Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2014 в 16:35, реферат
“Болмыс” ұғымының және болмыс жайындағы ілімнің төңірегінде философияда ежелден бері және қазірде де қызу пікірталас болып келеді, өйткені болмыс мәселесі дүниегекөзқарастық және методологиялық басты проблемалардың бірі болып табылады.
Ең кең мағынада алғанда, болмыс бүкіл шындық дүниені қамтитын шегіне жеткен жалпы ұғым –философиялық категория болып табылады.
Болмыс дегеніміз дүниеде өмір сүретіннің бәрі: материалдық заттар да, құбылыстар мен процестер де, қатынастар мен байланыстар да, яғни бәрі-бәрі. Тіпті адамның қиялы, ертек, аңыздар, ауру адамның сандырағы сияқты рухани өмір көріністері де болмысқа жатады.