, реферат

Краткое описание

Г. Спенсер қоғамның әлеуметтік құрылымын зерттей келе, әлеуметтік институттардың 6 түрін атап, оларға: туыстық, білім, саяси, шіркеу, кәсіби және өндірістік түрлерін жатқызды. Ол әлеуметтанушылардың ішінен алғаш рет осы ғылымға әлеуметтік өсу, әлеуметтік институт, әлеуметтік құрылым және функция және т.б жаңа ұғым, терминдерді қосты. Спенсер әлеуметтануының негізгі ерекшеліктері мыналар: біріншіден, зерттеуде тарихи-салыстырмалы әдісті кеңінен пайдалану; екіншіден, қоғамды организм ретінде түсіндіру; үшіншіден, қоғамдық өмірдің эволюциялық заңдылығы идеясы.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Огюст Конт.doc

— 58.00 Кб (Скачать документ)

Огюст Конттың ұстазы Сен-Симон

Әлеуметтанудың классикалық  кезеңінің ірі өкілі, әлеуметтану  ғылымының негізін салған атақты француз философы Огюст Конт болды.

 

Г. Спенсер қоғамның әлеуметтік құрылымын зерттей келе, әлеуметтік институттардың 6 түрін атап, оларға: туыстық, білім, саяси, шіркеу, кәсіби және өндірістік түрлерін жатқызды. Ол әлеуметтанушылардың ішінен алғаш рет осы ғылымға әлеуметтік өсу, әлеуметтік институт, әлеуметтік құрылым және функция және т.б жаңа ұғым, терминдерді қосты. Спенсер әлеуметтануының негізгі ерекшеліктері мыналар: біріншіден, зерттеуде тарихи-салыстырмалы әдісті кеңінен пайдалану; екіншіден, қоғамды организм ретінде түсіндіру; үшіншіден, қоғамдық өмірдің эволюциялық заңдылығы идеясы.

Герберт Спенсер (1820-1903 ж.ж.) - ағылшын философы, әлеуметтанушысы, психологы және инженер, әлеуметтанудың негізін қалаушынардың бірі, әлеуметтанудағы эволюционизмнің классигі. 1820 жылы Англияның Дерби деген шағын каласында мектеп мұғалімінің отбасында дүниеге келді. Денсаулығының әлсіздігінен 13 жаска дейін мектепке бармаған. Спенсер өз өмірінің көп бөлігін тұрлі академиялык және ресми қызметтерден бас тарткан тәуелсіз ғалым және публицист ретінде өткізеді. Еңбектер жазуға дейін ол теміржолда инженербақылаушы болып (1837 - 1846), "Экономист" журналының екінші редакторы (1848 жылдан бастап) болып қызмет аткарды, саяси өмірге араласуға тырысты. Спенсердің басты еңбегі — "Синтетикалық философия" жүйесінің он томы, ол теориялық жаратылыстану мен қоғамдық ғылымдарды ортақ эволюциялық идеямен біріктіре отырып, мыналарды қамтьщы: "Негізгі бастамалар" (1862, болмыстың алғашқы принциптері туралы кітап), "Биологияның негіздемелері" (1864 - 1867), "Психология негіздемелері" (1879 - 1893), "Әлеуметтану негіздемелері (3 томдык, 1876 — 1896). Баска да аса маңызды әлеуметтану еңбектері — "Әлеуметтік статика" (1850) және "Әлеуметтану зерттеу пәні ретінде" (1873). Спенсер өзінің теориясывда эволюциялық сатылардьщ сызықтық емес тұжырымдамасын бейнелейді. Ол прогресті қоғам күрделілігінің дөрежесімен өлшемек болды. Адамзат қоғамы дамуының ортақ үрдісі С. бойынша қарапайым бөлінбеген тұтастықтан күрделі гетерогенді құрынымдарға өту қозғалысы болды, мүңда неғүрлым маманданған бүтіннің бөлшектері өзара байланыса отырып жеке-жеке салаларға бөлініп кетеді. Спенсердің айтуынша, қоғамньщ дамуы барысында бір әлеуметтік институттар орындаған әлеуметтік іс-әрекеттер кешені ендігі жерде жаңадан пайда болған немесе бүрыннан бар институттар арасында бөлінеді. Саралану қоғамның өртұрлі бөлшектерінің үдемелі мамандануын білдіреді де, қоғам ішіндегі гетерогеңцікті көбейте түседі. Мәселен, бұрыңғы заманда отбасы репродуқтивті, экономикалық, құрылымдықжәне аздап саяси функциялар аткзрды. Алайда қоғам дамыған сайын, бұрындары бір ғана әлеуметтік институт — отбасы атқарған әлеуметтік іс-әрекеттер кешені еңдігі жерде баска институттар арасында бөліске түседі. қалай дегенмен де, қазіргі қоғамдарда Жұмыс пен білімнің мамандандырынған институттары отбасынан тыс дамуда. Сонымен, Спенсер эволюция деп аталған процеске мынадай жалпы анықтама береді. Эволюция дегеніміз — қозғалыстың тармақталуымен қоса жүретін және оның барысында зат белгісіз, байланыссыз әртектілік күйінен белтілі, өзара байланыскзн әртеқті күйге әсер ететін заттар интеграциясы, ол зат сақтаған қозғалыс дәл осындай өзгерісті бастан кешіреді. Спенсер бірінші тәсілді — органикалық үқсастықты дәйекті тұрде жақтады. Бұл оның позитивистік ұстанымынан туған еді. Қоғамды ағзаның ерекше тұрі деп карастыратынын айта келіп Спенсер бынай деп мәлімдейді: "Біз қоғамды ерекше мән ретінде карастыруға күқынымыз; себебі ол дискретті бірліктерден құралса да, әр қоғамньщ алып отырған орны шеңберіндегі жалпы ұқсастықтарды ғасырлар бойы және тұтас ұрпақтарда сақтау олардың күрған агрегатыньщ белтілі бір нақтылығын корсетеді". Бұл агрегатты қай тапқа — органикалық немесе органикалық емес тапқа жатқызу кереқтігі күдік туғыза қоймас: әрине, органикалық тапқа жатады. "әлеуметтану негіздері" деген еңбек тарауларының бірінде "Қоғам дегеніміз организм" деп аталады. Әлеуметтік және қоғамдық ағзалардың үқсастықтары: 1) биологиялық организм сияқты қоғамның көлемі үлкейіп, өседі (органикалық емес агрегаттарда Бұлай болмайды); 2) биологиялық және әлеуметтік азғалар өскен сайын өзгеріп, олардың ішкі құрылымы күрделілене түседі; 3) биологиялық организмдерде де, әлеуметтік ағзаларда де құрылымның күрделіленуі олардың органдарының әртұрлі функцияларының саралануын тудырады; 4) екінші және үшінші проңестер барысында құрылымды құрайтын барлық органдардың өзара әрекеті мен ықпалы дамып күшейеді; 5) қоғамда да, биологиялық ағзада де тұтас нәрсе ыдырай бастаған кезде, жеке бөлшектер белтілі бір уақытта өзінің тәуелсіз тіршілігін жалғастыра алады. Сонымен қатар, агрегат өмірін қысқартатын ешбір апат болмаса, тұтас нәрсенің өмірі оның бөлшектеріне қарағанда ұзақ болады. Сонымен біз тұтас ағзаның өмірі — биологиялық болсын, әлеуметтік болсын — оны күрайтын бөлшектердің өміріне, соларға тәуелді бола тұрса да, солардан түзілетін болса да, оларға мүлдем үқсамайтынын көреміз. Әйтсе де биологиялық және әлеуметтік ағзалардың арасындағы ұқсастығының айқындығы соншалық, оны байқамау мүмкін емес. Спенсердің ойынша, әлеуметтік ағза үш негізгі органдар (институттар) жүйесіне бөлінеді: реттеуші (басқарушы), өңдірістік (қолдаушы) және реттеп-таратушы (қатынас жолдары, көлік, сауда, т.б.) Ғылымға қазіргі мағынасындағы "эволюция" терминін енгізгеннен баска Спенсер жалпы ғылыми әлеуметтану парадигмасының қалыптасуына қандай жаңалықтар енгізді? Біріншіден, Спенсер қоғамдық күбыныстарды талдауда эволюциялық әдіс қолданды. Екіншіден, ол эволюция идеясының жануарлар-өсімдіқтер әлемі мен қоғамға ғана емес, сонымен бірге органикалық емес табиғатқа да қолданылатынын көрсетті — Бұл идея геологияда жақсы дамыды. Ал үшіншіден, эволюциялық әдіске сүйене отырып, Спенсер Еуропада жаңа заманнан бері қалыптасқан прогресс өлшемдері жөніндегі түсінікті қайта қарастырып, әлеуметтанудың ғана емес, сондай-ақ жүйелі талдаудың калыптасуына да маңызды рөл аткарған прогресс-эволюцияның өзіндік тұжырымдамасын жасады.[1]

 

Огюст Конт алғашқылардың бірі болып, қоғамды организм сияқты жүйе ретінде қарастырды. Ол жүйенің тұтас, бөлінбейтін сипатын және оның бөліктерінің өзара бағыныштылығын, бір-бірімен тұрақты байланыста, қарым- қатынаста болып, үздіксіз оң және кері ықпал ететінін атап көрсетті. О.Конт әлеуметтануды жай ғылымдардың қатарына жатқызбады, оны барлық ғылымдардың шыңы, қоғамды әлеуметтік ұйымдастыру мен өзгертудің аса қуатты құралы деп есептеді. Ол әлеуметтануды шартты түрде әлеуметтік статика және динамика деп екіге бөлді. Біріншісінің объектісі "тыныштық қалпындағы", екіншісінікі "қозғалыс күйіндегі" қоғам болып табылады. Бұл екі түсінік биологиядан алынған. Әлеуметтік статика - әлеуметтік организмнің құрылымын зерттейтін әлеуметтік анатомия болса, әлеуметтік динамика - әлеуметтік организмнің үдерісін, оның дамуын қарастыратын әлеуметтік физиология. Әлеуметтік құбылыстарды зерттеуде О. Конт бірнеше әдіс-тәсілдерді ұсынды. Ол әлеуметтік фактілерді бақылау әдісіне үлкен мән берген, өйткені бақылау ғылымға объективтілік сипат береді деп есептеді. Оның еңбектерінде "бақылау" сөзінің екі мағынасы (кең және тар) байқалады. Кең мағынада ("жалпы бақылау өнері») бақылау позитивті әдіснаманы сипаттап, еркін құрылымға қарсы тұратын әмбебап амал болып табылады. Тар мағынада бақылау әлеуметтануда қолданылатын ғылымның басты үш әдісінің (таза байқау, тәжірибе, салыстырмалы әдіс) бірі болып табылады. Белгілі бір мағынада әлеуметтанудың барлық әдістері осы бақылаудың түрлері болып саналды. Конттың ойынша, адамзат дамуы эволюциясының барысын, «қоғамның түрлі жүйелерінің шынайы сабақтастығын" анықтауға мүмкіндік беретін әлеуметтанулық салыстыру бірнеше әдіс-тәсілдерден тұрады. Біріншісі - адамдар мен жануарлар қауымдастықтарын салыстыру. Бұл әдістің құндылығы әлеуметтік ынтымақтастықтың неғүрлым қарапайым және әмбебап зандарын анықтауға мүмкіндік беретіндігінде. Екіншісі - жер шарының әр түрлі аймақтарындағы адамзат қоғамының өмір сүру жағдайларын салыстыру. Бұл әдіс қазіргі халықтар арасындағы неғүрлым өркениетті ұлттардың бұдан бұрынғы жай- күйлерін анықтап, "адамзаттың іргелі дамуының қажетті және тұрақты тепе- теңдігін" негіздейді. Конт салыстырудың үшінші түрін "адамзаттың әр түрлі жүйелік жай-күйін тарихи салыстыру" немесе "тарихи әдіс" деп атаған. Әлеуметтік ғылымның "нағыз негізін" құрайтын бұл әдістің мәні адамзат эволюциясының әр кезеңін салыстыруда және адамзаттың әр түрлі жай-күйіне дәйекті баға беруінде жатыр. Зерттеудің үшінші "объективті" әдісі - тәжірибе. Конт әлеуметтануда, физикадағы сияқты, құбылыстарды жасанды ету арқылы тікелей тәжірибе жасау мүмкін емес деп есептеген. Бірақ мұнда "жанама" тәжірибе бар. Әлеуметтануда, биологиядағы сияқты патологиялық (тірі организмдегі ауру үдерісі мен жағдайын) құбылыстарды талдау нағыз тәжірибе болып табылады. 2. Әлеуметтанудың отаны Франция болғанымен, мұнда ол ары қарай дами алмады. О. Конттың «позитивтік» әлеуметтануы одан әрі әлеуметтану ғылымының негізін салушылардың бірі, әлеуметтанудағы эволюционизмнің классигі Герберт Спенсердің (1820—1903 ж.ж.) ілімінде дамыды. Бұған Ч. Дарвиннің биологиялық түрлердің пайда болу теориясы ғылыми негіз болды. Осыны басшылыққа ала отырып, Г.Спенсер, біріншіден, қоғамды биологиялық организм ретіңде қарастырды, екіншіден, эволюция заңын әлеуметтік даму үдерісіне пайдаланды. Ағылшын әлеуметтанушысының ойынша, қоғам тірі организм, соңдықтан оған биологиялық заңдар тән бола алады. Сол себепті ол өзінің барлық әлеуметтанулық ой-тұжырымдарына осыны негізге алу арқылы қоғамның эволюциясын және оның әлеуметтік құрылымын тануды мақсат етті. Ол эволюция мәнін қарапайым нәрседен күрделіге, бір тектіден әр тектіге өзгеру, үдемелі қозғалыс ретінде қарастырды. Бұл қоғам дамуының әр кезеңін зерттеуге мүмкіндік берді. Студенттердің эволюциялық үдерісті тереңірек түсінуі үшін бұл ұғымның мағынасын аша кеткен жөн. Эволюция (лат.evolutio - өрістеу) – кең мағынада қоғамдағы, табиғаттағы және органикалық дүниедегі болып жатқан санды өзгерістен сапалық өзгеріске ауысуды білдіретін ұғым. Әлеуметтануда эволюция идеясы белгілі бір қоғамдық жүйенің белгілі мерзімде біртіндеп бір қалыптан екінші бір қалыпқа айналуын білдіреді.

 

 Әлемдік әлеуметтану дамуының классикалық кезеңінің ірі өкілдерінің бірі, француз әлеуметтану мектебінің негізін салушы Эмиль Дюркгейм (1858—1917) болды. Еуропада әлеуметтанудың институттену үдерісі, оның өз алдына ғылым ретінде қалыптасуы Дюркгейм атымен тығыз байланысты. Ол «Еңбектің қоғамдық бөлінуі», «Әлеуметтанулық әдіс» және т.б. іргелі еңбектерінде эмпирикалық зерттеулер мен әлеуметтанудың қолданбалы сипатына назар аударып, әлеуметтанулық зерттеудің әдістемесін жасады. Оның тұжырымдамасында әлеуметтану қоғамдық ғылымдардың ішінде ең басты орынды алады. Ол тек қана әлеуметтік фактілерді зерттеумен шектелмей, басқа қоғамдық ғылымдарды әр түрлі ғылыми әдістемелер, теорияларымен қаруландырады деді. Э. Дюркгейм «Еңбектің қоғамдық бөлінуі» атты ең басты еңбегінде өзінің әлеуметтанулық тұжырымының өзегін құраған әлеуметтік келісім мен ынтымақтастық (теория солидарности) теориясын зерттеді. Ол әлеуметтанудың басты міңдеті - әлеуметтік байланыстар мен қатынастардың табиғатын, негізін анықтау деп атап көрсете отырып, қоғамда әлеуметтік проблемалар мен шиеленістердің болатынын білді. Алайда, оларды үстем таптар арасындағы қатынастарды реттеудің жетіспеушілігінен болатын нормадан ауытқушылық деп санады. Осы бағытта ол қоғамдық келісімді нығайтуға ықпал ететін маманданған топ құру идеясын дамытты. Қоғам дамуындағы өзгерістерге талдау жасай келе, Э. Дюркгейм қоғамның тұтастығының негізі — ұжымдық сана деп санады. Оның түсінігінше, әр қоғамда өзіне тән тарихи қалыптасқан салт-дәстүрдің, әдет-ғұрыптың, көзқарастардың, моральдық нормалар мен ережелердің жиынтығы болады. Қоғам мүшелерінің көпшілігі осы аталғандарды өздерінің күнделікті өмірлерінде, іс- әрекеттері мен қызметтерінде басшылыққа алып отырады. Э. Дюркгейм қоғам дамуын талдай отырып, әдеттегі көне, ежелгі қоғамнан қазіргі индустриалды қоғамға өтпелі кезеңде аномия (яғни, қоғамда адамдардың тәртібін, адамгершілік қасиеттерін басқарудың төмендеп кетуі) құбылысының объективті орын алатынын атап көрсетеді. Оның пікірінше, адамды моральдық, рухани тұрғыдан басқаратын қоғамдағы негізгі әлеуметтік институттардың (яғни, мекеме, ұйымдардың) іс-әрекетінің тиімсіздігінен және әлеуметтік қайшылықтардың күшеюінен белгілі бір кезеңде адамның мінез- құлқының төмендеуінен аномия байқалмақ. Шынында да, қоғамның саяси сипаты мен әлеуметтік әлеуетінің қарапайым халықтың мақсат-мүддесінен алшақтап, биліктің маңайына топтасуы, әлеуметтік әділеттілік пен заңдылықтың әрбір қоғам мүшесіне ортақ бола алмауы және т.б. осындай келеңсіздіктерге апаратынына адамзат тарихы куә. Э. Дюркгейм нақтылы әлеуметтік зерттеулер негізіңде қоршаған әлеуметтік ортаның сипатына байланысты адамдардың өзіне қол жұмсаудағы басты себептерді анықтады. Ол өзін-өзі өлтірушіліктің 4 типін (тұрпатын) анықтап берді, олар: эгоистік (өз құлқынын ойлаушылық), альтуристік (басқа кісі туралы қалтқысыз қамқорлық), экономикалық және фаталистік (тағдырдың қайталанысына сенуге ыңғайлы адам). Бұлардың әрқайсысының өзіне тән құпиясы бар, оның шешілу жолы жеке адам мен топтың қарым-қатынасына байланысты екенін атап көрсетті. Бұл теория қылмыстық істердің және девианттық (ауытқу) мінез-құлық әлеуметтануының негізін салуда маңызды болды. Ежелгі қоғамдар өмірін және этнографиялық материалдарды зерттеу негізінде Э. Дюркгейм діннің ерекше рөлі туралы әлеуметтік тұжырым жасады, оның әлеуметтік бірлікте шешуші рөл атқаратынын атап көрсетті. Оның ойынша, дін қоғамдағы ең құнды, бағалы қасиеттерді бейнелейді, сондықтан қоғам дінсіз өмір сүре алмайды. Э.Дюркгейм әлеуметтануды теориялық және әдістемелік жағынан негіздеп, оны өз алдына ғылым болу мүмкіндігіне ие етті. Оның әлеуметтануы әлеуметтік өмірдің қызметіне байланысты негізінен үш салаға бөлінеді: әлеуметтік морфология, әлеуметтік филиология және жалпы әлеуметтану. Әлеуметтік морфология анатомия сияқты, ол қоғамның негізін, оның құрылымын, материалдық формасын зерттейді. Әлеуметтік филиология қоғамның өмірлік көріністерін, жеке әлеуметтік ғылымдарды қамтиды. Олар: дін әлеуметтануы, мораль әлеуметтануы, құқық әлеуметтануы, экономика әлеуметтануы, лингвистикалық әлеуметтану, эстетика әлеуметтануы. 7. Қазіргі әлеуметтану ғылымы Батыстың ірі әлеуметтанушысы Макс Вебердің (1864—1920) әлеуметтік таным әдістемесі мен идеалдық типтер, мәдениет, этика мен дін әлеуметтануы туралы ілімдері мен ой-тұжырымдарымен көп санасады. М. Вебер - әлеуметтік іс-әрекет теориясының негізін салушы. Оның пікірінше, әлеуметтанудың басты міндеті қоғамның әлеуметтік-тарихи құбылыстарының субъективтік (яғни, адамның санасына, ойлауына байланысты) жақтарын, яғни адамның іс-әрекеті мен қызметінің мәнін, мазмұнын терең зерттей отырып, қоғамның даму заңдарының себебін ашу болып табылады. Алайда, адамның мінез-құлқы мен қызметі әлеуметтанудың зерттеу пәні болу үшін, біріншіден, адамның және әлеуметтік топтардың мақсаты және оған жетудің құралдары, екіншіден, басқа субъектілерге бағытталған, яғни өз әрекеттерінің оларға тигізетін ықпалын және олардың бұған жауап реакциясын есепке алу керек. Бұл арада М. Вебердің саналы әрекет етуші индивид немесе индивидтер өз әрекетін субъективті мағынамен байланыстырса ғана әрекет бола алады дегенін еске сала кеткен жөн. Мұнсыз қандай болмасын іс-әрекет, қимыл әлеуметтік құбылыс болып саналмайды. Макс Вебер іс-әрекеттің мүмкін болар төрт түрін көрсетеді. Олардың ең бастысы, мақсатқа сәйкес келетін іс-әрекет (целерациональное действие). Сондықтан бұл іс-әрекет, қимыл негізгі идеалдық тип болып саналады. Екінші құндылықты-ұтымды әрекет - белгілі бір абсолюттік құндылыққа (этикалық, эстетикалық, діни және т.б.) саналы түрде жетуге бағытталған әрекет. Мұның негізіне сөзсіз этикалық, діни немесе белгілі мінез-құлықтың кез келген басымды құндылығына сенімділік жатады. Үшінші аффектілі әрекет, ол субъектінің көңіл-күйі мен сезімінен туындайды; Төртінші - көптен қалыптасқан әдет-дағдымен іске асатын әрекет. М. Вебер әлеуметтанулық зерттеулерінде түсіну әдістеріне көп көңіл аударды. Оның пікірінше, әлеуметтану өзінің шығу көзін, қалыптасу негізін адамның немесе адамдар тобының мінез-құлқын зерттеуден бастауы қажет. Өйткені әрбір адам өзінің тәртібіне, іс-әрекетіне белгілі бір мағына, мән береді. Сондықтан М.Вебердің әлеуметтануын түсіну әлеуметтануы деп атайды. М. Вебер өзінің "Протестанттық этика және капитализм рухы" деген еңбегінде экономиканы дінмен байланыстырды. Осы тұрғыда ол дінді экономиканы дамытуда адамдардың ынталанушылығын, еңбек сүйгіштігін, белсенділігін және т.б адами қасиеттерінің қалыптасуын қамтамасыз етіп отыратын фактор ретінде қарады. Макс Вебер әлеуметтік жіктелу (стратификация) теориясының негізін салуға да зор үлес қосты. Ол әлеуметтік жіктелудің өлшемі кең болуы мүмкін

 

 


Информация о работе Огюст Конттың ұстазы Сен-Симон