Нақты әлеуметтанулық зерттеу жүргізудің әдісі мен техникасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2013 в 09:58, реферат

Краткое описание

Іріктеме мақсатты болуы да мүмкін, мұнда зерттеуші адамдарды топты зерттеудің қойылған мақсаттарына орай сауалнама үшін іріктеп алады. Кездейсоқ іріктеу - халық құрылымының әрбір элементі оған біркелкі ықтималдылықпен қосылуы мүмкін. Әрине, іріктеу көлемі репрезентация қателігіне әсер етеді. Іріктеу шамасы қаншалықты көп болса, ықтимал қателесу соншалықты аз болады. Үлкен іріктеумен сауалнама жүргізу өте қымбатқа түседі, мамандардың дәлелдеуінше, басты жиынтықтың 10%-ін іріктеме жиынтыққа қосу іс жүзінде өзін-өзі ақтаған. Мұндайда респонденттердің ( ағылш. Response – жауап ) саны 2-2,5 мың адамнан аспауы тиіс. Телефонмен сауалнама жүргізу кезінде миллион тұрғыны бар қалада 300 адамға сауалнама жүргізсе жеткілікті. Шағындау қалаларда іріктеме көлемі 150-200 адам болса да болады.

Содержание

Нақты әлеуметтанулық зерттеу түсінігі.

Әлеуметтік ақпарат және оның түрлері.

Зерттеу бағдарламасының құрылымы.

Іріктеу әдісі және оның негізгі түсініктері

Прикрепленные файлы: 1 файл

Нақты әлеуметтанулық зерттеу жүргізудің әдісі мен техникасы..doc

— 112.50 Кб (Скачать документ)

 

 Мәтін және оның мазмұны  - контентт талдаудағы басты нәрселер. Зерттеуші мәтәннәі фактілерімен, оқиғалармен, осы мәтіннің материалдарын  іріктеу принциптерін анықтайтын позиция, мүдде, ұстанымдар тұрғысынан анықтайтыннан басқа мәтіеді сөз етіліп отырған қарым –қатынастармен байланысын, негізінен неге ерекше назар аударылғанын, жаңылтпашта не жайында айтылғанын анықтайды.

 

 Контент – талдау рәсімі  талдау мәнін анықтаудан (социологиялық зерттеу мақсаттарына сәйкес), мәтіндік ақпараттан  талдау санатын – талдаудың мағыналық бірлігін (таудау бірліг – автордың сөзімен, пікімен айтылған мәтіннің бөлігі) анықтаудан тұрады. Содан кейін талдау санатын қолдануды есептеу жүреді. Есептеу бірлігі - мәтінде осы немесе басқа мағыналық бірліктің кездесуі (жиілігі) тұрақтылығы ; ақпарат көлемін белгілеу ( мәтінің алаңы, абзацтар, жолдардың саны, эфирдегі уақыты және с.с.). маман жариялау шрифтіне, газет бетіндегі орнына немесе теле және радиожаңалықтардағы орнына, материалға берілетін тональдылыққа және т.б-на назар аударады.

 

Бақылау – оқиға куәгерінің оқиға  өтіп жатқан кездегі оқиғаны тікелей  тіркеу әдісі. Ол статистика әлсіз, бастапқы таным пункті ретінде бағдарламаны жасау кезеңінде; индивид пен топтардың сөйлесу, мінез-құлық формаларын зерттеу кезінде қолданылады. Мамандар бақылаудың мынадай түрлерін бөліп көрсетеді: бақылау зерттеушілердің зерттелетін оқиғаға араласпауынсыз жүзеге асырылған кездегі қалыпқа келтірілген және қалыпқа келтірілмеген, қосылған ( мысалы, социолог митингтің қатысушысы болады) және қосылмаған. Табиғи ортада, табиғи жағдайда және лабораторияда ( мысалы, әлеуметтік – психологиялық тәжірибелерде) жүретін далалық бақылау да кездеседі.

 

 Социологиялық ақпаратты жинаудың  ең бір ерекше және қиын  игерілетін әдістерін эксперимент  жатады. Эксперимент -  `experimentum деген  латын сөзінен шыққан - сынам,  тәжірибе ) бақыланатын және басқарыланылатын  жағдайларда жаңа білім алудың ғылыми әдісі.  Табиғи  ( далалық, лабораториялық ) және ойша (үлгілік) түрлері бөліп көрсетіледі.

 

 Социологияда  табиғи эксперименттерді  пайдалану адамдардан тұратын  әлеуметтік зерттеу объектілерінің  табиғатымен және зерттеушіден  объектіге « зиян келтірмеу» деген моральдық норманы сақтауын талап етумен шектелген. Сондықтан көпшілік табиғи социологиялық эксперименттер шағын топтарда өткізіледі. Және әдетте әлеуметтік - психологиялық экспериментпен көптеген ұқсастықтары болады.

 

 Ойша социологиялық эксперименттер барынша кең таралған, мәні бойын олар статистикалық талдау әдістері қолданылатын әрбір ірі социологиялық зерттеуге қатысады, және әлеуметтік процестерде компьютерде үлгіге келтіру кезінде негізгі болып табылады. Мұндайда барынша тиімдісі объекті өлшемінің бір бөлігі қалыпқа келтірілген, ал басқасы қалыпқа келтірілген және формальді бөлігі диалогтық режимде өзара әрекет ететін тұжырымдама, сценарийлер, адамның құндылық бағдарлары түрінде ұсынылған үлгілеудің адам – машина жүйесі болып табылады. Үлгілік эксперименттер табиғи әлеуметтік эксперименттің стратегиясын барынша нақты анықтауға мүмкіндік береді, бірақ оны ауыстыра алмайды.

 

 Дәлелдеменің логикалық құрылымы  бойынша гипотеза сызықтық және  паралельді болып бөлінеді. Сызықтық  эксперимент талдауға бір ғана топ тартылуымен ерекшеленеді. Паралельді экспериментте бір мезгілде екі топ қатысады: бақылау және экспериментті.

 

 Осылайша, социологиялық зерттеулердің  нақты әдістерін пайдалану зерттеудің  жағдайына, орны мен уақытына, мақсаты мен міндетіне, сондай-ақ оның түріне байланысты болады.

 

Социологиялық сауалнама - социологиялық  ақпарат алудың негізгі әдісі.

 

 Сауалнама социологиялық деректерді  сұрақ – жауап әдісімен жинауды  білдіреді, мұнда ақпарат көзіне  адамдардың ауызекі хабарлары  жатады жатады.

 

Сауалнамалар, егер олардың қоғамдық пікірді зерттеудің ғылыми әдісі  формасын алған сәтті есептейтін болсақ, ол үш жылдық даму жолынан өтті. XVII ғасырдың ортасында-ақ француз математигі Б. Паскальдің және кейіннен итальян  оқымыстысы И. Бернуллидіңі күш  салуымен көпшілік сауалнамаларда іріктеу тоериясы сүйенетін үлкен сандар және ықтимал есептеулер заңы тұжырымдалды.

 

1660 жылы қос ағылшын Дис. Граунт  пен У. Петидің ынтымақтасуымен  жаңа зерттеу саласын құру  аяқталды, олар оны « саяси  арифметика» деп аталады, кейіннен ол « статистика» және «социология» деп аталады.

 

 Қазіргі кезде бұл әдіс  бастапқы ақпаратты жинаудың  барынша кең таралған әдісі,  яғни «алғашқы қолдан алынған»  ақпарат әдісі болып отыр. Осы  әдісті қолдану өнері нені  сұрауды, қалай сұрауды, сұрақты қалайша қоюды және алынған жауапқа сенуге болатынына қалайша көз жеткізуге болатынын білуден тұрады. Мәселе осындай әдіспен респонденттерден алынған ақпараттың зерттелетін ақиқатты тек олардың санасында «ұйғарылған» түрде ғана көрсететінінде болып отыр. Сондықтан зерттеу мәні болып табылатын объективті ақиқат пен адамдардың мінез-құлықтары, оқиғалар мен құбылыстар туралы фактілері туралы пікірлерін көрсететін деректер арасында теңдік белгісін қоюға болмайды. Бұдан әлеуметтік тәжірибенің адамдар санасында әр түрлі жағы бейнелену процесінің ерекшелігіне байланысты сауалнама әдісі арқылы алынған ақпараттың бұрмалануы мумкін екендігін әрқашан ескеру керек екендігі аңғарылады.

 

 Сауалнама нұсқалары ( байланысу  формалары бойынша):

 

1.Жеке немесе жанама түрде ( таралатын, почталық, телефон, баспасөз арқылы).

 

2.Жеке немесе топтық.

 

3.Еркін немесе қалыпқа келтірілген,  шоғырландырылған (бағытталған).

 

4.Ауызша немесе жазбаша.

 

5.Тұтас немесе іріктеме.

 

6.Тұрғылықты жері немесе жұмысы  бойынша, уақытша мақсатты аудитория.

 

 

Сұрақтарды жіктеу

Мазмұны бойынша 

Формасы бойынша 

Құрылымы бойынша 

Функциясы бойынша

 

Оқиғалар туралы 

Тікелей 

Ашық 

Негізгі

 

Сарыны туралы 

жанама 

Жабық 

Байланыс

 

Бағалау туралы 

 

 

 

Жартылай жабық 

Бақылау

 

Пікірлер туралы 

 

 

 

 

 

 

сүзгіш

 

 

 

Бақылағыш  сұрақ қоюға да болады (тапсырма: негізгі сұрақтарға берілген жауаптардың дұрыстығын тексеру, бақылау  сұрақтарының арасында 3-4 аралық сұрақ  тұруы мүмкін): Сіз өз жұмысыңызға  қаншалықты дәрежеде қанағаттанасыз? Сіз басқа жұмысқа ауысуды қалар ма едіңіз? (бақылау).

 

 Мынадай да түрі кездеседі:  сұрақ-қақпан ( тапсырма: респонденттер  жауаптарының шынайылығын, дұрыстығын  тексеру): Сізге Ф. Косттың «Өркениеттің  опат болуы» кітабы ұнады ма? ( авторы, атауы ойдан шығарылған).

 

 Зерттеу бағдарламасында тұжырымдалған сұрақтар таратылуы бастапқы социологиялық ақпаратты, анкетаны алуға мүмкіндік беретін арнайы құжатқа салынады.

 

 Анкетаның композициясы.

 

Анкета ( enquete деген француз сөзінен  шыққан - зерттеу) – өзіндік ерекшелігі бойынша респондентпен әңгімелесу сценарийі, бұл осы әңгіменің тікелей (интервью) немесе сырттай (анкета тарату) болуына байланыссыз болады.

 

 Анкета үш бөлімнен тұрады: кіріспе бөлім, негізгі ( мазмұнды  бөлім) бөлім және әлеуметтік  – демографиялық бөлім.

 

 Кіріспе, әдетте, респондентке қысқаша хабарласудан тұрады; «Сіздің сауалнамаға қатысуыңызды өтінеміз. Сізге сұрақты оқып шығып, өзіңіздің пікірлеріңізге сәйкес келетін жауаптың реттік номерін шеңбермен қоршауыңыз немесе өз жауабыңызды бос жолға жазуыңызға қажет. Нәтижелер компьютерде өңделеді, сондықтан анкетада фамилияны көрсетудің қажеті жоқ. Сұрақтардың бірде-біреуін жауапсыз қалдырмауыңызды сұраймыз. Қатысқаныңыз үшін алғыс айтамыз».

 

 Кіріспе бөлімде сондай-ақ  мынадай әңгімені бастайтын, оған  әңгімелесуші респондентті жетелейтін «жетелегіш» - сұрақтар да орналасады. Олардың міндеті – респондентті қызықтыру, талқыланатын проблемаға енгізу.

 

 Барынша күрделірек, талдауды, ойлануды, жадын жаңғыртуды талап  ететін сұрақтар анкетаның ортасына  орналастырылады (негізгі бөлім). Мұнда әрбір сұрақтың сапасын мұқият талдау қажет:

 

 а) не туралы сұрауды;

 

 ә) неліктен тап осыны; 

 

 б) қандай формада;

 

 Әрбір сұрақ бойынша мынаны  ескеру керек: сұрақ зерттеу  тақырыбына «жұмыс істей ме?».  Сұрақ сауал қойылып отырған  адамға зерттеуші көздегендей мағынада ұғыныла ма? Сұрақ «төтеннен» болып табылмай ма? Оң және теріс позициялары тепе-теңдігі сақталған ба? Сұралатын адамға теріс эмоция тудырмай ма? (Өзіндік сезіміне әсер етеді, интимдік жақтарына кіреді, әр түрлі қауіптену сезімін тудырады т.б.)

 

 Сондай-ақ сұрақтарды орналастыру  принциптерінің сақталуына да  назар аударылады ( байланысы, күрделі,  қарапайым, салмақ түсіретін). Бір  сарындылық сезімін шақыратын  біркелкі сұрақтар жинақталып  қалған жоқ па? Анкетаның көлемі  респондент пікірін айта алатындай және жалықпайтындай болуы керек, тәжірибе көрсеткендей ең оңтайлы жұмыс мерзім 20-30 мин болады.

 

 Анкетаның үшінші бөлімі  әлеуметтік демографиялық ( «паспортичка»). Бұл сұралатын адамның объективті  жағдайы мен мәртебесі туралы  сұрақтар блогы. Мұндай мынадай сұрақтар қойылады:

 

11. Сіздің жынысыныз:

 

11.1. Ер 11.2. Әйел

 

12. Сіздің жасыныз:

 

12.1. 18 жасқа дейін 12.2. 21 жасқа  дейін және т.б.

 

13. Сіздің біліміңіз:

 

13.1. Орташа 13.2. Жоғары 13.3. Жартылай  жоғары

 

14. Сіздің кәсібіңіз: ( осындай схемада респонденттердің ықтимал кәсібі аталады).

 

Қорытындыда жұмысқа ( анкетаға ) қатысқаны  үшін тағы да алғыс айту қабылданған.

 

 Анкета жүргізу – кең тараған  социологиялық әдістің бірі, бұл  - сауалнаманың жазбаша түрі. Социологиялық  тәжірибеде ауызша  сауалнама түрі – интервью қолданылады.

 

 Социологиялық зерттеудегі  интервью.

 

Интервью ( ағылш. Interview – әңгімелесу) – респондентпен тікелей диалог арқылы  ақпарат алу әдісі, мұның  мақсаты социологиялық зерттеу  бағдарламасында көзделген сұрақтарға жауап алу болып табылады.

 

 Қалыпқа түспеген интервью  – белгілі-бір тақырыпта еркін  диалог, мұнда сұрақтар (ашық) сөйлесу  контексінде құрылады және жауаптарды  белгілеу формасы стандартталмаған. Ең алдымен, бұл жалпы бағдарлама  бойынша сұрақтарды қатаң жіктемеген әңгімелесу. Мұндай әңгімелесулер ұзағырақ ( 3 сағатқа дейін), зондажды, тексеру ретінде пайдалынылады.

 

 Жартылай қалыпта интервью  – диалог барысында тақырып  бойынша бұрын әзірленген және  қосымша сұрақтар қойылады. Мұндай  түрдегі интервью зерттелетін ақиқаттың құүрылымына тереңірек бойлауы, зерттелетін топтардың сипаттамаларындағы ұсақ айырмашылықтарды анықтау мүмкін.

 

 Қалыпқа түсірілген интервью  – сұрақтар « жабық» сұрақтар ( анкета – интервью) карточкасын  пайдалына отырып, сұрақтарды қоюдың құрылымдары мен тәртібін өзгертуге жол берілместен бұрын дайындалған сұрақтамалар бойынша қойылады.

 

 Өткізілу рәсімі бойынша  интервью мыналарға бөлінеді:

 

 а) бір ғана респондентпен  бір ғана мәселе бойынша белгілі  бір уақыт аралығында панельдік  – көп сатылы интервью алу. Мақсат – проблеменың даму динамикасын зерттеу;

 

 ә) топтық;

 

 б) бағытталмаған.

 

 Зерттеуші мен респондент  арасындағы сұқпаттасу тәсілі  бойынша интервью нақты – «  бетпе-бет» және жасырын - телефондық (10-15 мин) сөйлесуге бөлінеді.

 

 Интервьюдегі сұрақтарды тұжырымдау ережесі, сабақтастығы жай және күрделі, негізгі және бақылау сұрақтары іс жүзінде анкетадағы сауалнама мен бірдей деседе болады, бірақ сонымен қатар интервью ақуалды ескере отырып, негізгі сұрақты дамытуда белседі пайданылады, арандатпа сұрақтарға жол береді ( мысалы, жауаптың шынайылығына немесе оның толықтығына күмән келтіру), сұралатын адамның тұжырымдалуын нақтылауға мүмкіндік береді, интервьюер жауаптың анықтылығына қол жеткізе отырып қайталап сұрайды (мысалы, «Неліктен сіз дәл осылай ойлайсыз? Сіз мұндай тұжырымға қалайша келдіңіз? және с.с). Интервьюдің барысында қажет болған жағдайда тікелей және жанама сұрақтарды қоя отырып респонденттің жадын жаңғыртуға, өткенін есіне түсіруіне жағдай жасауға болады.

 

 Мамандар интервью мен анкета тарату арасындағы айырмашылықты атап көрсетеді, бұл айырмашылық алынатын мәліметтердің тереңінде жатыр. Социолог анкетаның көмегімен, ең алдымен, пікірлердің тек беткі жағын алады, сонымен бірге интервью терең сарындар мен пікірлерді зерттеуге мүмкіндік береді. Анкеталық сауалнама кезінде іріктеудің қомақты көлемін пайдалануға болады және анкеталық сауалнама істің техникалық жағынан алғанда едәуір қарапайым болып келеді.

 

 Интервьюдің мынадай өзіне  тән ерекшеліктері бар:

 

 Респонденттің психологиялық реакциясын бақылауға мүмкіндік береді.

 

 Интервьюердің респондентпен  жеке қарым-қатынасы сұрақтаманың  барынша іске асуын қамтамасыз  етеді.

 

 Жеке қарым-қатынас сауалнамаға  барынша байсалдырақ қарауды  қамтамасыз етеді, алайда мынадай  қиындықтарда кездеседі:

 

 а) әрбір респондентпен психологиялық  байланысты іздестіру;

 

 ә) едәуір материалдық және  уақыт шығындары;

 

 б) интервьюерлерді дайындаудың  еңбек сиымдылығы;

 

 в) аномделік проблемасын  шешу.

 

 Топтастырылған анкетамен жұмыс  істеу математикалық статисканың көмегімен жүргізіледі. Зерттеудің жалпы логикасы статистикалық деректерді (процент, орташа арифметикалық және с.с) социологиялық деректерге ( социологтың ғылыми эродициясына қарай түсіндіру арқылы) айналдырудан тұрады. Есептеулер нәтижесі социологиялық деректерден тұратын табуляграмм түрінде алынады.

 

 Содан кейін социологиялық  зерттеу нәтижелері бойынша есеп  жасалады, ол ғылыми тұжырымдар  мен ұсыныстардан тұрады. Есептің  бірінші бөлігінде, әдетте, зерттеу  үшін таңдалып алынған проблемелар  негізделеді, іріктемеге, ақпараттың жинау әдісіне, зерттеуге қатысушылардың санына сипаттама беріледі. Екінші бөлігінде зерттеу объектісі әлеуметтік – демографиялық белгілері ( жынысы, жасы, білімі және басқалары) бойынша сипатталады. Есептің келесі бөлігі бағдарламада шығарылған гипотезалардың жауаптарын іздестіруге арналған. Есепке бағдарламадан, жоспардан, анкетадан немесе интервью бланкіден компьюбтерлік кестелерден, графикалардан және с.с-дан тұратын қосымша беріледі.

Информация о работе Нақты әлеуметтанулық зерттеу жүргізудің әдісі мен техникасы