Өндірістік (техногендік ) қауіптер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2013 в 11:41, реферат

Краткое описание

Қазіргі кезде шикізатты кешенді түрде өндеу мәсілісі өндеу өндірісінде маңызды мәселелерінің бірі болып табылады.. Әсіресе, бұл мәселе өңделіп, атмосфераға шығарылатын күкіртті газдарды бірегейлендіру мәселесі маңызды орын алатын көптеген түсті металлургия өндірістеріңе тән. Қазіргі замандағы күкіртті газдарды бірегейлендірудің нсгізгі әдісі күкіртқышқылы өндірісі болып қала береді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Өндірістік ИС.docx

— 19.86 Кб (Скачать документ)

                      Өндірістік (техногендік ) қауіптер

Қазіргі кезде шикізатты кешенді  түрде өндеу мәсілісі өндеу өндірісінде  маңызды мәселелерінің бірі болып  табылады.. Әсіресе, бұл мәселе өңделіп, атмосфераға шығарылатын күкіртті газдарды бірегейлендіру мәселесі маңызды  орын алатын көптеген түсті металлургия  өндірістеріңе тән. Қазіргі замандағы  күкіртті газдарды бірегейлендірудің  нсгізгі әдісі күкіртқышқылы  өндірісі болып қала береді.

Өндіріс көлемі бойынша күкіртқышқылы  химиялык заттар арасында алғашқы орындардың бірінде түр. Кез-келген елде оны  өндіру көлемі сол елдің өндірістік даму деңгейінің кәрсеткіші ретінде  карастырылады. Күкірт кышқылы бірталай маңызды өнімдерді алу үшін халық  шаруашылығының көптеген салаларында  қолданылады және оған сұраныс үнемі  артык отырады. Сол себепті күкіртқышкылы  өндірісінің қуатын арттыруға кои  көңіл бөлінді.

Түсті металлургиядан шыгатын газдардан  күкіртқышкылын алу күкіртқышқылы  өндірісінің маңызды шикізат  коры болып табылады. Металлургиялық өндірістен шығатын газдарды өндеу  ауа бассейнін ластанудан қорғау мәселесімен байланысты. Күкіртқышқылы  құрылғылары түсті металлургияларда шығатын күкіртті газды күкірт кышкылына  өңдей отырып негізгі өндірістің зиянды өндірістік қалдықтарынан атмосфералық ауаны тазарту үшін қызмет ететін газтазарту қүрылғысының функциясын атқарады. Сондай-ақ минералды шикізатты толығымен  колдану және көтерінкі кешендендіруге байланысты барлык өндірістің экономикалык жұмыс көрсеткіштері жақсарады.

Металлургиялық газдардан алынатын күкірт қышкылының өз күны химиялық өндірістің күкіртқышкылы цехтарында алынатын қышқылдың өз қүнынан әлдеқайдан төмен. Пирит және күкірттен алғанға  қарағанда, түсті металлургиялық өндірістен шығатын газдардан күкірт қышқылын алу артықшылығы - мұнда шикізатты  алу үшін рудниктердің қажеттігі  тумайды, көліктер  сәйкес  жүктемелерден   босатылады,  соның  әсерінен  қаржылы шығындар азаяды. Түсті металлургияның   алдындағы мәселелердің бірі -шығарылатын  газдар негізіндегі күкіртқышқылы  өндірісін жақсарту.

Күкіртқышқылы      өндірісін      жақсартудың      маңызды      элементі

Автоматтандыру болып табылады. Ғылыми – техникалық процестің дамуының негізгі шарты болып табылатын  кешендік автоматтандыруға көп көңіл  бөлінді. Бақылау мен реттеу автоматизациясы  мен технологиялық процестер  арқылы автоматтандырылған басқару  жүйелерін енгізу еңбек пен кұрылғының өнімділігін арттыруды және оның орнықты жүмыс істеуін, шығарылатын  өнімді арттыру, оның сапасын көтеру, өз кұнын төмендетуді, шикізат шығындарын азайтуды камтамасыз етті, сондай-ақ адамдарды  өндіріс процесіне тікелей катысуынан босатты және химиялык, әсіресе күкіртқышқылы  өндірісінде аса маңызды орын алатын қауіпсіз және зиянсыз еңбек  жағдайларын құру мүмкіндігін береді.

Түсті металлургиялык өндірістен шығатын  газдардан күкірт қышқылын алу артықшылығы  оның металлургиялык шектік режиміне тәуелділігі. Күкіртқышқылы цехына түсетін газдардың көлемі түрақты  емес, SО2 концентрациясы кең ауқымда өзгереді. Күкірткышқылын алудың технологиялық режимін орныкты етіп ендіру үшін кіріс айнымалыларының ауытқулары болмауы керек, өйткені олар контактілік аппаратының жылу балансын бұзады, ал оны колдан реттеу мүмкін емес, себебі оптималды режимнен сәл ғана ауытқу процестін автотермиялығының бүзылуын, яғни көп шығындарды тудырады.

Осыған байланысты жұмысты орныкты  ету үшін және тиімділікті көтеру         мақсатымен         күкірткышқылы         өндірісін         басқарудың

автоматтандырылған жүйесін кұру маңызды және кажетті мәселе болып  отыр.

Қала объектілерінде Өндірістік қауіпсіздік және мемлекеттік бақылау жөніндегі басқарма мен Өртті мемлекеттік бақылау басқармаларымен өрттің алдын алу және өндірістік қауіпсіздікті жетілдіру жөнінде үлкен жұмыстар атқарылып, құқық бұзушыларға қатаң шаралар қолданылуда. ҚР ТЖМ барлық аймақтық органдарының ағымдағы жылдың 9 айындағы ғана жұмыстарының нәтижесінде қалалық қызметтердің деректері бойынша оқиғалар саны былтырғы жылмен салыстырғанда 947-ден 751-ге, яғни 21 пайызға, соның ішінде төтенше жағдай 164-тен 108-ге, 35 пайызға, ТЖ салдарынан зардап шеккендер 596-дан 489 адамға, 18 пайызға азайған. Қаза болған адамдар саны 164 адамнан 108 адамға, яғни 35 пайызға кеміген. Шығын есебі 107 млн. теңгеден 25 млн. теңгеге дейін, 77 пайызға төмендеген. Өрт саны 339-дан 326-ға, яғни 4 пайызға азайған. Өртте қаза болғандар 15 адамнан 6 адамға азайған, яғни 60 пайызға өрттен келген шығын 77 пайызға кеміген. (107 млн-нан 25-ға). Өндірістегі адам қазасы 25 пайызға азайып (86-дан 65-ке), 20 адамға (44-24) кеміген. Өткен мерзімде өрт сөндіру және басқа да құтқару жұмыстары барысында ҚР ТЖМ Астана қаласы бөлімшелерімен 2,5 мың адам құтқарылып, қауіпсіз жерлерге көшірілген.

 Астана қаласы аумағында  табиғи және техногендік сипаттағы  төтенше жағдайлардың алдын алу  – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне  қарасты Астана қаласы Төтенше  жағдай лар жөніндегі департаментінің  басты міндеті. Сондай-ақ, департамент  қызметінің тағы бір түрі –  өз саласына байланысты жергілікті  атқару, сонымен қатар, қаладағы  төтенше жағдайлардың алдын алуға  бағытталған меншік түріне қарамастан  объектілерді тексеру болып табылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі №712 «Төтенше  жағдайлар министрлігінің кейбір  мәселелері туралы» Қаулысы негізінде  қайта құру - өрт қауіпсіздігі, өндірістік  қауіпсіздік салаларын Астана  қаласы Төтенше жағдайлар жөніндегі  департаментінің құзырына қосып  берді. Бұл өзгеріс қала аумағындағы  табиғи және техногендік сипатта-ғы  төтенше жағдайлардың алдын алу  мен оның зардаптарын жою шараларына  оң ықпалын тигізері сөзсіз. Төтенше  жағдайлар саласында қызмет ететін  азаматтардың жұмысы жауапты  да қатерлі. Дегенмен, осы салаға берілген білікті мамандар қандай төтенше жағдай болса да мойыған емес.

 

Шығыс Қазақстан облысы аумағының  көп бөлігі айтарлықтай дәрежеде әртүрлі дүлей апаттар мен  зілзалалар әсеріне ұшырайды.

 Өнеркәсіп, коммуникация және  көлік жағдайы радиациялық, химиялық, жарылу және өрт шығу қауіпі  бар нысаналарда, көліктерде, басқа  да әлеуметтік қауіпті және  ерекше маңызды тіршілікті қамтамасыз  ететін нысаналарда ірі авариялар  мен зілзала апаттардың болуына  әкеп соқтырады. Табиғи апаттардың - жер-сілкінісінің, су тасқынының, көшкіннің,  дауылдың, орман және дала өрттерінің, температураның күрт төмендеуінің, борандардың, эпидемиялар мен  эпизоотиялардың болуы елеулі  дәрежедегі табиғи-климаттық жағдайларға  байланысты.

Облыс аумағында 2008 жылы табиғи және техногендік сипаттағы 281 төтенше  жағдай болды, 2007 жылдың көрсеткішімен  салыстырғанда 40,3%-ға төмен.

460 адам зардап шекті, олардың  294-і қаза тапты, қаза тапқандар  саны 34,6 %-ға немесе 156 адам өміріне  азайды.

 Төтенше жағдайдан келген  материалдық шығын 2008 жылы 2007 жылғы  көрсеткіштермен (154 млн. 520 мың теңге)  салыстырғанда 24 %-ға (116 млн. 966,4 мың.теңге)  төмендеді. 

2008 жылы қалалар мен аудандарда  жүргізілген тексерулер кейбір  әкімдіктердегі басшы құрам және  мамандарының әкімшілік-территориялық  бірлікті және экономиканы ерекше  жағдайға көшіруді ұйымдастыру  процесін басқаруда, олардың өткізілетін  шаралардың мақсаттары мен міндеттеріне  жеткіліксіз көңіл бөлгендерін  көрсетті, сондай-ақ күштер мен  құралдарды, басқару органын және  ТЖ және АҚ құрылымдарының  мақсатты міндеттерін орындауға  әрі қарай дайындаЖарылыс және өрт қаупі бар объектілердегі апаттар және ол жердегі құтқару жұмыстарын ұйымдастыру

 

Жарылыстар – бұл қысқа уақыт аралығында шектеулі көлемде энергияның үлкен санының босауы. Ол қысымы өте жоғары қатты ысыған газдың пайда болуына алып келеді, аяқ асты кеңейген жағдайда қоршаған денеге соққылық, механикалық әсер етеді. Жарылыс қатты ортада төңірегін бұзып, ұсақтайды, ауа мен судың жойқын әсердегі ауалық немесе гидравликалық соққы толқындарын құрайды.

Жарылу қаупі бар объектілерге қорғаныс, мұнай өндіруші және ұқсатушы, мұнай – химия, газ, химия, тоқыма объектілер, нан өнімдері мен дәрі – дәрмек өнеркәсібі, жылдам тұтанатын  және жанатын сұйықтар, сұйытылатын  газ қоймалары жатады.

Кәсіпорында ауаның, бензиннің, табиғи газдың буынан, қант және ағаш шаңынан  және т.б. жинақталуынан пайда болған ауа қоспасы жарылысын болдырмау  үшін, бірінші кезекте ықтимал  от шығу көздерін жояды және кәсіпорындарды қорғауға бағытталған шараларды  жүргізеді, олардың негізгілері  мыналар:

ü Жарылыс кезінде ең жоғарғы қысымға тең жүктемені көтеруге қабілетті берік қоршауды, құрылғыларды жобалау;

ü Жарылу қауіпі бар аймақтарда оттегі құрамы қажетті жанудан аз болатын инертті ортаны, берік қабырғалар мен жарылу қауіпі бар аймақты оқшауландыру;

ü Жарылу қаупі бар өндірісті жарылыс болған жағдайда қоршаған отаға залал келмейтін жерлерге орналастыру;

ü Жарылыс кезінде пайда болған қысымы н шығару үшін арнайы сақтандырғыш клапандарын орнату;

ü Жарылысты жаншу (жарылу қаупі бар қоспаны тұтана бастаған кезде алғашқы сәтте баяу көтерілетіндігін ескере отыра рнайы датчиктер дабылы бойынша жалынның таралуын шектейтін қондырғы қосылады);

Жарылыс және өрт шығу қауіпі бар  объектілердегі авария салдарын әлсіретуге, өртке қарсы шараларды өз уақытында  өткізу ықпал етеді, олар өрт ошақтарын  жоюды немесе пайда болуын қиындатуды ғана емес, сондай – ақ пайда болған жалын мен өртті жедел жоюды  және өртенген ғимараттағы адамды, мүлікті құтқаруды қамтамассыз  етуге тиіс.

1989 жылы 20 мамырда Алматы – 2 темір жол станциясында сұйық  пропан құйылған цистернаның  жарылысы кезінде 34 адам қаза  болып, 100 адам жарақат алды.

2000 жылы республикада газды пайдалану  бұзудан тұрғын үй секторында 35 жарылыс болды. Бұдан 49 адам  зардап шегіп, оның 9 - ы қаза  болды.

Өрт – бұл адамдардың, хайуаннаттардың қаза болуына және материалдық құндылықтардың жойылуына алып келетін, бақылаусыз жану процессі. Өрт елді-мекендегі ғимараттар, ағаш көпірлер, электр желілері мен ағаш бағаналардағы байланыс, мұнай өнімдері қоймаларында және басқа материалдар мен адамдар, ауылшаруашылық малдары өртке шалдығуы мүмкін. Орман алқабындағы шөптерден, бұталардан, ағаш түбіртектерінен, шырпылардан өрт шалады. Ауа-райы құрғақ болған жылдары жоғарғы өрт желдің есебінен ағаштардың ұшар басынан қоқан жапырақты ағаштарын өрт шалады. Төменгі өрт тарау жылдамдығы минутына 0,1-ден 3 метрге дейін, ал жоғарғы өрт желдің бағытына қарай 100 метрге дейін жетеді.

Торф пен ағаштардың тамыры жанғанда жер асты өрті жан-жаққа тарайды.

Торф өзінен-өзі ауасыз суда да жана береді.

Өрт

• Отпен жұмыс істегенде абай болуға;

• Балалардың отпен жұмыс істеген  кездегі қырсыздығына;

• Қоқысты үйге, аулаға, орманды  жерлерде өртеуге;

• Автокөліктен шыққан жалынға;

• Күн күркірегендегі найзағайларға;

• Майланған материалдың үйкелісіне;

• Күн сәулесінің әйнектен өткен  нүктесі.

 

 

 

Республикада әрбір сағат сайын  екі өрт болады, милиардтаған теңгенің құндылықтары, тұрғын үйлер әп –  сәтте күлге айналады. 1999 жылы 9 шілдеде  Алматы әуе жайында болған өрт 381,6 млн. теңгеге материалдық залал  алып келді. 2000 жылы республикада 15 мың  өндірістік және тұрмыстық өрт болды. Бұдан 1087 адам зардап шекті, оның 568 –  і қаза болды. Материалдық залал 2521,6 млн. теңгені құрады. 2011жылы 11 шілдеде  Павлодар қаласындағы химиялық зауыттан өрт шықты. КСМ: Өндіріс ошағының ауласында тұрған екі бірдей цистерна жанып кетті. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ, қызметкерлердің  барлығы дін аман. Қазір мамандар отын тасымалына арналған сауыттардың  ішінде қандай сұйықтық болғанын анықтап  жатыр. Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жұмысшылар сыйымдылығы 50 тонна цистернаналарды  бөлшектемек болған. Соның салдары  өрт оқиғасына әкеп соқты.

Өрттің шығуына отты бейғам пайдалану, өрт қауіпсіздігі ережесін бұзу себеп  болып табылады. От сөндірілмей тасталған  сіріңкеден немесе темекі қалдығынан, сөндірілмеген алаудан, атылғаннан кейін құрғақ шөпке түскен ыстық  патроннан, орманды ақаулы техниканы  пайдаланудан және басқа себептерден  тұтанады. Өрттің 90% - адамның күнәсінан, 7 - 8% - найзағайдың соққысы әсерінен құрғақ ағаштың жануынан, 2 -3 % - басқа  себептерден (күн түсетін жерге  лақтырылған шыны сынығы күн сәулесін өзіне тартып, қатты қызады) болады.

Бүкіл аумақты қамтитын зілзала  ретіндегі өрттің негізгі түрлері  табиғаттағы өрт – ормандағы  және даладағы (егістіктегі) өрт болып  табылады.

Ормандағы өтр жану жиілігі боынша әлсіз, орта және күшті, ал жану сипаты бойынша төменгі және жоғарғы  өрт, созымдылығы бойынша қаулама  және тұрақты болып бөлінеді.

Орманда жүргенде есіңізде болсын:

• Қоқыс пен оттықты тастамаңыз;

• Отты таратпаңыз және қоқысты өртке  қауіпті жерлерде жақпаңыз;

• Абай болыңыз! Отты таза алаңда жағыңыз;

• Дем алған жерден кетерде отқа су құйып немесе топырақпен жауып, толық  өшіріп кетіңіз;

• Орманда майланған немесе бензин сіңіп қалған маталарды қалдырмаңыз;

• Бөтелкенің жәшігі мен сынған бөтелкелерді қалдырмаңыз. Күн сәулесі түсіп  өртке айналуы мүмкін;

• Жаңа басталған өртті сумен, ағаштың  жапырақты бұтақтарымен және топырақ тастау арқылы өшіру қажет.


Информация о работе Өндірістік (техногендік ) қауіптер