Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2013 в 19:25, реферат
Заңдық мағынасында отбасы дегеніміз – бұл некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасылық қатынастарды нығайту мен дамытуға септігін тигізетін, мүліктік және мүікке қатысты емес жекебастың құқықтарымен байланысқан адамдар тобы. Отбасылық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы отбасылық құқық деп аталады. Отбасы – неке қатынастарын реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңы болып абылады.
Неке және отбасы ұғымы
Неке және отбасы ұғымы.
Неке және отбасы ұғымы. Отбасылық қатынстар
ұғымы.
Заңдық мағынасында отбасы дегеніміз
– бұл некеден, туыстықтан, бала асырап
алудан немесе балаларды тәрбиелеуге
алудың өзге де нысандарынан туындайтын
және отбасылық қатынастарды нығайту
мен дамытуға септігін тигізетін, мүліктік
және мүікке қатысты емес жекебастың құқықтарымен
байланысқан адамдар тобы. Отбасылық қатынастарды
реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы
отбасылық құқық деп аталады. Отбасы –
неке қатынастарын реттейтін негізгі
нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасының
«Неке және отбасы туралы» Заңы болып
абылады.
Неке – отбасын құрудың негізі болып
табылады. Ерлі – зайыптылар арасындағы
мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды
туындататын отбасын құру мақсатымен,
заңда белгіленген тәртіппен тараптардың
ерікті және толық келісімі жағдайында
жасалған еркек пен әйелдің арасындағы
тең құқықтық одақты – неке деп түсінуіміз
қажет.
Егер неке тіркелмесе де, бірақ еркек
пен әйел бірге тұрып, балаларын тәрбиелеумен
айналысып жатса, мұны да отбасы деп айтуға
болады. Егер кәмелетке толған балалары
ата – анасымен бірге тұрып, оларға қамқорлық
жасап, материалдық көмек көрсетсе – бұл
да отбасы. Егер кәмелетке толған ағалары
мен қарындастары ата – анасыз бірге тұрып,
бір – біріне қамқорлық жасайтын болса
– бұл да отбасы.
Адамдар арасында некеден, туыстықтан,
бала асырап алудан, отбасына тәрбиелеу
үшін бала алудан туындайын қатынастар
отбасылық қатынастар деп аталады. Бірақ
отбасындағы қатынастардың бәрі бірдей
құқық жөнімен реттеле бермейді. Отбасындағы
қатынастар, негізінен, адамгершілік,
ізгілік - өнегелік нормалары негізінде
реттеледі. Бұл өзара құрмет, сүйіспеншілік,
қамқорлық және имандылық қолдаудың көрінісі.
Отбасылық өмір қалыбы, көбінесе ұлттық
дәстүрлер мен әдет – ғұрыптарға сүйенеді
(үлкендерді қадірлеу, отбасын қамтамасыз
ету оның басшысы ретінде толықтай ер
адамға жүктеледі, туысқандарды қадірлеп,
құрметтеу).
Отбасының ішкі мәселелері отбасы мүшелерінің
өзара келісімі бойынша шешіледі. Егер
ол мәселе кәмелетке толмағандардың мүдделеріне
қатысты болса, оны шешуге балалар да қатыстырылады.
Құқықтық нормаларға араласу отбасылық
қатынастар бұзылғанда қажет. Жеке басындық
қатынастармен салыстырғанда отбасылық
мүліктік қатынастар құқық арқылы егжей
– тегжейлі реттелеі, өйткені бұл қатынастардың
объектісі материалдық игілік болып табылады.
Отбасылық құқық азаматтық құқықпен тығыз
байланысты. Мәселен, отбасылық құқықпен
реттелмеген отбасы мүшелерінің арасындағы
мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды
реттеуге азаматтық заңнама қолданылады,
өйткені ол отбасылық – некелік қатынастардың
мәніне қайшы келмейді.
Туыстық және туысқандардың түрлері.
Отбасылық құқық тек шартты түрде ғана
отбасылық деп атауға болатын өзге де
қатынастарды реттейді. Мәселен, немерелері
мен әжелерінің арасындаңы қатынастар;
өздерінің отбасын құрып, бөлек тұратын
кәмелетке толған ағалары мен қарындастарының
арасындағы қатынастар. Бұл көрсетілген
қатынстардың негізіне көбінесе туыстық
жатады, сондақтан да мұндай қатынастарды
туыстық қатынастар деп атау керек. Туыстық
дегенде бір негізден немесе ортақ бір
атадан тарайтын қандас адамдардың байланысы
түсініледі. Туыстықтың екі тармағы болады:
тікелей және жанама туыстық. Тікелей
туыстық адамдардың бір негізден тарайтындығына
негізделеді. Туыстық жоғары және төменгі
тармаққа ажыратылады. Туыстықтың жоғары
тармағы ұрпақтан арғы атаға қарай тарайды
(әкеге, шешеге, атаға, атаның атасына және
т.б.), төменгі тармақ – арғы атадан ұрпақтарына
қарай тарайды (балаға, немереге, шөбереге
және т.б.).
Жанама тармақ адамдардың бір атадан
тарауына негіздеген. Мысалы, бір атадан
тарайтын немере ағалары мен қарындастары;
бір жағдайда ортақ атасы - әкесі, ал енді
бір жағдайда – атасы болып табылатын
көкесі мен жиені.
Мысалы, азаматтық құқықта заң бойынша
мүлікке мұрагерлік етуде жақын, сондай
– ақ алыс туысқан да есепке алынады. Бүгінгі
күнгі мұрагерлердің алты кезектілігі
анықталған. Оларға: балалары, ерлі – зайыптылар
мен ата – аналарынан басқа (бірінші кезектілік)
мұра қалдырушының туыстары, толық туыстары,
толық емес туыс (жақын) ағалары мен қарындастары,
сондай – ақ оның әкесі жағынан және шешесі
жағынан келетін атасы мен әжесі (екінші
кезектілік), мұра қалдырушының туған
көкесі мен тәтәлері (үшінші кезектілік),
мұра қалдырушының алтыншы атасына дейінгі
өзге де туыстары (төртінші кезектілік),
егер олар мұра қалдырушымен бір ортада
кем дегенде ое жыл бірге тұрса туыс ағалары
мен қарындастары, өгей әкесі мен шешесі
(бесінші кезектілік), мұра қалдырушының
еңбекке жарамсыз асырауында болғандар
(алтыншы кезектілік) жатады. Заң бойынша
мұрагерлер кезегі бойынша мұрагерлікке
ие болады. Туған ағалары мен қарындастары
толық туыс және толық емес туыс болып
бөлінеді. Толық туыстар – бір ортақ ата
– анадан тарайтын аға – іні, апа – қарындастар.
Егер әкесі мен шешесінің біреуі ғана
ортақ болса, онда ағасына іні – қарындастары
толық емес туыс деп есептеледі. Егер олардың
аналары бір, ал әкелері басқа болса, оларды
бір кіндіктен тарағандар (яғни, бір анадан
туғандар) деп атайды. Егер олардың әкесі
бір, шешелері басқа болса, онда оларды
қандастар деп атайды. Қазақстанның отбасылық
заңнамасы құқықтық жағынан ағасына іні
– қарындастарды толық туыс не толық емес
туыс деп айырмайды.
Толық емес туыс аға – қарындастарды
ерлі – зайыптылардың бұрынғы некелерінен
немесе некеден тыс туған туыс аға – қарындастарымен
шатастыруға болмайды. Олардың ортақ әкелері
де шешелері де жоқ, демек, олар туыс емес,
сүйек жақындар деп танылады. Ері мен оның
тусытары бір жағынан, әйелі мен оның туыстары
– екінші жағынан, бұлар да сүйек жақындар.
Өгей әке – шешесі және өгей ер бала мен
қыз да сүйек жақындар деп есептеледі.
Отбасының түрлері. Толық және толық емес
отбасы.
Отбасының толық және толық емес түрлері
болады. Толық отбасында ата – анасы, балалары
және әдетте, әкесі жағынан да шешесі жағынан
да аға ұрпақ өкілдері – атасы мен әжесі
болады.
Толық емес отбасы балалардың ата – анасының
біреуінің ғана болуымен сипатталады.
Соның өзінде балалардың ата – аналары
ажырасқан болса, балалары соның қарамағында
қалған ата – анаға екінші жағы балаларды
және еңбекке жарамсыз ерлі – зайыптыны
бағып – қағу үшін алимент төлейді. Егер
ерлі – зайыптылардың біреуі қайтыс болып,
екіншісінің қарамағында кәмелетке толмаған
балалары қалса, онда оған мемлекет жәрдемақы
ретінде материалдық көмек көрсетеді.
Сөйтіп, толық және толық емес отбасы да
тең жағдайда заң және мемлекетарқыы қорғалады.
Неке мен отбасын қорғау.
Неке мен отбасын қорғау екі түрде жүзеге
асрылады: юрисдикциялық және бейюрисдикциялық.
Біріншісінде – отбасының құқығы бұзылған
немесе дауланатын құқықты қорғау жөніндегі
өкілетті мемлекеттік органдарды қарастыру
арқылы жүзеге асырылады. Бұлар сот, прокурор,
азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАТ)
органдары, қамқоршылық органдары, ішкі
істер органдары.
Екінші түрі – отбасының құқықтары мен
мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтар
мен ұйымдардың азаматтар мен ұйымдардың
іс - әрекеттері. Азаматтар бұл әрекеттерді
мемлекеттік органдардан көмектесуді
өтінбей – ақ өздері іске асырады. Мұндай
іс - әрекеттерді – құқығын өзі қорғау
деп атайды. Мысалы, құқығы бұзылған баланың
ата – анасы тәртіп бұзушы баланың ата
– анасымен кеңесіп, оған кешірім сұрауға
ұсыныс жаайды және т.б.
Сот арқылы қорғау – отбасы құқығын қорғаудың
бір түрі болып табылады. Бұл істе прокуратура,
ішкі істер органдары, АХАТ органдары,
тәрбиелік мекемелер, атқарушы органдар
- әкімдіктер үлкен рөл атқарады. Мысалы,
әкімдіктер ата – аналарының қамқорлығынсыз
қалған балалардың құқықтары мен заңды
мүдделерін қорғау шараларын қолға алуға,
ондай балалары есепке алуды ұйымдастырып,
оларды отбасыларға орналастыруға көмектесуге
міндетті. Ішкі істер органдары баланы
күштеп тартып алуға, сондай – ақ алимент
төлеуден жалтарып жүрген адамдарды іздестіруге
байланысты шешімдерді күштеп орындауға
қатысулары мүмкін.
НЕКЕГЕ ТҰРУДЫҢ ШАРТТАРЫ МЕН ТӘРТІБІ.
Некенің құқықтық табиғаты.
Заңда неке таңдауға ерік берілген, яғни
некеге тұру немесе оны бұзу үшін тараптардың
өзара ерікті келісімі қажет. Некеде ерлі
– зайыптылардың құқықтары мен міндеттері
тең, әйелдердің құқығын шектеуге жол
берілмейді. Бұл әйелдердің үй шаруашылығын
жүргізумен ғана айналысып қоймай, сондай
– ақ ерімен бірге бизнеспен айналысуына,
мансапқа талпынуына мүмкіндік береді.
Ерлі – зайыптық қатынстар, әдеттегідей
ғұмырлық, яки некеге тұру бегілі бір мерзім
көрсетілмей жүзеге асырылады.
Қазақстанда мемекеттік АХАТ органында
тіркелген неке ғана танылады.
Қазақстанда некеге тұрған кезде отбасылық
қатынастарда әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық,
тілдік немесе қай дінді ұстанатындығына
қарай азаматтардың құқығын шектеудің
кез келген түрлеріне тыйым салынады.
Ерлі – зайыптылар қатынастарына туыстарының
араласуына жол берілмейді.
Некеге тұрудың шарттары мен тәртібі.
Неке жасы.
Некеге тұру некеге тұрушы ері мен әйелдің
өзара ерікті келісімі және олардың неке
жасына жету болып табылады.
Егер неке күш көрсету, алдау, қорқыту
жолымен қиылған болса, онда ол жарамсыз
деп танылуы мүмкін. Некеге тұру келісімін
некені тіркеу рәсімінің барысында некеге
тұрушы адамның тікелей өзі ауызша білдіреді
және оның қолын қойғызу арқылы расталады.
Соның өзінде ата – аналарының немесе
туыстарының келісімі талап етілмейді.
Дей тұрғанмен, қай жағынан алып қарағанда
да ата – анасының құптауы болашақ отбасы
үшін өте маңызды екендігі күәмнсіз.
Отбасын құру үшін неке жасына жетудің
үлкен маңызы бар. Некеге тұрушылар белгілі
бір рухани және күш – қуат кемелділігіне
ие болуы керек, ол белгілі бір жаспен
байланысты. Біздің заңымызға сәйкес неке
жасы – 18 жас.
АХАТ органдары дәлелді себептері болған
жағдайда неке жасын екі жылдан аспайтын
мерзімге төмендете алады. Неке жасына
жетпеген адамдардың некеге тұруына ата
– аналарының келісімі бойынша ғана рұқсат
етіледі. Жүктілік немесе баланың тууы,
әскери қызметке шақырылуы, кәмелетке
толмағандардың нақты отбасын құруы дәлелді
себептердің қатарына жатады. Соның өзінде
басқа да длелді себептердің болуы мүмкін.
Некеге тұратын адамдар медециналық,
сондай – ақ медециналық – генетикалық
мәселелер және репродукциялық денсаулық
қорғау мәселелері бойынша консультациялар
алып, тексеруден өтулеріне болады. Мұндай
тексерулер некеге тұратын адамдардың
екеуінің келісімімен ғана өткізілуі
тиіс. Некеге тұратын адамдарды тексерудің
нәтижелері медециналық құпия болып табылады
және ол некеге тұруға ниеттенген адамға
тексеруден өткен адамның келісімімен
ғана хабарлануы мүмкін.
Болашақ ерлі – зайыптылар АХАТ органына
өздерінің некеге тұрғысы келетіндіктері
туралы бірлесіп жазбаша түрде млімдеуі
керек. Ал олардың біреуі АХАТ органына
бірге өтініш беру үшін келуге мүмкіндігі
болмаған жағдайда қалай істеу керек?
Егер ол дәлелді себептермен АХАТ органына
келе алмайтын жағдайда ол адамдардың
некеге тұруды қалайтындытары жөніндегі
нотариус куәландырған өтінішін табыс
етуге заң рұқсат береді.
Некеге тұратын адамның тікелей қатысуымен
неке мемлекеттік АХАТ органдарында қиылады.
Некені сенімхат бойынша немесе өкілер
арқылы қиюға тыйым салынады.
Қамауда немесе бас бостандығынан айырылғандар
некеге отыра алады. Алайда оларда мемлекеттік
тіркеу АХАТ – та емес, бас бостандығын
айыру орнында немесе қамауда отырған
жерде жүргізіледі.
Заңда неке қиюға кедергілер де көзделген.
Бұл өзге тіркелген некенің болуы, болашақ
ерлі – зайыптылардың жақын туыстығы,
некеге тұрушылардың біреуінің іс - әрекетке
қабілетсіздігі, сондай – ақ бала асырап
алушылар мен асырап алғандар арасында
неке қию.
Некелік шарт.
Некелік шарт – біздің тұрмысымызға салыстырмалы
түрде жақында енген ұғым.
Некелік шарт деп – некеге тұратын адамдардың
немесе ерлі – зайыптылардың некеде тұрғандағы
немесе оны бұзған жағдайдағы мүліктік
құқықтары мен міндеттерін айқындайтын
келісімдері танылады. Некелік шарт міндетті
түрде жазбаша жасалуы және нотариуспен
куәландырылуы қажет.
Некелік шартты некеге отыратын адамдардың
тікелей өздері, сондай – ақ адвокат не
нотариус толтыруы мүмкін екендігін айырықша
атап көрсету қажет. Некелік шартты нотариалды
куәландыру үшін жекеменшік немесе мемлекеттік
нотариусқа жүгіну керек.
Некелік шартты некені тіркегенге дейін,
сондай – ақ некеде тұрған кез келген
уақытта жасасуға болады. Некелік шарттың
субъектілері не ерлі – зайыптылар, не
некеге енді тұруға әзірленіп жатқан адамдар
болуы мүмкін (күйеу мен қалыңдық). Ерлі
– зайыптылар, яғни АХАТ органдарында
тіркелмеген, бірақ бірге тұратын және
бір – біріне қамқорлық көрсететін адамдар
некелік шарт жасаса алмайды.
Некеге тұратын кәмелетке толмағандар
(18 жасқа дейінгі адамдар) ата – аналарының
немесе қамқоршыларының келісімімен ғана
некелік шарт жасаса алады. Бұл кәмелетке
толмағандардың өз бетінше некелік шарт
жасасуына тыйым салынады деген сөз.
Некелік шарт жасасу – некені тіркеу
үшін қажетті шарт болып табылмайтындағын
атап өту керек. Некеге отыратын адамдардың
немесе ерлі – зайыптылардың неке шартын
жасасуы немесе оған қол қоюдан бас тартуы
ерікті түрде шешіледі, өйткені бұл олардың
міндеті емес, құқығы болып табылады. Бірақ
сонымен бірге неке шартында ерлі – зайыптылардың
немесе некеге тұратын адамдардың ортақ
еркі білдірілуі тиіс.
НЕКЕНІ БҰЗУ.
Некені тоқтату және оның негізі.
Ерлі – зайыптылардың жәке және мүліктік
құқытық қатынастарының тоқтатылуын некенің
тоқтатылуы деп түсінеді. Неке заңда айқындалған
білгілі бір оқиғаардың тууына байланысты
немесе ерлі – зайыптылардың біреуінің
не екеуінің бірдей қалауымен тоқтатылады.
Некені тоқтататын оқиғалар қатарына
мыналар жатады:
Ø ерінің қайтыс болуы;
Ø соттың ерлі – зайыптылардың
біреуін өлді деп жариялауы;
Ø некенің бұзылуы (ажырасу).
Некенің тоқтату негіздерінің тізімі
толық боып табылады.
Ері қайтыс болған немесе ерлі – зайыптылардың
біреуі өлді деп жарияланған жағдайда
неке өздігінен тоқтатылады. Егер артында
қалған адам жаңадан некеге тұрғысы келсе,
бұрынғы неке бойынша ерінің өлгені бойынша
АХАТ органдары берген куәлікті көрсетсе
де жеткілікті.
Соттың азаматты (ерлі – зайыптылардың
бірін) өлді деп жариялау жөніндегі шешімі
долбараға ғана негізделеді. Ол адамның
өлгені туралы нақты ақиқат дәлелдер жоқ.
Қазақстан Республикасының Азаматтық
кодексінің 31 – бабына сәйкес, егер азамат
тұрақты тұратын жерде үш жыл бойына ол
туралы ешқандай мәіметтер болмаса, егер
ол өім қаупі төнген жағдайда немесе оның
өлімі алты ай ішінде жазатайым оқиғадан
болды деп есептеуге негіз болатын жағдайларда
хабар – ошарсыз кетсе, ол азамат мүдделі
адамдардың арызы бойынша сот арқылы өлді
деп жариялануы мүмкін.
Сот азаматты қайтыс болды деп жариялау
туралы шешім шығарған сәттен бастап,
онымен неке тоқтатылды деп есептеледі.
Кейде қайтыс болды деп жарияланған адамдардың
шындығында тірі болып шығатын жағдайлары
да кездеседі. Өлді деп жарияланған жұбайы
тірі келген жағдайда сот әлгі шешімді
бұзады, бірақ тоқтатылған неке өздігінен
қалпына келтірілмейді. Ол ерлі – зайыптылардың
бірлескен өтініші бойынша АХАТ органдары
арқылы қалпына келтірілуі мүмкін. Егер
қалпына келтіру туралы өтініш берілмесе,
ерлі – зайыптылардың екеуінің де тірі
екендігіне қарамастан, неке тоқтатылған
деп есептеледі. Басқа жұбай жаңа некеге
тұрған жағдайда, бұрынғы неке қалпына
келтіріе алмайды. Жаңа некенің тағдыры
түрліше шешілуі мүмкін: ол не сақталады,
немесе бұзылады, бұл кейін бұрынғы жұбайымен
некесін тіркеуге мүмкіндік береді.
Некені бұзу, ажырасу. АХАТ органдарында
некені бұзу.
Ерлі – зайыптылардың көзі тірі кезінде
неке, олар ажырасса ғана тоқтатылады.
Ажырасу арқылы некенің тоқтатылуы, АХАТ
органдары немесе сотта заңда белгіленген
тәртіп бойынша іске асырылуы мүмкін.
Некені бұзу АХАТ органдарында ерлі –
зайыптылардың біріккен және жекелеген
ерекше жағдайларда – жұбайлардың біреуінің
өтініші бойынша жүргізіледі. Ал сотта
некені бұзу ерлі – зайыптылардың екеуінің
бірлескен, сондай – ақ жұбайлардың біреуінің
өтініші бойынша жүргізіле береді.
Некені бұзу үшін мынадай үш шарттың болуы
қажет:
Ø АХАТ органдарында ерлі – зайыптылардың
некені бұзу жөніндегі өзара келісімі;
Ø кәмелетке толмаған балаларының
болмауы;
Ø бір – біріне мүліктік және
өзге де талаптарының болмауы.
Некені бұзу АХАТ органдарында мемлекеттік
тіркеуден өтуді қажет етеді. Тіркеу некені
бұзу жөніндегі өтініш берілген күннен
бастап бір ай өткенде жүзеге асырылады.
Бір ай мерзім ерлі – зайыптыларға қабылдаған
шешім туралы тағы да әбден ойланып –
тоғану үшін беріледі. Некені тіркеу үшін
берілетін мерзімнен айырмашылығы, некені
бұзған кезде оның мерзімі ұзартылып не
қысқартымайды.
Ерлі – зайыптылардың өзара келісімі
бойынша некені АХАТ органдарында бұзумен
қатар, заң жұбайлардың біреуінің өтініші
бойынша некенің бұзудың қарабайыр оңайлатылған
тәртібін де белгілейді.
АХАТ органдарының некенің бұзылуын тіркеу
кезінде ажырасудың себептерін анықтауға,
ерлі – зайыптыларға татуласу үшін мерзім
беруге қақысы жоқ.
Некені сот тәртібімен бұзу.
Ол мынадай жағдайларда іске асырылады:
Ø ерлі – зайыптылардың кәмелетке
толмаған ортақ балаларының болуы;
Ø ерлі – зайыптылардың біреуінің
некені бұзуға келісімінің болмауы;
Ø егер ерлі – зайыптылардың
біреуі өтініш беруден бас тартып некені
бұзудан жалтарса, некені бұзу үшін мемлекеттік
тіркеуге келуден бас тартса, т.б.;
Ø ерлі – зайыптылардың бір –
біріне мүіктік талаптарының болуы.
Некелік одақтың тұрақты болуына мемлекет
мүдделік танытады. Сондықтан да соттарға
заң арқылы ерлі – зайыптыларды татуластыру
жөнінде шаралар қолдану міндеттері жүктелген.
Бірақ, сонымен қатар татуластыру мақсат
қана емес, отбасын сақтаудың амалы ғана.
Сондықтан да бұл міндетті орындау мүмкін
болмаса және балаларды не жұбайларды
қорғау мүдделеріне қайшы келетін болса,
онда сот некені бұзады.
Егер сот неке біржолата бұзылмаған деген
қорытындыға келген жағдайда, ол істі
кейінге қарауға қалдырып, ерлі – зайыптыларға
татуласу үшін 3 айлық мерзім тағайындай
алады. Бірақ сот нақты мерзімді әрбір
істің жағдайына қарай бегілейді.
Егер ерлі – зайыптыларды татуластыру
шаралары нәтиже бермей және жұбайлардың
біреуі некенің бұзылуын қасарыса талап
ететін болса, некені бұзу іске асырылады.
Егер айырылысатын ерлі – зайыптылардың
кәмелетке толмаған балалары болып және
жұбайлар ол балалардың кіммен қалатындығы
жөнінде келіспеген жағдайда, бұл мәселені
сот шешеді. Сот балалардың ата – анасының
біреуімен қалатындығы жөнінде не баланың
ата – анасының әрқайсысымен қалатындығы
жөнінде (егер екі бала не одан көп болса)
шешім шығара алады. Соның өзінде сот кәмелетке
толмаған балалардың мүдделерін ғана
еске алу керек. Сондай – ақ балалардың
мүдделерін және болашақ ананың денсаулығын
қорғау мақсатында заңның 15 – бабында
мындай қағида көзделген: «Әйелдің жүкті
кезінде және нәрестенің бір жасқа толмаған
кезінде әйелдің келісімінсіз некені
бұзуға болмайды».
Айырылысатын жұбайлар ортақ мүліктерді
бөлісу жөніндегі мәселені кейбір жағдайларда
өздері дербес шешеді. Бірақ ерлі – зайыптылар
келісімге келмеген жағдайда мүліктерді
бөлуді сот іске асырады және әдетте, оларды
тең бөледі. Егерде некелік шартта мүліктерді
бөлісу мәселесі қарастырылған болса,
онда сот мүлікті екі жақтың не бір жағының
талабы бойынша осы келісімшартқа сәйкес
бөледі.
Сот тәртібімен некені бұзу ерлі – зайыптылардың
некені бұзу туралы өтініш берген күннен
бастап бір ай өткеннен кейін іске асырылады.
Некені тоқтатудың құқықтық салдары.
Жоғарыда айтылғандай, некені бұзу нәтижесінде
ерлі зайыптылардың некеде тұрған кездегі
жеке және мүліктік қатынастары тоқтатылады.
Мысалы, бірге тұруы, ортақ бірлескен меншік,
өзара қамқорлық және асырау. Соның өзінде
кейбір құқықтық қатынастар бірден тоқтатылады
да, енді біреулерінің сақталуы мүмкін.
Некеге тұрған кезінде бірлесіп жиған
мүліктері бөлінген жағдайда, әдетте,
некенің тоқтатылуымен байланысты ерлі
– зайыптылардың ортақ бірлескен меншік
тәртібі де тоқтайды, бірақ мүлік бөлінбеген
жағдайдағы ажырасу өзінен - өзі жұбайлардың
ортақ бірлескен меншігін үлестік меншікке
айналдыра алмайды. Некенің бұзылуымен
бірге жұбайы қайтыс болғаннан кейін мұрагерлік
құқығы, бұрынғы жұбайы – ажырасушысының
өліміне байланысты келтірілген зиянның
орнын толтыру және т.б. құқығы да жойылады.
Некенің тоқтатылуы жаңадан некеге тұру
құқығын туғызады.
Ажырасу жолымен некенің бұзылуы ата
– аналарының балаларына қатысты құқықтары
мен міндеттерін тоқтата алмайды.
Қорытынды.
Сонымен, отбасы дегеніміз – бұл некеден,
туыстықтан, бала асырап алудан немесе
балаларды тәрбиелеуге алудың өзге де
нысандарынан туындайтын және отбасылық
қатынастарды нығайту мен дамытуға септігін
тигізетін, мүліктік және мүікке қатысты
емес жекебастың құқықтарымен байланысқан
адамдар тобы.
Отбасының заңдық белгілеріне мыналар
жатады:
Ø адамдардың неке немесе туыстық
негізде бірігуі;
Ø өзара имандылық және материалдық
қолдау;
Ø бала туу және оларды тәрбиелеу;
Ø өзара жекебасындық және мүліктік
құқықтар.
Бір негізден немесе ортақ атадан тарайтын
адамдардың қандастық – кіндіктестік
байланысы, туыстық деп түсініледі. Туыстықтың
екі тармағы бар: тікелей және жанама.
Ерлі – зайыптылардың арасындағы мүліктік
және мүліктік емес жеке қатынастарды
туындататын, отбасын құру мақсатымен
заңда белгіленген тәртіп бойынша тараптардың
ерікті және толық келісімі жағдайында
жасаған ері мен әйелдің арасындағы тең
құқықтық одақты неке деп түсінуіміз керек.
Қазақстанда тек мемлекеттік АХАТ органдарында
жасалған адамдардың одағы ғана неке деп
танылады. Болашақ ерлі – зайыптылардың
өзара келісімі және олардың неке жасы
18 – ге толуы неке қиюдың басты шарты болып
табылады.
Ерлі – зайыптылар арасындағы қатынастар
құқықтары мен мінднттерінің теңдік қағидаларына
негізделеді.
Азаматтық некеден туған балалар, тіркелген
некеден туған балалар сияқты заңмен қорғалады.
Алайда мұндай қатынастар әдетте тараптар
үшін заңдық салдар туындатпайды.
Мемлекет аналар мен балалары қолдайды,
отбасын қорғауға алады.
Ерлі – зайыптылардың жеке және мүліктік
құқытық қатынастарының тоқтатылуы некенің
тоқтатылуы деп түсініледі. Неке заңда
айқындалған оқиғалардың туындауы салдарынан
не ерлі – зайыптылардың бірінің немесе
екеуінің бірдей қалауымен тоқтатылады.
Ажырасу жолымен некенің тоқтатылуы заңда
белгіленген тәртіп бойынша АХАТ органдарында
немесе сотта іске асырылады.